Регистрация
1-TEST.KZ » КАZ_ТЕSТ » ПББ ҰБТ » ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ шпор 6-нұсқа

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ шпор 6-нұсқа

21 авг 2023, 17:06
1 699
0
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ

  1. Түркі тілдері тіл туыстығына қарай 6 топқа бөлінеді: 

1

Қыпшақ бұтағы

қазақ, құмық, қарақалпақ, қарашай, мақар, қарайым, ұрым, қырышақ

2

Оғыз бұтағы

әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, балқан түріктері, түрік

3

Қарлұқ бұтағы

өзбек, ұйғыр

4

Аралық бұтақ

қырғыз, алтайық, хақас, тува, салар, сары ұйғыр, шор, тофа, шұлым

5

Чуваш

 

6

Саха

 

 

  1. Көне түркі тілдері мыналар: хазар, бұлғар, ғұн, көк түрік, сақ, авар.
  2. Түркі тілдері орналасу аймағына қарай 6 топқа бөлінеді: 

1

Оңтүстік тобы

түрік, гагауыз, әзербайжан, түркімен

2

Батыс тобы

қарайым, қарашай, құмық, татар, башқұрт

3

Орталық топ

қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз

4

Шығыс тобы

өзбек, ұйғыр, сары, салар

5

Солтүстік тобы

алтай, шор, хақас, тува, тофа, саха

6

Чуваш тобы

 

 

  1. Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады. 
  2. Түркі халықтарының жазба тілі V-VIII ғасырларда дүниеге келген. Тіл ғылымында бұл жазба ескеркіштері "Орхон-Енисей ескерткіштері" деп аталады. Олар: "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" т.б. Бұл жазуларды көпке дейін ғылыми түрде оқуға мүмкіндік болмады. Сондықтан оларды рун (құпия) жазулары деп атады. 
  3. X-XV ғ.ғ. түркі халықтарының жазбаша тілі ерекше дамыды. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалар: Махмұт Қашқари "Диуани лұғат ит-түрк" (1073-1074, Жүсіп Баласағұни "Құдатғу білік" (1067-1070), Ахмет Яссауи "Диуани хикмет" (XII ғ.), "Кодекус Куманикус " (1003) т.б.
  4. Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:

Араб жазуы (1929 жылға дейін);

Латын жазуы (1929 – 1940 ж.ж. арасы);

Кириллица (орыс) жазуы (1940 жылдан бастап);

  1. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Қытай, Монғолия т.б.) өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.

 


 

ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

  1. 1989 жыл, 22 қыркүйек: Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы) берілді. 
  2. 1993 жыл, 28 қаңтар: Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
  3. 1995 жыл, 30 тамыз: республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабыл-данды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:
    1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
    2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
    3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
  4. 1997 жыл, 7 шілде: жаңа Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
  5. Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы Заңның        4-бабы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
  2. Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
  3. Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.


 

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика. Бұлардың зерттейтін тақырыптарын төмендегі кестеден көруге болады:

ФОНЕТИКА

1. Дыбыс

1. дауысты дыбыс

2. дауыссыз дыбыс

2. Буын 

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын

3. Үндестік заңы

1. буын үндестігі

2. дыбыс үндестігі

4. Тасымал

5. Екпін

6. Орфоэпия 

 

7. Орфография

1. фонетикалық принцип

2. морфологиялық принцип

3. дәстүрлі принцип

 

ЛЕКСИКА

1. Сөз мағыналары

1. тура мағына

2. ауыспалы мағына

3. көп мағыналы сөз

4. синоним

5. омоним

6. антоним

2. Жалпы қолда-ныстағы  сөздер 

 

3. Қолдану аясы шектеулі сөздер

1. кәсіби сөз            6. табу сөз          

2. термин сөз          7. кірме сөз

3. көнерген сөз       8. неологизм

4. диалект сөз         9. нақыл сөз

5.тұрақты тіркес    10. мақал

ГРАММАТИКА

Морфология

1. Сөз құрамы (оның 2 түрі бар):

1. Дара сөз

2. Күрделі сөз

а. түбір сөз

ә. туынды сөз

 

 

а. қос сөз

ә. біріккен сөз

б. қысқарған сөз

в. тіркескен сөз

2. Қосымша (оның 2 түрі бар):

1. Жалғау

2. Жұрнақ

а. көптік

ә. септік

б. жіктік

в. тәуелдік

а. сөз тудырушы

ә. сөз түрлендіруші

 

 

3. Сөз табы (оның 9 түрі бар):

1. зат есім

2. сын есім

3. сан есім

4. есімдік

5. етістік

6. үстеу

7. шылау

8. еліктеу сөз      

9. одағай

 

Синтаксис

1. Сөз тіркесі

    а. есімді

    ә. етістікті

2. Жай сөйлем

    а. жақты – жақсыз

    ә. жалаң – жайылма

    б. толымды – толымсыз

    в. атаулы 

3. Құрмалас сөйлем

    а. салалас

    ә. сабақтас

    б. аралас

4. Сөйлем мүшелері

    тұрлаулы – тұрлаусыз

5. Пунктуация

6. Стилистика






 

Ескерту: 

  1. Сөз құрамы туралы оқулықтарда мынадай пікірлер бар: 
    1. сөз құрамының 2 түрі бар деп берілген: : түбір және қосымша;
    2. сөз құрамының 3 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз;
    3. сөз құрамының 5 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз;
    4. сөз құрамының 6 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз;
      1. Сөз тіркесі  мен тіркескен сөздің (тіркесті сөз)  айырмасы: 
        1. Сөз тіркесі ең кемі екі сөзден тұрады және әрқайсысы өз алдына жеке мағынаны білдіреді. Мысалы, 
  2. Тіркескен сөз ең кемі екі сөзден тұрады, бірақ екеуі бір мағынаны білдіреді және бір сұраққа жауап береді. Мысалы, 

қара ала (қандай?), 

жиырма бір (қанша?), 

келе жатыр (не істеп жатыр?) т.б.


 

Қазақ  тіл біліміне   шет тілдерінен  енген  термин сөздер

  1. Грек тілінен енген сөздер:

Алфавит (альфа, ветта (грек әліпбиінің алғашқы екі әрпі) – әріптердің жүйелі тізбегі.

Антоним ("қарсы" және "атау") – мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Архаизм (ежелгі, ертегі) – ертеректе күнделікті өмірде жиі қолданылғанмен, қазіргі кезде басқа сөзбен алмастырылғандар.

Диалог ("екі", "сөз") – екі не бірнеше адамның сөйлесуі.

Грамматика (жазу, жазу өнері) – тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Диалект (сөйлеу) – белгілі бір аймақта қолданылатын тіл ерекшеліктері.

Дифтонг  – қосарлы дыбыс.

Идиома  – бір ұғым ретінде қалыптасқан сөз тіркестері. (Мысалы: түйе үстінде сирақ ұйту)

Лексика (сөздік қор) – тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы.

Лексикология – (лексика, логос) – тілдің сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.   

Лексикография (сөздік ілімі) – тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.

Мақал (араб сөзі) – түйінді ойды білдіретін тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз.

Монолог ("бір" және "сөз") – кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі.

Метафора (ауысу, ауыстыру) – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы.

Метонимия (атын өзгертіп атау) – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай–ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу)

Морфема (форма) – сөздің ең қысқа мағыналы бөлшегі.

Морфология (түр) – тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Неологизм (жаңа сөз) – тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

Омоним ("біркелкі" және "атау") – бірдей дыбысталғанмен, мағыналары әр түрлі болып келетін сөздер.

Орфография (дұрыс жазамын) – сөздің дұрыс жазылу ережелері.

Орфоэпия (дұрыс сөйлеу) – сөздің дұрыс айтылу ережелері.

Полисемия (көп мағына) – сөздің көп мағыналығын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Семасиология (белгі, ілім) – сөздің мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Сингармонизм (бірге үндесу) – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі.

Синекдоха (бірге жобалап, шамалап түсіну) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. (Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына  төрт-бес тұяғымыз бар деу)

Синоним – айтылуы әр түрлі болғанмен, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

Синтаксис (құрастыру) – сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонема (дыбыс) – сөздің дыбыстық  бірлігі.

Фонетика (дыбыс) – тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонология (дыбыс, ілім) – фонеманы зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фразеология ("сөйлемше", "ілім") – тілдегі тұрақты тіркестер-ді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Эвфемизм (сыпайылап айту) – бір затты не құбылысты, я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы.

  1. Латын тілінен енген сөздер:

Ассимилияция (үндесу) – сөз құрамындағы немесе сөздер аралығындағы қатар келген дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі.

Аффикс (қосылған) – қосымшаның терминдік атауы.

Диссимиляция (өзгеру) – дыбыстың өзгеруінің бір түрі

Интонация (қатты айту) – дауыс толқыны, сөйлегенде сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгеріп отыруы, сөйлемде синтаксистік мағына білдіруші және сөйлемге эмоционалды-экспрессивті реңк беруші құралдың бірі.

Историзм – көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз   немесе сөз тіркесі. Өздері белгілеген заттар мен құбылыстардың қазіргі күнделікті өмірде қолданылудан шығып қалған. Архаизмдерден ерекшелігі – қазіргі тілде синонимі болмайды. 

Лингвистика – тіл білімі

Пунктуация (нүкте) – тыныс белгілерін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Стилистика – тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін саласы.

Стиль (латын) – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

Термин (бір нәрсенің шегі, шекарасы, шекаралық белгісі) – тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы атаулар.

  1. Араб тілінен енген сөздер:

Әдебиет (үлгілі сөз) – бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен көркемдеп айту өнері.

Әліпби (алиф, бә (араб әліпбиінің алғашқы екі әрпі) – әріптердің жүйелі тізбегі.

Әріп (әріп) – дыбыстың жазбаша таңбасы.

Мағына (мағына, ұғым) – сөздің я сөйлемнің білдіретін ұғымы.

  1. Индонезия тілінен енген сөз:

Табу (тыйым салу) – бір заттың не құбылыстың атын тікелей атамай, басқа атпен атау.

 

                                            ФОНЕТИКА

ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП

  1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.
  2. Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. 
  3. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.
  4. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.
  5. Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а),  ю (й+у),  ё (й+о)  қосарлы дыбыстары және  ь –жіңішкелік,  ъ – жуандық белгілері).                   

Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.

  1. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.
  2. Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ  э, ё, в, ф, ц, ч  әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.
  3. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты  дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.

Қосымша: Кейбір оқулықтарда 5-бөлімдегі 9 әріпті қазақ тіліне тән дыбыстар деп берген. Алайда біз оларды әріптер деп беруді жөн көрдік. Себебі алфавиттегі 37 дыбыс қазақ тіліне тән оқылады, айтылады. Мысалы, е дыбысы орыс тілінде йэ деп оқылса, қазақ тілінде йе деп оқылады.  Сондай-ақ сөз құрамында жуан-жіңішке, еріндік-езулік дауысты дыбыстарының келуіне қарай дауыссыз дыбыстар соларға бейімделіп оқылады. Мысалы, үзу мен азы сөздеріндегі з дыбысы бірінде (үзу) жіңішке әрі еріндік дауыстыға бейімделіп оқылса, бірінде (азы) жуан әрі езулік дауысты дыбысқа бейімделіп оқылады.

                            ДАУЫСТЫ ДЫБЫС 

  1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
  2. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.
  3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.
  4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
  5. Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Тілдің

қатысына қарай

 Жуан 

тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке

тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі  арқылы жасалады

ә, ө, ү, і, е, и, (у), э

 

 

 

 

Жақтың қатысына қарай:

Ашық 

жақтың кең ашылуы арқылы жасалады

а, ә, о, ө, е, э

Қысаң

жақтың тар ашылуы арқылы жасалады

ы, і, и, у, ү, ұ

 

 

 

 

Еріннің

қатысына қарай

Еріндік

еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

езудің кейін тартылуы арқылы жасалады

а, ә, е, ы, і, и, э

  1. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).

Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа, йу  қосарлы дыбыстарынан тұрады.

          ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

  1. А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.
  2. А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б.
  3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б.

Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б.

Ескерту: Ұ, ү, ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олар бір кезде қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, мәжбүр,  іңкәр, сірә, куә, мағлұмат, дүлдүл т.б.

  1.  Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік. 
  2. Ы, і сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда сөздің соңғы буынында  түсіп қалады:

а) Кейбір сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанса: халық - халқым, орын - орның, көрік - көркі, әріп - әрпі т.б.

      Ескерту: 

1. құлақтың құлығы, ұстаның көрігі дегендегі құлық, көрік сөздерінде ы, і әріптері түспейді.                    

2. Ауыл, дауыс сөздеріне екі түрлі жазыла береді. (ауылы – аулы, дауысы – даусы)

ә)   Ойын, орын, жиын, қиын сөздеріне туынды етістік жасайтын -а жұрнағы жалғанса: Мысалы, ойын + а = ойнаорын= орна т.б.

б)   Кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса: алты-алтау, қорық-қорқу т.б.

в)   Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге   тұйық етістіктің  -у жұрнағы жалғанса: оқы-оқу, тоқы-тоқу, ері-еру т.б.

  1.  Ы, і дыбыстары сөз басында р, л әріптерінің алдында көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бұзылмаса, ол дыбыстардың әріптері жазылмайды. Рас (ырас емес), рет (ірет емес), рахат (ырахат емес), лай (ылай емес), лезде (ілезде емес), лақтыру (ылақтыру емес) т.б.
  2. Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің жұрнағы жалғанса, ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде жалғыз ғана и әрпі жазылады (ы+й=и, і+й=и). Мысалы: оқы-й+ды=оқиды, есті-й+ды=естиді т.б. 

Ескерту: Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыймайды, тыйым, тыйылу, тыйылдыр, тыйылмайды т.б.

  1. У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда  дауыссыз дыбыс болады:

1) у дыбысынан басқа дауыстыдан кейін келсе (тау);  

2) сөз басында дауыстының алдында келсе (уақ);  

  1. И, у дыбыстары сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады, яғни сөздегі басқа дауыстылар жуан болса, и, у дыбыстары жуан оқылады, сөздегі басқа дауыстылар жіңішке болса, и, у дыбыстары жіңішке оқылады. 

Жуан дауысты болуы: бару, тиын; 

Жіңішке дауысты болуы: жүру, киін т.б.

  1. У дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жуу, жауу, сауу т.б.
  2. Тұйық етістіктің -у жұрнағы и дыбысына біткен етістікке жалғанғанда, ю әрпіне өзгеріп жазылады. Мысалы, Ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию, қи+у=қию.  
  3. Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, қия, зиян, қию, ақию т.б.
  4. Ю, я әріптері йу, йа болып оқылғанмен, ю, я ретінде жазылады. (аю, жою, қоян) Ескерту: Дәстүрлі принцип бойынша аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу, йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.

                  ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС

  1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан  ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
  2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар:  б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
  3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

1

Ұяң

үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

2

Үнді

салдырдан үні басым

й, л, м, н, ң, р, (у)

3

Қатаң

тек салдырдан тұрады

к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

  4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:   

п – б

ф – в

к – г

қ – ғ

т – д

с – з

ш – ж

Себебі, бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

  1. З, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Мысалы: қазақ, заң, момын, мол, күрек, наным, рас, мұрап, шам, сот, нан,   т.б.      2. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б.
  2. В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б.
  3. Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана жазылады. 
  4. Х әрпі хат, хан, хабар, халық сияқты араб-парсы тілдері мен кейбір орыс тілінен енген жалпы есімдер мен кісі аттарында жазылады (техника, А.Шох).
  5. Б, в, г, д  дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб,  округ т.б.
  6. Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады.                         Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю. 
  7. Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді.                                       Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая.
  8. Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы:  Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б.
  9. Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс–прогрестік, металл–металдар, грамм–грамнан т.б. 

Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Себебі жер аты, мекеме аты және шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды. Мысалы: Кузбасс–Кузбасста, Донбасс– Донбассқа. 

  1. Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады.   Мысалы: Трест+ке=треске, ведомость+қа= ведомосқа, подъезд+ге=подъезге, т.б.
  2. Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль  сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады.  Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б. 

Қосымша: 

Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады. Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.

                                          БУЫН 

  1. Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. 
  2. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. 
  3. Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын

 

 

 

түрі

Мысал

Ереже

Ашық буын

  1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.
  2. Тек дауысты дыбыс-тан тұрады.

А-ға, а-на, ә-ке, а-та

ба-ла, қа-ла, ке-рі 

ша-на-ны, бо-са-ға         

Тұйық буын

Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді. 

(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)

1-буында: ат, ет, ант, өрт 

2-буында: ки-ік, ти-ын 

3-буында: тұңғи-ық,     

                  ақи-ық 

4-буында: әдеби-ет,  

                     мәдени-ет 

Бітеу буын

Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.

1. бал, таң, көз 

2. тарс, төрт, қант, бұлт 

3. штамп, класс, грамм

4. мек-теп, бал-дыр-ған,

Қосымша:  

  1. Сөз  ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде,  келесі буынның бірінші әрпі болады.             Мысалы, қа-уын, қа-йық, қо-ңыр т.б.
  2. Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді.   Мысалы, құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.
  3. Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі)   және соңында (әули-е) келе береді.

                                

       ТАСЫМАЛ

  1. Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру. 
  2. Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке – реге,  кере – ге

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

  1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды.   (а – та,  ә – ке, арми – я.)
  2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)
  3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.)

  1. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды.                  (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов. Қ.С.Мусин)
  2. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 га)

                        

 

       ЕКПІН

  1. Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
  2. Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. 
  3. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді

                           Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

  1. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы  т.б.
  2. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.
  3. Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе)       екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.

                                ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

(Сингармонизм заңы)

Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы. 

Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

                                       БУЫН ҮНДЕСТІГІ

  1. Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.
  2. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. 
  3. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады.

қаз-дар  /   қаз-дер (емес)      

тас-қа    /   тас-ке (емес)    

Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады.

үй-лер   /   үй-лар (емес)            

есік-ті   /   есік-ты (емес)             

Ескерту: Мынадай сөздерде: 

а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.) 

ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.)  буын үндестігі сақталмайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

  1. Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да,  осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б.
  2. Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі  т.б.
  3. -Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм,    -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал  т.б.

Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар:

  1. Кірме сөздерде  дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы:

араб тілі: кітап, мұғалім, құдірет т.б.

орыс тілі:  кино, театр, алгебра т.б.

  1. Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.
  2. Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б.
  3. Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі т.б.

                   ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар:

1.  ілгерінді ықпал

2.  кейінді ықпал

3.  тоғыспалы ықпа                                                                                          1. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ 

  1. Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа   ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. (1    2)
  2. Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары: 

1)  Сөз бен қосымша арасында: қаш-са (қашша)

2)  Екі сөз арасында:  ақ балық (ақ палық)

3)  Күрделі сөздерде:

а)  біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)

ә)  тіркескен сөз: ала кел (ала гел)

б)  қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)

  1. Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
    1. Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң   дауыссыздан басталады. 

Терезе - лер

Терезе - ге 

Терезе- ден

Қаз - дар

Қаз - ға

Қаз – бен

Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді.

Мал - сыз

Кір-сіз 

Кім - сің

Кел - сін

Құлын - шақ

Тіл - ші

  1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады.

Кітап - тар

Кітап - қа

Орақ - тар

Орақ - қа

  1. Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
    1. (ш+сш

Сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысының орнына қатаң ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. 

Жазылуы

Айтылуы

Қаш-са

Аш-са

Іш-сін

Қашша

Ашша

Ішшін

  1. (п+б=пп

Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда б дыбысының орнына қатаң п дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Жүсіп-бек

Кеңес-бек

Қанат-бек

Жүсіппек

Кеңеспек

Қанатпек

  1. (п+б=пп

Сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сөз ұяң б дыбысынан басталса, бұл дыбыс айтылғанда, қатаң п дыбысы болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Алып бер

Тоқ бала

Алып пер

Тоқ пала

  1. Біріккен сөздің бірінші сыңары немесе сөз тіркесінің бірінші сыңары дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссызға бітіп, екінші сыңары қатаң к, қ дауыссыздарынан басталғанда, бұл екі дыбыс ұяң г, ғ болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Жиен - құл

Көз-қарас

Қара-көз

Боз-көйлек

Күз келді

Ала кел 

Жиенғұл

Көзғарас

Қарагөз

Бозгөйлек

Күз гелді

Ала гел

                       2. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ

  1. Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1    2).
  2. Кейінді ықпалдың кездесетін орындары: 

1.  Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы;

2.  Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)

3.  Күрделі сөздерде:

а)  біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді)

ә)  тіркескен сөз: он бес (ом бес)

б)  қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен)

 

  1. Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
    1. (қ, к, п + дауысты = ғ, г, б

Сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса,  к, қ, п дыбыстары өзгеріп, ұяң г, ғ, б дыбыстарына айналады. 


 

аяқ + ы = аяғы

күрек + і = күрегі

доп + ы = добы

жақ (жаға бастады)                                                                                            2. (п + -ып, -іп = уып, уіп) 

Етістіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің  -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады. 

шап + ып = шауып

кеп + іп = кеуіп

сеп +іп = сеуіп

жап + ып = жауып

  1. Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
    1. (н+ғ,г = ңғ, ңг), (н+қ,к = ңқ, ңк) 

Жазылуы

Айтылуы

Жан + ғали

сен + гім 

жан қайғы

Жаңғали

сеңгім 

жаң қайғы

  1. Сөз үнді н дыбысына аяқталып, келесі сөз немесе қосымша ғ, г, қ, к дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда  н дыбысының орнына ң дыбысы естіледі. Жазуылда бұл ескерілмейді                                           

3. (с+ш = шш), (з+с = сс), (з+ш = шш) 

Сөз с, з, дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда с дыбысының орнына ш дыбысы, ал з дыбысының орнына с не ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді


 

 

Жазылуы

Айтылуы

Ас + шы

Көз + сіз

Жаз+шы

Ашшы

Көссіз

Жашшы

  1. (з+ж=жж) 

Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі з дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда з дыбысының орнына ж дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Бозжан

Жүз жыл

Боз жорға

Божжан

Жүж жыл

Бож жорға

  1. (н + /б,в,п/ = мб, мв, мп) 

Сөз н дыбысына аяқталып, екінші сөз немесе қосымша б, в, п   дыбыстарының бірінен басталса, айтылуда н дыбысының орнына м дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Жан + пейіс

Тұрған + бек

Есен + бай

Он бес

Жампейіс

Тұрғамбек

Есембай

Ом бес

  1. Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі қ, к, п дауыссыз дыбыстарына бітіп, екінші сөз дауысты не ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарынан басталса, бірінші сөздің соңындағы қ, к, п дыбыстарының орнына, ғ, г, б дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Көк жиек

Шолақ еді

Шөп әкелді

Көк ала

Көг жиек

Шолағ еді

Шөб әкелді

Көг ала

  1. Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі мен екінші сөзінің аралығында екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады, жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Торы ала ат

Сарыарқа

Қара ешкі

Келе алмайды

Торалат

Сарарқа

Қарешкі

Келалмайды

3. ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ

Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.

  1.  (с+ж=шш)  Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда с мен ж дыбыстарының орнына шш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Досжан

Жанқожа

Тас жол

Дошшан

Жаңғожа

Ташшол

  1. (н + /к,қ/  = ңғ, ңг

Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі н дыбысына аяқталып, екінші сөзі к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда н мен к, қ дыбыстарының орнына ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Есен келді

Жиенқұл

Есеңгелді

Жиеңғұл

 

 

               ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ

  1. Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар. 

Орфография –  сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы, 

Орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы.   

  1. Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады. Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады. Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады:
    1. дыбыс үндестігі, яғни қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі; 
    2. еріндік дауыстылардың (ұ, ү, о, ө) өзінен кейін келген езулік дауыстыларға (ы, і, е) әсер етуі;

Жазылуы

Айтылуы

Көзілдірік

Көзүлдүрүк

Өлең

Өлөң

Жұлын

Жұлұн

Қара ала

Қарала

Ақ ешкі

Ағ ешкі

 

3,Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:

 

  1. Фонетикалық принцип:

Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адамдар, ағаштар, қартқа т. б.

  1. Дәстүрлі принцип:

Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады. 

Мысалы: хайуанат, кейуана, миуа, қиуа, белбеу, Ботагөз, Амангелді, жаздыгүні т.б. 

 

  1. Морфологиялық принцип:

Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.

Айтылуы

Жазылуы

Шегара

Жер-гөк

Қоян-ғолтық

Шекара

Жер-көк

Қоян-қолтық

 

                                    ЛЕКСИКА

Лексика (грек."сөздік қор") мынадай тақырыптарды зерттейді:

1. Жалпы қолданыстағы сөздер

күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, есік, туысқан, соғыс т.б.

2. Қолдану аясы шектеулі сөздер

1. архаизм             6. кәсіби сөз

2. историзм              7. табу сөз

3. неологизм            8. кірме сөз

4. диалект сөз          9. эвфемизм

5. термин сөз           10. дисфемизм

3. Қанатты сөздер

1. тұрақты сөз тіркесі

2. идиома

3. мақал-мәтел

4. афоризм (нақыл сөз)

4.  Сөздің лексикалық мағыналары

1. Сөздің тура мағынасы

2. Сөздің ауыспалы мағынасы

3. Сөздің көп мағыналылығы

4. Синоним 

5. Антоним

6. Омоним

 

  1. Лексиканың мынадай салалары бар:

Лексикология  – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология  тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология  жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология  диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.

Антропонимика  кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.

Лексикография  сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.

 

                       ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР

КӨНЕРГЕН СӨЗ

Көнерген сөз  қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.

 

  1. Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.

Ескі атауы

(архаизм)

Қазіргі атауы

(неологизм)

аэрофлот    

адрес           

рыноктық   

таможня      

станция 

әуежай

мекен-жай

нарықтық

кеден

бекет

  1. Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.

             үйрету

Бас изеді – келісу

Бас имеу – келіспеу, берілмеу

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ

Басынан сөз асырмау – басындырмау

Бауыр басу – үйрену

Бес аспап – өнерлі 

Бес саусақтай білу – жетік білу

Бет бақтырмау – бой бермеу

Бетке айту – шындықты көзіне айту 

Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды 

Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер

Биті торғайдай, мойыны ырғайдай – арық 

Бұйым көрмеу – менсінбеу

Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару

Бүйідей тиді – әлек салды

Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды жебеп жүретін киелі бейнелер

Далаға кетті – босқа кетті

Дәм-тұзы жараспады – тату-тәтті тұра алмады.

Деміне(кеудесіне) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті

Дымын шығармау – үндемеу

Ділгір болу – өте мұқтаж болу

Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау

Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу

Екі езуі екі құлағына жету – қуану

Екі көзі төрт болды – қорықты

Екі көзі шарасынан шығу – қорқу

Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру

Еңбегін сауды – адал күн кешті

Еңсесі құру – сағыну 

Ер қаруы  бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар.

Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға аттану

Ернін шығарды – мазақтады 

Ернінің емеурінін білу – көңілін табу

Есек құрты мұрнына түсу – баю

Етек-жеңін жиды – есін жиды

Етектен алу – кедергі жасау

Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

Жағадан алу – қылғындыру

Жағасын ұстау – таңдану

Жағы сембеді(тынбады) – көп сөйлеу

Жағына пышақ жанығандай – арық

Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты

Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру

Жанары кетті – көзінің нұры кетті

Жанды жегідей жеу – қиналу, іші құса, уайым болу

Жаны зәр түбіне жету – қорқу

Жаны сіреден жаралған екен – мықты

Жанын қоярға жер таппау - әлек болу

Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау

Жауырынан жел өту – азап шегу

Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру.

Желкесін қасу – қысылу, сасу

Жеме-жамге келгенде – шешуші сәтте

Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты

Жер аяғы қиянда(ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс

Жер болу – ұялу

Жер жұту – жоқ болу

Жер қабу – өлу

Жер қаптыру – алдау

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Жұлдызы оңынан туу – жолы болу

Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу

Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу

Жүз тайысу – ұрысу

Жүзі қайту – тайсалу

Жүзі солу – жүдеу

Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу 

Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау

Жүндей түтті – әбден сабады

Жүрегі алып ұшты(жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды

Жүрегінің түгі бар – батыр

Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз

Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады.

Жылан жалағандай – түк қалдырмау 

Жыланның басы қайту – аштығы басылу

Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмей, абдырып қалғанда айтылады.

Жыртысын жыртты – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді.

