Регистрация
1-TEST.KZ » КАZ_ТЕSТ » ПББ ҰБТ » География сұрaқ-жaуaп ПББ тест 17-нұсқа аттестация

География сұрaқ-жaуaп ПББ тест 17-нұсқа аттестация

22 авг 2023, 12:56
1 171
0
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:

География сұрaқ-жaуaп ПББ тест 17-нұсқа аттестация

& 1                                                 

1.Қазақстан Еуразия материгінде алатын орны:

(Ресей,Қытай,Индиядан кейінгі) 4-ші орын

2.Жалпы жер аумағы:

2724,9 мың км2

3.Жерінің батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы:
Батысында Каспий маңы ойпатынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км, солтүстігінде Батыс Сібір жазығы-нан, оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін 1650 км

4.Жер аумағының үлкендігі жағынан Европаның мынадай елдері сыйып кетер еді:

Франция,Испания,Португалия,Италия,Финляндия,Швеция, Норвегия,Грекия

5.Жер аумағы Франция,Италия,Англиядан қанша есе үлкен?

Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен

6.Географ. орнының ерекшелігіне байланысты солтүстігі мен оңтүстігінде қандай тіршілік дүниесі кездеседі ?

Солтүстігінде жануарлар мен өсімдіктердің Сібірге тән, ал оңтүстігінде тропиктік және субтропиктік аймақтарға тән 

7.Қазақстанның географиялық координаталары:

C – 55 градус.26 минут, О – 40 градус. 56 минут                                   Б – 46 градус.27 минут, Ш – 87 градус. 21 минут

8.Солтүстік пен оңтүстігіндегі ендіктерге сәйкес келетін қалалар:

Солтүстігіне – Мәскеу, Қазан

Оңтүстігіне – Мадрид,Стамбұл, Баку

9.Табиғат зоналары негізінен қандай бағытта созылып жатыр ?

Ендік бағытта

10.Шекарасының(құрлықтағы) жалпы ұзындығы:

15000 км-ден астам (13394 км)

11.Шекараласатын елдері:

Батысы мен солтүстігінде Ресей, шығысында Қытай, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан

12.Қазақстанның шекарасы өтетін табиғи шептер:

Арал, Каспий теңіздері мен Тянь-Шань, Алтай таулары

13.Қазақстанның көрші елдермен шекарасының ұзындығы:

Ресей – 7591 км (дүниежүзіндегі ең ұзын құрлықтық шекара)

Өзбекстан – 2354 км

Қытай – 1782 км

Қырғызстан – 1241 км

Түркіменстан – 426 км

14.1992 жылы тәуелсіз қазақ елі тарихында болған тарихи оқиға:

1992 жылы. 6 шілдеде Алматыдағы, Абай атындағы опера және балет театрында Тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш рәміздеріне арналған салтанатты жиын болды 

15.Гимннің жаңа нұсқасы қашан шырқалды ?

2006 жылы 11 қаңтарда 

 

& 2

1.Жердің өз осінен айналу бағыты:

Батыстан шығысқа қарай 

2.1 сағатқа қанша градустан келеді ?

15 (360/24)

3.Бастапқы меридиан етіп Гринвич обсерваториясын алу қай жылы, қайда шешілді ? (обсерватория қашан салынды)

1883 ж. Римде ( 1675 жылы)

4.Гринвич меридианының бойлығы, басқаша атауы:

0 градус,0 минут,0 секунд, нольдік меридиан + бастапқы меридиан

5.Халықаралық белдеулік уақыт деген не ?

Гринвичтегі жергілікті уақыттың түн жарымынан бастап есептелінуі (басқаша орташа күн уақыты деп атайды)

6.Гринвичтің шығыс пен батыстағы бойлықтарының аралықтары:

0 – 180 градус шығыс бойлық, 0 – 180 градус батыс бойлық

7.Гринвич меридианында тал түс болғандағы Еуразияның шығысында жатқан 180 гр. бойлықтағы және елде кеш болғандағы, елден 180 гр. қашық жатқан 90 гр. батыс бойлықтағы АҚШ-тағы уақыт:

Еуразияның шығысында түн ортасы, АҚШ-та таң атады

8.Жергілікті уақыт деген не ?

