Coздaть aкaунт
1-TEST.KZ » TEST_RU » Аттестация педагогов ОЗП НКТ » Kaзaxcкий язык O3П Вопрос-Ответ Вариант-2

Kaзaxcкий язык O3П Вопрос-Ответ Вариант-2

Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:

1. 1.Көп мағынаға ие бола алатын сөз

Адамға келген он бәленің тоғызы - тілден 

А) келген 

В) адамға 

C) тоғызы

D) бәленің

Е) тілден+

2. Мәтелді көрсетіңіз. 

А) Жартыны жарып жеген –татулықтың белгісі 

B) Көз жетпеген жерге сөз жетеді 

С) Аузымен орақ орған

E) Тәуекелдің кемесі суға батпайды+

3. Көп әрі жылдам сөйлейтін адамға карата айтылатын тұрақты сөз тіркесі 

А) аузы-аузына жұқпау 

В) ауыз жаласу

C) aуыз тию

D) ауызға ілінбеу 

4. Бірыңғай бітеу буынды сөздар қатарын белгілеңіз. 

А) Абай, аққала 

B) Қазақ, наурыз

С) Түркістан, Алматы 

D) Жаңбыр, достық+

5. Сөз ішіндегі кейінді ықпалы бар катар                   

А) Кешке жұмыстан кеп, атасының қасына отырды          

В) әр өлеңінің, әнінің мәнін, жөнін түсініп отыр.                

С) Бір күннің ішінде игі жақсыларды жинап алды 

D) Бұл сөзді жүрегіне кек алған адам ғана айтар+         

 6. Айтытуы мен жазылуында өзгешелік байқалатын сөздер 

A) ықтимал, кеше

B) Абай, бастауыш

С) ағалы-інілі, ағай

D) разы, тұрмыс+

7. Түбірлес сөздер 

A) егінші, құрылысшы

C) суретпен, суретке

D) егінді,егіннің

Е) суретші, суреткер+

8. Түбірлес сөздер 

A) сүзгіш, жүргіш 

В) көрші, ауылдас 

C) көрініс, көрсет+

D) көне, көрме

9. Анықтауыш қай сөз табынан жасалған

Абай әкесінің сөзін мұқият тыңдады.

А) зат есім +

B) cан есім

С) есімше 

E) есімдік

10. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Әлдеқайдан гармонь үні, ән сазы естіледі.

A) Бастауыш 

В) Пысықтауыш +

C) Анықтауып 

E) Толықтауыш

11. Түрленген сан есім           

А) Мың тоғыз жүз отызыншы жыл, қаһарлы қыс         

В) үш-төрт шақырым жер қалғанда алдымыздан шықты          

С) Бір түстік өмірің болса, екі кештiк мал жина 

D) Жеті өзеннің бойына қоныс тепкен ел бар+           

12.Қалау райлы тіркесті табыңыз 

А) хат жазайын. 

В) дұрыс оқы

D) ертерек барғайсың+

E) әдемі жазса

13. Ортақ етісті сөйлем         

А)Біз колхозда қора сыластық, егін жинастық +        

В) Бұның бәрі Құнанбай ауылы деп аталады                       

C) Хакімнің көзі көпке дейін ілінбеді.                          

14. Тұйық етістікті тіркес 

А) қоңыр аю

В) тазалап жу

С) малды жаю+

D) әдемі бау         

15. Тура толықтауышты табыңыз.           

 Cөз- түпсіз, өмір – шексіз.         

 Қазына құпиясы ақылмен ғана ашылады 

Жаман қорыққанын сыйлайды.+

  Жаманға жалынба, жауыңа табынба           

16. Құрмаластың тек салалас және сабақтас деген 2 түрі бар екенін, ал аралас құрмаластың 

«өз алдына бір бөлек заңдары жоқ» екенін айтқан ғалым:                                                                                                                                                                              

A) С.Жиенбаев+

B) Ғ. Бегалиев 

С) М. Томанов

D) С. Аманжолов 

17. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз                       

А)Бiздер, студенттер, қарттарды қамқорлыққа алдық         

В) Абырой бергенде, оқиға мен ойлағандай болмады.+     

С) Жүрегім, ненi сезесің? 