Жібі түзу – дұрыс адам

Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу

Жілігі шағылу – беті қайту

Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу

Зәрі қайту – уы тарқау

Зәріне міну – қаһарлану

Зығыры қайнау – ашулану

Иегі қышу – дәмелену

Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз

Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр

Инені жіпке тізу – бәле қуу

Иненің жасуындай – азғантай

Иненің көзінен өткендей – пысық

Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді

Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз

Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау

Ит болу – қор болу

Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында

Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау

Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру

Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген 

Иығына су кету(йығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу шаршау

Иығынан дем алу – мақтану

Иін тірескен - өте көп

Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу

Кәдеге асу – іске жарау

Кәріне міну – ашулану

Кебін кию – аяғын құшу

Кежегесі кейін тарту – жалқаулану

Кендірі кесілді – көтерем болу

Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ

Кең дүние тар болу –дүниеден түңілу

Кердең басу – талқандау

Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам

Кеудесіне шайтан кіру – азу

Көз байлау – алдау

Көз болу – ие болу

Көз жазып қалу – адасу

Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау

Көз салу – қару

Көз сүзу – телміру

Көз шалу – көрініп қалу

Көзге сүйел болу – жек көрінішті көріну

Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

Көзден ғайып болу – жоқ болу

Көзді ашып-жұмғанша – тез 

Көздің жауын алу – қызықтыру

Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау

Көзі (қарасы) батты – бір жола жоқ болды, құрыды

Көзі алақандай болу – қорқу

Көзі ашылу – санасы ояну

Көзі жету – кәміл сену

Көзі тою – көңілі тою

Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау

Көзіне шөп салу – алдау

Көк айыл(долы) – ашушаң

Көк ала қойдай ету – сабау, ұру

Көк өрім – бала кез

Көкейін тесу – көп құмарту

Көкесін таныту – ұрып-соғу

Көкірегі қарс айырылу – қайғыру, өкіну

Көлденең сөз – жағымсыз қауесет

Көрпеңе қарай көсіл – әліңе қара 

Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң

Кірерге тесік таппау – ұялу

Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы

Кірпідей жиырылу – жақтырмау

Кірпік қаққанша – тез

Кірпік қақпау – ұйықтамау

Кіршік шалу – ойына ақау түсу

Қабағы кірбің тартты – ренжіді

Қабағын қырау шалу – қартаю 

Қабақ қақпау – тез

Қабақ шытысты – ұрысты

Қабырғамен кеңесті – жақын кісілерімен келісті, өз-өзімен ойласты

Қабырғасы қайысу – қатты қиналу 

Қадалған жерінен қан алу – дегенін істету

Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау 

Қайрауы жеткен – бабына келген

Қақпанның қанды аузын басу – қолға мықтап түсу

Қалпақтай ұшу – құлап түсу

Қалтасына сену – байлығына сену

Қан жалау – таяқ жеу

Қанат біту – қарқын алу 

Қанатын жазу – белгілі болу

Қанатын қию – сорлату

Қанды балақ – озбыр

Қаны қайнау – ашулану

Қанына сіңу – әдеттену

Қанына тарту – туысына ұқсау

Қара есекке теріс мінгізу – артына кір келтіру

Қара жаяу емес – құр алақан емес

Қармаққа түсу – ұсталу

Қас бен көздің арасында – тез

Қас қарайғанда – кешқұрым

Қауқары кету – шаршау

Қиқу салды – дабыл қақты

Қой аузынан шөп алмас – момын

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау

Қойға шапқан қасқырдай – тас-талқан ету

Қол арту – ниет ету

Қол байлау болу – кедергі жасау

Қол беру – келісу 

Қол жалғау(қол ұшын беру) – көмектесу

Қол қусыру – бағыну, көну

Қолтыққа су бүрікті – желіктірді

Қолы ашық – жомарт

Қолы жүру – сәті келу 

Қу маңдай – сорлы

Қу мойын – арық

Қу сирақ – қыдырымпаз

Қу тамақ – аш өзек, нәпсі

Қу таңдай – сөзуар адам туралы мысқыл

Құлағы тесік - әр нәрседен хабардар адам

Құлағын бұрау – үгіттеу

Құлағын түру – назар салу

Құлағына кірмеу – ұқпау

Құлағыңның тесігі бар ма, жоқ па? – кереңбісің?

Құлақ қағыс ету – айтар ойдың ұшын шығару

Құлаққа ұрған танадай – тып-тыныш

Құлаш сермеу – ұмтылу

Құнт қылмау – ескермеу

Құралайды көзге атқан – мерген

Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау

Құрығы ұзын – билігі күшті

Қызыл өңеш – даукес, сөзуар

Қызыл сирақ – кедей

Қызыл сөз – бос сөз

Қызыл сөзден бал жағу – мадақтау

Қызыл тіл – шешен

Қылышынан қан таму – қатыгез

Қырық құрау – тозған

Қырық пышақ – араздасқан

Қысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлік

Қысқа кол – жетіспеушілік

Қысыр әңгіме – бос сөз

Қытығына тию – ашуландыру

Маңдай алды – үлгілі, озат

Маңдай тер – адал еңбек

Маңдай тер – адал еңбекпен тапқан табыс.

Маңдайға тию – қиыншылықты көру

Маңдайы ашық – бақытты

Маңдайы ашылу –жолы болу

Маңдайы күнге күю – қиналу

Маңдайы тасқа тию – беті қайту

Маңдайына біту – бар-жоғы

Маңдайына сыймау – бұйырмау

Маңдайынан сипау – мүсіркеу

Маңдайынан шертпеу – тиіспеу

Маңдайының арылмаған соры бар – бақытсыз

Маса(шыбын) шаққан құрлы көрмеу – елемеу

Масыл болу – кісі еңбегімен күнелту

Мәмпи ауыз – ашық ауыз

Мезі болу – ығыр болу

Меңдуана жегеннен саумысың? – жындандың ба?

Мойны астынан келу – жеңілу

Мойны ырғайдай – азып-тозған

Мойнын бұрау – дегенін істету

Мойнын бұру – көңіл бұру

Мойнына жар бермеу – жалқаулану

Мойнына мініп алу – басыну

Мойнынан жалы кету – арықтау

Мұз арқалап күл төгу – азап шегу

Мұзға отырғызу – алдау

Мұрны қанамау – уайымдамау

Мұрнын көкке көтеру – паңдану

Мұрнынан шаншылып жүр – қолы тимеу

Мұрнының астын көрмеу – сезбеу

Мұрты сынбады(шағылмады) – кемімеді 

Мұртын балта шаппау – дүниесі түгел

Мүйіз шығу – қарық болу

Мүйізі қарағайдай – мықты, зор

Мысы құру – амалы біту

Міз бақпау – шыдап бағу

Мінезі ауыр – салмақты

Мірдің оғындай – өткір(сөз)

Місе тұту – қанағат ету

Намыс жырту – арын қорғау

Нобайы түзу – жарамды

Ноқтаға көну – жуасу

Ой тоқтату – ер жету

Ой түбіне жетпеу – көп ойлану

Ойы бұзылу – айну

Ойы онға, санасы санға бөліну – не істерін білмеу

Оқалы киім кию – шен алу

Омырау жасқа малыну – еңіреу

Он екі де бір гүлі ашылмаған – қыршын жас

Он саусағындай білу – жақсы білу

Оң көзбен қарау – мақұлдау

Оң мен солын айыру – ер жету

Оң мен солына қарау – өмірге, төңірегіне қарау

Опық жеу – өкіну

Орақ ауыз – өткір тілді

Орға жығу – құлату

Отқа май құю – өршіту

Өкпесі қара қазандай – реніші таудай

Өлген жері осы – қатты ұялу

Өң алдырмау – сыр бермеу

Өң мен түстей – әп-сәтте

Өңменнен өту – айтылған сөз қатты тию

Өрісі кең – білімді

Өрісі тар – ақылы аз

Пейілі тар – сараң

Пейілін кеңге салу – жомарт болу

Рай бермеу – ыңғай бермеу

Райынан қайту – ашуы қайту

Сабақ алу – үйрену

Сабасына келу – ашуы тарқау

Сағы сыну – беті қайту

Сай сүйегі сырқырау – бүкіл денесі ауыру

Сайтаны ұстау – жыны қозу

Сақал сипап қалу – алдану

Сақинасы бар – ұстамалы ауруы бар

Салқын қанды – байсалды

Санын соғу - өкіну

Сау басына сақина тілеп алу - өзіне ауру тілеу

Саудасы біту – ісі біту

Сәлемі түзу – ниеті дұрыс

Сегіз кессе, сіркедей қан шықпас – бір беткей

Сең соққан балықтай болу – есеңгіреу

Соқыр тиынға арзымау – түкке тұрмау

Соқырға таяқ ұстатқандай – анық

Соры қайнау – бақытсыз болу

Сөз байлау – уәделесу

Сөз есту – сөгіс алу

Сөз қайыру – жауап беру

Сөз қонбады – түсінбеді

Сөзге қалу – өсекке іліну

Сөздің майын тамызу – әдемі сөйлеу

Сөздің тігісін жатқызу – жуып-шайып айту  

Сөзі мірдің оғындай – өткір сөз

Сөзі түйеден түскендей – дөрекі сөз

Сөзін жерге тастамады – дегенін істеді

Сөзінің жаны бар – айтқаны дұрыс

Су жұқпас – алаяқ

Су татиды – дәмі жоқ

Суқаны қашу – қорқу

Сүтке тиген күшіктей болу – сүмірейіп қалу

Сүттей ұйыды – кәміл сенді

Сыбағасын алу – жазасын тарту

Сыр шерту – көңіл құпиясын айту

Сырдың суы сирағынан келмеу – елемеу

Сідік шаптырым жер – жақын жер

Сілесі қату – әбден шаршау

Сілтідей тыну – тым-тырыс болу

Сіңбіруге қол тимеу – уақыты аз

Сіркесі су көтермейді – ештеңені көңілі жақтырмайды

Таба болу – мазақ болу

Табалдырығын тоздыру – қайта-қайта бару

Табан тіреу – тоқтамға келу

Табанын жалау – жалыну

Табанын жалтырату – жоқ болу

Табанынан сарсылу – титығу

Тақияда тамтығы қалмады – барынан айрылды

Тақымға алу – қысымға алу

Талағы тарс айрылу – қатты ашулану

Талшық ету – аздап қорек ету

Тамағы істі – дәмеленді

Тамақ асырау – күнелту

Тамыр жаю – кең таралу

Тамырына балта шабу – жою

Тас жүрек – қатыгез

Тасы өрге домалау – бағы жану

Тәубесіне келтіру – есін жиғызу

Тәуекелге бел байлау – көну

Тепсе темір үзеді – мықты

Терісіне сыймау – ашулану

Тойған қозыдай – жуас

Толас таппады – бәсеңсімеді

Тон пішу – сырттай болжау

Тонның ішкі бауындай - өте жақын, өз адамындай

Тонына сыймау – мақтаншақ

Төбеге жай түскендей – кенеттен

Төрт аяғынан тік тұрғызу – қалпына келтірту

Төсек тарту – сырқаттану

Түбіне жету – құрту

Түйдей жасты – жасы бір құрбы

Түйенің танитыны жапырақ – білетіні бір-ақ нәрсе

Түйенің тұяғы түсетін жер – өте алыс жер

Түн жамылды (қатты) – түнде жүрді

Түс шайысу – ұрысу

Түтін түтету – өз алдына үй болу

Түтіп жеу – қысымға алу

Тырнақ астынан кір іздеу – бәле іздеу

Тышқақ лақ жоқ – малдан жұрдай

Тізе батыру – күш көрсету

Тізе жазбау – жұбы ажырамау

Тілге келмеу – бір ауыз сөз айтпау

Тілі байлану – сөйлей алмай қалу

Тілі қышыды – сөйлегісі келді

Тірідей жерге кірді – қатты ұялды

Тіс жармау – айтпау

Тіс қаққан – ысылған

Тісі шыққан – есейген

Тісін қайрау – ыза болу

Уысынан шығу – билігінен кету

Ұзын құлақ – лақап сөз, өсек

Ұрты солу – жүдеу

Ұстараның жүзінде отыр – өте қиын

Үйірге қосылды – адам қатарына қосылды 

Үлде мен бүлдеге бөленді – ырысқа кенелді

Үнжорғасы (ұнжырғасы) түсті – еңсесі түсті

Үріп ауызға салғандай – сүп-сүйкімді

Шайнап берген – анық 

Шаң жуытпау – қорғаштау 

Шаңырағы ортасына түсу – отауы бұзылу

Шаңырағына ат ойнатты – астан-кестен етті

Шаңырақ көтерді – үйленді 

Шашасына шаң жұқпайды – жүйрік

Шашбауын көтеру – жағымпаздану

Шекесіне тиді – беті қайтты

Шерменде болды – масқара болды

Шие жегендей қылды – тұмсығын бұзды

Шиыршық атты – қатуланды

Шошқа тағаладың ба? – көзге көрінер ісің жоқ

Шүйдесін көрсетті – теріс бұрылды

Шығынға батты – зиян шекті

Шыр бітпеді – жүдеді

Шырағы сөнді – үміті үзілді

Шытынай қалды – ашуланды

Ығай мен сығай – бетке ұстарлар

Ындыны ашылды – араны ашылды

Ізі суымады – көп уақыт өтпеді

Ілуде біреу – бірлі жарым

Ініне су құйды – жойды

Ірге тепті – орнықты

Іргесін аулақ салу – жоламау

Ісі өрге баспады – жолы болмады

Іш тарту – жақын тұту

Іші ауыру – өкіну

Іші бұру – жақтыру

Іші жарылу – зерігу

Іші пысу – зерігу

Іші тар – сараң, қызғаншақ

Іші түтін, сырты бүтін – уайымды

Ішін тарту – таңырқау

Ішіңді жылан жайлап отыр ма? – тоймадың ба?

 

                   МАҚАЛ  мен  МӘТЕЛ

Мақал – өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі. 

Оның мәтелден ерекшелігі:

  1. Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
  2. Ой нақты айтылады.
  3. Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
  1. Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді. 
  2. Жері байдың елі бай.
  3. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
  4. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.
  5. Еменнің иілгені – сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені. 

 

Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы. 

Оның  мақалдан ерекшелігі:

  1. Көбіне бір бөлімді болады.
  2. Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.
  3. Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
  1. Көппен көрген - ұл той. 
  2. Әлін білмеген әлек. Кемедегінің жаны бір. 
  3. Ел құлағы - елу. 
  4. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.

                                       НАҚЫЛ СӨЗ

Нақыл сөз (афоризм)  мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже – қағидалар. Мысалы:

  1. Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас. (М. Әуезов). 
  2. Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот.      (Н. Байғ.)

ИДИОМА

Идиома(лық тіркес) дегеніміз: 

  1. бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер; 
  2. құрамындағы сөздердің мағынасында метафоралық, пародиялық ерекшеліктер болатын мәтелге және тұрақты тіркеске бейім келетін тіркестер; 
  3. өзге тілге тура аударуға келмейді;

Мысалы: 

Идиома(лық тіркес)

Мағынасы

ұзын құлақ 

қырық пышақ 

өгіз аяң

мұртын балта шаппау

асқар тау

ақ саусақ

аузын қу шөппен сүрту

көпшілік

ұрыс-керіс

жай

мұқтаждық көрмеу

биік тау

жалқау

сараң 

 

СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫ

Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:

  1. Сөздің тура мағынасы  сөздің бастапқы мағынасы. 
  2. Сөздің ауыспалы мағынасы  сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.

Мысалы: 

Тура мағына

Ауыспалы мағына

терең көл

ашық терезе

өткір қайшы

домбыра шерту

майлы төстік

терең ой 

ашық мінез 

өткір көз 

сыр шерту 

майлы дастархан

 

  1. Сөздің көп мағыналығы   (полисемия)  бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы. Мысалы:

Адамның басы

Судың басы (бұлақ)

Сөздің басы (сәлем)

Таудың басы (шың)

 

  1. Омоним  дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.

Мысалы: «Жақ» омоним сөзінің мағыналары:

Адамның жағы / От жақ /   Оң жақ /  Маған жақ бол /  Қара бояу жақ

Омонимдердің жасалу жолдары:

  1. Жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс), жастық (жас+тық);
  2. Кірме сөз арқылы: бақ (парсы. "бақт»), сап (араб. "саф");
  3. Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);

Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмашылығы:

  1. Омоним сөз жеке тұрып, бірнеше мағынаны білдіреді, ал көп мағыналы сөз екінші сөзбен тіркескенде ғана бірнеше мағынаны білдіре алады.
  2. Омоним сөздің мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық болмайды. Мысалы, адамның жағы, отты жақ дегендегі «жақ» сөзі бірінде есім сөз болып, дене мүшені білдіріп тұр, бірінде етістік ретінде қимылды білдіріп тұр. Ал көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында ұқсастық болады. Мысалы, судың басы (бұлақ), таудың басы (шың), сөздің басы (сәлем) дегендегі «бас» сөзі бірінде «бұлақ», бірінде «шың», бірінде «сәлем» деген мағыналарды білдірсе де, бәрінде де бір нәрсенің басталу орны, басталар жері деген мағынаны білдіріп тұр.
  3. Антоним  мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы:  Аласа – биік,   Ұзын – қысқа,   Ақ – қара,   Жақын – алыс,   Су жүрек – жүрек жұтқан
  4. Синоним  айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты. 

                   Синонимдерді қолданудың мынадай тәсілдері бар:

  1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді  қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерегісте ер өлер, екі батыр егессе, екеуінің бірі өлер (Мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс
  2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та тұра береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал). Қауіп бар жерде қатер бар (Мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол жарқылдап күледі (Ғ.Мұстафин). Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім (Махамбет). 
  3. Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады (Ж.Аймауытов). Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма? (М.Әуезов). Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар. (Ә.Тәжібаев). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болады (Ғ.Мұстафин). Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық («Жас алаш»). 
  4. Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға болады. Мысалы: күш-қуат, кұрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, үлгі-өнеге, азып-тозу, қорқытып-үркіту, қажымай-талмай, өткен-кеткен, даусыз-талассыз, мұңды-зарлы, өніп-өсу т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.
  5. Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй, қызыл жоса қан, нән семіз жылқы, жайдары жарқын мінез, орасан зор жұмыс, құр бекер жүріс т.б. 
  6. Синонимдер тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, Кеңес армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі талқандады деген сөздің орнына жермен-жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз әлдеқайда күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним сөздің қатар қолданылғаны тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық тіркестер де қаз-қатар жұмсала береді. Мысалы: Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті, итжығыс, бірде олай, бірде бұлай (Қ.Айнабекұлы). Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір (Қ.Жұмаділов). Бұл салада да жетістіктермен қатар әттеген-ай дегізіп, сан соқтырарлық олқылықтар да бар («Жетісу»). 
  7. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылды, жан терге түсті (Ж.Аймауытов). Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады (Т.Әлімкұлов). Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж.Жұмақанов). Ойдың да шикісі бар күлді-көмеш, Сүйкімсіз арам астай адам жемес. Дүмбілез, дүбарасы бар оның да, Әрі-сәрі, не ол емес, не бұл емес (Ә.Оңалбаев). Ел-жұрт, халқы мен ата-анасын көреді (Батырлар жыры). 
  8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.
  9. Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп атайды. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады. 

М.Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шел даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мұнда жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырған болса, өлді деген жағымсыз сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, кұлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған.                                                                                          [1]Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері

  1. Метафора (грек. «ауысу, ауыстыру») – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы. Мысалы, Хан емессің, қасқырсың... Хан емессің, шаянсың... өлеңіндегі «қасқыр», «шаян» сөздері жауыз, қатыгез сөздерінің орнына қолданылған. 
  2. Метонимия (грек. «атын өзгертіп атау») – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу.
  3. Синекдоха (грек. «бірге жобалап, шамалап түсіну») – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Мысалы,  Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына  төрт-бес тұяғымыз бар деу.

 


 

МОРФОЛОГИЯ

  1. Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді.
  2. Сөз құрамының 2 түрі бар: дара сөз және күрделі сөз.

Дара сөз

Күрделі сөз

1)  түбір сөз

2)  туынды сөз

 

 

1)  қос сөз

2)  біріккен сөз

3)  қысқарған сөз

4)  тіркескен сөз

 

  1. Қосымшаның 2 түрі бар: жалғау және жұрнақ.

Жалғау

Жұрнақ

1)  көптік жалғауы

2)  септік жалғауы

3)  жіктік жалғауы

4)  тәуелдік жалғауы

1)  сөз тудырушы

2)  сөз түрлендіруші

 

 

 

  1. Сөз табының 9 түрі бар: 

1. зат есім            4. есімдік     7. шылау

2. сын есім           5. етістік           8. еліктеу сөз 

3. сан есім            6. үстеу              9. одағай

Сөз таптарының сызбасы[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                

 

 

 

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.

 

 

ДАРА СӨЗ

Дара сөз – бір түбірден тұратын сөз. Оның 2 түрі бар: түбір сөз және туынды сөз.  

1. Түбір сөз

Түбір сөз – сөздің  мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі. (ән, дос, бөл, біл, тау, жақсы, қала)

2. Туынды сөз

Туынды сөз түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. (әнші, достық, бөлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық)

Қосымша:

Түбір сөз бен одан жасалған туынды сөз арасында мағыналық байланыс болады. Мысалы, бал сөзінен балшы, балгер деген сөздер жасалады. Ал бал сөзінен бала, балық деген сөз жасалмайды. Себебі олардың арасында мағыналық байланыс жоқ.

                                          КҮРДЕЛІ СӨЗ

Күрделі сөз – кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның 4 түрі бар: 

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

 

1. Біріккен сөз

Біріккен сөз – екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Тасбақа (тас+бақа), Талдықорған (Талды+қорған), қарақұрт (қара+құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз)

Кіріккен сөз – құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгертіп біріккен сөз. Мысалы

Биыл

бұл  жыл

Бүгін

бұл  күн

әкел

алып  кел

Апар

алып  бар

ендігәрі

ендігіден  әрі

жаздыгүні

жаздың  күні

Білезік

білек  жүзік

қарлығаш

қара  ала  құс

Ағайын

аға  іні

Сексен

сегіз  он

сәресі

сахар  асы

 

                                          2. Қос сөз

Қос сөз – сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз  және қосарлама қос сөз.

  1. Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз. Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау. 
  2. Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:
    1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.
    2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап т.б.
    3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы,  кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір, қараң-құраң т.б.
    4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.
      1. Қосарлама қос сөз – сыңарлары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөз:: үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, көйлек-көншек.
      2. Қосарлама қос сөздің 5 түрлі жасалу жолы бар:
        1. Сыңарлары синонимдес болып келеді. Мысалы, зәре-құт, ашу-ыза, дос-жар, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ, етек-жең, өнер-білім, төсек-орын, қазан-ошақ, ес-түс, қауіп-қатер, уайым-қайғы, мінез-құлық т.б.
        2. Сыңарлары антонимдес болып келеді. Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.
        3. Бір сыңары мағынасыз болып келеді. Мысалы, арық-тұрық, бала-шаға, емін-еркін, жүн-жұрқа, көйлек-көншік, киім-кешек, көрші-қолаң, кедей-кепшік, жоқ-жітік т.б.
        4. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді. Мысалы, анда-санда, ығы-жығы, қым-қуыт, әңкі-тәңкі, ту-талақай, алба-жұлба, ұйпа-тұйпа, тым-тырақай т.б.
        5. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді. Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа т.б.

 

Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар:

  1. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің тек бірінші дыбыстары қысқарды. Мысалы, ТМД, БҰҰ, АҚШ т.б.
  2. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен соңғы сөздердің бірінші дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, ҚазҰПУ, ҚазМҰУ т.б.
  3. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің  бірінші буындарынан қысқарды. Мысалы, кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), физмат(физика-математика) т.б.
  4. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен келесі сөздің түбір күйінде қысқаруы. Мысалы, пединститут, медколледж, медпункт т.б. 
  5. Өлшем бірліктерінің қысқаруы.Мысалы, см (сантиметр), кг.

Ескерту: Қысқарған сөздердің 1,2-түріне және қысқарған өлшем бірліктеріне қосымшалар дефис арқылы жалғанады. Мысалы. ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге т.б.

 

4. Тіркескен сөз

Тіркескен сөз – екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін қүрделі сөздің түрі. Мысалы,

Күрделі зат есім

Алматы қаласы, мәдениет сарайы

Күрделі сын есім

қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы

Күрделі сан есім

он бес, екі жүз секкен

Күрделі етістік

келіп отыр, деп айтты

Күрделі үстеу

күні бойы, ала жаздай

 

Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін тіркес және тұрақты тіркес. 

  1. Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, оқып отыр, оқып жүр т.б. 
  2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп бір ғана мағына береді. Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек «тез» деген мағынаны бермейді.


 

ҚОСЫМША

Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау

ЖҰРНАҚ

  1. Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. 
  2. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ.
    1. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы)
    2. Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.) 
      1. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық.
      2. Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б.
      3. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б.

    1. Жалғаулар сөздерді байланыстырады. 
    2. Оның 4 түрі бар:
      1. Көптік жалғауы 
      2. Тәуелдік жалғауы 
      3. Септік жалғауы 
      4. Жіктік жалғауы 

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. 

  1. Көптік жалғаулары тек қана зат есімдерге жалғанады.
  1. Тәуелдік жалғауы – меншіктілікті білдіреді.

Жекеше түрі (оңаша тәуелдену)

І жақ

ІІ жақ

 

ІІІ жақ

-м, -ым, -ім                               Менің досым

-ң, -ың, -ің                              Сенің досың

-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз          Сіздің досыңыз

-сы, -сі, -ы, -і                        Оның досы

 

Көпше түрі (ортақ тәуелдену)

І жақ     

ІІ жақ  

 

 

 

ІІІ жақ  

-мыз, -ымыз, -міз, -іміз          Біздің досымыз

тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің 

                                                  Сендердің достарың            

-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз,     -леріңіз

                                                 Сіздердің достарыңыз

-сы, -сі, -ы, -і                         Олардың достары

Оңаша тәуелдену

Ортақ  тәуелдену

 

Менің үй-ім.  

Сенің үй-ің

Сіздің үй-іңіз

Оның үй-і

Біздің үй-іміз

Сендерің үй-лерің

Сіздердің үй-леріңіз 

Олардың үй-і

 





 

3. Септік жалғауы

  1. Септік жалғаулары – сөздерді байланыстырады. Қазақ тілінде септіктің 7 түрі бар:

Септік

Сұрағы

Жалғауы

1

Атау

кім? не?

Жоқ.   Мектеп

2

Ілік

кімнің? ненің?

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің    Мектептің

3

Барыс

кімге? неге?    

-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на,   -не      Мектепке

4

Табыс

кімді? нені?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

              Мектепті

5

Жатыс

кімде? неде?

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде                                                          Мектепте

6

Шығыс

кімнен? неден?           

-дан, -ден, -тан, -тен, -нан,  -нен     Мектептен

7

Көмектес

кіммен? немен?           

-мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен) Мектеппен

 

  1. Септік жалғауының мағыналары:
  1. Ілік септігі  бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді.
  2. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті.
  3. Табыс септігі  объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым.
  4. Жатыс септігі  мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді.
  5. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым.
  6. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім.

 

Жай септеу

Тәуелді септеу

А.  Үй

І.   Үй-дің

Б.  Үй-ге

Т.  Үй-ді

Ж. Үй-де

Ш. Үй-ден

К.  Үй-мен

А.  Үйім

І.   Үй-ім-нің

Б.  Үй-ім-е

Т.  Үй-ім-ді

Ж. Үй-ім-де

Ш. Үй-ім-нен

К.  Үй-ім-мен

 

                      4. Жіктік жалғауы

  1. Жіктік жалғауы – жақты білдіреді. Ол етістікке және есім сөздерге жалғанады. 

 

Жақ

Зат есімнің жіктелуі

Етістіктің жіктелуі

Жекеше

І

Мен дәрігермін 

Мен келемін , келдім   

ІІ

Сен дәрігерсің 

Сіз дәрігерсіз 

 Сен келесің , келдің  

Сіз келесіз     , келдіңіз   

ІІІ

Ол – дәрігер

Ол келеді     , келді        

Көпше

І

Біз дәрігерміз

Біз келеміз     , келдік                

ІІ

Сендер дәрігерсіңдер 

Сіздер дәрігерсіздер

Сендер келесіңдер, келдіңдер   

Сіздер келесіздер,  келдіңіздер  

ІІІ

Олар - дәрігерлер

Олар келеді     , келді              


 

ЗАТ ЕСІМ 

  1. Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.    Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? 

түрі

ереже

мысал

 

Тұлғасына қарай

 

Негізгі зат есім

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.

у, ат, ант, бата, құдық 

Туынды

зат есім

Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім.

білім, достық

боран, тарсыл

Құрамына қарай

Дара 

зат есім

Бір ғана түбірден тұрады.

от, ара, қант, оқушы, баспалдақ 

Күрделі зат есім

Кемінде екі сөзден тұрады.

кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ

Жалпылай немесе жекелей атауына қарай

Жалпы есім

Біртектес заттардың жалпы атауы.

кісі

өзен

тау

Жалқы есім

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы.

Асан

Ертіс

Алатау

Мағынасына қарай

Деректі зат есім

Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы.

ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия

Дерексіз зат есім

Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.

қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық

 


 

Зат есім жасайтын жұрнақтар

  1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары

жұрнақ

мысал

1

-еке, -ке, -қа, -а, -е

атеке(атке)               Исеке (Иса)

ағеке(ағке)                  Жәке(Жамбыл)

әпеке(әпке)              Нүке (Нұрпейіс)

Мұқа(Мұхтар)

2

атай, әкей, шешей, жездей

3

-тай

ағатай, апатай, әкетай, шешетай

4

-жан

ағажан, атажан, апажан, Абайжан

5

-қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -ң

балақан, бұзауқан, шешекей, Дәкен(Дәріқұл)

6

-шақ, -шек

құлыншақ, інішек

7

-шық, -шік

қапшық, төбешік

8

-ша, -ше

сандықша, күрекше

9

-ш, -ыш, -іш

қалқаш, Нұрыш (Нұртай)

10

-сымақ

қорасымақ, таусымақ

 


 

  1. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

жұрнақ

мысал

1

-шы, -ші

қойшы, күйші

2

-шылық,  -шілік

шаруашылық, кеңшілік

3

-лық, -лік, дық, -дік,  -тық, -тік

балалық, кісілік, адалдық, жеңілдік, жолдастық, биіктік

4

-кер, -гер

айлакер, саудагер

5

-кеш, -стан, -хана       -паз, -қой, - қор

шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор

 

  1. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар

жұрнақ

мысал

1

-м, -ым, -ім

байлам, күзем, қысым

2

-ма, -ме, -ба, -бе, -па,   -пе

ұрма, көрме, сүзбе, кеспе

3

-қы, -кі, -ғы, -гі

шалғы, тепкі, бұрғы

4

-с, -ыс, -іс

талас, айтыс, жүріс

5

-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек

тарақ, күрек, қызық

6

-ыш, -іш

қуаныш, таяныш, өкініш

7

-н, -ын, -ін

боран, жуын, түйін

8

сабау, жамау, көсеу

9

-ынды, інді

шайынды, үйінді үгінді

10

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

сүзгіш, сыпырғыш, білгіш

11

-уыш, -уіш

өлшеуіш, бастауыш

12

-ыр, -ір, -р, -ар, -ер

үңгір, шұқыр


 

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

 

Ереже

Мысалдар

Бастауыш

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді. (кімім? неңіз?)