Бір меридиан бойындағы белгілі бір мезгілдегі уақыт

9.Белдеулік уақыт деген ше ?

1  сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт

10.Нөлдік (24-ші) сағаттық белдеудің шекарасы:

7 градус.30 минут б.б. – 7 градус. 30 минут ш.б.

11.1-ші сағаттық белдеудің шекаралары:

7 градус. 30 минут. ш.б. пен 22 градус. 30 минут ш.б. мери-диандарының аралығы

12.Әрбір белдеудегі уақыттың көршілес белдеудегі уақыттан айырмашылығы:

1 сағат

13.Қазақстан орналасқан сағаттық белдеулер:

4 – 5 (Атырау,Ақтөбе,Маңғыстау,БҚ обл.-ры 4-ші, қалған облыстар 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан)

14.Берлин,Рим,Алжирде(1-ші белдеу) уақыт 9 сағат 15 мин. өткенде, Мәскеудегі уақыт қанша ? (2-ші белдеу)

10 сағ. 15 мин

15.Бакуде(3-ші белдеу) уақыт 11 сағ. 15  мин. өткенде, Ашхабад,Атырау(4) мен Алматы,Астанадағы(5) уақыт:

Ашхабад пен Атырауда 12, Алматв,Астанада 13 сағ.15мин

16.Жаңа тәулік 12-ші сағаттық белдеуде(180 градус ш.б. меридиан бойлығы), оның орта меридианында басталуы тиіс деп шартты түрде қабылданған уақыт:

19 ғ.

17.Дата ауысу сызығы деген не ?

1 - Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бой-ша енгізілген сызық

2 – Меридиан аралдарды кесіп өтетін жерлерде меридианнан ауытқу сызығы солтүстік полюстен оңтүстікке полюске дейін жүргізілуі 

18.Даталар шекарасы қатар жатқан аралдар:

Ратманов пен Крузенштерн

19.Декреттік уақыт деген не ? (қашан енгізілді)

Бұрынғы КСРО-ның кезінде елімізде күндізгі жарықты толы-ғырақ пайдалану әрі электр энергиясын үнемдеу мақсатымен сағат тілінің жаз айларында 1 сағатқа ілгері жылжытылуы (1930 жылы 16 маусымда)

20.Латын тілінен аударғанда «decretum» сөзінің мағынасы:

Указ, қаулы 

21.Декреттік уақыттың мақсаты:

Жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу

22.«Жазғы уақыттың» енгізілген уақыты:

1981 ж.

23. «Жазғы уақыттың» қамтитын уақыт аралығы:

Наурыздың соңғы жексенбісінен қыркүйектің соңғы жексен-бісіне дейін

24.«Жазғы уақыт» кезінде сағат тілі қайта 1 сағат кері жылжытылатын уақыт:

Қыркүйектің ең соңғы жексенбісі

25.Елімізде ж/е РФ-да «жазғы уақыттың» тоқтатылған уақыты:

Елімізде 2005 жылдан бастап, РФ-да 2011 ж. 3 маусымнан

26.ТМД елдерінде байланыс ж/е көлік қатынастары үшін қолданылатын уақыт:

Мәскеу уақыты

 

&8

1.Қазақстан жерінің төмендеу бағыты: 

Оңтүстіктен солтүстікке,шығыстан батысқа қарай

2.Каспий маңы ойпаты-ң теңіз деңгейінен тереңдігі: 

- 28 м

3.Каспий маңы ойпаты оңтүстігінде шектеседі: 

Маңғыстау түбегімен

4.Маңғыстау түбегі-ң оңтүстігінде орналасқан: 

Қарақия(-132м) және Қауынды(-57м) ойыстары

5.Маңғыстау түбегі-ң шығысы мен Арал теңізі аралығының жер бедері: 

Үстіртті

6.Арал теңізінің солтүстігі мен шығысында орн. шөлдер: Үлкен ж/е Кіші Борсық құмы(солт.), Арал маңы Қарақұмы(шығ.)