D) Япырмау, әттеген-ай, атын сұрамаппыз ғой!         

18. Жеке адам өміріне қатысты ісқағаз түрі 

А) хабарландыру 

В) жарнама 

С) мәжілісхат

D) күнделік+

 

 

19. «Құтты білік» жырындағы Әділет бейнесіндегі кейіпкер 

А) Айтолды 

C) Одғұрмыш 

D) Өгділміш 

Е) Күнтуды+

20. Ауыспалы мағынадағы мақал 

А) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей 

В) Атаның баласы болма, 

Адамның баласы бол 

C) Hе ексең, соны орасың

D) Ер қанаты – ат+

21. Әмеңгерлік салт кездесетін жыр 

В) «Еңлік-Кебек» 

C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

D) «Айман-Шолпан» 

E) «Қыз Жібек»+

22. Таңсық, Айдос, Тайлақ кездесетін жыр 

А) «Еңлік-Кебек» 

В) «Ер Тарғын» 

C) «Қамбар батыр» 

D) «Қыз Жібек» 

E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»+

23. Бұқар жырау өмір сүрген жылдар 

A) 1668-1781+

В) 1465-1560 

C) 1706-1778 

D) 1675-1768 

 

 

 

 

 

  1. Шортанбай мұрасы туралы алғаш рет оң пікір білдірген_______

А) Е.Ысмайылов 

В) М.Әуезов+

С) Ғ.Мүсірепов 

D) Қ.Жұмалиев 

E) С.Мұқанов

2. Драманың түрлері көрсетілген қатар 

А) Очерк, пьеса, фелъетон                     

B) Повесть, комедия, очерк 

С) Эпос, лирика, трагедия 

D) Трагедия, комедия, пьеса+

3. «Патша әмірі тарылды» өлеңінің авторы

А) Қ.Аманжолов             

B) И.Байзаков 

C) Қ.Қайсенов 

D) Ж. Жабаев+

4. Шешендік арнау 

A) Сен – темір де, мен – көмір,

Еріткелі келгенмін.                         

C) Бұл заманда не ғаріп?

Қадірін біліn ұқпаса,             

D) Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас. 

E) үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.+

5. 

Жақты сөйлем 

А) –Бұл жерде менің айтқаным болады, -деді 

В) Енді ол ауылға аяғымды аттап баспаймын+          

C) Енді ол жаңалықты барлығына айтуға тура келді 

D) Ажардың осы әңгімені ұғына түскісі келді         

6. Ыңғайлас салалас              

A) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын 

B) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым 

C) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді+

7. Қай сөйлемде тырнақша қойылатынын анықтаңыз 

А) Тіл - тілiп түсер наркескен 

B) Бас кеспек болса да, тіл кеспек 

жоқ деген мақалдың даурені өткен 

C) Сөзшең, елеусіз, бүгіп қалу сөздерінің синонимдерін табыңдар.+

                                                 

8. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын белгілеңіз.

A) «Ақсақ құлан» 

В) «Таныстыру» 

C) «Қойлыбайдың қобызы»

D) «Көкшетау» 

E) «Жүсіпхан»+

9.  Қазақ сахарасындағы тұңғыш үнжария – « Қазақ» газетін ашқан адам 

А) М.Дулатов 

В) С.Көбеев

C) А.Байтұрсынов +

D) Ж. Аймауытов 

E) М.Жұмабаев

10. Түбір мағыналалы сөзді сөйлемді белгілеңіз.

А) Әкесі – соғыс ардагері.

В) Әкесінің аузынан түскендей.

С) Әкесін таныта істейді.

Д)Әкесі базардан келгендей.+

Е) Әкеңнің құны бар ма?

11. Сын есімнің щырай түрін белгілеңіз.            

Көшелердегі жап-жарық шамдар жарқ-жұрқ етіп өшті де қалды.