Жел күшейе түсті.  Ер елімен көрікті, жер  кенімен көрікті.
 Менің әкем -кәсіпкер.

Анық-тауыш

Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.

Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда ауылдың  малдары жайылып жүр.

Толық-тауыш

Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады.

Тәрбие тілден басталады. Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.

Пысық-тауыш

Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады.

Біз мектепке қарай жүгірдік. Мен оқу үшін қалаға барамын. Көлеңкеде атам отыр.

Баяндауыш

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.

Біз бейбіт еңбекті
 сүйетін елміз. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы  
мұз.

 

                                       КӨМЕКШІ ЕСІМ

Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші бір сөздің шылауында қолданылатын зат есім. Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Ескерту: Кейде көмекші есім көптік, септік жалғауларында келіп, басқа сөзге тәуелді болмай, жеке тұрып та сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы Арттағылар(кімдер?) жетіп қалды. Сыртын(нені?) көріп, ішінен(неден?) түңілме.

                                                     СЫН ЕСІМ

Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін   білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

 

түрі

ереже

мысал

 

Тұлғасына қарай

 

Негізгі 

сын есім

Түбір сын есім.

сары, таза, тәтті, терең, жұқа, кең.

Туынды

сын есім

Жұрнақ арқылы жасалған сын есім.

көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз.

Құрамына қарай

Дара 

сын есім

Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі.

ақ, бойшаң, 

жасыл, баласыз.

Күрделі сын есім

Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі.

ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза

Мағынасына қарай

Сапалық сын есім

Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім.

сұр, қызылдау, биік, үлкен, көкпеңбек.

Қатыстық сын есім

Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.

бойшаң адам,  өнерлі бала, аспалы шам, ашық есік.





          

               Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар

 

жұрнақ

мысал

Есім сөздерден сын есім  жасайтын

  1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті
  2. -сыз, -сіз
  3. -ғы, -гі, -қы, -кі
  4. -лық, -лік, -дық, -дік,   тық, -тік
  5. -шыл, -шіл
  6. -шаң, -шең
  7. -дай, -дей, -тай, -тей
  8. -қой, -қор, -паз, -кер, -гер
  9. -и, -ы, -і

1.далалы, орманды;
 2. баласыз,үйсіз;
 3. жазғы,ішкі;
 4.балалық, жылдық 

5. ұйқышыл, кекшіл;
 6. сөзшең, бойшаң;
 7. тастай, судай;
 8. сәнқой, әуесқой;
 9. тарихи, қазақы;

Етістіктен сын есім
 жасайтын

  1. -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ,   -ек
  2. -ық, -ік, -қ, -к
  3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
  4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір
  5. -шақ, -шек
  6. -ынды, -інді, -нды, -нді
  7. -малы, -мелі, -палы, -пелі, - балы, -белі
  8. -ымды, -імді, -мды, -мді
  9. -аған, -еген
  10. - улы, -улі
  11. -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе
  12. -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі

1. жабысқақ, үркек;
 2. ашық, ақсақ;
 3. білгіш,айтқыш;
 4. тапқыр, алғыр;
 5. ұялшақ, сүріншек;
 6. асыранды, үйінді;
 7. созбалы, аспалы;
 

8. шыдамды;
 9. сүзеген ,қабаған,
 10. ілулі,асулы;
 11. қызба, бөспе;
 12.басыңқы, көтеріңкі;

 


 

Сын есімнің шырайлары

 

Ереже

жасалу жолдары

мысал

Жай шырай

Заттың жай ғана сындық белгісін білдіретін сын есім жай  шырай болады.

Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады.

 

биік  

жақсы үлкен  

тәтті 

қызыл

Салыстырмалы шырай

Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.

1. -ырақ, -ірек,     -рақ,     

    -рек

2. -лау, -леу, -дау,          

    -деу, -тау, -теу

3. -қыл, -ғыл, -қылт,    -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -аң,  -қай, -ғыш, -шылтым,   -шілтім,       -ілдір, -ша,  -ше,     -қай

ауырырақ  кішірек

үлкендеу

жылылау

ақшыл

көгілдір
 бозаң

қоңырқай
 ұзынша

 

Күшейтпелі     (асырмалы)
 шырай

Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.

1. Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады. 

2. Сын есімнің күшейткіш үстеумен (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады.

сап-сары, 

үп-үлкен 

 

 

өте жарық

тым ауыр 

ең әдемі аса маңыз-ды 

 

Ескерту: 

  1. Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек.
  2. Жаңа буын оқулығында сын есімнің шырайлары екіге бөлініп берілген: 

А) Салыстырмалы

Ә) Күшейтпелі

  1. Асырмалы шырай күшейтпелі шырайға қосылып көрсетілген. Ал жай шырай сөздердің шырайлық қосымшалары болмағандықтан, оларды шырай түріне жатқызбаған.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

 

Ереже

Мысалдар

Анық-тауыш

Сын есім сөйлемде
 негізінен анықтауыш болады.

Қырдағы қызыл-сары гүлдер көздің жауын алады. Саматтың жүйрік тазысы бар. Біз таудағы аспалы көпірден өттік.

Бастауыш

Заттанған сын есім[3] атау септігінде тұрып, бастауыш болады.

Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Үлкендер төрге шықты. 

Толық-тауыш

Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа. Ол судың ыстық-суығына қарамады. 

Пысық-тауыш

Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады.

Ол домбырада шебер ойнады. Ол футболды керемет ойнайды. Ол әнді жақсы айтады. Ол бүгін көңілді жүр. 

Баян-дауыш

Сын есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады.

Сен менен өткен ақылдысың. Сен одан үлкенсің. Бүгін ауа райы суық. Бөлме кең

 

 

САН ЕСІМ

  1. Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. 
  2. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?
  3. Сан есім құрамына қарай 2-ге бөлінеді: Дара сан есім және күрделі сан есім.
    1. Дара сан есім бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. (Бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші)
    2. Күрделі сан есім кемінде екі сөзден тұрады. (Он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан екі, отыз жеті, үш-үштен, бес-алты, онға жуық, екіден бір)
  4. Сан есім мағынасына қарай төмендегідей 6 түрге бөлінеді:
    1. Есептік сан есім
    2. Реттік сан есім
    3. Жинақтық сан есім
    4. Болжалдық сан есім
    5. Топтау сан есім
    6. Бөлшектік сан есім
  5. Есептік сан есім нақты санды білдіреді. 
    1. Сұрағы: қанша? неше? 
    2. Түбір сан есімнің өзінен болады. Мысалы, бес, он екі, жиырма үш т.б. 
  6. Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді. 
    1. Сұрағы: нешінші?
    2. Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.

 

  1. Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді. 
    1. Сұрағы:  нешеу? 
    2. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. 
  2. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді. 
    1. Сұрағы: нешеден? 
    2. Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б. 
  3. Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді. 
    1. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы?
    2. Жасалу жолдары: 
    3. Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай,       -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б.
    4. Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б.
    5. Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың  тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б.
    6. Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.
  4. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Мысалы, 1/2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі),   2,5 (екі жарым),   1/2 (екіден бір) т.б. 
    1. Сұрағы: қанша? неше?

 

 

Сан есімнің емлесі

  1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. (Он бес, жүз жиырма үш, екі мың төрт т.б.)
  2. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші,          -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады.            (8-сынып, 25-пәтер)
  3. Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. (І том, ХХІ ғасыр)
  4. Күн, ай, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды. (2004 жыл, 1 қыркүйек)
  5. "Екі, алты, жеті" сандарына -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. (Екі+еу = екеу, алты+ау = алтау, жеті+еу = жетеу.)
  6. Болжалдық сан есім цифрмен берілгенде, қосымша дефис арқылы жазылады. (10-даған, 5-терде т.б.)
  7. Болжалдық сан есім қосарланып келгенде, дефис арқылы жазылады. (Он-он бес, қырық-елу, 40-50 қой т.б.)
  8. Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты т.б. шылаулары өздері тіркескен сандардан бөлек жазылады. (он шақты, жүзге шамалы, мыңға жуық, елуге тарта т.б. )
  9. Қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, дефис арқылы жазылады. (Екі-екіден, 10-10-нан, 30-30-дан т.б.)                                                                            Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. (15-тен, 20-дан, 25-ке т.б.)

 


 

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

 

Ереже

Мысалдар

Анық-тауыш

Сан есім сөйлемде
 негізінен анықтауыш болады.

Үйдегі бес-алты малымыз жоғалып кетті. Ол үшінші бөлмеде жалғыз отыр. 

Баста-уыш

Заттанған сан есім[4] атау септігінде тұрып, бастауыш
  болады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.

Қырық - қасиетті сан.

Толық-тауыш

Сан есім заттанып келіп, толықтауыш болады.

Екеуінен үйренгенің саған жетеді. Білекті бірді  жығады, білімді мыңды  жығады. 

Пысық-тауыш

Сан есім етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады.

Ат баспаймын деген жерін үш  басады. Олар бүгін футболды бірінші ойнайды. Ол сол әнді тойда үш айтты.

Баян-дауыш

Сан есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады.

Оның жақсы көретін саны-жеті. Сен үйдің бесіншісісің. Оның жасы алтыларда.


 

Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. (Орынбасар сөз табы деп те аталады.)

Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар: 

 

ереже

мысал

Жіктеу

Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі

мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.

Сілтеу

Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді

сол, мынау, аналар, міне т.б

Сұрау

Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.)

кім? не? неше? қайда? неге? т.б.

Өздік

Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.

өз, өзім, өзіміздің, өз-өзіне

Жал-пылау

Жалпылау, жинақтау мағынала-рын білдіретін есімдіктің түрі

барлық, бәрі, күллі,
 барша, тегіс,  т.б.

Белгі-сіздік

Затты, сындық белгіні,
 сан-мөлшерді жорамалдап көрсететін есімдік түрі. 

кейбіреу, қайсыбір,
 әлдеқайда, әлдеқан-дай т.б.

Болым-сыздық

Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі

еш+(кім, қайда, қайда, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме.

  1. Есімдік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді: 
    1. Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, барлық, қайда, мынау т.б.
    2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады. Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім, ешбір т.б.
      1. Есімдіктің септелуі
      2. Есімдіктің тәуелденуі

Ескерту: Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.

                                            

                                         ЕТІСТІК

Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. 

  1. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
  2. Тұлғасына қарай:

Негізгі етістік

Туынды етістік

Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы:

кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады т.б.

Түбір етістікке және басқа сөз таптарына  жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.

Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, күл-імсіре, жу-ын, көг-ер т.б.

  1. Құрамына қарай:

Дара етістік

Күрделі етістік

Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. Мысалы:

баста, кес, тасы, тара, аяқта, байы  

Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді, т.б.  

  1. Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына  қарай:

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Іс-әрекеттің жүзе-ге асқанын білді-реді.

Мысалы:
 алды, жаздыр, өшірді

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. 

  1. Етістікке -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады:  өшірмеген.
  2. Етістік пен жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: өшірген жоқ, өшірген емес.

Мағынасына қарай:

Салт етістік

Сабақты етістік

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы:

үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас.

Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мысалы:

хатты оқы, ақшаны сана,

есепті шеш, шашыңды тара.

  1. Есімдерден  туынды етістік жасайтын жұрнақтар:

жұрнақ

мысал

1

-ла, -ле, -да, -де, -та

аяқта, ретте, өкпеле, ойла, қолда  

2

-лан, -лен, -тан, -тен

ойлан, үйлен, әдеттен, рақаттан

3

-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес

көмектес, пікірлес, сырлас, ақылдас

4

-лат, -лет, -дат, -дет

әндет, дауылдат, түнделет

5

-а, -е

ата, деме, сына, міне, теңе

6

-ай, -ей, -й

күшей, мұңай, зор-ай 

7

-қар, -кер, -ғар, -гер

басқар, ескер 

8

-ар, -ер, -р

жаңар, ескір, жақсар, қысқар

9

-ал, -ел, -ыл, -іл, -л

жоғал, сұйыл, тарыл, теңел

10

-ық, -ік

бірік, дәнік, ор(ы)нық, тынық

11

-сы, -сі, -ымсы, -імсі

үлкенсі, пысықсы 

12

-сын, -сін

жатсын, пысықсын, көпсін

13

-сыра, -сіре

әлсіре, қансыра, жетімсіре

14

-ыра, -іре

бұрқыра, күркіре, жарқыра

15

-ырай, -ірей

кішірей, бақырай, бажырай

  1. Күрделі етістіктің бірінші етістігі негізгі етістік деп аталады, ал екінші етістігі көмекші етістік болады. Мысалы, бара жатыр / бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік).  
  2. Күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б.
  3. Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе берді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр. деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр. 

Ескерту: отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: Мен тұрмын. Сен жүрсің т.б. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен айтып тұрмын., Сен ойнап жүрсің. т.б.)

                                              ЕСІМШЕ 

Есімше – бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.

  1. Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.
  2. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады.
  3. Есімшенің жұрнақтары:

1

-ған, -ген, -қан, -кен

ал-ған, кел-ген

2

-ар, -ер, -р 

болымсыз етістік + с жұрнағы

бар-ар, жүр-ер;

оқыма-с

3

-атын, -етін, -йтын, - йтін

жаз-атын,өр-етін

4

мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек

бар-мақ

  1. Есімшенің есімдерше тәуелденіп есім сөздің қызметін атқаруы

Жекеше

І

айтқан-ым

айтар-ым

айтатын-ым

ІІ

айтқан-ың

айтқан-ыңыз

айтар-ың

айтар-ыңыз

айтатын-ың

айтатын-ыңыз

ІІІ

айтқан-ы

айтар-ы

айтатын-ы

Көпше

І

айтқан-ымыз

айтар-ымыз

айтатын-ымыз

ІІ

айтқандарың

айтқандарыңыз

айтар-ларың

айтарларыңыз

айтатындарың

айтатындарыңыз

ІІІ

айтқан-дары

айтар-лары

айтатын-дары

  1. Есімшенің есімдерше септеліп есім сөздің қызметін атқаруы

Атау

айтқан

айтар

айтатын

Ілік

айтқан-ның

айтар-дың

айтатын-ның

Барыс

айтқан-ға

айтар-ға

айтатын-ға

Табыс

айтқан-ды

айтар-ды

айтатын-ды

Жатыс

айтқан-да

айтар-да

айтатын-да

Шығыс

айтқан-нан

айтар-дан

айтатын-нан

Көмектес

айтқан-мен

септелмейді

айтатын-мен

 

  1. Есімшенің жіктеліп етістіктің қызметін атқаруы

Жекеше

І

алғанмын

алармын

алатынмын

алмақпын

ІІ

алғансың

алғансыз

аларсың

аларсыз

алатынсың

алатынсыз

алмақсың

алмақсыз

ІІІ

алған

алар

алатын

алмақ

 

Көпше

І

алғанбыз

алармыз

алатынбыз

алмақпыз

ІІ

алғансыңдар

алғансыздар

аларсыңдар

аларсыздар

алатынсыңдар

алатынсыздар

алмақсыңдар

алмақсыздар

ІІІ

алған

алар

алатын

алмақ

 


 

Есімшенің сөйлемдегі қызметі

 

 

Ереже

Мысалдар

Анық-тауыш

Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады.

Болатын бала бесігінде бұлқынар. Адасқанның айыбы жоқ. Айтар сөзіңді айтып қал.

Баста-уыш

Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.

Оқыған білімді болады. Көрмес - түйені де көрмес. Бітіргендер сыртқа шықты.

Толық-тауыш

Есімше атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданылса, толықтауыш болады.

Сөзді тыңдайтынға айт. Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Оны атарға оқ таппады.

Пысықтауыш

Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші
 есіммен, септеулік шылаулармен
 тіркесіп пысықтауыш болады.

Оны көрген сайын баласы есіне түседі. Мен оны көргенде таң қалдым. Мен үйге барғанға дейін кітап оқыдым

Баян-дауыш

Есімше жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады.

Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтар. Мен қалаға ертең барармын. Мен қалаға кеше барғанмын.

 


 

КӨСЕМШЕ

Көсемше – бірде пысықтауыштың, бірде баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің түрі.

  1. Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, пысықтауыштың қызметін атқарады.
  2. Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, баяндауыштың қызметін атқарады.
  3. Көсемшенің жұрнақтары:

1

-а, -е, -й

бар-а-ды, кел-е-ді

2

-ып, -іп, -п

шығ-ып,ез-іп

3

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы

  1. Көсемшенің жіктелуі

 

Жекеше түрі

Көпше түрі

І

бара-мын

келе-мін

бара-мыз

келе-мін

ІІ

бара-сың

бара-сыз

келе-сің

келе-сіз

бара-сыңдар

бара-сыздар

келе-сіңдер

келе-сіздер

ІІІ

бара-ды

келе-ді

бара-ды

келе-ді

 

Ескерту: көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы жіктелмейді.


 

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Пысықтауыш

Баяндауыш

Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады.

Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады.

Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.

Алып та халықтан  үйренеді. Ол үйіне  барып келді. Ол өз ойын айта салды.  Түнде жаңбыр жауыпты.

 

 

ҚОСЫМША:

  1. Есімше мен көсемшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. Мысалы,
    1. -ған, -ген, -қан, -кен: бұрынғы өткен шақ есімшесі
    2. -ар, -ер, -р:  болжалды келер шақ есімшесі
    3. -атын, -етін, -йтын, -йтін: ауыспалы өткен шақ есімшесі
    4. -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек: мақсатты келер шақ есімшесі
    5. -ып, -іп, -п: бұрынғы өткен шақ көсемшесі
    6. -а, -е, -й: ауыспалы осы (келер) шақ көсемшесі
  2. -мақ, -мек ... формасы арқылы жасалған есімшелерден зат есімге айналып кеткен сөздер аса көп. (құймақ, піспек, ілмек, шақпақ, соқпақ т.б.)


 

ЕТІС

Етіс іс-қимылдың орындалуында  орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:

түрі

ереже

жұрнақ

мысал

Өздік етіс

Іс-қимылды адам
 өзі істейді.

-ын, -ін, -н 

жу-ын-ды,
 ки-ін-ді,
 тара-н-ды, 

Ол тез киінді.

Өзгелік етіс

Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады.

1. -дыр, -дір, -тыр,            

    -тір, -ыр, -ір:
 2. -ғыз, -гіз,

    -қыз, -кіз:
 3.  -т:

4. -сет 

1)жаз-дыр,ас-ыр
 2)айт-қыз, бар-ғыз
 3)жаса-т,оқы-т 

  ал-дыр, айт-қыз, 

4) көр-сет.

Ырықсыз етіс

Іс-қимылдың
 орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді.


 1. -ыл, -іл, -л:
 2. -ын, -ін, -н (етістіктің түбірінде "л" әрпі болса):

1)аудар-ыл-ды
 2) ал-ын-ды

шөп шаб-ыл-ды, киім іл-ін-ді, өлең айт-ыл-ды.

Ортақ етіс

Адам іс-қимылды
 біреумен  бірлесіп, ортақтасып істейді.

 -ыс, - іс, -с 

жаз-ыс-ты,
 бөл-іс-ті.
 оқы-с-ты.

жер қазыс-ты, телефон арқылы сөйле-с-ті.

Қосымша:

  1. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді. (ақылдас, қоштас, тілдес, пікірлес, сырлас т.б.)
  2. -лын, -лін, -ныл, -ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді. (алма же-лін-ді, жоқ ізде-лін-ді, ат байла-ныл-ды т.б.)
  3. -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді. (әуре-лен, қату-лан, шат-тан, қаһар-лан, мейір-лен, әл-ден т.б.) Сондай-ақ -ырқан, -іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді. (шім-іркен, тұш-ырқан, аз-сын, көп-сін, жер-сін, бәл-сін т.б.)

                         ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ

Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар: осы  шақ,  өткен шақ,   келер шақ.

1. Осы  шақОсы  шақ сөйлеп тұрған   кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар:

1. Нақ осы шақ

2 . Ауыспалы 

осы шақ

Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар: 

Күнделікті болып жатқан іс-қимыл-ды білдіреді.

1. Жалаң нақ осы шақ: 

"жатыр, отыр, жүр, тұр" қалып етістік-терінің жіктелуі арқылы жасалады.

2. Күрделі нақ осы шақ: 

(-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) (қалып етіст.) + ж.ж

Етістік + 

 (-а, -е, -й) + 

жіктік жалғауы

 

жатырмын, жүрміз, отырсың, тұрсыз.

бар-а жатырмын,
 кел-іп отырсың.

Күнде сабаққа бар-а-мын.

2. Өткен шақ

Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:

Жедел ө. ш.

Бұрынғы ө. ш.

Ауыспалы ө. ш.

Іс-қимылдың
 жуық арада болға нын білдіреді.

Іс-қимылдың жалпы
 болғанын көрсетеді.

 

 

Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді.

етістік + (-ды, -ді, -ты, -ті) + жіктік жалғауы

етістік + (-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п) + жіктік жалғауы

етістік +(-атын, -етін, -йтын, -йтін) + жіктік жалғауы

Кеше сабаққа бар-ды-м.

Кеше сабаққа бар-ған-мын(бар-ып-пын).

Күнде сабаққа бар-атын-мын.

                                          3. Келер шақ

Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын   іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:

Болжалды к. ш.

Мақсатты к. ш.

Ауыспалы К. ш.

Іс-қимылдың
 келешекте болаты-нын дәл көрсет-пей, болжай ғана білдіреді.

Іс-қимылдың
 келекшекте мақсат етіле орындалаты-нын білдіреді.

Алдағы уақытта
 болатын іс-қимыл-ды білдіреді.

 

етістік + (-ар, -ер, -р) + жіктік жалғауы-ма (-с)

етістік + (-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) +   (-шы, -ші)+ ж.ж.

етістік + 

(-а, -е, -й) + 

жіктік жалғауы

 

Ертең сабаққа барармын.

Ертең мен сабаққа бармаспын

Ертең сабаққа бармақшымын.

Бармақпын

Айтпақпын

Ертең сабаққа барамын.

                          

                     ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ

Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің 4 рай түрі бар:

түр

ереже

жасалу жолы

мысал

Ашық рай

Іс-қимылдың
 қай шақта екенін   

білдіреді.

Үш шақтың    жасалу жолдары арқылы.

Мен келдім
 (келе жатырмын,     

келемін, келмекшімін, келгенмін т.б.).

келетінмін

Бұйрық

 рай

Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде  айтылу мағынасын білдіреді.

Етістіктің бұйрықты
 түрде жіктелуі арқылы.

Мен бар-айын

Сен бар

Сіз бар-ыңыз

Ол бар-сын

Біз бар-айық

Сендер бар-ыңдар 

Сіздер бар-ыңыздар 

Шартты рай

Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.

Етістік + (-са, -се) + жіктік жалғауы.

Күн ашық бол-са, тауға шығамыз. Егер сен ойна-са-ң, мен де ойнаймын.

Қалау рай

Қалау, тілекті білдіреді.

Етістік + (-ғы, -гі, -қы, -кі) + тәуелдік ж. / кел етістігі.

Біздің сабақ
 оқы-ғы-мыз келді.Сенің үйге қайт-қы-ң келе ме?

Қосымша: Төмендегі қосымшалар да қалау рай жасайды:

1. -ғай, -гей, -қай, - кей: оқы-ғай-сың,  кел-гей-сің

2. -са, -се  игі еді: бар-са игі еді, кел-се игі еді

                                 ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

Тұйық етістік – шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің  түрі. 

  1. Тұйық етістік жұрнағы арқылы  жасалады

Негізгі етістік

Туынды етістік

Болымсыз етістік

Етіс

қара-у

ойна-у

алма-у

оқыт-у

  1. Тұйық етістік есімдерше түрленеді:

Көптеледі

Тәуелденеді

Септеледі

жүгірулер

жарысулар

тексерулер

I) айту-ым,айту-ымыз
 II) айту-ың, айту-ларың
 айтуыңыз, айтуларыңыз
 III) айту-ы, 

Ілік:          білу-дің
 Барыс:      білу-ге
 Табыс:      білу-ді
 Жатыс      білу-де Шығыс:    білу-ден

                                    Тұйық етістіктің емлесі

1

2

3

й+у=ю

 и+у=ю

қ,+у=ғу

к+у=гу

п+у= бу

жай+у=жаю
 жи+у=жию

жақ+у=жағу
 төк+у=төгу

жап+у=жабу
 кеп+у=кебу

4

5

6

ы+у=у

і+у=у

йы+у=ю

йі+у=ю

у+у=уу

оқы+у=оқу
 жекі+у=жеку

байы+у=баю
 кейі+у=кею

жу+у=жуу
 қу+у=қуу


 

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

 

Ереже

Мысалдар

Бастауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады.

Ізденген жетер мұратқа.
Оқу-білім бұлағы.

Баян-дауыш

Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады.

Мен биыл мектепті бітіремін. Мен  қалаға баратынмын.

Толық-тауыш

Есімше және  тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде  тұрып, толықтауыш болады.

Білгенге маржан, білмеске арзан.
 Біз енді жарысуға кірістік.

Пысық-тауыш

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп,пысық-тауыш болады.

Ол күлімсіреп қарады.
 Оны жеңу үшін күш керек.

Анық-тауыш

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқудың шегі жоқ.
 Ақыл- тозбайтын тон, білім- таусылмайтын кен.

                                                    ҮСТЕУ

Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін  сөз табы.

  1. Үстеудің құрамына және тұлғасына қарай түрлері мынадай:

Құрамына қарай

Тұлғасына қарай

Дара үстеу

Күрделі үстеу

Негізгі үстеу

Туынды үстеу

Бір ғана түбірден
(негізгі / туынды) тұрады.

Кемінде екі түбірден тұрады.

Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер.

Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаула-рының көнеленуі арқылы жасалған үстеу.

кеше, былтыр 

бүгін, қыс бойы 

ең, ертең, бұрын 

бірге, зорға, балаша 

Ескерту: оқулықта үстеудің құрамына қарай 3 түрі бар деп берілген: негізгі үстеу, туынды үстеу және күрделі үстеу.

Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар. Олар төмендегідей: 

түр

ереже

сұрақ

мысал

Мекен

Қимылдың болу
 орны  мен бағытын білдіреді.

қайда? қалай қарай? қайдан?

ілгері, осында,
 бері т.б.

Мезгіл

Қимылдың мезгілін білдіреді.

қашан? қашаннан бері?

бүгін, таңертең,
 түнде, т.б.

Себеп-салдар

Қимылдың болу
 себебін, салдарын білдіреді.

неге? не себепті? неліктен?

амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т.б.

Қимыл-сын

Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді.

қалай? қайтіп? қалайша?

емін-еркін, әрең т.б.

Мөлшер

Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді.

қанша? қаншама? қаншалық?
 қаншалап?

неғұрлым,
 әжептәуір,
 біршама соншалық, 

Күшейт-кіш

Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді.

қалай? қандай?

ең, тым, аса,
 өте, нағыз, кілең, орасан т.б.

Мақсат

Қимылдың болу мақсатын білдіреді.

қалай? не мақсатпен?

әдейі,
 қасақана, жорта  т.б.

 


 

Туынды үстеудің жасалу жолдары

  1. Жұрнақтар арқылы:

-ша, -ше

-лай, -лей,
  -дай -дей
 -тай -тей

-дайын
 -дейін
 -тайын
 -тейін

-ншама,
 -ншалық

-майынша

-мейінше
 -байынша
 -бейінше
 -пайынша
 -пейінше

бұлбұлша,
 сәбише, көзінше

осылай,
 шикілей,
 қыстай

тотыдайын, жорғадайын

осыншама, соншалық, осыншалық

алмайынша, жемейінше

 

  1. Түбірге сіңісіп кеткен септік жалғаулары арқылы:

Барыс септігі
 

Жатыс септігі

Шығыс  септігі

Көмектес септігі

бірге, босқа,
  зорға, текке

баяғыда,
 аңдаусызда

шалқасынан, шетінен

кезекпен,
  ретімен

 

  1. Екі я да одан  көп түбірдің

бірігуі және кірігуі арқылы:

қосарлану мен қайталануы арқылы:

тіркесуі арқылы:

Жаздыгүні, (жаздың + күні), таңертең (таң+ертең), 

Жоғары-төмен, әрең-әрең, бет-бетімен, қолды-қолына.

Күні бүгін, ала жаздай, таң сәріде, кешке дейін, 

 


 

Үстеудің сөйлемдегі қызметі

 

Ереже

Мысалдар

Баста-уыш

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш болады.

Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні.

Баян-дауыш

Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады.

Мен сенімен біргемін.
 Талапты бала -талпынған  құстай.

Толық-тауыш

Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады.

Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
Бүгінгісін ғана қамдан-ған алысқа бармайды.

Пысық-тауыш

Үстеу  қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады.

Кеше қар жауды.
 Ол лезде келді.
 Мен амалсыздан үйге кеттім.

Анық-тауыш

Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады.

Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжы-рымдар.Сонша алтынды қайдан алады?

 

                                      Үстеудің   емлесі

  1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады. (ертең, төмен, лажсыздан т.б.) 
  2. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. (құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері т.б.)
  3. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады. (көзбе-көз, олай-бұлай, тұс-тұстан)
  4. Сөздердің кірігуі  арқылы жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарларының дыбысталуынша, өзгеріске түскен күйінде жазылады. (бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қыстыгүні (қысты ң+күні) т.б.)

 

                               ЕЛІКТЕУ СӨЗ

Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.

  1. Құрамына және тұлғасына қарай мынадай түрлері бар:

Құрамына қарай :

Тұлғасына қарай:

Дара  е.с.

Күрделі е.с.

Негізгі е.с.

Туынды е.с.

Бір ғана түбірден
 (негізгі /
 туынды
) тұратын төл еліктеу сөз.

Екі сөздің қосарлануы-нан жасалған еліктеу сөз.

 

 

Бөлшектеуге келмейтін
 түбір еліктеу сөз.

 

 

Жұрнақ
 жалғануы арқылы
 жасалған. Жұрнағы:
-аң, -ең, ың, -ің, -ң

тарс, күмп, жымың т.б.

тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.

морт, күрс,
 селк т.б.