7.Арал маңы Қарақұмы оңт.-де шектесетін шөл: 

Қызылқұм

8.Арал маңы Қарақұмы мен Тянь-Шань тауына дейінгі кең алқапты алып жатқан шөл: 

Қызылқұм

9.Тянь-шань-ң жоталары: 

Қаратау,Өгем,Талас Алатауы

10.Қаратаудың шығыс жағындағы шөл:         

Мойынқұм

11.Мойынқұм шөлі солт.-де жалғасатын географ. нысан:

Бетпақдала

12.Балқаш көлі-ң солт.-нен Батыс Сібір ойпатына дейінгі аралықты алып жатыр: 

Сарыарқа 

13.Балқаш көлі-ң оңт.-де орналасқан,Жетісу Алатауы мен Тарбағатайға дейінгі аумақты алып жатқан құмды жазық:

Сарыесік-Атырау

 

&9

1.Ғылымда тау жынысы-ң жасын анықтайтын әдістер саны:

2(абсолюттік ж/е салыстырмалы)

2.Салыстырмалы түрі қандай ? 

Тау жыныстарының қабаттарында тас болып қатып қалған организмдерді(жануарлар,өсімдіктер) зерттеу,салыстыру

3.Тау жынысы пайда болғаннан бергі жылдар саны арқ. тау жынысы-ң жасын анықтау әдісі: 

Абсолюттік 

4.Тау жыныс-рының абсолюттік жасын анықтауға көмектесетін радиоактивті элемент: 

уран

5.Уран уақыт өткен сайын ыдырайды: 

гелий мен қорғасынға(гелий ұшып кетеді де,қорғасын тау жынысында қалып қояды)

6.74млн. жылда 1 гр. қорғасын түзілу үшін қажет уран мөлшері: 

100 грамм

7.Ғалымдар жердің пайда болу тарихын неше кезеңге бөледі ? 

2 кезеңге(Дүниежүзілік мұхит пайда болғанға дейін, және кейін)

8.Жердегі органикалық дүниенің дамуы неше кезеңге бөлінеді ?

3: ең ежелгі(архей,протерозой,палеозой),орталық(мезозой), жаңа кезең(кайнозой)

9.Тау жасалу кезеңдері-ң(қатпарлық) саны:

5 - байкал,каледон,герцин, мезозой, альпі 

10.Қазақстан жеріндегі алғашқы тау түзілу процестері пайда болған қатпарлық: 

каледон

11.Атмосфера мен гидросфераның пайда болған уақыты: 

Жер пайда болғаннан кейін 2 млрд. жылдан соң

 

&10

1.Қазақстан аумағын құрайтын геологиялық құрылымдар даму жасына қарай неше типке бөлінеді 

4(кембрий дәуіріне дейінгі қатпарлы облыс, палеозой эрасы қатпарлығы-ң обл.-ры, мезозой эрасы қатпарлығы-ң обл.-ры, кайнозой эрасы қатпарлығы-ң облыстары)

2.Кембрий дәуіріне дейінгі қатпарлы обл. қамтитын аумақ:

БҚ жерінің солт. Бөлігін алып жатқан Шығыс Еуропа жазығы

3.Қазақстан жерінің ең көне жері: 

Шығыс Еуропа жазығы

4.Шығыс Еуропа жазығы-ң Қазақстандық бөліктері: 

Орал алды(Жем) үстірті + Каспий маңы ойпаты + Жалпы Сырт

5.Бұл өңірде геотектоникалық даму кембрий дәуіріне дейін аяқталған, негізінен кембрий дәуіріне дейінгі жыныстардан құралған : 

Шығыс Еуропа жазығы

6.Бұл эрада Қазақстанның көп жерінде каледон ж/е герцин-

дік геотектоникалық даму процесі аяқталған(345 млн. жыл):

Палеозой эрасы

7.Палеозойда пайда болған таулар:

Сарыарқа-ң шығысы,солт.-батысы, Тянь-Шань-ң солтүстігі, батысы, Алтай,Сауыр-Тарбағатай,Жетісу Алатауы,Мұғалжар

8.Палеозой эрасының жыныстары: 

құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас

9.Мезозой эрасында басталған геотектоникалық қозғалыс-р аяқталған эра: 

Мезозой эрасы

10.Осы эра-ң аяғында қазіргі БҚ-ды басып жатқан теңіз біртіндеп тартылып, шығанақтар пайда болған: 

Мезозой

11.Қазақстанда осы эра-ң жыныстары сирек кездеседі:

Мезозойлық жыныстар

12.Бұл эрада бірде-бір тау жүйесі түзілмеген, Қазақстанның палеозойлық таулары бұзылуға ұшырап, аласарған:

Мезозой

13.Мезозойда Алтай,Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулары қатты бұзылып, биіктігі қазіргі осы таудай болған:

Сарыарқа

14.Мезозойлық жыныстар кездесетін аймақтар: Маңғыстаудағы Қаратау жотасы, Торғай, Іле ойыстары

15.Бұл геотектоникалық даму Қазақстан жерінде әлі аяқталмаған: 

Кайнозой эрасы қатпарлығының облыстары

16.Кайнозой эрасында пайда болған шөгінділер нешке бөлінеді ?                                                                               3(палеогендік, неогендік, антропогендік)

17.Палеогендік шөгінділер осы аймақтарда кездеседі:

Үстірт, Арал маңы, Шу, Іле, Зайсан, Торғай жазығы

18.Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады ?

Антропогендік шөгінді жыныстар

19.Осы тау түзілу кезеңінде жер қыртысында әртүрлі жарылу туғызып, жазық жерлерде қазіргі өзен аңғарлары пайда бола бастаған:

Альпілік 

20.2-ші рет көтерілген таулар:                                  Алтай,Тарбағатай, Тянь-Шань, Жетісу Алатауы 

21. Осы дәуірде жер бетінің климаты суып, Еуразияның солтүстік бөлігін қалың мұз басты:                   антропогендік(төрттік)                   

 

&11

1.Өте күшті жер сілкінулер болып тұратын аймақтар:

Жас,биік таулы аймақтар мен терең сулы мұхит шұңғымалар  

2.Жер сілкінуді зерттейтін ғылым: 

сейсмология

3.Жер сілкіну кезіндегі болатын толқын-ң күшін(1) ж/е адамдар мен құрылыс-рдың шеккен зардап мөлшерін(2) өлшейтін шкалалар:

Рихтер(1) және меркалли(2)

4.Жер беті бөлінетін сейсмикалық белдеулер саны: 

2(Тынық мұхиттық және Жерорта теңізі-Азия)

5.Жерорта-Азия сейсмикалық белдеудің аймақтары:

Португалия,испания,италия,кавказ,балтық бойы, қазақстан, орта азия,түркия, байкал, тынық мұхит жағалауы

6.Тынық мұхиттық белдеудің аймақтары: 

Камчатка-ң оңтүстігі, Тынық мұхиты, Солтүстік және Оңтүстік Америка-ң батысы, Аляска, Қытай, Жапония

7.Жерорта теңізі-Азия сейсмикалық белдеуінде 60 рет ірі жер сілкінулер болған уақыт аралығы:

1917-1990 ж.ж.

8.Қазақстанда күшті жер сілкінулер болған жылдар, қай тауда ?

1770,1807,1887,1911, Тянь-Шань тауында

9.Верныйда күшті зілзала болған уақыт(балл):

1887 ж. 9 маусым, 9-10балл

10.Қандай зардабы болды ?

1799 үйдің 1798-і қирады

11.Зілзаланың эпицентрі болған аймақ:

Алматының оңтүстігі,Тянь-Шань-ң солтүстігі,Қаскелеңге жақын маңда

12.Осы жер сілкінісін зерттеген ғалым: 

Мушкетов

13.Шелек өңірінде күшті зілзала болған уақыт(балл): 

1889 ж. 12 шілде, 9 баллдық

14.Ол жер сілкінісінің зардабы-ң аз болу себебі:

1887 жылғы Верныйдағыдан соң, үйлердің бірқабатты, берік ағаштан салынуынан  

15.Қай тауларда күші 7 балдық жер сілкінісі болып, нәтижесінде қайда бірнеше көл пайда болды ?

Күнгей, Іле, Жетісу Алатауларында, Жалаңаш елдімекені маңында

16.Жер бетіндегі ең апатты жер сілкінісі қайда,қашан болды?

1960ж. 22 мамырда, Чилиде

17.Нәтижесінде қандай жанартау атқылады ?

Зілзаладан соң 2 күннен соң Пуеуэ жанартауы

18.Қазақстандағы жер сілкіністерін зерттейтін алғашқы станциялар қашан, қайда ашыла бастады ?

1927 – Алматыда, 1932 – Шымкентте, 1934 – Семейде 

19. Қай жылдары елімізде геофизикалық обсерватория құрылды ?