А) Шырай.                                                                      

В) Сапалы.

С) Салыстыамалы.         

Д)Күшейтпелі.+               

Е) Жай.

12. Қатыстық сын есімнен болып тұрған анықтауышты табыңыз.

А) Басы күндегідей ыстық емес, қоңыр салқын.          

В) Ақ қардың үстінде шанамен екі адам келе жатты.

С)Ала шапанды, сәлделі бір жат адамды көрдің бе?+

Д) Бөлмеге жас әйел кірді.          

Е) Қара торы келіншек екен.       

13.Барлық стильдер элементі, кездесетін стиль түрін белгілеңіз.          

А) Ауызекі.          

В) Ғылыми.

С)Іс-қағаздар.+

Д) Көркем әдебиет.

Е) Публицистикалық

14. Сілтеу есімдігін табыңыз

А)  Әне;+                                  

В) Және;

С) Енді;

D) Әлді;

Е) Әрі.

15. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.

А) Қалаға бар;

В) Көппен бол;

С) Мектепке дейін;         

D) Үйдің маңы;+

Е) Астан кейін

16.Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.          

А) Сабақ сағат сегіз жарымда басталады;+         

В) Шексіз жазық басталды;        

С) Бүгін үш үйірменің жұмысы болмайды;         

D) Оларға екі рет жәрдемақы берілді;                

17. Ауыспалы мағынадағы сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Жаңылтпаш барлық халықтардың әдебиетінде бар;

В) Ажар ағасымен жидек теруге барды;

С) Оңтүстіктен жел соқты;         

D) Жел мінезді адамда мұрат болмайды;+

Е) Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі.            

18. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз         

А) Үлкен өмір;

 В) Аңқау бала;

С) Жалғыз үй;

D) Ана сүтін ақтау;+

19.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз

А) – Балам – өмірге аралас, өмірге! – деді Козлов.

В) – Балам  өмірге аралас, өмірге! – деді Козлов.

С) – Балам, өмірге аралас, өмірге! – деді Козлов.+

D) – Балам – өмірге аралас өмірге! – деді Козлов.        

20. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз:         

А) Зал кең.

В) Өмір қызық.

С) Өмір гүлденді.

D) Жазық дала.+

Е) Дала жазық.

21. . Еліктеу сөзден жасалған сөз табын анықтаңыз.

Үйдің іші күннің көзінен жарқырай түсті.

A) Туынды етістік.+

B) Туынды үстеу.              

C) Туынды еліктеу сөз.

D) Туынды сын есім.          

22. Толымсыз сөйлемдер жиі кездесетін қатарды көрсетіңіз. 

A) Жай сөйлем.

B) Құрмалас сөйлем.

C) Оқшау сөзді сөйлем.

D) Диалогті сөйлем+

23. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

A) Аялдама, айтыс, күрек.+

B) Ауылға, институтқа, досыма.

C) Адаммын, қонақсың келіңдер.          

D) Қазақ тілі және әдебиеті тест

                                            

1. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз. 

Мың тоғыз жүз он сегізінші жыл, наурыз айның іші.

A) Жалаң.

B) Толымды.         

C) Атаулы.+

D) Жақсыз.         

E) Жақты.

2. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

А) Тоқсан

В) Үш ширек. +

С) Он-оннан

Д) Алпысыншы 

Е) Отызға тарта 

3. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Балалар келді.

А) Атаулы.

В) Жайылма.

С) Құрмалас.         

Д) Жақсыз.

Е) . Жалаң+

4. Күрделі сөзді табыңыз.

  A) Миллион.         

  B) Көгілдір.

 C) Өңіржиек.+

  D) Оқушылық.

5. . Қаратпа сөзді табыңыз.

  A) Отыз -   алтыға қалдықсыз бөлінеді. 

  B) Расында ол келе алмады.          

  D) Ертең де, бүгін де бара алмаспын.

E)  Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер.+

6.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпал белгілеңіз.

 A) Текшетас тауы. 

 B) Сарыөзек бекеті.