қиса-ң, елп-ең, ырж-ың-ырж-ың т.б.

  1. Еліктеу сөздің мағынасына қарай 2 түрі бар: 

1. Еліктеуіш

2. Бейнелеуіш

Түрлі дыбыстарға еліктеуден
 туындаған еліктеу сөздер.

Көру арқылы сипаттайтын
 еліктеу сөздер.

дыбысқа негізделеді

көрініске негізделеді

тарс, сарт-сұрт,     тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т.б.

маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т.б.

 


 

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі

 

Ереже

Мысалдар

Бастауыш

Көмекші етістікпен
  тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады.

Тарс-тұрс еткендер жақындаған-дай болды.
Жарқ-жұрқ еткен су екен.

Баян-дауыш

Еліктеу сөз көмекші
 етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады.

Торғайдың үні шыр-шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып, ыс-ыс етеді.

Толық-тауыш

Еліктеу сөз көмекші
 етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады

Ол тасыр-тұсырды
 алыстан естіді. Қорс-қорс еткеніңді тый.

Пысық-тауыш

Еліктеу сөз  
 етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады.

Ала мысық әрі-бері
зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады.

Анық-тауыш

Еліктеу сөз көмекші
 етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды.

Сол кезде тура
 алдынан бұрқ еткен шаң шықты.
 Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді.

 

                                                        ШЫЛАУ

Шылау - сөз және сөйлемді байланыстырады және сөзге қосымша мағына береді. 

Оның 3 түрі бар:  септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау

1. Септеулік шылау : атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:

септік

шылау

мысал

Атау септігіне қатысты 

туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б.

Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Барыс септігіне қатысты

дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б.

Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.

Шығыс септігіне қатысты

кейін, соң, әрі, гөрі, бері

Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.

Көмектес септігіне қатысты

бірге, қабат,  қатар

Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.

                 1. Жалғаулық шылау

Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:

түрі

шылауы

мысал

Ыңғайластық жалғаулық

мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те 

Қыста және көктемде күн суық болады.

Қарсылықты жалғаулық

бірақ, дегенмен,
 алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен
 т.б.

Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Себеп-салдар жалғаулық

өйткені, себебі,
 сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.

Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды.

Талғаулықты жалғаулық

не, немесе, я, я (не) болмаса,
 яки, әлде т.б.

Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің.

Кезектес жалғаулық

кейде, бірде, біресе.

Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді.

Шартты жалғаулық

егер, егер, де.

Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.

 

3. Демеулік шылау

Демеулік шылау тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). Оның 6 түрі бар:

түрі

шылауы

мысал

Сұраулық мағына беретін демеулік

ма, ме,ба, бе,па, пе, ше

Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Есенсің бе?

Күшейткіш мағына беретін демеулік

-ақ, -ау, -ай, да, де, та, те

Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің.

Белгісіздік мағына беретін демеулік

-ау, -мыс, -міс, кейде

Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс.

Болымсыз-дық мағына беретін демеулік

түгіл, тұрсын, тұрмақ

Сен түгіл мен де бес алған емеспін. 

Шектік мағына беретін демеулік

ғана, тек, -ақ

Ол кеше ғана келді.

Нақтылау мағына беретін демеулік

ғой, қой 

-ды, -ді, -ты, -ті

Бұл оқиға бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой.


 

ОДАҒАЙ

Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.

  1. Одағайдың ерекшеліктері:
    1. Одағайда дербес лексикалық мағына болмайды. (пәлі, әттең, ойпырмай т.б.)
    2. Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. (Қап, соны  күшік кезінде атып тастау керек еді.)
    3. Одағай сөйлем   мүшесі бола алмайды, яғни сөйлем мүшесіне талданбайды. (Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.)
      1. Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:

СИНТАКСИС

Синтаксис (грек. "құрау, біріктіру, рет") – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ

 4 түрлі тәсілмен байланысады: 

  1. Жалғаулар арқылы (сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады. Мысалы: Балаға берді. Үйдің есігі)
  2. Шылаулар арқылы (сөздер шылаулар арқылы  байланысады. Мысалы: сабақ  туралы сөйлестік, отан үшін отқа түс.)
  3. Орын тәртібі арқылы (Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз байланысады. Мысалы:  алыс жер, атақты адам)
  4. Дауыс ырғағы арқылы (Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады. Мысалы: Бұл – біздің мұғалім. Асан – белгілі ақын.)

                        СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ

  1. Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың байланысуы. Олар сөйлем болады. Мысалы: Мен жазушымын. Біз барғанбыз. 
  2. Матасу – ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің  байланысуы. Мысалы: баланың үйі, біздің гүліміз. 
  3. Меңгеру – атау, ілік септігінен басқа септіктердің   жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы: Суды төкті. Ағасына берді. 
  4. Қабысу –  ешбір жалғаусыз  орын тәртібі арқылы  байланысуы. Мысалы: қара қалам, алтын сағат, әдемі қыз.
  5. Жанасу – Үстеу мен етістіктің байланысуы.  Мысалы: кеше болды,  сол арқылы білдім.                                                                                                                                            СӨЗ ТІРКЕСІ

Сөз тіркесі – кемінде екі  сөздің мағыналық әрі тұлғалық  жақтан байланысуы.

  1. Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
    1. Ең кемі толық   мағыналы екі сөзден тұрады
    2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.
    3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
      1. Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады:
        1. Бағыныңқы сөз – тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз. (әдемі киіну)
        2. Басыңқы сөз – сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз. (үш бала)
          1. Сөз тіркестерін сөйлемн жасалады:

 

түрі

Есімді сөз тіркесі

 

Етістікті сөз тіркесі

ереже

Басыңқы сыңары 

есім сөзден болған сөз тіркесі.

 

 

 

Басыңқы сыңары
етістіктен болған сөз тіркесі.

мысал

бағыныңқы

басыңқы

 

бағыныңқы

басыңқы

жаңа

айтуға

киім
 құмар

 

жел

соғыс

соқты
 аяқталды

 

Сөз тіркесіне ұқсағанмен, сөз тіркесі бола алмайтындар

 

Тұрақты тіркес

Күрделі сөз

ереже

Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек. 

Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.

Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек. 

Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады.

мысал

қоян жүрек (қорқақ)
 көзді ашып-жұмғанша (тез)

келе жатыр, қара торы,
 он бес

 


 

Сөз тіркесі және тұрақты тіркес пен күрделі сөздің

айырмашылығы

 

Сөз тіркесі

1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады. 

2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары болады. 

3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.

Мысалы

  қандай?        не?

  кең                бөлме

        

оған мұрнын шүйірді

он үш  күн

ол  бара жатыр

Тұрақты тіркес

1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды. 

2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді. 

3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.

Мысалы

    кімнің?          несі?

Су жүректің   амалы 

 

су жүрек (қорқақ)

ит өлген жер (алыс)

жүрек жұтқан (батыр)

 

Күрделі сөз

1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды. 

2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді. 

3.  Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады.

Мысалы

 қандай?              кім?

қара торы         бала

 

күрделі сын есім: ақ ала 

күрделі сан есім: он үш

күрделі етістік: бара жатыр

 


 

Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы

анықтауыштық   қатынас

1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән.

2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің?  қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

Мысалы

Аянның (кімнің) добы

үйдің (ненің?)     есігі

алыс (қандай?)     жер

бес (қанша?)     қағаз

толықтауыштық қатынас

1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән.

2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

 

Мысалы

сөзге (неге?)      шебер

гүлді (нені?) суару

терезеде (неде?) тұр

сенен (кімнен?) алды

көзбен (немен?) көру

пысықтауыштық қатынас

1. Меңгеру, қабысу, жанасу  байланысындағы етістікті тіркестерге тән.

2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

Мысалы

ауылда (қайда? ашылды

биыл (қашан?)     ашылды

зорға (қалай?) ашылды

                                                   СӨЙЛЕМ

Сөйлем –тиянақты бір ойды білдіретін сөздер тобы.

Айтылу мақсатына қарай:

1.Хабарлы сөйлем (ойды хабарлап жеткізеді) Соңында  нүкте . тұрады.

2.Сұраулы сөйлем (сұраулы мағынада айтылады)  Соңында сұрау белгісі ? тұрады.                                                                                                                               3.Бұйрықты сөйлем  (бұйыру мағынасында айтылады) Соңында нүкте немесе леп белгісі ! тұрады.                                                                                  4.Лепті сөйлем (адамның эмоциясына байланысты айтылады) Соңында леп белгісі ! тұрады.

түрі

Жасалу жолдары

Хабарлы

сөйлем

Хабарлау, мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады. Мысалы, 

Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады.

Сұраулы

сөйлем

1. Сұрау есімдіктері:  (кім? не? қанша? қандай? т.б.)

2. Сұраулық шылаулар: (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше)

3. Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.) 

Мысалы, 

Сен оны танисың ба? / Сен оны танимысың? 

Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұнады білем, сірә? 

Бұйрықты

сөйлем

Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады.

Мысалы, 

Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа.Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысыңды тым болмаса бір шығаршы!

Лепті

сөйлем

  • 1.  Одағай сөздер: (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.)
  • 2.  Күшейткіш мәнді сөздер: (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап т.б.)
  • 3.  Демеулік  шылаулар:  (-ау, -ақ, -ай т.б.)
  • Интонация арқылы: Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай, мынаның шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанынын-ай!


 

 

 

        СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ТҮРЛЕРІ

1.Жақты сөйлем

Бастауышы бар сөйлем. 

Мен ауылға бардым. 

2.Жақсыз сөйлем

Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.

Менің оқығым келеді. 

  1. Жалаң сөйлем

Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.

Ол келді.     

  1. Жайылма сөйлем

Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.

Ол ерте келді. 

  1. Толымды сөйлем

Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.

Қыста ауа райы өте суық болды. 

  1. Толымсыз сөйлем

Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

 -Балам, қайдан келдің?
 - Астанадан.
Толымды түрі: 
 -Балам, (сен) қайдан келдің?
 - (Мен) Астанадан (келдім).

  1. Атаулы сөйлем

Іс-оқиғаның, құбылыстың  атауын ғана     көрсететін сөйлем.

Жаз. 

 

Ескерту: 

1) Бастауышы айтылмаған жағдайда баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)

2) Кейбір құрмалас сөйлемде екі жай сөйлемнің бастауышы ортақ болады. Ондай сөйлемді жалпылама жақты сөйлем дейді. Мысалы, Аз сөйле, көп тыңда. (Сен аз сөйле, көп тыңда.)

 

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді және мынадай жолдармен жаслады:

  1. Қалау рай арқылы: Менің оқығым келеді
  2. Барыс септігіндегі тұйық етістіктің бол, жара, тура кел деген көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы: Ауылға баруға тура келді.
  3. Атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістіктің керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Менің сабақ оқуым керек.
  4. -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің болымсыз түрдегі бол етістігімен тіркесуі арқылы: Оның не айтып отырғанын түсініп болмайды.
  5. Құрамында бастауышы бар тұрақты тіркестер арқылы: Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.
  6. Ілік септігіндегі тұйық етістіктің керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не  деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Оны айтудың қажеті жоқ. 

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

  1. Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. 
  2. Сөйлем мүшелері құрамына (құрылысына) қарай 3 топқа бөлінеді: дара мүше, күрделі мүше және үйірлі мүше.
    1. Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Дала қараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.)
    2. Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалім келе жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.)
    3. Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)
      1. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
        1. Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.
        2. Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.

    1. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?
    2. Бастауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
    3. Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
      1. Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.
      2. Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды - ынтымақ.
      3. Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды. 

Баяндауыш  – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше. 

  1. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
  2. Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалды:

етістік

Күн жылынды.  Досым келді.

зат есім

Бұл-үлкен үй. Оның алғаны - кітап.

сын есім

Дала тап-таза.  Күн ыстық.

сан есім

Екі жерде екі - төрт. Оның жасырғаны- бес.

есімдік

Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.

Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

1.Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Олар алыс жерден келді.                                                              2.Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.

 3.Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. Мысалы: Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.

                 СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ

Анықтауыш

Анықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады. 

  1. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша?  қайдағы? қашанғы? 
  2. Анықтауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

сын есім

Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралады.

есімдік

Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.

зат есім

Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр. 

сан есім

Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік. 

есімше

Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар. 

  1. Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
    1. Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ұлыған қасқырды көріп зәре-құтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр.
    2. Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр                                                                3. Үйірлі анықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.

Толықтауыш іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.

  1. Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)
  2. Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

зат есім

Қорқақ көлеңкесінен қорқады. Апама көмектестім. 

есімдік

Бұл сөз оған қатты әсер етті.

Оспан ешкімнен қорықпайды.

сын есім

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсыны жамандаса, әруағы тасады.

сан есім

Бестен үшті алса, екі қалады.

етістік

Оны айтар-айтпасын білмеді. Үйге баруға қолы тимей жүр.

 

  1. Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді: 
  1. Дара толықтауыш – бір сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Жіңішке жолмен бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.
  2. Күрделі толықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Олар аттардың қара торысын таңдап алды. Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.
  3. Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.

          Толықтауыш мағынасына қарай 2-ге бөлінеді:

  1. Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.
  2. Жанама толықтауыш – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Екі  қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.

                                             Пысықтауыш

Пысықтауыш – сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.

  1. Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
  2. Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

Үстеу

Ол ілгері басты. Кеше  күн суық олды. 

Барыс, жатыс, шығыс септ-гі сөздер

Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.

Есім сөздер

Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін. 

Еліктеу сөз

Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді. 

Көсемше

Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.

 

  1. Пысықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді: 
    1. Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.
    2. Күрделі пысықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей  жымың-жымың етіп сахнаға шықты.  
    3. Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.
      1. Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:


 

СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің  бір ғана  мүшесімен байланысатын  кемінде екі сөзден тұратын  мүше.

Сөйлем мүшесі

Мысалы

Бірыңғай

бастауыш

Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.

Бірыңғай

баяндауыш

Бір батальон артта, алыста.

Бірыңғай

анықтауыш

Жүрісіміз -кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.

Бірыңғай

толықтауыш

Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты.

Бірыңғай

пысықтауыш

Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.

 

Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы

 

 ыңғайластық

қарсылықты

талғаулы

кезектестік

да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен

бірақ, алайда, әйткенмен

я, не, немесе, әлде

бірде, біресе, кейде

Асан мен Үсен жұртта қалып қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады. 

Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі, бірақ піспейді.

Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, -деді Дубровский.

Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.

 

 

Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері

Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:

Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса

Аспан айқын, анық.

Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе

Рахима-әрі әнші, әрі биші.

Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса

Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді.

  1. Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:

Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе

Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен.

да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса

Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.

 

                            ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗ

Жалпылауыш сөз – бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.

Жалпылауыш сөздің жасалу жолдары

Сөз табы

мысалы

мысал

1

сілтеу 

есімдігі

мыналар, осылар, бұлар, солар, олар

Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл.

2

жалпылау есімдігі

бәрі, баршасы, барлығы

Шымкент, Алматы, Қарағанды бәрі үлкен қала.

3

жинақтық 

сан есім

екеуі, үшеуі

Аса, Мағаш, Жандос үшеуі оңаша әңгімеле-сіп отыр екен.

4

зат есім

зат есімдер

Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі Балқаш көліне құяды.

Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі

  1. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше.)
  2. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. (Бірың. мүше – жалп. мүше)
  3. Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша   қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше – басқа сөздер)

                               АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ

Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі.

  1. Айқындауыш мүшенің 2 түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.

түрі

ерекшеліктері

Оңашаланған айқындауыш

Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз

Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, әсіресе, 10-сынып-тар, әрдайым бірінші орын алады.

Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.

Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады.

1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды.

Қосарлы айқындауыш

Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс батыр

Ақан серінің әндерін жаттадық.

Асан мұғалімнің баласы әскерден келді.

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.

Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш - ғарышкер т.б.

                                 ОҚШАУ СӨЗ

Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен   грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.

  1. Оқшау сөздің 3 түрі бар: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:

 

ереже

мысалы / тыныс белгісі

Қарат-па сөз

Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз.

  1.  Саматертең сынақ болады.
  2. Ұялма, балам, жоғары шық..
  3. Ендігі кезек сенде, қарағым.

Қыстырма сөз

Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз.

  1. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
  2. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмай-ды.
  3. Өзі осында келген шығар, сірә?

Одағай сөз

Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз. 

  1. Қапоны кеше сұрау керек еді. 
  2. Қазақтың даласышіркін, кең байтақ қой!
  3. Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?

Оқшау сөздің тыныс белгісі

  1. Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
  2. Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
  3. Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. 
  4. Қыстырма-түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.

Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері

мағынасы

қыстырма сөздер

мысалы

Қуанышты, ренішті білдіреді.

бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде.

Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты.

Сенуді, мақұлдау-ды, мойындауды білдіреді.

сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында т.б.

Сізде, рас, жұмысым бар еді.

Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді.

меніңше, сіздіңше, оның пікірінше т.б.

Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты.

Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді.

сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім 

Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.

Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады.

олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы т.б.

Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пунктке.

Ой тәртібін білдіреді.

біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында т.б.

Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты.

 


 

ТӨЛ СӨЗ. АВТОР СӨЗІ. ТӨЛЕУ СӨЗ.

  1. Төл сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.
  2. Автор сөзі – төл сөздің айналасында берілген жазушының (сөйлеушінің) өз сөздері.
  3. Төлеу сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертіліп берілген сөзі. 

 

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:

  1. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және өте жиі қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатынын айтты. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық, -дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты. 
  2. Төл сөздің баяндауышы өткен шақ немесе нақ осы шақ білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қан, -ған, кен, -ген жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұрмын», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.
  3. Егер төл сөз етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, есімшенің     -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.
  4. Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық етістіктің  табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертерек келуін айтты.
  5. Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі. «Кітап - білім бұлағы», - деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты. 
  6. Төл сөздегі де етістігі төлеу сөзде айт, сұра, ойла, талап ет, бұйыр, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады: Әкесі: "Үйге кел", - деді. Әкесі оған үйге келуін айтты.
  7. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде өзгермейді: Сен қайда тұрасың? – деді Асан. Асан одан қайда тұратынын сұрады.
  8. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұраулық шылау (ма, ме) болса, ол төлеу сөзде болымды-болымсыз түрде не антоним болып қосарланып айтылады: Үйге кіруге бола ма? – деп сұрады Дәулет. Дәулет үйге кіруге болатынын, болмайтынын сұрады.
  9. Төл сөз лепті сөйлем болып, оның құрамында одағай болса, төлеу сөзге айналдырғанда, одағайдың мағынасы ғана айтылады. Мысалы,

Әттеген-ай! – деді біреу. Біреу өзінің өкінішін білдірді. 

Әттеген-ай, саған көмек беруім керек еді! – деді біреу. Біреу өзінің оған көмек бермегенін өкінішпен айтты. 

  1. Төл сөздегі жіктеу есімдіктері төлеу сөзде былай өзгереді:

Төл сөз

төлеу сөз

мен

өзінің

сен

оның / одан

сіз

оның / одан

ол 

оның / одан

Саған / сізге

оған

сенімен / сізбен

онымен

 

 Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі және тыныс белгілері

  1. Төл сөз тырнақшаға алынғанда, тыныс белгілері былай болады:

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

«Төл сөз», –автор сөзі

«Балалармен ақылдасып көрейік», деді Ақылбай.

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Автор сөзі: «Төл сөз».

Балтабай былай деді

«Балалармен ақылдасып көрейік»

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Автор сөзі: «Төл сөз», –автор сөзі.

Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», деді

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз».

«Балалармен, – деді Балтабай, – ақылдасып көрейік».

  1. Төл сөз тырнақшаға алынбағанда, тыныс белгілері былай болады:

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

–Төл сөз, –автор сөзі

– Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи.

Төл с

өз автор сөзінен кейін келеді.

Автор сөзі: – Төл сөз.

Сағи былай деп сұрады:

  Ол сенің інің бе?

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Автор сөзі: –Төл сөз, –автор сөзі.

Сағи

 Ол сенің інің бе? деп сұрады.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

–Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз.

 Ол, – деді Сағи, – сенің інің бе?

  1. Төл сөз сұраулы, лепті және көтеріңкі интонациямен айтылған бұйрықты сөйлем болғанда, тыныс белгілері былай болады:

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі

Егер төл сөз сұраулы сөйлем болса

Егер төл сөз лепті сөйлем болса

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

«Төл сөз?» – автор сөзі

«Төл сөз!» –автор сөзі

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Автор сөзі: «Төл сөз?»

Автор сөзі: «Төл сөз!»

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Автор сөзі: «Төл сөз?» – автор сөзі.

Автор сөзі: «Төл сөз!» –автор сөзі.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз?»

«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз!»

 


 

ДИАЛОГ

Диалог – бірнеше адамның бір-бірімен сөйлесуі немесе адамның өз-өзімен сөйлесуі.

  1. Диалогта әр адамның сөзі жаңа жолдан және сызықшамен басталады. Мысалы:
  2. Қарағым, сен кімнің баласысың?
  3. Асанбайдың.
  4. Әкең қазір қайда?
  5. Қой бағып кеткен.
  6. Диалогта төл сөз бен автор сөзі араласып келе береді. Мысалы

Асық ойнап жүрген бала келіп амандасқанда, Сапархан:

  1. Қарағым, сен кімнің баласысың? – деп сұрады. Бала:
  2. Асанбайдың, – деп қысқа жауап қайырды. 

Сапархан енді балаға тіке қарап:

  1. Әкең қазір қайда? – деді. Бала да бұл кім болды екен дегендей:
  2. Қой бағып кеткен, – деп тесіле қарады.

 

                            ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

  1. Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас  құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:

түрі

ереже

Салалас құрмалас
 сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.

Сабақтас  құрмалас
 сөйлем

Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.

Аралас құрмалас 

сөйлем

Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

 

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

  1. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.
  2. Құрамындағы жай сөйлемдері екі түрлі жолмен байланысады:
    1. Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
    2. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
      1. Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар:

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің мысалдары

түрі

мысал

Ыңғайластық

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды.

Қарсылықты

Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Себеп-салдар

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

Кезектес

Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Талғаулы

Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе  ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді.

Түсіндірмелі

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

 

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері кейде жалғаулықсыз байланысады.

түрі

мысал

Ыңғайластық

Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.
 Маған ойыншық берді, ағама доп берді.

Қарсылықты

Күн жауып кетті, – оны  елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, – бастамақ қиын. Көз – қорқақ, қол – батыр.

Себеп-салдар

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

Кезектес

Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.

Талғаулы

Ауырып отырды ма,     кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

Түсіндірмелі

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

Ескерту

  1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде «бірақ» жалғаулық шылауы түсіп қалғанда, оның орнына сызықша қойылады. 
  2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің салдар мәндісі бірінші келгенде, одан кейін қос нүкте қойылады.

 

 

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

  1. Бірінші сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.
  2. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.
  3. Сабақтас сөйлемнің сызбасы:  бағыныңқы  ,  басыңқы..
  4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:
    1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
    2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
    3. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
    4. Мезгіл  бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
    5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
    6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
      1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін бағыныңқы сөйлеміне сұрақ қою арқылы мағынасын білуге болады. МысалыСараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды. (Қашан Иманмұса жылы ұшырай жымиды?). Бағыныңқы сөйлем «қашан?» деген сұраққа жауап беріп, басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіріп тұр, сондықтан бұл сөйлем мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болады.


 

 Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары 

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

-са, -се + жіктік жалғауы

Сабақ оқысаң, бес аласың.

2

-май, -мей,-пай, -пей,
 -бай, -бей

Сабақ оқымай, бес алмайсың.

3

-майынша, -мейінше,
 -пайынша, -пейінше,
 -байынша, -бейінше

Сабақ оқымайынша, бес алмайсың.

4

-ғанда, -генде,
 -қанда, -кенде

Сабақ оқығанда, бес алар едің.

 

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

 -са да,  -се де

Қыс келсе де, қар жаумады.

2

 -ғанмен, -генмен,
 -қанмен, -кенмен

Қыс келгенмен, қар жаумады.

3

(-а, -е, -й) + тұра 

Қыс келе тұра, қар жаумады.

4

(-ғанына,-геніне,-қанына,         -кеніне)+қарамай (қарамастан)

Қыс келгеніне қарамас-тан, қар жаумады.

5

(-ғаны, -гені, -қаны, -кені) + болмаса

Қыстың келгені болмаса, қар жаумады.

6

-ғанша, -генше, -қанша,            -кенше

Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.


 

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас 

1

 -а, -е, -й, -ып, -іп, -п

Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.

2

(-ма, -ме, -па, -пе, -ба,     -бе) + с + (-тан, -тен)

Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.

3

 (-ған, -ген, -қан, -кен) + күйі, қалпы, бойы

Екі қолы дірілдеген күйі, Оспан ішке кірді.

4

 (-ған, -ген, -қан, -кен) +(-дай, -дей) + болып

Екі қолы дірілдегендей болып, Оспан ішке кірді.

 

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

-ғандықтан, -гендіктен,
 -қандықтан, -кендіктен

Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.

2

(-ғаны, -гені, -қаны,        -кені) + үшін

Күн жылы болғаны үшін, біз серуенге шықтық.

3

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й

Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.

4

 -ып, -іп, -п

Күн жылы болып, біз серуенге шықтық.

5

үш шақтағы етістік     + деп

Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.

6

(-ған,-ген, -қан, -кен) + соң

Күн жылы болған соң, біз серуенге шықтық.

Мезгіл бағыныңқы   сабақтас құрмалас

1

Мен айт

 

 -ғанда, -генде, -қанда,          -кенде

ол жазды.

2

(-ғанға, -генге, -қанға,           -кенге) + дейін, шейін

ол жазды.

3

 (-ғаннан, -геннен, -қаннан,    -кеннен) + кейін, соң

ол жазды.

4

 (-ған, -ген, -қан, -кен) + сайын

ол жазады.

5

 (-ған, -ген, -қан, -кен) +
 кезде, сәтте, уақытта, 

ол жазды.

6

 (-ған, -ген, -қан, -кен) + -ша, -ше

ол жазды.

7

(-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) + с + бұрын

ол жазды.

8

 -ысымен, -ісімен, -сымен,        -сімен

ол жазды.

9

 -арда, -ерде, -рда

ол жазды.

10

 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

ол жазып жүр.

11

(-ғаннан, -геннен, -қаннан,    -кеннен) + бері

ол жазып жүр.

12

-са, се + жіктік жалғауы

Ол келсе, сабақ аяқталыпты.

 

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

(-мақ, -мек, -пақ, -пек,
 -бақ, -бек) + -шы, -ші

+ болып

Ол оқымақшы болып, қалаға келді.

2

-у + үшін

Ол оқу үшін, қалаға келді.

3

(шартты, қалау, бұйрық райлар) + деп

Ол оқысам деп, қалаға келді.

4

(-қы, -кі) + тәуелдік жалғау + келіп

Оның оқығысы келіп, қалаға келді.

 

 

Назар аудар!

1) "Деп" етістігі ашық райдағы етістікпен тіркессе, себеп бағыныңқы болады, ал бұйрық, шартты және қалау райдағы етістікпен тіркессе, мақсат бағыныңқы болады.

2) Төмендегі жасалу жолдары бірнеше сабақтас түрін жасауға қатысады. Мұндай жағдайда сабақтастың түрін сөйлемнің мағынасына қарай ажыратуға болады. 


 

1. -са, -се: 

- шартты бағыныңқы: 

- қарсылықты  бағыныңқы: 

- мезгіл бағыныңқы:

2. -ғанда, -генде, -қанда, -кенде: 

- шартты бағыныңқы: 

- мезгіл бағыныңқы:

3. -ып, -іп: 

- себеп бағыныңқы: 

- қимыл-сын  бағыныңқы:

4. -ғанша, -генше, -қанша, -кенше: 

- қарсылықты  бағыныңқы: 

- мезгіл бағыныңқы:


 

 


 

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.

Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:

Басыңқы, бағыныңқы,

басыңқы.

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Бағыныңқы, басыңқы,

басыңқы.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Бағыныңқы, басыңқы,
 бағыныңқы, басыңқы.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Басыңқы, бағыныңқы,
 бағыныңқы, басыңқы.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.  

 

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

  1. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі. 

Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы. 

Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас  сөйлем –   құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.

МысалыҚысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:

1) Жарыспалы к.б.с.қ  бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі. 

 

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

МысалыТау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

  1. Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.)
  2. Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)

2) Сатылы к.б.с.қ – бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын  сабақтас түрі.

 

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

МысалыЕгер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

  1. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем  құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.

 

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.

Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.

 

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

МысалыОл үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.

                                                 ПУНКТУАЦИЯ

  1. Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы. 
  2. Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:
    1. Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.
    2. Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.
    3. Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.
      1. Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:
      2.  

Қойылатын орны

Мысалы

1

Хабарлы сөйлемнен кейін 

Маңайда тірі жан көрінбейді.

2

Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін 

Әже, сізден Алла разы болсын.

3

Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін 

Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!

Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді.

4

Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде 

Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар? 

5

Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда

Ғ.Мүсірепов /      Ғ.М.  Ғ.Мұстафин  /  Ғ. Мұст.

6

Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда

“Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”)

7

Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда

тағы басқалар – т.б.  

тағы сол сияқты – т.с.с.  

тағысын тағылар – т.т.

8

Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда 

А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі.

                                     ЛЕП БЕЛГІСІ

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін

Шіркін, қандай керемет!

Тарт қолыңды! 

2

көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін

Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.

3

ұранды сөйлемнен кейін

Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!

4

көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін 

 Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы. 

5

көтеріңкі дауыспен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін

– Жоқ! Қайтсең де тауып әкел! 

6

сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін 

− Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады.

                                        СҰРАУ БЕЛГІСІ

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

сұраулы сөйлемнен кейін

Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады?

2

сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады

"...Пысық деген ат (?) шықты" – деген тармақ 1909 жылғы кітапта 

 "...Пысық деген ант  шықты",– деп жарияланған.

КӨП НҮКТЕ

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады.

"Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын. 

2

сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін

- Е, не қыл дейсің маған. Бала... ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі...Ұста деймін, қаттырақ  ұста. (Т.Әбдіков)

3

Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.

... Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4

Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына 

Қарашы мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!

5

Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге 

Қиын тиді оларға

Аз кісі-ақ қайтып санарға.

...........................................

                                 (Абай)

                                             ҮТІР 

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.

2

бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса[5] 

Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен.

3

     Оңашаланған айқында-уыштың екі шетіне 

Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.

4

Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына

Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.

5

Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады.

– Жеңеше, – деді      кетерінде, – кірпіш   тауып   қойыңыз.

6

Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады.

Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел.

қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады.

Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді.

НҮКТЕЛІ ҮТІР

Қойылатын орны

Мысалы

1

санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады.

 Қасым ханның ережелерінде

мынадай түйінді әдет-ғұрып-тық қағидалар қамтылған:

1.Мүлік заңы ;

2.Қылмыс заңы;

3.Әскери заң; т.б

2

өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы  жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына

Ұл мен қыздың қызығы – 

Тілі анық шыққанша; 

Мергендіктің қызығы – 

Көздеген аңын жыққанша; 

Жүйрік аттың қызығы –

Шомылып терге лыққанша;

Татулықтың қызығы – 

Кеудеңнен жаның шыққанша;

3

Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін

Майе. араб. 1. ағатын, сұйық; 2. сұйықтық; 

парсы. 1. сұйық, ағатын; 2. сұйықтық;

СЫЗЫҚША

Қойылатын орны

Мысалы

1

бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан 

Мен, Әсет, Самат – үшеуміз доспыз. 

 

жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе

Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды.

2

оңашаланған айқындауыштың екі жағынан

Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды.

3

түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса

Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады.

4

жалғаулықсыз қарсылықты салалас

Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.  

5

жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе,

Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді.

6

мақал-мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста 

Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі.

7

мақал-мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда

Асыл – тастан, ақыл – жастан. 

8

төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады.  

– Қойдым, Тәуке, қойдым, – деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті.

9

жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады.

Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды.

    БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН  СЫЗЫҚША 

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

бастауыш (зат есім)―

баяндауыш (зат есім)

Бөрік – адамға көрік.

2

бастауыш (сілтеу есімдігі)― баяндауыш (зат есім)

Бұл – үлкен қуаныш.

3

бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) ― баяндауыш (зат есім)

Ол - әйгілі әнші.

4

бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім(сан есім, есімше)ден болса    

Ер жігіттің екі сөйлегені ― өлгені.

5

бастауыш (тұйық етістік) ― баяндауыш (зат есім)

 

Оқу – білім бұлағы.

Алдау    – зұлымдық,

Алдану      – ақымақтық.

6

бастауыш (зат есім) ―

баяндауыш (тұйық етістік)

 

Менің мақсатым – еліме пайдалы азамат болу.

 

бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса

Жер тағдыры – ел тағдыры.

7

бастауыш (сан есім) ―

баяндауыш (сан есім)

 

Бес жерде бес       – жиырма бес.

 


 

ҚОС НҮКТЕ

Қойылатын орны

Мысалы

1

бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін

Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева.

2

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін

Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

3

Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады.

Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі -  оны түсінетін адамның жоқтығы.

4

Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады.

Сағит ең алдымен Ботагөзге:

Сүйінші!– деді.

 

ЖАҚША

Қойылатын орны

Мысалы

1

Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады.

Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.

2

Цитатаның авторы жақшаға алынады.

Болмасаң да ұқсап бақ 

Бір ғалымды көрсеңіз.  

                          (Абай).

3

Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

Нұрхан (көзінің жасын сілкіп).   Қой, шырағым, сескеніп қаларсың. 


 

ТЫРНАҚША

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

Дәйексөз тырнақшаға алынады.

"Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті.

2

Төл сөз тырнақшаға алынады.

Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?"

3

Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.

“Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен. 

4

Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.

Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар.

5

Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

6

“Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады. 

“Сабаққа бармаймын”-ды қой.

7

Қалжыңмен     айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.

“Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе?

8

Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.

«А» - жуан дауысты дыбыс.

9

ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.

“Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы. 


 

 ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

Қойылатын орны

Мысалы

1

Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық, 

Ат салмай өтер күн қайда?! 

Еңсесі биік боз орда 

Еңкейе кірер күн қайда?! 

 

2

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы  жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады. 

Ол өтініп сұрады, – бермедім.

3

Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла  береді.

– Онда... – не дерін біле алмады.

– Солай, солай, шырағым, – деді.

– Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.

4

Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.

Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?..


 

СТИЛЬ

  1. Стильдердің қолданылу аясы: 
    1. Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде,   ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.
    2. Ресми іс-қағаздар стилі іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.
    3. Публицистикалық стиль газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
    4. Көркем әдебиет стилі көркем әдеби шығармаларда қолданылады.
    5. Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
  2. Стильдердің мақсаты:
    1. Ғылыми стильдің мақсаты – заттар ман құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру;
    2. Ресми іс-қағаздар стилінің мақсаты – хабарлау, анық мәліметтер беру;
    3. Публицистикалық стильдің мақсаты – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару;
    4. Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету;
    5. Ауызекі сөйлеу стилінің мақсаты – қатынас жасау;
  3. Стильдердің ерекшелігі:
    1. Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген,   сөзді тура мағынада алу;
    2. Ресми іс-қағаздар стилі: ресми, анық, дәл;
    3. Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық;
    4. Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспресивті;
    5. Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу;
  4. Стильдердің тілдік құралдары:
    1. Ғылыми стильде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді; өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады;
    2. Ресми іс-қағаздар стилінде  кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.
    3. Публицистикалық стильде риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.
    4. Көркем әдебиет стилінде ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т.б.) жиі қолданылады.
    5. Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.
  5. Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.

Ғылыми стиль

Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды.

Көркем әдебиет стилі

-Мереке құтты болсын!

-Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын!

-Саған табыс, сәттілік тілемін!

-Тілегің үшін көп рахмет!

Ауызекі сөйлеу стилі

Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын. 

Ресми іс-қағаздар стилі

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді.

Публицистика-лық стиль

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді.

Публицистика-лық стиль

Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.

Көркем әдебиет стилі

Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады.

Көркем әдебиет стилі

-Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді?

- Ережелерді жаттауға берді.

Ауызекі сөйлеу стилі

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

Ғылыми стиль

                         Түсінік

Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.                  

                                           20.05.2004 

Ресми іс-қағаздар стилі

Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Публицистика-лық стиль

Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді.

Ғылыми стиль

 


 

ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

«Қазақ тіл білімі» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

A) 2           B) 3                 C) 4                 D) 5                 E) 6                 

  1. Жалғаудың неше түрі бар?

A) 2           B) 3                 C) 5                 D) 1                 E) 4                 

  1. Үндестік заңының неше түрі бар?

A) 2           B) 3                 C) 5                 D) 6                 E) 4                 

  1. Тіл дыбыстарын не зерттейді?

A)  лексика                                  B)  морфология                     C)  фонетика

D)  синтаксис                  E)  стилистика

  1. Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?

A)  морфология               B)  лексика                 C)  синтаксис

D)  фонетика                               E)  фразеология

  1. Қайсысы синтаксисте қарастырылады?

A)  екпін                           B)  сөз табы               C)  мағына

D)  сөйлем мүшесі                      E)  қосымша

  1. Қайсысы сөз табына жатпайды?

A)  шылау                                    B)  жіктік                               C)  үстеу

D)  одағай                        E)  есімдік

  1. Қайсысының күрделі сөздің түріне қатысы жоқ?

A)  туынды сөз                B)  біріккен сөз                      C) қос сөз

D)  тіркескен сөз             E)  қысқарған сөз 

  1. Сөз табын табыңыз.

A)  еліктеу сөз                 B)  кірме сөз              C)  қос сөз

D)  табу сөз                                  E)  кәсіби сөз

  1. Пунктуация қай тіл білімі саласының зерттейтін тақырыбы?

A)  морфология   B)  лексика     C)  синтаксис

D)  фонетика                   E)  фразеология

 

 

«Қазақ тіл білімі» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 – B (Қазақ тіл білімінің 3 саласы бар: фонетика, лексика және грамматика.)

2 – E (Жалғаудың 4 түрі бар: жіктік жалғауы, септік жалғауы, көптік жалғауы және тәуелдік жалғауы)

3 – A (Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.)

4 – C  

5 – B (Терминдер қолданылу аясы шектеулі сөздер тобына жатады. Оны лексика зерттейді.)

6 – D 

7 – B (Себебі, жіктік – жалғаудың түрі. Жіктік деген сөз табы жоқ.)

8 – A (Туынды сөз күрделі сөздің түріне жатпайды. Себебі, туынды сөз 1 түбірден тұрады. Ал күрделі сөз болу үшін кемінде 2 түбірден тұратын және бір мағынаны білдіретін сөз керек. Мысалы, шек+ара )

9 – A

10 – C  (Пунктуация тыныс белгілерін зерттейді. Ал пунктуация – синтаксистің зерттейтін тақырыбы.)


 

«Қазақ  тіл біліміне   шет тілдерінен  енген  термин сөздер» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Грек тілінен енген терминді табыңыз.

A)  неологизм      B)  стилистика                       C)  мағына

D)  табу                E)  тасымал

  1. Қай сөздің мағынасы «құрастыру» дегенді білдіреді?

A)  фразеология  B)  семасиология      C)  синтаксис

D)  грамматика    E)  морфология

  1.  «Лингвистика» қай тілден енген?

A)  араб тілі                     B)  латын тілі            C)  грек тілі

D)  қазақ тілі                    E)  орыс тілі

  1. Қай жұп бір-бірінің баламасы бола алмайды?

A)  табу-тыйым салу

B)  фонема-дыбыс

C)  эвфемизм-сыпайы сөйлеу

D)  термин-атын өзгертіп айту

E)  лексика-сөздік қор

  1. Қазақ тіліне шет тілінен енген терминді табыңыз.

A)  үстеу              B)  әріп                       C)  буын

D)  қосымша                    E)   шылау

  1. Термин сөзді табыңыз.

A)  дауыс             B)  сөйлеу                  C)  мағына

D)  жазбаша                     E)  үлгі

  1. Қай тіл білімінің саласы «нүкте» деген мағына береді?

A)  синтаксис       B)  семасиология      C)   лексикология

D)  стилистика    E)  пунктуация

  1. Сөздік жасайтын және оны зерттейтін тіл білімі саласы қайсы?

A)  метонимия         B)   фонология                    C)  морфология

D)  лексикография             E)   фразеология

  1. Полисемия нені зерттейді?

A)  сөз түбірін                             D)  сөз түрлерін

B)  сөз таптарын                          E)  сөз құрамын

C)  сөздің көп мағыналығын 

  1. Дифтонг деген не?

A)  дауысты дыбыс         B)  қосарлы дыбыс C)  түбір сөз 

D)  дауыссыз дыбыс       E)  қосымша

 

«Қазақ  тіл біліміне   шет тілдерінен  енген  термин сөздер» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1A (Неологизм - грек сөзі. «нео» - жаңа, «лог» - сөз)

2C,  3B

4D (Термин мен атын өзгертіп айту бір-бірінің баламасы бола алмайды. Себебі,  терминнің баламасы «бір нәрсенің шегі, шекаралық белгісі» деген болады, өйткені екеуі – бір ұғымның латын және қазақ тілдеріндегі атауы. Ал «атын өзгертіп айту» сөздері метонимияның баламасы болып табылады.)

5B («Әріп» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген.)

6C (Сөздің мағынасын лексика зерттейді.)

7C (Пунктуация қазақ тілінде «нүкте» деген мағына береді.)

8C

9B (Қосарлы дыбыс – я (йа), ю (йу) сияқты екі дыбыстан тұратын әріптер.)

10D

«Дыбыс және әріп» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Айтылатын және естілетін тілдік құбылыс қалай аталады?

A)  үн                    B)  дауыс                    C)  өкпеден шыққан ауа

D)  әріп     E)  дыбыс

  1. Тілдің ең кіші бөлігі не?

A)  дыбыс             B)  буын                     C)  үн

D)  кіші тіл           E)  әріп

  1. Дыбысты немен таңбалайды?

A)  сызық  B)  фонема                 C)  символ

D)  әріп     E)  әліпби

  1. Қай әріп ф әрпінен кейін тұрады?

A) ұ                       B) т                 C) һ                 D) й                 E) д     

  1. Дыбыс жасалу үшін не керек?

A)  өкпеден шыққан ауа             D)  мұрын қуысы

B)  дауыс шымылдығы               E)  дыбыстау мүшелері

C)  ауыз қуысы

  1. Қайсысы дыбыстау мүшесіне жатпайды?

A)  көмей  B)  мұрын                   C)  тіс

D)  тіл                   E)  езу

  1. Қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін дыбысты табыңыз.

A) я                       B) ц                 C) у                 D) щ                E) ю    

  1. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?

A)  з, й, қ, м                      B)  у, т, с, р    C)  ү, ф, х, һ

D)  а, е, о, ұ                      E)  і, ь, ш, ц

  1. Қосарлы дыбысты табыңыз.

A) ш                      B) ө                 C) ю                D) у                 E) й                 

  1. Кірме сөзде ғана болатын әріп қайсы?

A) ф                      B) п                 C) ы                D) й                 E) б     

 

 «Дыбыс және әріп» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E   (Дыбыс айтылады және естіледі.)

2 – A, 3 – D 

4 – C   (Әліпбиде һ әрпі ф әрпінен кейін келеді. Яғни, ф, х, һ, ц)

5 – A   (Дыбыс өкпеден шыққан ауаға байланысты шығады.)

6 – E  

7 – B 

8 – D  (Жауабы: а, е, о, ұ.  Себебі, қалғандары әліпбидегі қатармен берілген:

  1. «з, й, қ, м» араларында бір әріп түсіп қалған.  Сонда  з, и, й, к, қ, л, м  болады.
  2. «у, т, с, р»  әліпбидегі қатармен теріс берілген. Яғни әліпбидегі қатары мынадай:  р, с, т, у .
  3. «ү, ф, х, һ» әліпбидегі қатармен берілген.
  4. «і, ь, ш, ц» әліпбидегі қатармен теріс берілген және араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда ц, ч, ш, щ, ь, ы, і  болады.)

9 – C  (ю әрпі – қосарлы дыбыс, өйткені бұл әріп й және у (йу) деген екі дыбысты таңбалайды.)

10 – A (ф дыбысы қазақ тіліндегі кірме сөздерде ғана кездеседі. 

Мысалы, орыс тілі: футбол; 

араб тілі: Фәтима;)


 

«Дауысты дыбыс» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?

A)  р, й, с              B)  л, о, ө                    C)  с, ш, щ

D)  а, ә, е              E)  к, қ, ғ

  1. Қайсысы дауысты дыбысқа негізделеді?

A)  буын               B)  тасымал                C)  әріп

D)  екпін              E)  дауыссыз дыбыс

  1. Екпін түсетін дыбысты табыңыз.

A) ш                      B) қ                 C) т                 D) а                 E) п                 

  1. Әліпбидегі 12-ші дыбыс қандай дыбыс?

A)  езулік дауысты дыбыс         D)  еріндік дауысты дыбыс

B)  ашық дауысты дыбыс           E)  жуан дауысты дыбыс

C)  дауыссыз дыбыс

  1. Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс?

A) ө                       B) ы                C) а                 D) ү                 E) ұ                 

  1. Ашық дауыстының саны қанша?

A) 6                       B) 7                 C) 5                 D) 8                 E) 4     

  1. Бірыңғай қысаң дауыстыдан тұратын сөзді табыңыз.

A)  бұрылу                       B)  кемсіту     C)  әшкерелеу

D)  құдалық                     E)  өшіру

  1. Еріндік дауыстыларды табыңыз.

A)  а, ә, е, и                      B)  ы, і, и, э    C)  а, о, ы, ұ

D)  е, и, у, ө                      E)  ұ, ү, ө, о

  1. Қай дыбыс жақтың  кең ашылуы арқылы жасалады?

A)  ү                      B)  ы               C)  у                D)  і                 E)  ә    

  1. Жуан дауыстылар қалай жасалады?

A)  Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.

B)  Тілдің ұшы ілгері созылып жатуы арқылы жасалады.

C)  Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады.

D)  Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.

E)  Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.

 

«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D (а, ә, е – дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады.)

2 – A (Буын дауысты дыбысқа негізделеді. Себебі, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.)

3 – D (Екпін сөздегі дауысты дыбысқа түседі.)

4 – A (Әліпбидегі 12-ші дыбыс – и дыбысы. И–езулік дауысты дыбыс.)

5 – E (Ұ – жуан әрі еріндік дауысты дыбыс.)

6 – A  (Ашық дауыстының саны алты: а, ә, о, ө, е, э.)

7 – A  («Бұрылу» сөзіндегі ұ, ы, у дыбыстары–қысаң дауысты дыбыстар.)

8 – E

9 – E  (Ә  дыбысы жақтың  кең ашылуы арқылы жасалады. Өйткені ол – ашық дауысты дыбыс. Ал ашық дауысты дыбыс жақтың   кең ашылуы арқылы жасалады.)

10 – A (Жуан дауыстылар тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.)

«Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша   ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Буын талғайтын дыбысты табыңыз.

A)  у                      B)  е                C)  а                D)  ә                E)  ы

  1. Қай сөзде «ы» дыбысы түсіп қалған?

A)  жина               B)  айна                      C)  арна

D)  сұра                E)  шайна

  1. Қай сөзде қате бар?

A)  жүзігі              B)  қорқу                    C)  қина 

D)  халқы             E)  орыны

  1.  «Ы» дыбысы қай сөзде қате жазылған?

A)  шоқу               B)  жымыю    C)  шошу

D)  сыйымдылық E)  қиылыс

  1. Қай сөзде «і» дыбысы жазылмайды?

A)  ілезде             B)  ілес                       C)  ілми

D)  іле-шала                     E)  ілгері

  1. Қай сөзге «-а» жұрнағы жалғанбайды?

A)  орын               B)  ойын                     C)  жиын

D)  қиын               E)  тиын

  1. Кірме сөздерде ғана 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс қайсы?

A)  ю         B)   ы               C)  ұ                D)  я                 E)  й

  1. Қай сөзде «у» жуан дауысты дыбыс болып тұр?

A)  қуыс               B)  тауық                    C)  уақ-түйек

D)  ауа                              E)  төлеу

 

  1. Қай сөзде дыбыс пен әріпте айырмашылық бар?

A)  қоюлау                       B)  шытырман                       C)  айтыскер

D)  қауырсын       E)  кісен

  1. Қай сөзде «а» дыбысы қате жазылған?

A)  жай                 B)  шай                                   C)  рәсуә

D)  Фәтима                      E)  күмән

 

«Дауысты дыбыстардың емлесі» бойынша  тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D (Ә әрпі қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: сәкі, әңгіме т.б.) 

2 – A  («Жиын» сөзіне жұрнағын жалғап туынды етістік жасағанда, дыбысы түсіп қалады. Жиын + -а = жина)

3 – E  («Орын» сөзіне жалғауы жалғанғанда, сөздегі ы дыбысы түсіп қалады. Орын + -ы = орны.)

4 – B  (Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілгенмен, олардың орнына и әрпі жазылады.)        

5 – A  («Лезде» сөзінің алдында і дыбысы жазылмайды)

6 – E , 7 – C    (Кірме сөздерде 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс – ұ дыбысы. Мысалы, бұлбұл, мазмұн, мақұл т.б.) 

8 – A  («Қу-ыс» сөзінде у – жуан дауысты дыбыс болып тұр. Себебі бұл сөздегі «ы» – жуан дауысты дыбыс.) 

9 – A  («Қоюлану» сөзінде 7 әріп, 8 дыбыс бар. Өйткені  «ю» дыбысы 1 әріп болғанмен, «йу» деген екі дыбысты білдіреді.)

10 – C («Рәсуа» сөзінің соңындағы а дыбысы ә болып оқылғанмен, а болып жазылады.)


 

«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тек салдырдан тұратын дыбыс қайсы?

A)  а                      B)  п                C)   й     D)  ғ               E)   ж

  1. Үнді дыбыстардың қатарын табыңыз.

A)  у, й, н, р                      B)  г, ж, д, в                C)  к, ш, т, ф

D)  м, ң, ғ, з                      E)  й, к, л, м

  1. Тек ұяң дыбыстан тұрған сөзді табыңыз.

A)  айналмалы     B)  тасқын      C)  жазғытұрым

D)  ұзағырақ                    E)  жұғады 

  1. Қай дыбыстар жұп бола алмайды?

A)  п-б                  B)  ғ-қ  C)  к-г D)  с-ш            E)  ф-в

  1. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?

A)  ұяң                  B)  үнді                       C)  жуан 

D)  жіңішке                      E)  қатаң

  1. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді?

A)  тіл                               B)  ерін                       C)  жақ

D)  дауыс             E)  салдыр                  

  1. Көбіне қай дыбыстар қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді?

A)  қатаң              B)  үнді                       C)  ұяң

D)  жуан               E)  жіңішке

  1. Алфавиттегі 13-ші дыбыс қандай дыбыс?

A)  үнді                B)  қатаң                    C)  жуан

D)  еріндік                       E)  ұяң

  1. Дауыссызды айтқанда, өкпеден шыққан ауа қайда кедергіге ұшырайды?

A)  мұрын қуысы                        B)  ауыз қуысы                      C)  өкпеде

D)  кеңірдекте                 E)  жақта

  1. Қосымшасы үндіден басталған сөзді табыңыз.

A)  Жазда көлге шомылуға бардық.

B)  Кешке құстар ұясына қонады.

C)  Қазақ тілі кітабым сөмкеде екен.

D)  Мұраттың ағасы машинамен келді.

E)  Ауылда гүл теруге бардым.

 

«Дауыссыз дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B (П – қатаң дауыссыз дыбыс. Ал қатаң дауыссыздар тек салдырдан тұрады.) (3 – бөлімді қараңыз)

2 – A 

3 – E («Жұғады» сөзіндегі ж, ғ, д – ұяң дауыссыз дыбыстар.)

4 – D («с-ш» дыбыстары жұп бола алмайды. Себебі с мен ж дыбыстарының жасалу орындары әр түрлі. Сонда с-з, ш-ж жұп болады.) (4 – бөлімді қараңыз)

5 – A  (Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ал бұлар – ұяң дауыссыздар.)

6 – E 

7 – C  (Ұяң дауыссыздардан б, в, г, ғ, д дыбыстары қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді.)

8 – A  (Әліпбидегі 13-ші дыбыс – й дыбысы. Ол – үнді дауыссыз дыбыс.)

9 – B 

10 – D («Машинамен» сөзіндегі –мен қосымшасы м деген үнді дауыссыздан басталып тұр.)


 

«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тек кірме сөздерде келетін дыбыстарды табыңыз.

A)  щ, х, һ, й                     B)  в, ф, ч, ц   C)  б, д, г, ы

D)  о, э, ю, я                     E)  ъ, ь, я, ю

  1. Сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.

A)  киоскіге                     B)  Омсктен   C)  актқа

D)  шрифтті                     E)  ромбта

  1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A)  ватқа               B)  граммдап  C)  металдың

D)  Кузбасстан    E)  Кириллге

  1. Қай сөзде «т» дыбыс түсіп қалған?

A)  жұмыстар      B)  облысқа                 C)  синустар

D)  поездар                      E)  журналистер

  1. Қай сөздің бір дыбысы түсіп қалған?

A)  Түнде подъездің жарығы сөніп қалыпты.

B)  Асшылар тамақты кеш дайындады.

C)  Қызылордада жаңа ескерткіш ашылды.

D)  Олар банктен ақша алды.

E)  Жайлауда демалған өте керемет.

  1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A)  парктан                      B)  треске                   C)  съезі

D)  ансамбльге    E)  рөлі

  1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A)  Мен жер қазған геологтармен таныстым.

B)  Мен таңертең киоскіден газет алдым.

C)  Базардан 3 килограмдап жеміс-жидек алдым.

D)  Біз туристік сапарға шықтық.

E)  Ол машинаның рульіне отырды. 

 

  1. Үш дауыссызы қатар келген сөздің дұрысын табыңыз.

A)  Оның ағасы киоскке келді.

B)  Класста ешкім жоқ екен.

C)  Бұларды штамптау керк.

D)  Құмырсқа тынбай еңбек етеді.

E)  «Гүлдер ансамбльінің концерті болды.

  1. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.

A)  Биыл қыста ауа райы суық болды.

B)  Астана көркейіп келеді.

C)  Елімізде жетімдер үйі көбейіп барады.

D)  Жиналыста көп мәселе қаралды.

E)  Алыстан қарауытып біреу көрінді.

  1. Қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейтін дыбысты табыңыз.

A)  й                      B)  ш               C)   б                D)  з     E)  п

«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B    (в, ф, ч, ц – дыбыстары шет тілінен енген сөздерде кездеседі.)

2 – A  Қалған сөздерге қосымша былай жалғану керек еді: Омскіден, актіге,  шрифтіні, ромбыда.)

3 – B  («Грам-дап». Себебі қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, олардың соңғысы түсіп қалады.)

4 – E  (журналистер» Себебі қосарлы ст, сть, зд дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады.) 

5 – A  «Подъезд + -дің = подъездің» болады.) (9 – бөлімді қараңыз)

6 – A  (рк дыбыстарына біткен сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Сонда «парк-тен» болу керек)

7 – E  («Геолог-тер» болу керек)

8 – D  (Жауабы: Құмырсқа. Қалғандары: киоскіге (киоскке емес), штампылау (штамптау емес), ансамблінің (ансамбльінің емес), класта (класста емес) 

9 – B   («Көркейіп» сөзіндегі р – үнді дауыссыз дыбыс, к – қатаң дауыссыз дыбыс)    

10 – C


 

«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?

Сөзде қанша ..... болса, сонша буын болады.

A)  дауыссыз дыбыс       D)  қосарлы дыбыс

B)  дауысты дыбыс         E)  үнді дауыссыз 

C)  әріп

  1. Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын?

A)  Тарихи жерлерді аралау өте керемет.

B)  Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.

C)  Таудан төменге қарай құлдилады.

D)  Ақырын басып үйге жақындады.

E)  Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.

  1. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

A)  құ-мырс-қа                B)  дау-ыл-паз                       C)  би-ік-тік

D)  ке-мең-гер                 E)  бо-яу-шы

  1. Бірыңғай жуан буынды сөзді көрсетіңіз.

A)  Асылбек кітабын сөмкеден таппады.

B)  Қыстыгүні   үйге көмір әкелдік.

C)  Әскерлер күні-түні жүгірді.

D)  Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.

E)  Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.

  1. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?

A)  тәрбие                        B)  жәрмеңке             C)  бәтеңке

D)  шемішке                    E)  күртеше

  1. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.

A)  аспан              B)  жақсы                               C)  тату

D)  ақын               E)  шешен

  1. Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?

A)  ортаңғы буын                        D)  ортаңғы ашық буын

B)  бірінші буын              E)  ешбір буын

C)  соңғы буын

  1. Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз.

A)  септік жалғауы          D)  көптік жалғауы

B)  жіктік жалғауы          E)  жұрнақ

C)  тәуелдік жалғауы

  1. Қай сөзге екпін түспейді?

A)  күрделі сөз                 D)  туынды сөз 

B)  көмекші сөз               E)  біріккен сөз

C)  туынды сөз 

  1. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?

A)  тасымал                     B)  әріп                       C)  дыбыс 

D)  буын               E)  екпін

 

«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша 

тест сұрақтарының жауаптары

1 – B 

2 – B (Жауабы: «мә-де-ни-ет-ті» сөзіндегі «ет» буыны – тұйық буын.)

3 – B (Жауабы: «дауылпаз» сөзі. Дұрысы: да-уыл-паз.)

4 – А  (Жауабы: «таппады»)

5 – A (Жауабы: тәрби-е)

6 – D (Жауабы: а-қын.)

7 – C , 8 – B, 9 – B, 10 – D

«Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз.

A)  Омар қалам мен қарындаш алды.

B)  Ертең емханаға баруым керек.

C)  Ол оқырмандардың сұрағына жауап берді.

D)  Менің туысқаным қалада тұрады.

E)  Балалар жұмыс істеп жүр.

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.

A)  -лар, -лер        B)  -кер, -гер  C)  -дан, -ден

D)  -тың, -тің       E)  -лас, -лес

  1. Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр?

A)  мансапқор      B)  кәсіпкер   C)  төрежан

D)  аурухана                    E)  күлекеш

  1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?

A)  барыс септік  B)  жатыс септік        C)  шығыс септік 

D)  табыс септік  E)  көмектес септік

  1. Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады?

A)  т                      B)  с                C)  х                D)  ц                E)  л

  1. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.

A)  шекара, баспасөз, баспана

B)  аман-есен, асты-үсті, әрі-бері

C)  Екібастұз, Алакөл, Бәйгеқұм

D)  отағасы, тасбақа, біршама

E)  ешқашан, кейбір, әлдеқайда

  1. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.

A)  қара ала                      B)  Бозжан     C)  көзқарас

D)  саққұлақ                    E)  ала қаз

  1. Дыбыс үндестігі деген не?

A)  соңғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы

B)  сөзде жуан-жіңішке дауыстылардың араласып келуі

C)  соңғы буынның жуан болса да, қосымшаның жіңішке жалғануы

D)  қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі

E)  соңғы буынның жіңішке  болуына қарай қосымшаның жіңішке жалғануы

  1. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A)  Мен жастық шағымды сағындым.

B)  Ол есіктен сыртқа шықты.

C)  Мен тапсырманы түсіндіріп болдым.

D)  Пышақтың ұшы майысып қалыпты.

E)  Дауыл басылды.

  1. Сөз бен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A)  Кешкісін есікті ашсын.

B)  Болат әскерде аспазшы болған.

C)  Оның әкесі соғыстан аман келді.

D)  Жомарт жайбарақат отыр.

E)  Биылғы қыс қатал болды.

 

«Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B,  2 – B,   3 – C (Жауабы: төре-жан)

4 – E (Көмектес септіктің -мен, -мен, -пен жалғаулары буын үндестігіне бағынбай жалғанады.)