C) Қызжуа – еңілік шөп.+

  D) Мырзашөл аймағы         

7. Ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

        Жүк уақытында жөнелтілді.                                             

 A) Баяндауыш.+

  B) Пысықтауыш.

  C) Толықтауыш.

  D) Бастауыш.

8. Тәуелдік жалғаулы сөздің қай септіктегі сөзбен байланысатындағын анықтаңыз.

  A) Барыс.

  B)Жатыс.

  C)   Табыс.

 D)   Ілік.+         

  E)   Атау.

9. Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз.         

А) Тұрақты тіркес.

В) Жаңа сөздер.

С)* Күрделі атаулар. +

D) Қос сөздер.           

10. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгілеңіз.

А) Қызықты оқиға.         

В) Зарланасың,ақ ешкі,лағыңа.           

С) Қазақ жері-Сарыарқа.         

D) Бүркіт-тау қыраны.+

11. . Себеп-салдар үстеуі қатысқан тіркесті табыңыз.

А)Амалсыздан көнді. +

В) Ертең жалғастырар.         

С) Тез орындады.

D) Әдейі тексерді.

12.М.Әуезовтің «Абай жолында» Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап алған кім?                                                                                                                                                                     

    Базаралы

Абай

Байсал

Бөжей+

13. «Аққудың әуеніндей үнің бар-ау» деп тамсана жырлаған ақынның шығармасын белгілеңіз                                                                                                                                                         

І.Жансүгіров «Күй»             

Қ.аманжолов «Домбыра»+

Қ.Мырзалиев «Домбыра»          

Ж.Нәжімеденов «Күй»

14. «Құлагер» поэмасындағы Батыраштың жүйрігін анықтаңыз.          

Көктұйғын+

Құлагер

Көктопай

Сүрсеркесі                                           

15. І.Жансүгіровтің романын белгілеңіз

«Азамат Азаматыч»

«Тар жол, тайғақ кешу»

«Жолдастар»+

«Құрдастар»

16. « Аласапыран» романының авторын табыңыз

Есенберлин

Жұмаділов

Мағауин+

Бөкеев

17.Толағай қандай ерлік жасады

Елін жаудан қорғады

Еліне жаңбыр әкелді+

Елін аштықтан сақтады

Балаларды құтқарды

18.Тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар

Реализм

Көркем шежіре+

Батырлар жыры

Дастандар         

19. «Қыз Жібек» жырының режиссерін анықтаңыз        

Ш.Айтматов           

С.Қожықов+

А.Қарпықов

Т.Теменев

20. «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесін Астана қаласына қай жылы әкелді?

1989                                                         

2001

2000+

2005

 

 

Жылу (дәстүр) – «Жұрт малын жылулаған аясын ба?». Өртке 

Ұшырағанда, мал-мҮлкі суға кеткенде, тағы басқа бақытсыз             

жағдайға тап болған отбасына, адамға ауыл-аймақта тҰратын 

адамдардың мал, дүние, ақшалай көмек көрсетіп, жәрдем беруін 

халық «жылу» деп атайды.Мұндай жағдайда жақын, туыстық немесе білу- білмеу шарт

емес, әркім көмек береді.Кейінгі кезде қоғам мүлкін жеп, мойнына 

ақша мінгендер де «жылу» жинайтын болып жүр. Қазақ заңы бойынша ондайларға «жылу» берілмейді. Жылу беру адамгершілік, ұлттық дәстүрдің 

көрінісі.          

1. Kұрмалас сөйлемнің түрі          

Мұндай жағдайда жақын туыстық немесе білу-білмеу шарт емес, әркім көмек береді. 

А) Шартты бағыныңқылы 

B) Қарсылықты салалас 

C) Аралас құрмалас          

D) Мезгіл бағыныңқылы 

E) Ыңғайлас салалас+

2 Туынды сын есім 

А) бақытсыз +

В) әркім 

С) жинайтын 

D) мал-мүлкі 

E) дәстүрді

3. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлем 

А) Жылу (дәстүр)- «жұрт малын жылулаған аясын ба?». 