5 – C (Х әрпіне біткен сөзге қосымша жуан түрде жалғанады.)

6 – C,  7 – C (көзқарас / көзғарас),  8 – D  

9 – C (түсіндіріп болдым / түсіндіріп полдым)

10 – A (ашсын / ашшын)

«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия»  тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Жазылуда ескерілетін кейінді ықпалды табыңыз.

A)  Үйдің ауласы тап-таза.

B)  Асан суды төгіп тастады.

C)  Таңғы сағат бесте жолға шықтық.

D)  Бұл айтыста Сакен жеңіп кетті.

E)  Ол сөзден жеңіліп масқара болды.

  1. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

A)   Біріне-бірі алшақ салынған он шақты үй тұр.

B)  Жерұйықты іздеп жөнелді.

C)  Олжабек табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ кісі.

D)   Аманғалидың мазасы болмай отыр.

E)   Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.

  1. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A)  Он жылдың ішінде талай шығармалар дүниеге келді.

B)  Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болады.

C)  Бір кездерде ақынның қасына еріп жүрген еді.

D)  Батыраш тым-тырыс болып, жерге кіргендей күйге түседі.

E)  Соғыс кезінде жаудың қорғанысын бұзып кетті.

  1. Кейінді ықпалды табыңыз.

A)  Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым.

B)  Жиылып тұрған халық шулап қоя берді.

C)  Далаға шықсаң, көк пен жерді көресің.

D)  Ит – адамға шын дос жануар.

E)  Екі әскер жолдың шетіне отырып тынықты.

  1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз.

A)  жұлын                        B)  құман                   C)  құмұрсқа

D)  бұрыс             E)   Гүлнұр

  1. Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A)  Менің сұрағаным бола қоймады.

B)  Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.

C)  Өлі риза болмай, тірі байымас.

D)  Менің қазақ тілін үйренгім келеді.

E)  Су айнадай тап-таза екен.

  1. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A)  Сарыағаш      B)   дейінгі      C)  кемеңгер

D)   бейбітшілік   E)  күндүз

  1. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A)   сыйымдылық             B)  тайаныш   C)  қиыншылық

D)  жиналыс                    E)  хайуан

  1. Қай сөз орфографиялық нормаға сәйкес жазылған?

A)  біріңғай                      B)  Бегарыс    C)  Жаңғожа

D)  бұлұттұ                      E)  Жанпейіс

  1. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A)  бастаңғы                    B)  диуана                  C)  жаңбыр

D)  қоңыз             E)   мақсат

 

«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары  бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B (Жауабы: төгіп / төк+іп)

2 – D (Жауабы: Аманғалидың / Амаңғалидың)

3 – B (Жауабы: отыз жыл / отыж жыл)

4 – A (Жауабы: жазып алдым / жазыб алдым)

5 – C,  6 – D (Жауабы: үйренгім / үйреңгім)

7 – E, 8 – B, 9 – E, 10 – B

 

«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз»  тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз.

A)  машайық                    B)  сопы                     C)  жамағат

D)  діни басқарма                        E)  муфтият

Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.

A)  үлкен планета                                    D)  валюта бағамы 

B)  Абай даңғылы                                   E)  физикалық карта

C)  нарықтық экономика

Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді табыңыз.

A)  апрель                        B)  ай              C)  ғасыр

D)  апта                E)  байрақ

Синоним болатын диалектілерді табыңыз.

A)  түбек, шүмек             D)  кебеже, сандық

B)  ауқат, тамақ               E)  қоржын, қалта

C)  былғары, тері

Көнерген сөздердің қатарын табыңыз.

A)  дуанбасы, пролетарият, қаған

B)  әсемпаз, өнерпаз, қыдырымпаз

C)  бизнес, карьера, орден

D)  акция, чек, бағалы қағаз

E)   тәуелсіздік, егемендік, азаматтық

Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

A)  анализ, скидка                       D)  градус, температура

B)  класс, лампа              E)  хандық, барымта

C)  сәулет, пайыз

Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

A)  көнерген сөз  D)   термин сөз

B)  диалект сөз    E)   кәсіби сөз 

C)  кірме сөз

“Тырық”, “көтерем” диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын табыңыз.

A)  зәулім                         B)  шалғай                  C)  арық

D)   ескі-құсқы     E)  кішкентай

Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз.

A)   Табалдырықта отырма.

B)  Бидайға орақ түскелі тұр.

C)   Бау-бақшадан жеміс тердік.

D)  Бүгін азанда ерте ояндым.

E)  Оның нағашысы әскерден келді.

Историзмді табыңыз.

A)  мешіт              B)   имам                     C)  жамағат

D)  қылует                        E)  муфти       

 

«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз»  тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – E («Муфтият» қазір «діни басқарма» ұғымымен қатар қолданылады.)

2 – A ("планета" сөзі қазір ғаламшар деп аталады.)

3 – E,  4 – B («Ауқат, тамақ» сөздері - «тағам» сөзінің диалектісі.) 

5 – A,  6 – C («Сәулет, пайыз» бұрын «архитектура, процент» деп аталатын.)

6 – B,  8 – C,  9 – D («Азанда» сөзі «таңертең» сөзінің диалектісі болып табылады.)

10 – D ("Қылует" жер асты мешіт деген мағына береді. Қазір бұл мешіт түрі қолданылмайды.)

 

«Термин сөз», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз»  тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай сөйлемде термин сөз бар?

A)  Апам ұршық иіріп отыр.

B)  Жазда қауын-қарбыз жеуге бардық.

C)  Еуразия – ең үлкен құрлық.

D)  Кеше қатты бұрқасын болды.

E)  Балалар балық аулауға кетті.

  1. Терминдерге тән ең басты белгі не?

A)  дара мағыналы.

B)  көп мағыналы.

C)  жалпы халыққа түсінікті.

D)  белгілі аймақта ғана қолданылады.

E)  халық арасында жиі қолданылады.

Екі сыңары да кірме сөзден болған қос сөзді табыңыз.

A)  адам жаны     B)   азды-көпті            C)  тарс-тұрс

D)  оқу-білім                   E)  хат-хабар

Әрі термин сөз, әрі кірме сөз болатын сөзді табыңыз.

A)  бағам              B)   ұжым                    C)  қор

D)  нарық             E)   нотариус

Кірме сөзде қандай заңдылық сақталмайды?

A)   орфографиялық заңдылық   D)  стильдік ерекшелік

B)   орфопиялық заңдылық                     E)  пунктуация

C)  үндестік заңы

Тілдің сөздік құрамын байытатын сөзді табыңыз.

A)  диалект сөз    B)   көнерген сөз        C)  кәсіби сөз

D)  термин сөз     E)   кірме сөз

Қай кәсіби сөз су шаруашылығына жатады?

A)  диірмен                      B)  мұрап         C)  масақ

D)  көсеу              E)   келі

Кәсіби сөздер қатарын белгілеңіз.

A)  ықпал, буын, екпін               D)  тұсау, тоқым, үзеңгі

B)  синус, параллель, ромб        E)  ұзын, биік, алыс

C)  білім, тұрмыс, тіршілік

Синонимдес сөздерді табыңыз.

A)  жуа, сарымсақ                       D)  сым, леген

B)  қаңылтыр, сым                      E)  бал, әсел

C)  қызамық, кекіре

Диалект сөзден болған кәсіби сөзді табыңыз.

A)  шемішке        B)   полюс                   C)  глобус

D)  кернеу            E)   тарих

 

«Термин сөз», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз»  тақырыптары бойынша  тест сұрақтарының жауаптары

1 – C (Құрлық – география ғылымында қолданылады.)

2 – A, 3 – E («Хат, хабар» сөздері араб тілінен енген.)

4 – E, 5 – C (Кірме сөздерде үндестік заңы сақ-талмайды, яни көптеген кірме сөз-дерде жуан-жіңішке дауыстылары ара-ласып келе береді. Мысалы, кітап, киоск.)

6 – E, 7 – B (Мұрап – суды қадағалап отыратын адам)

8 – D (Тұсау, тоқым, үзеңгі – мал шаруашылығында қолданылатын сөздер)

9 – E («Бал» сөзінің Оңт.Қазақстандағы диалектісі «әсел»)

10 – A (Шемішке – кәсіби сөз әрі диалект сөз. Әдеби баламасы – күнбағыс.)

«Табу сөз», «Эвфемизм  мен  дисфемизм»  тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. “Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері қай сөзге қатысты?

A)  дисфемизм     B)   эвфемизм             C)  табу

D)  көнерген сөз  E)   тұрақты тіркес

Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді табыңыз.

A)  ұлыма                         B)  жасыл түсу                      C)  соқырішек

D)  жаман ауру    E)   дауыл

Табу сөздер неден туындаған?

A)   салт-дәстүр    B)  сыпайылық                      C)  ем

D)  ырым              E)   аты белгісіз болу

Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады?

A)  дисфемизм     B)   табу                                  C)  тура мағына

D)  метонимия     E)   эвфемизм

Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз.

A)  найзағай                     B)  қасқыр                  C)  бақиға аттану

D)  ұлыма             E)   жын

Эвфемизмге жататын тұрақты тіркесті табыңыз.

A)  қолды болыпты         B)  ашық мінез          C)  жүрек жұтқан

D)  тілі күрмелді              E)  қарны ашты

Эвфемизм бойынша “ сөзуарлау ” сөзі қай сөзді алмастырады?

A)  салақ              B)   шешен                  C)  мылжың 

D)  бәдік               E)   олақ

Қай сөз грек тілінде “сыпайы сөйлеймін” деген мағына   береді?

A)  эвфемизм       B)   дисфемизм           C)  табу

D)  идиома                       E)  архаизм

Сөйлемдегі дисфемизмді табыңыз.

A)  Оның бір көзінің мүкістігі бар еді.

B)  Асанның қартайған шағында бір құлағы естімей қалды.

C)  Ақанның бойы ұзын болғандықтан, балалар оны «Ұзынтұра» деп мазақтайтын.

D)  Ұлы Отан соғысынан оралғандардың көбі бір мүшесін соғыс даласында қалдырып кеткен еді.

E)  Болат әрдайым кемтар адамдарға көмектесетін еді.

Табу сөзді табыңыз.

A)  Келін қайынын өз атымен атамайды.

B)  Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.

C)  Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізеді.

D)  Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнті болады.

E) Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын өз атымен айтпаған.

 

Табу сөз», «Эвфемизм  мен  дисфемизм»   тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – C (“Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері – табу әдісі бойынша келіннің қайныларына қойған аттары.)

2 – B (Жасыл түсу – жай түсудің орнына қолданылады.)

3 – D, 4 – E, 5 – C («Бақиға аттану» сөзі «өлу» деген сөздің орнына қолданылады.)

6 – A (Қолды болу» сөзі «ұрлану» деген сөздің орнына қолданылады.)

7 – C, 8 – А,  9 – C («Ұзынтұра» сөзі «ұзын бойлы» деген сөздің орнына қолданылады.)

10 – B

«Тұрақты тіркес», «Идиома(лық тіркес)»  тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай тұрақты тіркес “әділ” деген мағынаны береді?

A)  Тонның ішкі бауындай        D)  Қара қылды қақ жарған

B)  Ала жіпті аттамау                 E)  Мұрнынан шаншылу

C)  Он саусағынан бал тамған

  1. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

A)  Су жүрек – жүрек жұтқан

B)  Мойнына су кету – ит өлген жер

C)  Көз жұмды – жүріп кетті

D)  Көзге түртсе көргісіз – тайға таңба басқандай

E)  Шашбауын көтеру – тақиясына тар келу

  1. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

A)  мұрнын шүйіру – дәмелену             D)   сілесі қату - әбден шаршау

B)  сөз беру – таң қалу               E)  сүттей ұйыды – келіспеді

C)  зығыры қайнау - өлу

  1. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

A)  бауыр басу – ақ саусақ

B)  таяқ тастам жер – сүт қайнатым уақыт

C)  екі езуі құлағында – төбесі көкке жету

D)  ит арқасы қиянда – маңдайының соры бар

E)  көз ілмеу – көз шырымын алу

  1. Идиомалық тіркесті табыңыз.

A)  Жазда Асанбай аулы осы төңіректің сай-саласын мекендейді.

B)  Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес.

C)  Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті.

D)  Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.

E)  Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.

  1. Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті табыңыз.

A)  Денсаулық - зор байлық.     D) Оқу инемен құдық қазғандай.

B)  Ештен кеш жақсы.                E)  Көп түкірсе, көл болады.

C)  Сабыр түбі – сары алтын.

  1. "Алыс" мағынасындағы идиомалық тіркесті табыңыз.

A)  ит жеккен       B)  ер қашты              C)  асқар тау

D)  көз аларту                  E)  ат арытып, тон тоздырып

  1. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз.

A)  Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

B)  Аузы күйген үрлеп ішер.

C)  Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.

D)  Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.

E)  Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.

  1. Тұрақты тіркесті тіл білімінің қай саласы зерттейді?

A)  фонетика                    B)  семасиология                   C)  синтаксис

D)  морфология   E)  фразеология 

  1. Идиомалық тіркестер қатарын табыңыз.

A)  ағама жеңгем сай, апама жездем сай, азуы алты қарыс 

B)  кең балақ, жалпы етек,кең дүние тар болу, көлденең сөз 

C)  алақанына түкірді, араны ашылды, ас аш  өзегіне түсті 

D)  жер болу, жер жұту, жер қабу 

E)  аузымен орақ ору,  жел аяқ, өгіз аяң, әпер бақан

«Тұрақты тіркес», «Идиома(лық тіркес)»  тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – D, 2 – A (Су жүрек – қорқақ, жүрек жұтқан – батыр)

3 – D, 4 – C     (Екі тұрақты тіркестің де мағыналары «қуану» дегенді білдіреді.)

5 – B (алты бақан ала ауыз – бірлігі жоқ)

6 – D (инемен құдық қазғандай – қиын)

7 – A (ит жеккен – алыс)

8 – B (Аузы күйген (кім?) үрлеп ішер.)

9 – E, 10 – E   (аузымен орақ ору – бір нәрсені тек сөз жүзінде орындау,  жел аяқ – жылдам жүргіш, өгіз аяң – жай, әпер бақан – есі дұрыс емес.)

«Мақал   мен мәтел», «Нақыл сөз»  тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Кейін пайда болған мақалды табыңыз.

A)  Ерінбесең - емерсің              

B)  Ұрлық түбі - қорлық                         

C)  Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады. 

D)  Сабыр түбі – сары алтын. 

E)  Отан оттан да ыстық.

Мақалға тән ерекшелікті табыңыз.

A)  Бір ғана сөзден тұрады

B)  Құрамындағы сөздер ауыстыруға келеді.

C)  Ой тұжырымдалып, түйінді пікір түрінде айтылады. 

D)  Көпшілікке үндеу мақсатында айтылады.

E)  Авторы белгілі болады.

Мақалдың мағынасын анықтаңыз.         

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.

A)  білім туралы                          D)  үлкенді құрметтеу туралы

B)  ақыл-парасат туралы            E)  ынтымақ, бірлік туралы

C)  тәлім-тәрбие туралы

Уәдеде тұрудың маңызы туралы мақалды табыңыз.

A)  Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.   

B)  Ақылды қария – ағын дария.

C)  Әзіл айтсаң да, әділ айт.

D)  Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

E)  Еменнің иілгені - сынғаны, 

      Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

 

Мақалды табыңыз.

A)  Әкесінің баласы – адамның дұспаны, Адамның баласы – бауырың.

B)  Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес.

C)  Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.

D)  Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. 

E)  Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды.

Мәтелді табыңыз.

A)  Балалы үй – базар.

B)  Отан оттан да ыстық.

C)  Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

D)  Жері байдың – елі бай.

E)  Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

Мәтелдің белгісін табыңыз.

A)  Эмоциялық мағына басым болады.

B)  Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

C)  Ой нақты айтылады.

D)  Үлгі-өнеге түрінде айтылады.

E)  Біріншісі екінші сөйлемінің шарты болып келеді.

Афоризмді табыңыз.

A)  Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

B)  Оқу-білімсіз өнер де жоқ, өнерпаз болу үшін де, ең алдымен, білім керек.

C)  Оқу - білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

D)  Оқу инемен құдық қазғандай.

E)  Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

 

Нақыл сөзді табыңыз.

A)  Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.

B)  Асыл - тастан, ақыл - жастан.

C)  Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

D)  Қына тасқа бітеді, білім жасқа бітеді.

E)  Жемісті ағаш жерге иіліп тәжім етеді.

Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?

A)  мақал              B)  мәтел                    C)  тұрақты тіркес

D)  нақыл сөз       E)  идиома

 

 «Мақал  мен мәтел», «Нақыл сөз»  тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – E  (Отан оттан да ыстық – нақыл сөз. Авторы – Б.Момышұлы. Қазір оны мақал жатқызып жүр.)

2 – C

3 – E

4 – E

5 – D (Қалғандары – А.Құнанбайұлының 37-қарасөзіндегі нақыл сөздер)

6 – E 

7 – A (Мәтелде көбіне эмоциялық мағына басым болады. Кекету, мұқату, сынау, мазақтау сияқты ойды көруге болады.)

8 –B

9 – C

10 – D         

 


 

«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A)  қара тас                      B)  жуас кісі               C)  тас жүрек

D)  терең ойлы     E)  ыстық ықылас

Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A)  Ат арылту      B)  Ат сату                 C)  Ат ойнату

D)  Ат салысу      E)  Ат ізін суытпау 

Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

A)  Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.

B)  Айман оған жылы лебізін білдірді.

C)  Түнгі ауа салқындай бастады.

D)  Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.

E)  Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.

Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз. 

Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.

A)  аспан                           B)  қанат                       C)  құс

D)  қалықтау                    E)  анық

 «Полисемия» деген не?

A)  дара мағыналы     B)   мағынасы жоқ               C)   тура мағына

D)  көп мағыналы                E)   ауыспалы мағына

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

A)  Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар.

B)  Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.

C)  Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.

D)  Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.

E)  Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.

«Суық хабар» - Асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр?

A)  көптен күткен                       B)   сүйініш     C)  қайғылы

D)  қуанышты                  E)  күтпеген

Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

A)  шалғай ауыл              B)  ақ қар                    C)  кең сынып

D)  жазық дала                E)  құрғақ сөз

Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

A)  Қолындағы малын ермек етіп отыр. 

B)  Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.

C)  Оның әжесі көп ертегі білетін.

D)  Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.

E)  Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.

Қай сөйлемде "қара" сөзі ауыспалы мағынада қолданылған?

A)  Олар қара тастан үй тұрғызды.

B)  Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.

C)  Хат қара сиямен жазылыпты.

D)  Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.

E)  Ол бүгін қара костюмін киіпті.

«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – A (жуас кісі – момын кісі, тас жүрек – қатігез, терең ойлы – ақылды, ыстық ықылас – шын ниет)

2 – B (Ат арылту – әуре болу, ат ойнатты – басынды, ат салысу – көмектесу, ат ізін суытпау – жиі келіп тұру)

3 – B  (жылы лебіз білдірді – ілтипат көрсетті)

4 – B, 5 – D, 6 – E (жас шыбық), 7 – C, 8 – E (құрғақ сөз – бос сөз) 9 – D            (жалпақ жұрт – барлық адамдар), 10 – D (қара күш - қатігездік)

 

«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Омоним бола алмайтын бір ғана мағынада қолданылатын қосымшаны табыңыз.

A)  -дай, -дей       B)  -ды, -ді     C)  -ма, -ме

D)  -дық, -дік       E)  -тау, -теу

  1. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A)  қағаз               B)  кітап                     C)  бет

D)  мұқаба                        E)  оқулық

  1. Асты сызылған сөздердің мағыналық түрін көрсетіңіз.

Айналайын қарағым, Бетіңе келмес қарағым.

A)  синоним                     B)  антоним    C)  омоним 

D)  тура мағына   E)  көп мағына

  1. Омонимді табыңыз.

A)  Тал түсте далаға шықты.

B)  Бала бал арасын тамашалады.

C)  Жас шақта уақыттың қадірін біл.

D)  Ол тартпаның тұтқасын тартты.

E)  Ол менің бір аптадан бері нан жемегеніме нанбады.

  1. Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.

A)  Ер мойнында қыл арқан шірімес.

B)  Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

C)  Ананың көзі балада, баланың көзі далада

D)  Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

E)  Көз – қорқақ, қол – батыр.

  1. Антонимді табыңыз.

A)  ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер

B)  іші жылу – көз жұму

C)  аяқ алысы – қолы жүру

D)  табанын жалтырату – қарасын батыру

E)  ат қою – айдар тағу

  1. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.

A)  асқар тау, телегей теңіз        D)   тал түсте, күз мезгілде

B)  кең дала, айдын көл              E)  ала жаздай, қыс бойы

C)  денсаулығы жоқ, ақшасы бар

  1. Антонимді табыңыз.

A)  уақ-түйек, майда-шүйде      D)  азын-аулақ, қым-қиғаш

B)  құт-береке, мәз-мейрам        E)   бұрын-соңды, ертелі-кеш

C)  бүге-шіге, егжей-тегжей

  1. Антоним сөзді табыңыз.

A)  Халық үшін қалтқысыз еңбек ет.

B)  Бүгінде халық құл, қожа болып бөлінбейді.

C)  Әскер беті қызарып сөйлей алмай қалды.

D)  Олар бүгін - ертең келіп қалар.

E)  Олар жол-жөнекей көп тоқтады.

  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.

A)  Ол мейрамдарда көрші-қолаңды аралап кетеді.

B)  Ол баладан бәрін бүге-шінесіне дейін сұрап алды.

C)  Соғыстан кейін бұл жердің астан-кестені шықты.

D)  Кең зал ығы-жығы.

E)  Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды.

 

«Омоним», «Антоним» тақырыптары тақырыбы бойынша 

тест сұрақтарының жауаптары

1 – E (-тау, -теу  - салыстырмалы шырай жұрнағы. Қалғандары ең аз екі түрлі жерде кездеседі. Мысалы, -ды, -ді: 1) табыс септік жалғауы (суды (нені?) ішті); 2) Жедел өткен шақ жұрнағы (оқыды (не істеді?)); 

2 – C (бет: 1) адамның беті; 2) кітаптың беті)

3 – С, 4 – Е (нан: 1) бидайдан жасалған тағам түрі, 2) сену)

5 – E (қорқақ – батыр),  6 – E,  7 – E (жаз бойы – қыс бойы)

8 – E, 9 – B (құл – қожа), 10 –E (ыстық – суық)

«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

A)  байсалды, байыпты              D)  ағайын, туыс

B)  шалғай, қашық                      E)   көмескі, ескі

C)  сәт, мезет

  1. “Ауру” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

A)  дауа, шипа, ем                       D)   соқырішек, аққан, қышыма

B)  айна, әйнек, терезе    E)  медбике, дәрігер, дәріхана

C)  мерез, сырқат, кесел

  1. Төмендегі тіркестер қай топқа жатады? Қырық пышақ, қырғи қабақ

A)  синоним                     D)  тура мағына

B)  омоним                       E)  ешбіріне жатпайды

C)  антоним

  1. Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды?

A)  ауыл-аймақ, көрші-қолаң

B)  бірен-саран, бірлі-жарым

C)  анда-санда, оқта-текте

D)  аман-есен, сау-саламат

E)  құрбы-құрдас, жора-жолдас

  1. Синонимді табыңыз.

A)  Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.

B)  Ол жазушылық өнерге өте жас кезінен бастады.

C)  Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі.

D)  Қауіп бар жерде қатер бар.

E)  Дауылдан кейін тыныштық орнаған.

  1. Синоним сөйлемде қай сөйлем мүшесі болып тұр?

Исекең Бекболаттың ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын көрсететін мысалдар келтіреді.

A)  бастауыш       D)  пысықтауыш

B)  анықтауыш    E)  баяндауыш

C)  толықтауыш

  1. Метафораны табыңыз.

A)  Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ.

B)  Бұл - әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл.

C)  Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды.

D)  Гималай – көктің кіндігі, Гималай – жердің түндігі.

E)  Қазақстан – республикам менің.

  1. Метонимияны табыңыз.

A)  Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш!

B)  Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапқанға.

C)  Қап-қара, мөп-мөлдір, тұп-тұнық көзіңді-ай!

D)  Қыңыр болды не керек,- болайын деп болды ма?

E)  Торғын төсін тосады таңға жайып...

  1. Синекдоханы табыңыз.

A)  Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?

B)  Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға, жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.

C)  Мен – тауда ойнаған қарт марал.

D)  Хан емессің, қасқырсың.

E)  Қайран батырым-ай! Арыстандай ерім едің-ау!

  1. Асты сызылған сөздер қандай сөздің орнына жұмсалып тұр?

Оның қорасында бес-алты тұяғы ғана бар.

A)  байлық                       D)  аң-құс

B)  аяқ                  E)  тауық

C)  мал

 

«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша 

тест сұрақтарының жауаптары

1 – E («көмескі» сөзі «бұлыңғыр» деген мағына береді)

2 – C

3 – A («Қырық пышақ, қырғи қабақ» – тұрақты тіркестернің мағынасы бірдей,  «ұрысу»)

4 – A 

5 – D (қауіп, қатер)

6 – C (ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын(нені?))

7 – D (Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап тұр.)

8 – B (Абай болыстың жанұясын, туған-туыстарын түгел тізіп жатқан жоқ, бәрін үйі деген бір сөзбен ғана жеткізген.)

9 – A (Адамның орнына сақалы ғана алынған.)

10 – C


 

«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Біріккен сөзді табыңыз.

A)  Талдықорған  В) Ашық ауыз адам  С)        Бес дәптер

D)  Қоңыр ала      Е) Тісін қайрады

Дара сөзді табыңыз.

A)  Тізесін бүкті  В) Әкімшілік             С) Бес жүз 

D)  Отыз бестерге Е) Жақсы көру

Күрделі сөзді табыңыз.

A)  Қолын жуды                          D) Жығылып қала жаздады

В)  Миллионның жартысы         Е) Ол отырды

С)  Жарақаттану

Кіріккен сөзді табыңыз.

A)  Мөлдір су                               D) Қазақстан Республикасы

В)  Ақыр заман орнату               Е) Қабағынан қар жауды

С)  Күздігүні

Қысқарған сөзді табыңыз.

A)  Көз шырымын алды  D) Оқуды үздік оқиды

В)  Әлек салды                            Е) педколледжді бітірді

С)  Кетіп бара жатыр

Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A)  АҚШ-қа                     В) медбикеге             С) ТМД-на

D)  БҰҰ-ны                      Е) см-ден

Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз.

A)  ағалы-інілі     В) басқа-басқа                       С) жекпе-жек

D)  оқта-текте      Е) жап-жасыл

Туынды сөзді табыңыз.

A)  Жазып отыр                           D) Қуыс мойын

В)  От ала келу                            Е) Сіздің ойыңыз

С)  Жиналысқа қатысу

Қайталама қос сөзді табыңыз.

A)  балапандар    В) бала-шаға  С) анда-санда

D)  бетпе-бет       Е) киім-кешек

Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A)  балалар                       В) қалалық     С) жауырын

D)  қауырсын       Е) дауыл

 

«Сөз құрамы» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  A (Талды+қорған)

2 –  B 

3 –  D ("Жығылып қала жаздады" – күрделі етістік)

4 –  C ("Күздің күні" деген сөздің әріптік өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған, сондықтан ол кіріккен сөз деп аталады.)

5 –  E (педагогикалық колледж (бірінші сөздің бірінші буынының қысқаруы  мен келесі сөздің толық алынуынан жасалған))

6 –  C (дұрысы: ТМД-ға)

7 –  D 

8 –  C (Жина – л – ыс (– л – ыс – жұрнақ))

9 –  D ("бетпе-бет" қос сөзі "бет" сөзінің қайталануы арқылы жасалған)

10 –     B ("-лық" – жұрнақ)


 

«Қосымша» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. кергеКөптік жалғауынсыз көптік ұғым беретін сөзді белгілеңіз.

A)  құм, қымыз    В) дәптер, біз             С) әркім, өзен

D)  келу, бөкен    Е) қазақ, ақын

Жай септеу үлгісіндегі сөзді белгілеңіз.

A)  Әділдігі                      В) Кітабымды                        С) Сәніңізге

D)  Баламның      Е) Адасқанның

Табыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.

A)  барады                        В) құлды                                С) асыранды

D)  ағызды                        Е) оқыған-ды

Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.

A)  кең маңдайлы В) екеуле                                С) тыңайтқыш

D)  үйшік              Е) бірге

Қай тіркесте септік жалғауы жасырын тұрған жоқ?

A)  тіл ұстарту     В) өнер шашпақ                    С) сөзді ұғу

D)  ой байлығы    Е) алма ағаш

Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты табыңыз.

A) -лар,-лер,-тар В) -ның,-нің-дың      С) -ым, -ім, -м

D) -нікі,-дікі,-тікі Е) -мын,-сыңдар,-мыз

Жіктік жалғауының көпше түрінің I жағын көрсетіңіз.

A)  Онда кеше барғанбыз.

В)  Орманға еніп бір-ақ тынықты.

С)  Неткен жақсы едің!

D)  Таратып ап кетіңдер анау үйлеріңді.

Е)  Сен Асанның кіші баласысың ба?

Ортақ тәуелдеу үлгісіндегі сөзді табыңыз.

A)  Өлеңім – менің бөбегім.

В)  Байлықтың атасы – еңбек.

С)  Баламызға доп алдық.

D)  Ердің көркі – ел. 

Е)  Аталарымның өнегесі 

  1. Оңаша тәуелдеуді көрсетіңіз.

A)  Дәптер біздікі                                    D) Оларға тапсырылған

В)  Сендердің жұмыстарың       Е) Мен жазыппын

С)  Оның өзі

Сөз тудырушы жұрнақты табыңыз.

A)  айтқалы, жаза                                    D) әкей, еркежан

В)  балгер, тарсыл                       Е) көрпеше, түйіршік

С)  көрсе, естір

 

«Қосымша» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  A, 2 –       E 

3 –  B (бара-ды – жіктік жалғауы, ағыз-ды – жедел өткен шақ жұрнағы, асыра-нды – жұрнақ, оқыған-ды – нақтылау мәнді демеулік)

4 –  D ("-шік" жұрнағы жаңа сөз тудырып тұрған жоқ, сөздің мағынасын аздап түрлендіріп тұр.)