В) Қазақ заңы бойынша ондайларға «жылу» берілмейді.

C) Жылу беру- адамгершілік, ұлттық дәстүрдің кҿрінісі. 

D) Кейінгі кезде қоғам мүлкін жеп, мойнына ақша мінгендер де 

«жылу» жинайтын болып жүр.+         

4. Мәтіндегі синоним сөздер 

А) мүлік-ақша 

В) жұрт-жылу 

С) отбасы-халы

D) адамгершілік- ұлттық 

Е) ҝөмек-жәрдем+

5. Жалғаулық шылау 

А) Немесе+

В) мұндай 

C) әркiм 

D) ондайларға 

E) тағы басқа         

 

 

 

111111111111   Кірме сөзді табыңыз 

В) үстеу.

C) Құдағай. 

D) Тұрба.+

Е) Жолсерік.

2. Тұрақты тіркестердің ғылыми атауы

А)фразеологизм+

В) oмоним

C) антоним

D) сингармонизм

 

3.Тіліміздің сөз байлығын, синонимдердің молдығын кұрсететін ______сөздер

А) Дисфемизм

В) диалект

C) эвфемизм+

D) табу

4. Дербес дауыстылар қатарына жатпайтын дыбыстар

А) о,ө

В) а,ә        

C) ы, і

D) ұ,ү

Е) и,у+

5.Қос сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз. 

A) Қора –қора

В) Елу-алпыс 

C) Жазғы-қысқы

D) Алды-алдына+

6. Сингармонизм заңына бағынбаған сөз 

А) Сарықұм аулының егіннен басқа тіршілігі жоқ.  

C) Кенет тағы да ол күтпеген сұрақ қойды.               

D) Жол үстінде іштей бір байламға келген еді. 

E) Әсемпаз болма әрнеге...+

7. Негізгі түбір сөздерді табыңыз.

А) Мұқият, керт.+

В) Маңдайша, жазушы 

C) Бұрғы, белбеу. 

D) Белдік, әке 

8 Туынды сөздер 

A) Қонақ, білімпаз+

В) Оқыған, оқығандар 

C) Балалық, балалар

D) Сарғылт, сҧрлау

9. Бірігу аркылы жасалған анатомиялық атауларды белгілеңіз. 

А) Ашішек, қылтамақ 

B) Алаөкпе, асқазан. 

С) Асқабақ, соқырішек

D) Сегізкөз, ұлтабар+

 

10. Туынды сын есім қатысып тұрған сөйлем 

A) Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. 

B) Қоңырқұлжа шаңырақтан түскен күн сәулесінен бетін сәл әрірек қозғады да, қайтадан 

тоқалына қарады.                                                                                     

С) Ай сәулесі кеми, аспандағы жұлдыздар бірінен соң бірі сөніп, таң жақындады.

E) Құмбелдегі ауылдан бастап, кәрлі қылыштың каһарынан талай елді аман алып қалып едік.+

11. Күрделі сын есім                                                                                                      

А) әдемілеу 

B) әке - шешесі

С) адал жар

D) балалы-шағалы+

 

12.Көмекші есім қай сөз табына тіркескен

Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, дабырлап жүрген 

ұсақ балалар сықылығы естіліп еді.

А) етістікке

B) еліктеуішке

С) зат есімге+

D) үстеуге

 

13. Емле ережесіне сай жазылған сан есім

А) 10 даған жылқы, 100 деген сиыр

B) V-сынып, IV-курс

С) 21-ақпан, 3-наурыз

D) 5-мектеп, 23- аулы+

14.Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлем

А) Қыбырсыз қатып қалған ұшы-қиыры жоқ, жансыз әлдебір меңіреу дүние мүлгіп тұрып 

кезігетін.+                                                                                                                                                        

B) Қайықтан Сейіл түсіп болғанша, бұлар да су жағасына жетті.

С) Сен келіс сөзді әкелмей, кетіссөзді әкеліпсің ғой.        

 

15. Есімшенің етістікке тән қасиеті

А) Ешқандай қосымшасыз тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

B) Белгілі бір шақты білдіріп, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарады.+

С) Кім?Не? деген сұрақтарға жауап беріп, бастауыш, баяндауыш қызметін атқарады

16. Күрделі етістік

А) жүгір, отыра-отыра

B) тасы,әкел

С) апар, құлақ сал+

D) жақсы көр, илан

17. Бірігу арқылы жасалған күрделі етістік 

A) Құлақ сал, өйт 

В) Сөйтіп, апар +

C) Жақсы көру, әкел 

D) Ойнап-күл, ән салу

 

18. Бірыңғай жанама толықтауыш қатысқан сөйлем 

A) Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады. 

В) Нияз тағы да Ғайниге, бауға, балаға, мектепке, радионың сырықтары мен антеннасына 

қарады.+

 C) Абай мен Ұлжан          

сескенді де, Зеренің қасын күзетті.

19. Бірыңғай дара анықтауышты табыңыз 

А) Жалпы көз шүнет емес, томпақша.           

В) Қырша мұрынды, шүніректеу қара жер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. 

C) үлкен, кең, жылы үйде Нұқы қарт жалғыз қалды. +

D) Қолы қимылдағынның аузы қимылдар.

20.Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз

Келу

Бал

Ара

Теп+

21. Етістің қанша түрі бар екенін табыңыз

4+

6

5

3                                                                                                                          

22. «Ертең жүрмекші» тіркесінің лексика-грамматикалықмағынасын айқындаңыз

Істің мезгілі+

Қимыл-сын

Істің салдары

 

 

1. . «Көмекей әулие» атанған жырау

А)Бұқар+

B) Қожаберген 

C) Шалкиіз 

D) Асан қайғы

2. . «Асқар, асқар, асқар тау» толғауының авторы 

A) Доспамбет 

B) Жиембет

С) Бұқар+

D) Бар 

3. Тәңірберген, Ақбала, Еламандар кездесетін Ә. Нұрпейісовтің шығармасы 

А) «Курляндия» 

В) «Қан мен тер» +

C) «Соңғы парыз»

4. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Ғайшаны айттырған бай есімінбелгілеңіз 

А) Әлкен

В) Жүніс

D) Байғазы

C) Қожаш 

D) Тұрлығұл+

5. «Қалың мал» романының авторы 

A) F. Mүсірепов 

В) С.Мұқанов

C) M. Әуезов

D) С. Көбеев+

6. Ақан серінің әншілік өнердегі ұстазы 

А) Естай 

В) Иманжүсіп 

C) Біржан сал +

D) Құлтума 

7. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне еліктеп жазған ҚАманжоловтың өлеңі 

А) «Өзім туралы» 

B) «Елге хат» 

C) «Күз»

D) «Шықтым өмір шыңына»+

8. Шоқан Уәлиханов алғаш рет қазақ ауыз әдебиетінің қай жырын қағазға түсірді 

A) Манас" жыры 

В) Ер Тарғын" жыры 

С) «Қозы Кҿрпеш – Баян сұлу" жыры+

D) «Ceметей» жыры

 

 

9. Дара үстеулер

А) Қазір, тез +

В) Ендігәрі, қолма-қол 

С) Енді-енді, күні бүгін 

D) Биыл, бүгін

10. Айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер болады 

А) бес түрі 

В) үш түрлі

С) алты түрлі

D) жеті түрлі

Е)төрт түрлі+

11. М. Әуезовтің «Абай» романының КСРО Мемлекеттің 

сыйлығымен марапатталған уақыты                                        

A) 1942 жыл 

B) 1959 жыл 

D) 1947 жыл

Е) 1949 жыл+

12. Бір доғал, жасынан бір бетті болды,         

Кекшіл қасқыр секілді кекті болды…-өлең жолындағы кейіпкерді атаңыз.

A) “Сұлушаштағы” Алтай.+

B) “Медғат-Қасымдағы” Қасым.

C) “Кім жазықтыдағы” Әжібай.