5 – C   (тіл-ді ұстарту, өнер-ді шашпақ, ой-дың байлығы, алма-  

          ның ағаш-ы

6 –  D, 7 –       A (біз барған-быз)

8 –  C (Біздің баламыз)

9 –  C, 10 –      B (бал-гер, тарс-ыл)


 

«Зат есім» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Дара зат есімді көрсетіңіз.

A)  тұрған                        B)  оқу                        C)  тасбақа 

D )  қиял               E)  ата-ана

Күрделі зат есімді табыңыз.

A)  Зейін              B)  Білгіш                   C)  әдеп-ғұрып

D)  Самғау                       E)  Бос

Жалпы есімді белгілеңіз.

A)  “Абай жолы” B)   Құлагер    C)  Балқаш

D)  “Жас Алаш”  E)  Тау

Негізгі зат есімді белгілеңіз.

A)  күнделік                     B)  көркем      C)   ұлық

D)  қол                              E)   ұғу

Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

     Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

A)  сын есім                     B)  зат есім    C)  үстеу

D)  етістік            E)  еліктеу

Деректі зат есімді анықтаңыз.

A)  тас                              B)   шабуыл    C)  дәулет

D)  азап                E)  ар-ұят

Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

A)  алтыбақан      B)  жер                       C)  даңқ

D)  дария              E)  жусан

Зат есімнің рең  мәнін тудыратын жұрнақтары табыңыз.

A)  -лық, -дық      B)  -жан, -еке C)  -ғы, -гі

D)  -ым, -ім                      E)  -к, -ік

 

Жанама толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

A)  Олар найманды шүйелемей қоймас.

B)  Су ағуын, жел соғуын тоқтатып, даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.

C)  Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы – желтоқсан оқиғасы.

D)  Ол өзінің ағасына хат жазды.

E)  Ана тілі ғасырлар бойында жасала да, жасара да береді.

Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.

A)  Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.

B)  Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

C)  Адам  ұлы адамша өмір сүрсін.

D)  Үстінде шетін кестелегн ақ көйлек, қызыл пүліш камзол.

E)  Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

 

«Зат есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 –  D

2 –  C

3 –  E

4 –  D

5 –  D (күре-к: күре – етістік)

6 –  A

7 –  C

8 –  B (бала-жан, бас-еке)

9 –  D (ағасына – кімге?)

10 –     B (Алатау)

 


 

«Сын есім» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышты табыңыз.

А) Ілім-дария көл, надандық-сусыз шөл.

B) Жаманға сөз айтсаң, ақыл таппас жауап айтады.

С) Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.

D) Ердің атын еңбек шығарады.

Е) Жаман өз үйінде өзі қонақ.

Анықтауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді табыңыз.

А)  Сәтжанның қабағы қатулы.

B)  Омар сабақты жақсы оқиды.

С)  Қоңыр шашының арасынан бас құйқасы көрінеді.

D)  Бірі – сұлу, бірі – мықты, бірі – жүйрік. 

Е)  Адам – тастай берік, гүлдей нәзік жаратылыс.

Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз.

А) Керегетастың азу-азу, ирек-ирек тас биіктеріне күн сәулесі ілінді.

B) Күздің әдемі күні туып келеді.

С) Ақшыл бұлттан аспан ашылды.

D) Зейнеп-көргенді, тәрбиелі қыз.

Е) Жан-жақтан көк шалғынның, жусанның иісі аңқиды.

Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.

А) Арман-адам қанаты.

B) Көрмес-түйені көрмес.

С) Айла-алтау, ақыл-жетеу.

D) Көне сөз-жаңа сөздің қазығы.

Е) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

А) Әуе тұп-тұнық, жібектей жұмсақ.

B) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.

С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.

DЖуас торы ат үріккен жоқ.

Е) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.

“Көкпеңбек, аппақ” сөздері қай шырайда қолданылып тұр?

А) жай шырай                             D) шырайы жоқ

Bасырмалы шырай                   Е) салыстырмалы шырай

С) күшейтпелі шырай

Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Өнерлі бала сүйкімді.           D) Халық сөзі – қаһарлы.

B) Көп сөз – күміс.                     Е) Отан – оттан да ыстық.

С) Ел жасымен көрікті.

Туынды сын есімді табыңыз.

A) жылтыр                      B) биік                        C) момын

D) кенді               E) жұмсақ

Дара сын есімді тіркесті табыңыз.

A) хош иісті зат               B) аппақ қар  C) киім тазаланды

D) көгілдір аспан             E) теп-тегіс жол

Негізгі сын есімді табыңыз.

A) түртіншек       B) батыл                     C) шыдамды

D) адам                E) рухани

 

«Сын есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 –  B  2 –     E    3 – A    4 – E    5 – B

6 – C   7 – B    8 – D,     9 – D   10 – B    

«Сан есім» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Күрделі сан есімді табыңыз.

А)  мыңдап                      В)  елулерде               С)  жүз

D)  екеу                Е)  екі бүтін оннан үш

  1. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

А)  он оннан                    В)  отыз қырықтарда С)  екеу үшеу

D)  төрт мың       Е)  үш төрт

  1. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

А)  бастауыш       В)  баяндауыш                       С)  толықтауыш

D)  анықтауыш    Е)  пысықтауыш

  1. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы? 

А)  есептік                       В)  реттік                                С)  жинақтық

D)  бөлшектік      Е)  топтау

  1.  «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.

A)  екі                               B)  он сегіз                 C)  жиырма алты

D)  он                               E)   мың

  1. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

A)  X-сынып        B)  2004-жылы                       C)  24-қараша

D)  1-інші үй                    E)  3-алма алды

  1. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп.

В) Екі жастың қуанышы тойланды.

С) Сіз бірінші орынға адамзаттың  қара күшін қойдыңыз.

D) Екеуіне сүйсінумен өтермін.

Е) Ән айтатын өнерпаздар – осы үшеуіміз.

  1. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?
  2. 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген.
  3. Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.
  4. Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.
  5. 30-40-тай адам жиналған екен.
  6. Біз 2-еу едік.
  7. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
  8. Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар.
  9. Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.
  10. Арада жыл жарым өтті.
  11. Бір үйден он бес – жиырмадан мал өреді.
  12. Мен 11-сыныпта оқимын.
  13. Сан есім қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқарады.

А)  Барыс, табыс, жатыс, шығыс септіктері тұлғасында

В)  Заттанып, ілік септік жалғауы тұлғасында

С)  Заттанып, атау септік тұлғасында

D)  Жіктеліп не көмекші етістікпен тіркесіп

Е)  Етістіктің алдында келіп

 

«Сан есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  E,     2 – D,     3 – D,      4 – E,     5 –  C 

6 –  D,    7 – E,      8 – D,      9 – A,    10 – E

 


 

«Есімдік» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.

A)  Күллі, барша, тегіc 

B)  Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз

C)  Қашаннан? қайсысы? неңіз? 

D)  Әркім, қайсыбір, ешқашан

E)  Мынау, осыңыз, соным

Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

А)  Олар жиналысқа түгел қатысты.

В)  Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.

С)  Оның ағасы ешкімге тиіспейді.

D)  Бұлардың ойы іске аспады. 

Е)  Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.

Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A)  Ешкімге тіл қатушы болма. 

B)  Саған тай сатып әперемін.

C)  Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.

D)  Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің  дұшпаны.

E)  Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.

Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.

A)  Кіміңіз? несі?                                    D)   Өздерің, өзіңіз

B)  Бұнысы, мынауымыз           E)  Барлығынан, бәрінің

C)  Соның, анаған 

Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?

А)  әркім, кейбіреу, әлденеше  D)   біреу, ешбір, қайсыбір

В)  олар, мен, біз                                        Е)   бәрі, түгел, барша

С)  кім, қашан, неше

Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.

A)  Еш уақытта, еш қашан         D)  Кей ағаң, кей біреу

B)  Әлде кім, әр адам                 E)  Бүтін, еш теңе 

C)  Әркім, ешқайда

Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

A)  толықтауыш  B)  баяндауыш           C)  пысықтауыш

D)  бастауыш       E)  анықтауыш

Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

A)  Бірнеше                     B)  Саған                    C)  Дәнеңе

D)  Әлдекім                     E)  Түгел

Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.

A)  Осынау                      B)  Оған                      C)  Әрне

D)  Кейбіреулер  E)  Ештеңе

Дұрыс септелген есімдікті табыңыз. 

А)  менге              В)  сенмен                  С)  сода

D)  бұдан             Е)  сеннің

 

 «Есімдік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 – D   (Әр+кім, қайсы+бір, еш+қашан)

2 – A   (түгел – қалай?)

3 – D    (күллі)

4 – B, 5 – D (біреу,қайсыбір–белгісіздік, ешбір – болымсыздық)

6 – C, 7 – C, 8 – C, 9 – B        

10 – D (маған, сенімен, сонда, сенің)                      

 


 

«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Құранды етістікті табыңыз.

А)  уәде бер                     В)  айта бар                С)  келе сал

D)  айтып сал       Е)  барып қал

  1. Туынды түбір етістікті табыңыз.

А)  қараған                       В)  байымайды                      С)  кеспейді

D)  қадалды                      Е)  батырыпты

  1. Негізгі түбір етістікті табыңыз.

A)  ойлан              B)   сана                                  C)  шақыр

D)  тазала             E)  басқар

  1. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

А)  салт                В)  сабақты                С)  құранды

D)  көмекші                     Е)  болымсыз

  1. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсетіңіз.

А)  салт                В)  сабақты                С)  болымсыз

D)  көмекші                     Е)  құранды

  1. Болымсыз етістікті табыңыз.

А)  Қалам бар(ма).          D)  Қызық жарна(ма).

В)  Бұл - шығар(ма).       Е)  Атым Ал(ма)

С)  Сабақтан қал(ма).

  1. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?

A)  болымды етістік        D)  негізгі етістік

B)  күрделі етістік           Е)  туынды етістік

C)  болымсыз етістік

 

  1. Болымды етістікті табыңыз.

A)  Бет қаратар емес.

B)  Жалған айтып суыспа.

C)  Енді топтың ішін көрмек емес.

D)  Жүйрік алысқа шабады.

E)  Енді бұлай істемегейсің.

  1. Күрделі етістіктің қатарын белгілеңіз.

A)  балтала, ойлан, ақылдас

B)  жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады

C)  жүре бер, әуре-сарсаңға түсті, әперді

D)  көңілден, ағар, үшеуле

E)  жаздыртты, оқытты, сөйлесті

  1. Сабақты етістікті табыңыз.

A)  Келгеніне қатты қуанып еді.

B)  Дала тіршілігі басталғалы тұр.

C)  Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.

D)  Ғарышкер болғысы келеді.

E)  Тәжірибесін үйретумен келеді.

 

«Етістіктің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 –  A, 2 –       B (бай-ы)

3 –  C (ой-лан, сан-а, таза-ла, бас-қар)

4 –  B, 5 –       D 

6 –  C, 7 –       C 

8 –  D 

9 –  C (алып берді / әперді.)

10 –     E


 

«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз.

А)  -қан     В)  -атын                    С)  -ып

D)  -ды                  Е)  -а

  1. Қай қосымша жіктелмейді?

А)  -атын  В)  -ғалы                     С)  -ған

D)  -ар                   Е)  -мақ

  1. Ауыспалы өткен шақ жасайтын есімшенің жұрнағы қайсы?

A)  -атын  B) -ған            C) -ар

D)  -мақ    E) -с

  1. Көсемшелі сөз тіркесін табыңыз.

A)  айтқалы келді                                    D) айта салды

B)  жазбақ екен                           E) жаза тұр

C)  айтып берді

  1. Көсемше жұрнақтарының қатарын табыңыз.

A)  -ған, -ген, -қан, -кен  D)  -е, -іп, -ар, -ер

B)  -а, -ып, -ғалы, -й                    E)  -с, -атын, -гелі, -п

C)  -атын, -етін, -р

  1. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін табыңыз.

A)  Келгелі, үйренгелі                D)  Табатын, үндемес

B)  Айттым, қалдым.                  E)  Барған емеспін, келер еді

C)  Бітіпті, тозады

  1. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A)  Аяқта, ұқ                                D)  Көргенің, айтарым          

B)  Бұзар, шабар                          E)  Жазым, басылым

C)  Егер, ендеше

  1. Есімшенің қысқарған түрін табыңыз.

A)  Көрмес – түйені де көрмес.

B)  Мен отырман билерше бос мақалдап.

C)  Мен келем тау ішінде түнделетіп.

D)  Алаған қолым береген.

E)  Қазіргі уақытта көреген кісілер аз.

  1. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.

A)  Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі.

B)  Туған жердей жер болмас.

C)  Ел аралаған сыншы болар.

D)  Ат айналып қазығын табар.

E)  Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.

  1. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.

A)  Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты.

B)  Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.

С)  Тарантас зырлап келеді.

D)  Жанар орнынан тұрып, қонақтарды қарсы алды.

Е)  Жел басылып қалған екен.

 

«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – C,               2 – B   

3 – A,  4 – A   (қалғандары сөз тіркесі емес)

5 – B,               6 – C   

7 – D,  8 – B   (отырмаспын – отырман)

9 – C,               10 – B (сөйлей-сөйлей – қалай?)                             


 

«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?

A)  Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.

B)  Мен сабаққа дайындалдым.

C)  Олар ертең балық аулауға бармақшы.

D)  Ол үйде жалғыз отыр.

Е)  Ол ертең келеді.

  1. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
  2. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
  3. Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.
  4. Кешке алтыбақан құрамыз.
  5. Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді.
  6. Көрмес – түйені де көрмес.
  7. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті табыңыз.

А)  Марат маған айтып тұрды.

В)  Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.

С)  Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.

D)   Салтанат сабақ  түсіндіріп тұр.

Е)  Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ.

  1. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

A)  Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

B)  Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.

C)  Кешке алтыбақан құрамыз.

D)  Олардың ақылдығына, білімділігіне піріндей сенеді.

E)  Атасы бәрін түсінетін.

  1. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.

А)  айтып тұрды   D)   оқымай жүр

В)  алып жүрген   Е)   сурет салып отырмақшы

С)  бара жатыр еді            

  1. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

А)  сөйледі            В)  сөйлеген   С)   сөйлер

D)  сөйлейді                      Е)   сөйлеп отыр

  1. Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.

A)  жеткізер                      B)  жеткізген C)  жеткізетін

D)  жеткізеді                     E)  жеткізді

  1. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.

A)  қадірледі                     B)  қадірлейтін          C)  қадірлеген емес

D)  қадірлейді       E)   қадірлепті

  1. Қалып етістігін табыңыз.

А)  жүр                 В)  е                            С)  ет

D)  де                                Е)  кел

  1. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

A)  танысқан екен                       B)  танысты   C)  танып тұрмын

D)  таниды                                   E)  танитынмын

 

«Етістіктің шақтары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 –  A  2 – A   

3 –  D  4 – C   

5 –  D  6 – C   

7 –  E               8 – B   

9 –  A  10 – A             


 

«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

A)  Бір көрсем, арманым болмас еді.

B)  Содан кейін мені бір сына.

C)  Өзің білесің, біз момақан шаруамыз.

D)  Теңді шештірме, үйге де әбігер болма.

E)  Тамақ жегім келмей тұрғаны.

  1. Қай сөйлемде бұйрық рай қолданылып тұр?

A)  Оның қазақ тілін үйренгісі келеді.

B)  Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер.

C)  Менің дәптерімді табыңдар.

D)  Олар үйге ертерек жетсін.

E)  Күн жылы болса, тауға шығамыз.

  1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

A)  Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.

B)  Үйге тезірек келсейші.

C)  Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.

D)  Қазір демалыс болса ғой!

E)  Жазсам, бітіріп тастаймын.

  1. Қалау райды табыңыз.

A)  Тез жазып бітір.

B)  Бүгін бізге келерсің.

C)  Үйге ертерек барса игі еді.

D)  Жазса, тез бітіреді.

E)  Оған айт, үйге тез жетсін.

  1. Бұйрық райдың III жағын табыңыз.

A)  табыңдар        B)  түсініңіздер                     C) үйренгісі келеді

D)  жетсін            E)  ұнатты

  1. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?

A)  шартты рай    B)  ашық рай             C)  ешбірі

D)  қалау рай       E)  бұйрық рай

  1. Қалау райлы етістікті табыңыз.

A)  толқыса                      B)  алса игі еді                       C)  оқысаңыз

D)  айтсаңшы       E)  көрген

  1. Қалау райдың қосымша жасалу жолын көрсетіңіз.

A)  -ғай, -қай                    B) -мақ, -бақ              C) -са, -се

D)  -сын, -сін                   E) -ған, -қан

  1. Шартты райды табыңыз.

A)  Қазір әкем келсе ғой!           D) Келгісі келсе, келсін.

B)  Бүгін үйге келсеңізші.          E) Қап, сонда айтсамшы.

C)  Тезірек жазып болсай.

  1. Қалау, ниет сияқты ойды білдіретін бұйрық райды табыңыз.

A)  Тезірек болсайшы!               D) Түсте асханаға барайын.

B)  Кел, балалар, оқылық!          E) Маған көмектесіңізші.

C)  Айтып болдыңыз ба?

 

«Етістіктің райлары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  A  2 – C               3 –  E               4 – C   

5 –  D  6 – B               7 – B               8 – A   

9 –  D  10 – D             

 


 

«Етіс», «Тұйық етістік» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай етістің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

А)  өзгелік                        В)  өздік                     С)  ырықсыз

D)  ортақ              Е)  ешбірі

Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.

А)  -ар, -ып, -ыр              В)  -т, -с, -л    С)  -а, -е, -й

D)  -ғыз, -ған, -ғалы        Е)  -р, -с, -п

Қай етісте іс-қимыл өздігінен орындалғандай болады?

А)  ортақ              В)  өздік                     С)  өзгелік

D)  ырықсыз                    Е)  ешбірі

Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.

A)  -ын, -ін, -н      B) -ыл, -іл, -л C) -ыс, -іс, -с

D)  -дыр, ­­­­-гіз, -т   E) -ған, -ар, -с

Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.

A) Тасыу              B) Кепу                      C) Жуу

D) Жайу               E) Суыу

Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.

А)  жуыу              В)  байыу                   С)  кею

D)  сыйу               Е)  төку

Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.

A)  Алғысын жаудырды.

B)  Қасиетті туған жерді көркейт.

C)  Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.

D)  Жиналыс өткізілді.

E)  Тайынбаған тауды жығады.

Қимылдың атын білдіретін, шақпен, жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсетіңіз.

A) Тұйық етістік                         D)   Көмекші етістік

B)  Сабақты етістік         E)  Болымды етістік 

C)  Құранды етістік        

Етіс нені білдіреді?

A)  Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.

B)  Іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды.

C)  Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.

D)  Шақпен, жақпен баланысты болмай, қимыл іс-әрекеттің атын білдіреді.

E)  Әрі есім, әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.

Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз. 

А)  Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.

В)  Арақты сатпау керек.

С)  Темекі шегу денсаулыққа зиян.

D)  Нанды жерге тастауға болмайды.

Е)  Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.

 

«Етіс», «Тұйық етістік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 –  A  2 – B               3 – D               4 – D   

5 –  C  6 – C               7 – D               8 – A   

9 – B                10 – C             


 

«Үстеу» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.

A) Бүгін келдім                           D) Балаша сайрады

B) Кеше бардым                          E) Шикілей әкелді

C) Әрең көтердім

  1. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз.

A) Өте үлкен екен                      D) Қыруар жұмыс істедік

B)  Ілгері жүрді                           E) Бүрсігүні аттанды 

C)  Әрең ұйықтады

  1. Мекен үстеуін көрсетіңіз.

А) Алға қадам басты                  D) Амалсыздан үйіне жүрді

B) Әрең- әрең бара жатты         E) Қолма- қол тапсырды

C) Қасақана істеген

  1. Мақсат үстеуін табыңыз.

А) Әлгінде, емін- еркін              D) Тысқары, мұнда

B) Орасан, әжептәуір                 E) Амалсыздан, бе

C) Жорта, әдейі

  1. «Тым, ең, кілең» үстеулері үстеудің қай түріне жатады?

А) Мекен үстеуі                          D) Мақсат үстеуі

B) Мезгіл үстеуі                         E) Себеп- салдар үстеуі

C) Күшейткіш үстеуі

  1. Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.

А) Сұңқардайын, осылай           D) Жаздыгүні, күн ұзаққа

B) Биыл, соншалық                    E) Қапыда, текке

C) Әрең-әрең, қыстай

  1. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуін табыңыз.

A) Поездан әдейі түсіп қалдым.

B)  Күндіз де, түнде ол Барластың қасынан шықпайды.

C)  Соншама қандай қуаныш?!

D) Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс ете түсті.

E)  Ыза кернеп зорға тұрмын.

  1.  «Қалай қарай?» сұрағы қай үстеуге тән?

А)  мақсат                                    B)  мезгіл                    C)  мекен 

D)  қимыл - сын              E)  мөлшер

  1. Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз.

А)  -дай                B)  -даған                               C)  -ың

D)  -ғыр                E)  -дық

  1. Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз.

А) Қашаннан?     B) Қаншама?             C) Қайдан?

D) Кімше?                       E) Қандай?

 

«Үстеу» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  A (бүгін – бұл+күн)

2 –  D (Бүрсігүні – қашан?)

3 –  A (Алға – қайда?)

4 –  C  5 – C               6 – E                7 – E    (зорға – қалай?)                     

8 –  C  9 – A   (бала-дай – қалай?)   

10 – B              


 

«Еліктеу сөз», «Одағай» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Одағайға тән ерекшелікті табыңыз.
  2. Басқа сөздермен байланысқа түспейді.
  3. Сөз бен сөзді байланыстырады.
  4. Қимыл, іс әрекеттің белгісін білдіреді.
  5. Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейді.
  6. Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.
  7. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) – Сауға, – деді саңқ етіп.

B)  Қараторғай көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.

C)  Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң-тозаңға толып кетті.

D) Шаңқ еткен мылтық түтінінің ішінде Ұрқия да, қабан да көрінбей кетті.

E)  Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі.

  1. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз.

А) Үрінді қарды борт-борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.

В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр-сылдыр етеді.

D) Алаң да алаң, алаң жұрт,  ақала ордам қонған жұрт.

Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.

  1. Шақыру одағайын табыңыз.

А)  Ойпырай.       В)  Түу                        С)  Шөре-шөре

D)  Беу                             Е)  Тәйт

  1. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А)  Тек                             В)  Мәссаған  С)  Құрау-құрау

D)  Айт                 Е)  Қош-қош

  1. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз. 

Қашан үйге жеткенше, артына жалтақ-жалтақ қарайды.

А) Баяндауыш     В) Толықтауыш         С) Анықтауыш

D) Бастауыш       Е) Пысықтауыш

  1. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А)  Тарс               B)  Сыңғыр    C)  Жалт-жұлт 

D)  Арс-арс                      E)  Шаңқ

  1. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?

A) Уау         B) Әйда        C) моһ - моһ

D) Әттең     E) Қане        

  1. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз.

A) -ын, -ін, -н, -ыл, -іл                D) -ғы, -гі, -қы, -кі, -к

B) -аң, -ең, -ың, -ің, -ң                E) -ыра, -іре, -ғыр, -гір

C) -ыс, -іс, -с, -ым, -м

  1. Жекіру одағайын белгілеңіз.

А)Көс                   В)Шіркін-ай  С) Уһ  D) Пәлі           Е) Жә

 

 «Еліктеу сөз», «Одағай» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 –  A  2 – E    (арс-ұрс, шәу-шәу)

3 – B                4 – C   ("Шөре-шөре" деп ешкі малын шақырады)

5 – B                6 – E (жалтақ-жалтақ – қалай?)

7 – C                8 – D               9 – B               10 – E              

«Шылау» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай сөзде «-ды» нақтылау мәнді демеулік шылау болып  тұр? 

A)  Қараған (ды) жер                  D)  Әуелі қатты қысыл (ды)

B)  Ол көргенін айтқан (ды)      E)   Бар (ды) бағалай біл

C)  Бала қаз (ды) қуды

  1. «Оның кітабы соғыс туралы ма екен?» - Сөйлемінде қандай шылаулар қатысқан?          

А)  жалғаулық-демеулік                        D)  демеулік-септеулік

B)  септеулік-демеулік               E) септеулік-жалғаулық

C)  жалғаулық-септеулік

  1. Нақтылау мәнді демеуліктерді табыңыз.

A)  ма, ме, ба, ше                                    D)   түгіл, тұрсын, тұрмақ

B)  -ақ, -ау, -ай, да                                  E)    ғана, -мыс,-міс 

C)  -ды, -ді, ғой, қой

  1. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.

А)  әрі, бері, гөрі                                     D)  мен, бен, пен

B)  не, я, да                                              E)  қой, ғана, ше

C)  -ды, -мыс, -ау

  1. Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.  

A)  Толық лексикалық мағынасы болмайды.

B)  Түрленбейді.

C)  Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді. 

D)  Сөйлем мүшесі бола алмайды.

E)  Сөзді байланыстырады, не сөзге қосымша мән үстейді.

  1. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

A) Оның сөзінен өкініш те, ыза да сезіледі. 

B) Біз де естіп, қуанып жатырмыз.   

C) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.  

D) Айып менде екені рас.

E) Екі-үш күнде әзер жеттік.

  1. Шектеу демеулігін табыңыз.

А)  Бұрын бір шал болыпты-мыс.

B)  Ол үйіне ерте келген-ді.

C)  Қоңырау соғылып қалса ше?

D)  Ол түгіл мені таныған жоқ.

E)  Мен-ақ сабаққа бармадым.

  1. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.

А)  Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.

B)  Ол тәрбиелі әрі жігерлі.

C)  Ол Маратқа да алма берді.

D)  Тек кейде бұршақ жауады.

E)  Сол сияқты балалар өте көп.

  1. Себеп-салдар шылауды табыңыз.

А)  Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық.

B)  Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды.

C)  Олар біресе ойнайды, біресе отырады.

D)  Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.

E)  Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.

  1. Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?

А)  Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.

B)  Ертеңге дейін барып қалармын.

C)  Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.

D)  Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?

E)  Қыста қар жаумаса ше?

 

 «Шылау» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  B  2 – B (туралы – септеулік / ма – демеулік)

3 – C                4 – A               5 – C               6 – B (де)

7 – E (-ақ)       8 – B (әрі)       9 – B (сондықтан)

10 – C (туралы / кейін / де)              


 

«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.

A)  Ел арасына сыйлы                D)  Жыл сайын толықты

B)  Ұлттық ойын ойнайды         E)  Өмірдің мәнін түсінді

C)  Ақылды сөз айтылды

  1. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

A)  Желмаяға міну                      D)  Ашық аспан

B)  Өмір үшін күресті                 E)  Ғылымды игеру

C)  Өмірдің мәнін түсінді

  1. Матасуды табыңыз.

A)  Төребек үйі                            D)  Жайын айтты

B)  Ашынған әйел                       E)  Өзі келді

C)  Күн сайын күтті

  1. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

A)  Шарықтап тұр                                   D)  Тоқыма белбеу

B)  Балаға қара                            E)  Қызық кітап

C)  Оқушының жабдығы

  1. Қабысуды табыңыз.

A)  үйінің қасына жетті              D)  дүниенің өзгерісі

B)  халықпен бірге жасайды      E)  қиыннан қиыстыру

C)  қара торы бала

  1. Жанасуды табыңыз.

A)  жұп-жұпқа бөліну                 D)  алма алдырыпты

B)  ғалымдардың пікірі              E)  ешкімге соқтықпау

C)  бірте-бірте ашылды

  1. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?

A)  Тоғыз адам – қабысу            D)  Біздің Жамбыл – матасу

B)  Оқуға лайық – меңгеру        E)  Хат жазу – меңгеру

C)  Кең бөлме – жанасу

  1. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?

A)  Қиысу             B)   Меңгеру               C)  Матасу 

D)  Қабысу                       E)  Жанасу

  1. Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз.

A)  Ерекше мінез B)  Ол сұрасын                      C)  Әзер жетті

D)  Әлді адам       E)   Отан үшін аянба 

  1. Интонация арқылы байланыс көрсетіңіз.

A)  Өнер қуу                    B)  Ақ қайың             C)  Өмірді сүю

D)  Сенімді ақта  E)  Бұл – жігіт

 

 

«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  D  2 – D               3 – A               4 – B   

5 – C                6 – C               7 – C   (Кең бөлме – қабысу)

8 – A               9 – B   (Ол сұра-сын – жіктік жалғауы)

10 – E              


 

«Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?

A)  Айтқаның есімнен шығып кетті.

B)  Дұшпанның салы суға кетті.

C)  Науқастың беті бері қарады.

D)  Көзіне көк шыбын үймелететінін айтып салды.

E)  Бізге тісін қайрап жүр.

  1. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?

A)  Зат, құбылыстың атауы болу керек.

B)  Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.

C)  Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.

D)  Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлдеп түсіндіреді.

E)  Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.

  1. Бірыңғай есімді сөз тіркестерін табыңыз.

A)  Үлкен үй, үйді көру.

B)  Жолдасын шақыру, менің үйім

C)  Сабаққа дайындалу, жаттап алу

D)  Сыйлық алу, үздік оқушы

E)  Мөлдір су, оқуға ынталы.

  1. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.

A)  Бұлардың жағдайлары         D)  Ғалымнан басқа

B)  Балуанмен күресті                E)  Асығып сөйледі

C)  Ғалымды көрсеңіз

  1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін анықтаңыз.

A)  Суыққа шыдамды                 D)  Түрлі бұйымдар

B)  Белгілі кісі                             E)  Қиын есеп

C)  Жақсы оқиды

  1. Етістікті тіркесті табыңыз.

A)  Өнерлінің ырысы                  D)  Елді қорғау

B)  Іске шебер                             E)  Ізгі сөз

C)  Асқарда бесеу

  1. Төменде берілген сөздер қалай аталады?

Айтарым  – осы.

A)  есімді сөз тіркесі                   D) еркін тіркес

B)  етістікті сөз тіркесі               E) сөйлем

C)  тұрақты тіркес

  1. Сөз тіркесін табыңыз.

A)  өгіз аяң                       B) бара жатыр                       C) жүз он бес

D)  бірінші үй      E) қара торы

  1. Қай тіркестің бағыныңқы сыңары  «қалай?» сұрағына жауап береді?

A)  бұл жерде       B) жасыл қала                       C) бес бала

D)  тез кел            E) айтып болды

  1. “Кітабыңызды оқығым келеді” тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз?

A)  Ырықсыз етіс                B)   Есімше    C) Тұйық етістік

D)  Қалау райлы етістік    E)  Көсемше

 

«Сөз тіркесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D (Көзіне көк шыбын үймелетету – тұрақты тіркес)

2 – B                3 – E                4 – A               5 – C               6 – D               7 – E

8 – D   (өгіз аяң – идиомалық тіркес, қалғандары – күрделі сөз)

9 – D               10 – D 


 

«Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

A)  Ал сосын                                            D)  Қайдағы жау

B)  Ойсыздарға қосылма                        E)  Жел де жоқ

C)  Неге бұғасың

  1. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A)  Қар жауса ше?                                   D) Жағдай қалай?

B)  Балам, аманбысың?              E) Мынау сен шығарсың?

C)  Бұл сен бе?

  1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A)  Егіс көлемін ұлғайт              D)  Ал Жамал ше

B)  Тіл қандай                              E)  Бұл - тарихи жер

C)  Сен енді бала емессің

  1. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?

A) лепті                B) сұраулы                 C) хабарлы     

D) бұйрықты                    E) атаулы       

  1. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A)  Қарағым, тоқтай тұршы

B)  Пай-пай, шабысының қаттысын-ай

C)  Сен жазып келген шығарсың

D)  Дала айдай жарық

E)  Мектептің кең залы

  1. Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз. 

A)  Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді.

B)  Көрсетпе көз жасыңды.

C)  Жүр, жарысайық.

D)  Балам, жөніңді айтшы.

E)  Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.

  1. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A)  Ол кісі қайда тұрады.

B)  Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?

C)  Ол жерге неге отырасың.

D)  Ойбай, сен былай тұр.

E)  Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

  1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A)  Сен менен аулақ жүр.

B)  Біреу көп үшін, көп біреу үшін.

C)  Жеріміз біздің неткен бай.

D)  Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.

E)  Қазір қай жерде тұрасыз.

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A)  Жарайсың, қалқам?!

B)  Енді мені ұрайын деп пе едің?!

C)  – Ешкімге сенуші болма, – деп айқайлады.

D)  – Рас па!  – деп бажырая қарады.

E)  Тәйт. Тыныш отыр.

  1. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.

A)  – Жасасын, Қазақстан!

B)  – Жолдастар, тынышталыңыздар!

C)  – Мынау дегенің әдемі ғой!

D)  – Шіркін, орманның таза ауасын-ай!

E)  – Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың, қалқам!

 

«Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E                2 – D               3 – A               4 – A               5 – C   

6 – A               7 – B               8 – A               9 – D               10 – C             


 

«Жай сөйлемнің түрлері» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А)  -ғы, -гі, -қы, -кі  тұлғалы қалау райлы етістік

В)  Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

С)  Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң “керек”, “мүмкін” сөздерінің тіркесуі 

D)   Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е)   Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң “бол”, “жара”, “тура”, “кел” көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі         

  1. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A)  Бүгін емтиханға дайындалу керек.

B)  Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

C)  Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

D)  Ауыл маңы тып-тыныш.

E)  Оқу – білім бұлағы.

  1. Жақты сөйлемді табыңыз.

A)  Сенің балмұздақ жегің келе ме?

B)  Оның айтқандарын түсініп болмайды.

C)  Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды.

D)  Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.

E)  Ертең сабаққа келесің бе?

  1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

A)  Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

B)  Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұраусыз мүшелері де бар сөйлем.

C)  Мазмұны толық берілген сөйлем

D)  Бастауышы жоқ сөйлем.

E)  Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.

  1. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

A)  Мен барамын.                                   D) Үй жап-жарық.   

B)  Айдала.                                              E)  Сендер қараңдар.

C)  Ол - сері жігіт.

  1. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

A)  толымсыз сөйлем                  D)  атаулы сөйлем

B)  жақсыз сөйлем                      E)   жайылма сөйлем

C)  жалаң сөйлем 

  1. «Кең зал. Құжынаған халық.» - Қандай сөйлем?

A)  Жақты сөйлем                                   D)  Атаулы сөйлем   

B)  Жақсыз сөйлем                     E)  Толымды сөйлем 

C)  Жайылма сөйлем

  1. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

A)  Жалаң сөйлем                                   D) Жақсыз сөйлем

B)  Жайылма сөйлем                  E) Толымды сөйлем

C)  Жақты сөйлем

  1. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінді?

A)  Жақты, жақсыз                      D) Жалаң, жайылма

B)  Атаулы                                   E) Жай, құрмалас

C)  Толымды, толымсыз

  1. Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........................... оқып шықсын».

A)тез    B)ол      C)оған      D) сенімен      Е)қайратпен

«Жай сөйлемнің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D               2 – A               3 – E                4 – A               5 – C   

6 – A               7 – D               8 – C               9 – D               10 – B             


 

«Сөйлем мүшелері-1» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

A)  Біз үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп  ойлаймыз.

B)  Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.

C)  Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

D)  Ауылдың маңы – терең сай.

E)  Сұрап отырғаны  осы.

  1. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A)  Оның бос сөзді сүймейтін, жақтырмайтын мінезі бар.

B)  Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.

C)  Жиренше Абаймен көп сөйлесті, ұзақ ақылдасты.

D)  Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.

E)  Еріншектің ертеңі бітпес.

  1. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

A)  Осы араға жиналғанымыз-жетеу.

B)  Жиналысқа келгендері – он-ақ адам.

C)  Жеті жердегі жеті – қырық тоғыз.

D)  Оның жасы жиырмада.

E)  Оның қасиетті саны – бес.

  1. Себеп пысықтауышты көрсетіңіз.

A)  Батпаған ай батыстан қарап тұрды.

B)  Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын.

C)  Бала кітап алғалы келіпті.

D)  Сен мұнда ойнауға келген жоқсың, білім алуға келдің.

E)  Ол табанда ақшасын өндіріп алды.

  1. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары.?

A)  пысықтауыш             B)  анықтауыш          C)  бастауыш 

D)  толықтауыш              E)  баяндауыш

  1. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін табыңыз.

A)  баяндауыш           B)   анықтауыш    C)   пысықтауыш  

D)  толықтауыш        E) айқындауыш

 

  1. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

A)  Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр. 

B)  Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

C)  Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

D)  Оның әкесі – кең жауырынды, ұзын бойлы кісі.

E)  Мария Бәкенді де, оның ағасын да үйіне алып жүрді.

  1. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

A)  Ер жолдасы – тәуекел.

B)  Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжыңдайды.

C)  Олар екі күннен кейін келіп қалар.

D)  Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.

E)  Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.

  1. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?

A)  Жақсы сөз – жарым ырыс.

B)  Ол қазақша жақсы сөйлейді.

C)  Оның жақсы іске жаны жолдас.

D)  Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

E)  Ол жақсы киімдерді таңдап алды.

  1. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар?

A)  Марат бұл жерге екі рет келді.

B)  Ат баспаймын деген жерін екі басады.

C)  Олар бұл жерге екіде келеді.

D)  Олар сыныпқа екі-екіден кірді.

E)  Ол алманың екеуін алды.

 

«Сөйлем мүшелері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E (осы)                              2 – B (Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды)

3 – C (қырық тоғыз)  4 – D (білім алуға – не үшін?)                     

5 – B                                        6 – A               

7 – D (кең жауырынды, ұзын бойлы)          8 – C (екі күннен кейін)

9 – B (қалғандары – анықтауыш)                10 – C (екіде – қашан?)                    


 

«Сөйлем мүшелері-2» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Сөйлем мүшесіне талданатын сөзді табыңыз.

A)  сондықтан      B) меніңше                C) әрине

D)  керісінше                   E) балам

  1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?

A)  та, не, немесе                         B)   және, мен, әрі                  C)  бен, я, яки

D)  мен, бірақ, алайда     E)  ма, ме, ше

  1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек? 

Ол... биік,... аласа,...  қатал,.... жұмсақ мінезді еді.

A) бірақ    B) және          C) немесе           D) да            E) бірде

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған cөйлемді табыңыз.

A)  Бұл не деген үлкен қала.

B)  Ауа райы қандай тамаша?

C)  Тыңда, дала, Жамбылды.

D)  Бұл өңірде, әсіресе Алатау маңында тарихи ескерткіш көп.

E)  Бәрекелді, балам, осы бетіңнен тайынба!

  1. Берілген сөйлемдерден оңашаланған айқындауышты табыңыз.

A)  Ауыр жол ерді сынайды.

B)  Менің жеңгем – Қалиса.

C)  Адам баласына адам баласының бәрі – дос.

D) Бала кезімізде Абайдың көп өлеңін жатқа білетінбіз.

E)  Жазда, демалыс кезінде, балық аулауға барамыз.

  1. Қай сөйлемде барлық сөздер сөйлем мүшесіне талданады?

A)  Меніңше, осы істегеніміз дұрыс емес.

B)  Жасеке, жоғары шығыңыз!

C)  Бәрекелді, қарағым, өркенің өссін!

D)  Дала суық, қараңғы.

E)  Е, бәсе, сенің бүйтпейтініңді біліп едім.

  1. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A)  Біз, жастар, еңбекте, оқуда алда болуымыз керек.

B)  Содан бері бір қыс, екі жаз өтті.

C)  Айқыз ірілеу бір тасқа келіп, отыра кетті.

D)  Мүйізінен ұстады да, сол қалпы қатты да қалды.

E)  Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді.

  1. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.
    1. Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой.
    2. Шынында да, халіміз онша мәз емес.
    3. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
    4. Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.
    5. Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
  2. Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы? 

A)  Бірыңғай мүшелерден бөлініп айтылады, жеке сөйлем мүшесі болады.

B)  Бірыңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұрады.

C)  Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.

D)  Бірыңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер

E)  Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып, оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.

  1. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз.

A)  Па, жігіт-ақ екен!

B)  Әй, көзіңе қара!

C)  А, мен кешіккен екенмін ғой.

D)  Япырай,- деп ойлады ол ақырында.

E)  Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.

 

«Сөйлем мүшелері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E                5 – E (демалыс кезінде)                    9 – E    

2 – B                6 – D                                                   10 – C             

3 – E                7 – A (жастар)           

4 – C                8 – B (шынында)       

 «Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз» тақырыптары бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
  2. Сен дегенде сөз барма?
  3. Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
  4. Балалардың соңғы ермегі – “Ақсүйек”, “Соқыр теке”.
  5. “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл”, - дейді.
  6. Сауатты болу дегеніміз-дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
  7. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
  8. Туған жер – алтын бесік.
  9.   - Білмеске сөзің қор боп кетер, - деген М.Дулатұлы.
  10.    Бала жігіт бұйырықты екі етпейді.
  11. Бұл-ойланатын нәрсе.
  12.    Әркім-әуелі өз ауылының баласы.
  13. Төлеу сөзді табыңыз.

A)  Бүгін жылқышыларға да бірдеме болған сияқты.

B)  Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті.

C)  Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті.

D)  “Білмегенді біле бер”,- дейді Шәкәрім

E)  Әжем үйге кіріп, малдың өрістен қайтқанын айтты.

  1. Айжан: “Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын”, -деді. Қай жауап толымды және дұрыс?

A)  Айжан өзінің үйі алыс екенін айтты.

B)  Айжан өзінің үйі алыс екенін және ертерек қайту керек екенін айтты.

C)  Айжан ертерек қайту керектігін айтты.

D)  Үйіне қайту керектігін Айжан айтты

E)  Айжан айтты үйге қайтамын деп.

  1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A)  Ол: «Арман қалыңыз қалай»? – деді. 

B)  Ол, «Арман, қалыңыз қалай? – деді.

C)  Ол: «Арман, қалыңыз қалай?» –деді.

D)  Ол: «Арман қалыңыз қалай?» –деді.

E)  Ол «–Арман, қалыңыз, қалай?» –деді.

  1. Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

A)  Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады.

B)  сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.

C)  -ма, -ме шылауға айналады.

D)  сұраулық шылауға айналады.

E)  сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.

  1. Төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылмаған?

A)  – Неге қорқады? – дейсіз ғой.

B)  – Көкпардан қалайша болады? – дейсіз ғой.

C)  – Жұрт қалай тартады екен, – деді.

D)  – Соғымның сирағы кесіле ме? – деді, анау екеуі.

E)  – Қап, әттеген-ай! – деді анау екеуінің біреуі.

  1. Төл сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?

A)  тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы, немесе туралы жөнінде, жайында шылаулары мен "керек" сөзінің бірі қосылып айтылады.

B)  өзгеріске түспейді.

C)  есім сөздерге айналады.

D)  есімше жұрнағы жалғанады.

E)  жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.

  1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?

A)  тұйық етістікке айналады.

B)  сол қалпына қала береді

C)  сол қалпында қалып, одан кейін туралы шылауы жазылады.

D)  есімшеге айналып, оған -дық/-дік жұрнағы тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

E)  «екенін» деген көмекші етістік жалғасады.

  1. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

A)  маған              B)  мені                      C)  өзінің

D)  оның               E)  оған

 

«Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 – D,  2 – B   

3 – E (Әжем үйге кіріп: "Мал өрістен қайтыпты", - деді.)

4 – B,               

5 – C

6 – E ("Сен кімсің?"–деді Ахат. /Ахат оның кім екенін сұрады.)

7 – C (Дұрысы: – Жұрт қалай тартады екен? – деді.

8 – A (– Үйге бар, – деді Ахат. / Ахат оған үйге бару керектігін айтты.)

9 – D   (– Әкем келді, – деді Ахат. / Ахат әкесінің келгендігін айтты.)

10 – C (– Мен келмеймін, – деді Ахат. / Ахат өзінің келмейтінін айтты.)

«Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    1. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар   адамшылық қасиеттер болып табылады.
    2. Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі.
    3. Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.
    4. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.
    5. Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң –артыңда қалған ізің.
  2. Себеп-салдар салаласты белгілеңіз.
    1. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.
    2. Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен.
    3. Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.
    4. Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан  жүрер өсектеп.
    5. Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.
  3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    1. Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі.
    2. Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі  - ел басы , топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі – намысқор келеді екен.
    3. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
    4. Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.
    5. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмаған.
  4. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.
    1. Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.
    2. Досын сатқан жандардан жиренемін: Отаныңды ондайлар сата алады.
    3. Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нәлі бар да, бақыры болмай шықты.
    4. Сырт тазасы не керек, тазарт әуелі ішіңді!
    5. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзге ол кек тұтқан жоқ.
  5. Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A)  Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.

B)  Мақсат – біреу, сол себепті оны екіге бөлу – ымырашылдық.

C)  Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

D)  Ең сенімді су жер астынікі, – оны іздеу керек.

E)  Шытырлап тұрған қурай лап етті, қара түтін бұрқ етті. 

  1. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?

A)   ыңғайлас        B)   қарсылықты

C)   себеп-салдар              D)   кезектес

E)  түсіндірмелі

  1. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?

A)   ыңғайлас        B)   қарсылықты

C)  себеп-салдар  D)   кезектес

E)  талғаулы

  1. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.      

Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.

A)  Ыңғайлас       D)   Түсіндірмелі

B)  Қарсылықты  E)   Талғаулы

C)  Себеп-салдар

  1. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз, әрдайым ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.

A)  Ыңғайлас салалас                 D)  Себеп-салдар салалас

B)  Қарсылықты салалас            E)  Талғаулы салалас

C)  Түсіндірмелі салалас

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

A)  бірақ, дегенмен, алайда        D)  жалғаулығы жоқ

B)  өйткені, сол үшін, себебі     E)  кейде, бірде, біресе

C)  және, әрі, да

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салалас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E                6 – D

2 – E                7 – E

3 – B                8 – A

4 – B                9 – C

5 – D               10 – E              


 

«Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қайсысы себеп бағыныңқының жасалу жолына жатады?

A)  қалау райлы етістік пен "келіп" етістігінің тіркесуі

B)  ашық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі 

C)  шартты райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

D)  бұйрық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

E)  тұйық етістік пен «үшін» шылауының тіркесуі

  1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A)  Аспандағы бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

B)  Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.

C)  Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.

D)  Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.

E)  Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

  1. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

A)  Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

B)  Еңбексіз ауырса емі табылмайды.

C)  Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.

D)  Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.

E)  Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.

  1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

A)  Қайтпейінше? Не етпейінше?

B)  Кашаннан бері? Кайтіп?

C)  Не етпек болып? Қалай?

D)  Қайтсе де? Қайткенмен?

E)  Қайтсе? Не еткенде?

  1. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A)  Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.

B)  Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

C)  Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.

D)  Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

E)  Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

  1. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз. 

   Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген.

A)  Басыңқы сөйлемнің алдында.

B)  Басыңқы сөйлемнен кейін.

C)  Басыңқы сөйлемнің ортасында.

D)  Басыңқы сөйлемнің екі жағында.

E)  Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.

  1. Сабақтастың қай түрі?                             

Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады.

А)  Мақсат бағыныңқы құрмалас

В)  Мезгіл бағыныңқы құрмалас

С)  Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас

D)  Шартты бағыныңқы құрмалас

Е)  Себеп бағыныңқы құрмалас

  1. Олар келсе, сабақ аяқталыпты. – қандай сөйлем?

A)  Шартты бағыныңқы             D)  Мезгіл бағыныңқы

B)  Қарсылықты бағыныңқы                 E)  Мақсат бағыныңқы

C)  Себеп бағыныңқы     

  1. Шартты райды жұрнағы қай сөйлемнің жасалу жолына қатыспайды?

A)  Шартты бағыныңқы             D)  Мезгіл бағыныңқы

B)  Қарсылықты бағыныңқы                 E)  Мақсат бағыныңқы

C)  Себеп бағыныңқы

  1.       Төмендегі құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

  Ол оянса, терезе жабық тұр екен.

A)  Шартты бағыныңқы             D)  Мезгіл бағыныңқы

B)  Қарсылықты бағыныңқы                 E)  Мақсат бағыныңқы

C)  Себеп бағыныңқы

 

 «Сабақтас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  B

2 –  E

3 –  A

4 –  D

5 –  C

6 –  C

7 –  E

8 –  D

9 –  C

10 –  D

 


 

«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Көп құрамды салалас құрмаласты табыңыз.

A)  Көктем келді, күн жылынды, бірақ егістік басталған жоқ.

B)  Қар жауса, боран тұрса, бұл өңірде тұру мүмкін емес.

C)  Үйге келіп, қағазын іздеп еді, – табылмады. 

D)  Сабақ аяқталып, демалыс басталса, олар ауылға кетеді.

E)  Қиын болса да, бараға жері болмаған соң, келісті.

  1. Қай сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер салаласа байланысады?

A)  Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас

B)  Аралас құрмалас сөйлем

C)  Сатылы көп бағыныңқы

D)  Әр алуан жарыспалы

E)  Көп құрамды салалас құрмалас

  1. «Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)  Жолдан бұрыстау болғанмен,егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін. 

В)  Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды.

С)  Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын  төмен қарай тұқырта басып  қалып еді, ат етпетінен түсті.

D)  Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да,  мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады.

Е)   Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді.

  1. Көп басыңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

A)  Қоңырау соғылса, балалар қақтығысып, далаға шығады.

B)  Жаз келгенде, балыққа барамыз, тауға шығамыз.

C)  Күн шықты, таң атты, бірақ далада ешкім жоқ.

D)  Біреуден қрықты ма, асықты ма, қашып барады.

E)  Жел де, жаңбыр да тоқтаған, далаға шықсақ болады.

  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A)  Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.

B)  Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

C)  Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.

D)  Қуаты – ақындық, үміті – халық.

E)  Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағанбетке, кішкене молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары: Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отрамын.

  1. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

A)  Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

B)  Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?

C)  Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай аспанға шығады.

D)  Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.

E)  Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

  1. Қай сөйлемнің бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады?

A)  Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

B)  Аралас құрмалас сөйлем

C)  Сатылы көп бағыныңқы сабақтас сөйлем

D)  Көп басыңқылы сабақтас сөйлем

E)  Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

  1. Төмендегі аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.

      Шөптің бойы биік болады да, қашқан қоян мен түлкі болса, шөптер көрсетпейді, аңдар қалай қарай көшкеніне биік шөптің бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана байқаймыз. 

A)  басыңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

В)  басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

С)  бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

D)  бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

Е)  басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы 

  1. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A)  Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан  соң, Айбала шай қоюға кірісті.  

B)  Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса.

C)  Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын  шашып тұр. 

D)  Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн  басталыпты.

E)   Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады.

 

  1. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.  

Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен. 

A)  Сатылы көп бағыныңқы         D)   Бірыңғай жарыспалы

B)  Әр алуан жарыспалы                  E)  Шартты бағыныңқы

C)  Қарсылықты бағыныңқы

 

«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 – A   

2 –  E

3 –  C

4 –  B

5 –  B

6 –  A

7 –  A

8 –  E

9 –  E

10 –  B

 


 

«Тыныс белгілері-1» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтаңыз.

A)  Жай сөйлемнен кейін.

B)  Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін.

С)  Хабарлы сөйлемнен кейін.

D)  Драмалық шығармада кейіпкер атынан соң.

Е)  Бұйрықты сөйлем соңында.

  1. Жалпылауыш сөзге қатысты тыныс белгіні табыңыз.

А)  Жанат орын ұсынып еді,- отырған жоқ.

В)  Балалар, аманбысың шырақтарым.

С)  Ата қоныс – ата мекен.

D)  Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Е)  Ол ол ма, одан да бетері бар.

  1. Қос нүкте қойылмайтын жерді көрсетіңіз.

А)  Салдар мәнді сөйлемнен кейін.

В)  Автор сөзінен кейін.

С)  Бірыңғай мүшелердің арасына.

D)  Жалпылауыш сөзден соң.

Е)  Түсіндірмелі салаласта.

  1. Көп нүкте  қойылатын жерді  табыңыз.

А)  хабарлы сөйлемнен кейін.

В)  Ойға тосын, өте алшақ нәрсе қосылса.

С)  Төл сөзден кейін.

D)  Белгілі бір сөздің орынсыз айтылғанына таңырқау мәніндегі сөзден соң.

Е)  Сан, уақыт ,кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін сөзаралығында.

  1. Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз.

   Еліңнің анық  көшін бастайын жолың даңғыл болсын да.

А)  Сөйлем алдынан                         D)“Еліңнің” сөзінен кейін

В)  “Бастайтын” сөзінен кейін     Е) сөйлем соңында

С)  “Жолың” сөзінен кейін

  1. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Сәкен, таң жарқырап атып келе жатқандай, шаттана ұмтылмақ.

A)  Бағыныңқы сөйлемнің екі жағына 

B)  Қаратпа сөзден кейін

C)  Бірыңғай мүшелер арасында

D)  Оңашаланған айқындауыштың екі жағына

E)  Қыстырма сөздің алдына

  1. Қай мысалда үтір қойылуы қажет?

А)  Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.

В)  Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.

С)  Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр.

D)  Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол – өнімді адал еңбек. 

Е)  Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.

  1. Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.

Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері: 

а) тұрмыс-салт жырлары              

ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар

А) Үтір                 D) Тырнақша

В) Қос нүкте        Е) Жақша

С) Нүктелі үтір

  1. Қысқартылған түрінде қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын көрсетіңіз. 

            Ахмет Байтұрсынов  (А  Байт)

А)тырнақша     В)жақша     С)үтір     D)сызықша    Е)нүкте

  1. Қай қатарда нүкте қойылмайды?

А)  т.б. , т.с.с.                   D)  Ғ.М. , Ғ. Мұст.

В)  Б.Ұ.Ұ. , м. , v.                        Е)   “Қ.Ә.”, “П.”  

С)  ж. , сағ. , мин.

 

«Тыныс белгілері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  B (Нұрлан. (Ойланып тұрып.) Енді не істейміз?)

2 –  D 

3 –  C

4 –  B

5 –  B (Еліңнің анық  көшін бастайын... Жолың даңғыл болсын да.)

6 –  A 

7 – E (Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.)

8 – C       а) тұрмыс-салт жырлары;              

                      ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар;

9 –  E (А. Байт.)

10 –  B (БҰҰ , м , v)   

 


 

«Тыныс белгілері-2» тақырыбы бойынша 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Сызықша қойылатын жерді көрсетіңіз.

А)  Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.

В)  Одағайдың екі жағынан қойылады.

С)  Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.

D)  Сан, уақыт, кеңестік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.

Е)  Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына қойылады.

  1. Сұрау, леп белгілері қандай жағдайда жақшаға алынады?
  2. Ұранды сөйлемдерден соң.
  3. Талас, күдікті мәселе екендігін көрсетіп, оқушы назарын аудару үшін.
  4. Дәйексөздің авторын, шығарманың атын көрсеткен кезде.
  5. Келтірілген мысалды санамалап көрсеткен жағдайда.
  6. Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері.
  7. Астарлы кекесін мәніндегі сөзге байланысты қойылған тырнақшаны табыңыз.

А)  Сұлтанмұрат пен Қадиша кезектесіп айтып,бір кезде “Екі жиренге” қосылып кетті.

В)  Арсыздыққа ауыздандыратындар - “абыройлы” ағайлар.

С)  “Ынтымақ түбі – береке” деген мақалды білемісің?

D)  Ол маған осы “Терек пен қызыл гүлді” айтып берді.

Е)  Жұрт елеңдеп, “бұл кім болды екен кешігіп жеткен”,  “мықтылардың бірі ғой, тегі” десіп, жігітке қарасты.

 

  1. Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз.

   Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз.

A)  Ербол                         B)  Жолдастар                       C)  Біз

D)  Қуанып тұрып                       E)  Жеңеміз

  1. Жақша неліктен қойылғанын анықтаңыз.

     Махмұт (әкем) – 1870-1941 жж өмір сүрген.

  1. Белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіргендіктен.
  2. Бірыңғай мүшелер.
  3. Оңашаланған айындауышқа қатысты.
  4. Цитатаның авторы кім екендігі көрсетілген.
  5. Авторлық ремарка болғандықтан.
  6. Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

А)  Сұрау, леп белгісі     D)  Қос нүкте, сызықша

В)  Нүкте, көп нүкте       Е)  Дефис, тырнақша

С)  Үтір, сызықша

  1. Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады?

А)  Сөйлем ортасында    D)  Автор сөзінен кейін

В)  Сөйлем басында        Е)  Қаратпа сөздің екі жағына

С)  Сөйлем соңында

  1. Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылмайды?

А)  Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Зат есім)

В)   Бастауыш(3-жақ жіктеу есімдігі)―Баяндауыш(Зат есім)

С)  Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Сын есім)

D)   Бастауыш(Тұйық етістік)―Баяндауыш(Зат есім)

Е)  Бастауыш(Сан есім)―Баяндауыш(Сан есім)

 

 

  1. Берілген сөйлемде нүктелі үтір не үшін қойылған?

Қазақ  тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын мынадай кезеңдерге бөліп қарауға болады:

  1. Көне түркі және Орхон-Енесей-Талас кезеңі;
  2. Қараханид кезеңі; 
  3. Орта ғасырлық кезең;

 

А)  Санамаланып айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына 

В)  Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем болғаны үшін

С)  Төл сөз бен автор сөзі болғаны үшін

D)  Оңашаланған айқындауыш 

Е)  Ой аяқталған соң

  1. Жақша қашан қойылады?

А)  Жақша сөйлем ішіндегі белгілі бір сөздің мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол-жөнекей түсіндірген жағдайда қойылады.

В)  Белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін, соңына оның аты жақшаға алынып жазылады.

С)  Қосарлы айқындауыш жақшаға алынады.

D)  Кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, талас, күдікті болса, сол сөзден не сөйлемнен кейін қойылатын сұрау, леп белгілері жақшаға алынады.

Е)  Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

 


 

«Тыныс белгілері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

 

1 –  D (Алматы – Астана пойызы)

2 –  B (Олар кешеден бері Асанбайдың ырғалын (?) көтеріп келеді.)

3 –  B 

4 –       D (   Ербол. (Қуанып тұрып.) Жолдастар, біз жеңеміз.)

5 –  A

6 –  A

7 –  D

8 –  C (Дала  жарық.)

9 –  A

10 –  A

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

[3] Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы. (субстантивтенуі) дейді. Мысалы: Күштімен(кіммен?) алыспа, үлкенді(кімді?) сыйла. Білімді (кім?) мыңды жығады.

[4] Сан есімнің заттануы деп (субстантивтенуі) заттық мағынаға ие болуын және сөйлемде зат есімнің қызметін атқаруын айтады.  Мысалы: Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса төбедегі түседі.

 

[5] Да, , әрі, я, яки, немесе, әлде бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай тұрса, үтір қойылмайды. 

 

5-silka-gost
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

1-ТЕSТ.КZ - ПББ ҰБТ

Образцы тестов для аттестации педагогических работников

  • Только актуальные online тесты
  • Тренируйся c 1-ТЕSТ.KZ к НКТ ОЗП ЕНТ МОДО ВОУД
  • Поделитесь результатами в социальных сетях

1-TEST.KZ - решение для преподавателей, желающих повысить квалификацию и подтвердить компетентность в области педагогического мастерства. Предлагаем услуги по подготовке к аттестации учителей с помощью нашей платформы.

Наша платформа предлагает не только теоретические материалы, но и практические упражнения, которые помогут лучше понять и запомнить материал. Получите доступ к широкому спектру учебных видеоматериалов, презентаций и тестов, которые помогут вам подготовиться к аттестации преподавателей

Используя нашу платформу, сможете ускорить процесс подготовки и сократить время, необходимое для освоения материала. В результате сэкономите время и силы для решения более важных задач, включая работу и семейные дела.