D) “Құлагердегі” Батыраш

13. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.

A) Көкшетау.

B) Өскемен.         

D) Атырау.

E) Павлодар+

14. Өлеңдегі жаңа жолдың басқы бірінші дыбыстарының біркелкі дауысты болып қайталанып айтылуын анықтайтын терминді табыңыз.

A) Бастапқы қайталау.

B) Ассонанс.+

C) Аллитерация.

D) Синекдоха.

E) Басқы ұйқас

15. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.

A) 1843-1906 жж.+

B) 1858-1931 жж.

C) 1858-1912 жж.

D) 1870-1904 жж.

16.

Украин әдебиетінің өкілдерін белгілеңіз.

A) А.Ахматова, В.Распутин.

B) А.Беляев, И.Бунин.

C) М.Жәлел, С.Айни.

D) П.Тычина, М.Бажан.+

17. Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың комедиясын табыңыз. 

A) «Той боларда».

B) «Тойдан қайтқан қазақтар».

C) «Қуырдақ дайын».

E) «Беу, қыздар-ай».+

18. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.

A)   «Жастарға».                                                                    

B)  «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».+

C)  «Дүние мен өмір».          

D)  «Ақындарға».

19. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Бұқар.

B) Доспамбет.+

C) Қазтуған.

D) Асан қайғы

 

20. . «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шалкиіз.

B) Қазтуған.

C) Ақтамберді.+

D) Жиембет.

21. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.

A) М.Әуезов.

B) М.Сералин.

C) С.Торайғыров.+

D) С.Дөнентаев.

E) С.Көбеев.

22. ...Бұрынғы өткен күніңді,         

Берейін жырлап елге, анам.

Көргеніңді бүгінгі

Жаз, жаз, қалам, тер қалам...

Үзінді қай поэмадан алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Дала’’.+

B) ’’Күйші’’.

C) ’’Альбатрос’’.

D) ’’Гималай’’.

E) ’’Күй’’.

 

 

1. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.

A) Н.Видзен.         

B) В.Радлов.         

C) В.Томсен.+

D) Н.Ядринцев.

2. . Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.           

A) «Сырым», «Елім-ай».

B) «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз».

C) «Үш қиян», «Өлім».+

D) «Замана», «Насихат».

3. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.

A) Семенов-Тян-Шанский.+

B) И.Н.Березин.

C) С.Ф.Дуров.

D) Ф.М.Достоевский        

4. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.         

A) Некрасов.

B) Герцен.

C) Байрон.

D) Гете.

E) Михаэлис+

5. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.         

A) Жиембет.

B) Шалкиіз.+

C) Доспамбет.

D) Асан қайғы

6. . С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.

A) Аппақай, Күлтай. +

B) Зылиха, Рысты.

C) Жаңыл, Жәмила.

D) Раушан, Күлтай

7. Шернияз:         

Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.

A) Жәнібекке.

B) Жәңгірге.

C) Арынғазыға.

D) Баймағамбетке.+

E) Қарауылқожаға.

8. Абайға жеңгелері қойған атты белгілеңіз.

A) Телғара.+

B) Әбіш

C) Әбеке.

D) Абай.

9. Асанның:         

’’Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Кешірімділік.+

B) Достық.

C) Дәстүр, салт мәселесі.

D) Қамқорлық

10. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

A) Қарақалпақ, араб.

B) Түрік, құмық.         

C) Ұйғыр, тәжік, чуваш.         

D) Татар, қырғыз, өзбек+

11. XV-XVІІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасы бір жүйеге келтіріліп, текстологиялық екшеуден өткізіліп, алғаш қандай еңбекте жарияланғанын анықтаңыз.

A) ’’Жырау поэзиясы’’.

B) ’’Бес ғасыр жырлайды’’.

C) ’’Алдаспан’’ антологиясы.+

D) ’’Қазақ әдебиеті’’

12. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) М.Сералин.

B) Т.Жомартбаев.

C) Ж.Аймауытов.

D) С.Торайғыров+

13. Ғ.Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірін белгілеңіз.

A) ’’Қазақ солдаты’’.        

B) ’’Алғашқы адымдар’’.+

C) ’’Қос Шалқар’’.

D) ’’Жат қолында’’

14. Ежелгі түркі жеріндегі әйел тәңірі кім болғанын жазыңыз.

A) Томирис.                  

B) Домалақ ана.         

C) Айша-бибі.              

D) Ұмай ана+

15. "Жеті жаста садақ тартты,         

Атқан оғы тасты уатты.

Жай оғынан кейін емес,

Темірден де өткізеді,

Күндік жерге жеткізеді." 

Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай  түрі кездесетінін табыңыз.  

A) Теңеу.

B) Аллегория.

C) Гипербола.+

D) Метафора.

16. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Балқаш».                                                                                                                                            

C) «Сүт заводы».

D) «Шоқпыттың шаруасы».+

E) «Кедей баласы.

17. . Ғ.Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысын атаңыз.

A) ’’Құлаған құз’’.                                                                                                        

B) ’’Миллионер’’.+

C) ’’Дауылдан кейін’’.

D) ’’Шығанақ’’

18. . Әділет, дәулет, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз.

A) З.Бабыр.

B) А.Яссауи.        

C) М.Қашқари.

E) Ж.Баласағұн.+

19. Қару-жарақ аттары, теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақынды белгілеңіз.

A) Ә.Сәрсенбаев.

B) А.Байтұрсынұлы.

C) С.Мұқанов.

E) С.Сейфуллин+

20.Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Өзі.+

B) Шаңқұтты.

C) Ақсүйек.

D) Би.

21. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,         

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам". 

А.Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.

A) Әкесінің ұсталуы.+

B) Ғашықтық. 

C) Оқуға еріксіздігі.

D) Ел мұңы

 

 

 

 

Малды пайдаға жарату         

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады 

екен. Бір күні көршісі сұрады:

Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін еш нәрсең 

көрінбейді,-деді.

Үйші айтты:

-Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.

Көрші:

-Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің?- деді.

үйші айтты:

-Қарт әке-шешеме берген ақшаларымда өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен 

туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. 

Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені 

емес пе,-деді

1. «Көрінбейді» сөзіндегі етіс түрі 

A) өздік етіс +         

В) ырықсыз етіс

С) ортақ етіс          

D) өзгелік етіс 

2.Кейінді ықпал 

А) туған 

В) тастың 

С) өзімнен 

E) бар ма еді+          

3. Туынды зат есім           

А) борышымды 

B) малымның

С) үйші+

D) тапқан 

4. Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады 

екен.

А) шартты бағыныңқылы

В) себеп бағыныңқылы 

С) сатылы көп бағыныңқылы+         

D) жарыспалы көп бағыныңқылы

5. .Қиыса байланысқан сөз тіркесі          

А) өзімнен туған балаларға

В) қарт әке-шешеме

С) ақшаларымды өтеп тұрған

D) балалар адам болып+

 

5-silka-gost
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

1-ТЕSТ.КZ - Аттестация педагогов ОЗП НКТ

Образцы тестов для аттестации педагогических работников

  • Только актуальные online тесты
  • Тренируйся c 1-ТЕSТ.KZ к НКТ ОЗП ЕНТ МОДО ВОУД
  • Поделитесь результатами в социальных сетях

1-TEST.KZ - решение для преподавателей, желающих повысить квалификацию и подтвердить компетентность в области педагогического мастерства. Предлагаем услуги по подготовке к аттестации учителей с помощью нашей платформы.

Наша платформа предлагает не только теоретические материалы, но и практические упражнения, которые помогут лучше понять и запомнить материал. Получите доступ к широкому спектру учебных видеоматериалов, презентаций и тестов, которые помогут вам подготовиться к аттестации преподавателей

Используя нашу платформу, сможете ускорить процесс подготовки и сократить время, необходимое для освоения материала. В результате сэкономите время и силы для решения более важных задач, включая работу и семейные дела.