1971-76 ж.ж.

20. Қазақстанның оңтүстік аудандары және Алматы қаласы

жер сілкінудің қанша балдық аймағына жатады ?

9 балдық 

 & 12

1.Қазақстанның биік болып келетін бөліктері:

Оңтүстік-шығысы мен шығысы

2.Республика жерінің аласару бағыты:

Оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарай

3.Қазақстан аумағының біраз аумағын алып жатқан физика-лық-географиялық нысандар:

Батыс Сібір жазығы, Тұран, Каспий маңы ойпаттары

4.Каспий маңы ойпаты теңіз деңгейінен қанша м төмен жатыр:

28 м

5.Каспий маңы ойпаты шектесетін географ. нысандар:

Солтүстігінде – Жалпы Сырт қыраты, оңтүстігінде – Каспий маңы ойпаты, шығысында – Жем үстірті

6.Каспий маңы ойпатына тән ерекше құрылымдар:

Тұз күмбездері

7.Каспий маңы ойпатында қалыптасатын кен орындары, қалыптасуына не нәрсе себеп болады ?

Мұнай, гипс, ас тұзы, хлорлы калий, жоғарыда айтылған тұз күмбездері
8.Қазақстанға тек солтүстік бөлігі енетін физ.-геогр. нысан:

Тұран жазығы

9.Теңіз деңгейінен биіктігі:

100-200 м

10.Солтүстігін, оңтүстігін алып жатқан шөлдер:

Солтүстігінде – Арал теңізі маңындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары                                                               Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлі

11.Тұран ойпаты солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен қай географ. нысан арқылы шектесе алады ?

Торғай ойысы(қақпасы)

12.Тұран ойпатының топырағы:

Лесс(сары топырақ) тәрізді сазбалшықты,саздауытты,құмды

13.Қазақстанға тек оңтүстік бөлігі ғана енетін физикалық-географиялық нысан:

Батыс Сібір жазығы

14.Ойпаттың еңіс келетін бағыты, теңіз деңгейінен төмендеу   биіктігі:

Оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс келеді, оңтүстігінде 200 м-ден солтүстігіне қарай 100 м-ге дейін төмендейді

15.Ойпаттың топырағы:

Шөгінді жыныстардан тұрады(саз балшықтан, саздауыттан, құмнан)

16.Батыс Сібір ж. Қазақстан аумағында қалай бөлінеді ?

Есіл(СҚ) орманды дала жазығы, Тобыл-Обаған жазық дала, 

Есіл-Ертіс даласы, Ертіс бойы Құлынды жазығы

17.Қазақстан жерінің көп бөлігін алып үстірт-р мен қырат-р:

Үстірт, Бетпақдала, Жем, Торғай үстірті(Торғай төрткүл өлкесі) және Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі

18.Жан-жағы тік беткейлі жарқабақ, үсті теп-тегіс, теңіз дең-гейінен биіктігі 200 м-дей жазықтық:

Үстірт

19.Бетпақдаланың теңіз деңгейінен орташа биіктігі:

200-600 м

20.Топырағы:

Саз балшық, құм, құмтастардан құралған

21. Торғай үстірті батысы мен шығысында шектесетін геогр. нысандар:

Батысында – Мұғалжар тауы, шығысында – Сарыарқа 

22.Теңіз деңгейінен биіктігі:

250 м

23.Торғай үстіртінің ортасында солтүстіктен(Батыс Сібір жазығынан) оңтүстікке(Тұран ойпатына) қарай созылып жатқан ойыс:

Торғай қақпасы (Торғай бұғазы)

24. «Мыңдаған жылдар бұрын бұл жер теңіз бұғазы болған, қазіргі Батыс Сібір ойпатының орнындағы ертедегі теңізді бұл бұғаз Арал, Каспий теңізі алабымен қосып тұрған:

Торғай қақпасы(бұғазы)

25.Торғай үстіртінің топырағы:

Саз балшықты, кремнийлі, мергельді(әксазды), құмды шөгінді жыныстардан тұрады

26.Торғай үстіртінен басталатын өзен салалары:

Есіл, Тобыл өзендері 

27.Жем үстірті батыста, шығыста шектесетін нысандар:

Батыста – Мұғалжар , шығыста – Каспий маңы ойпаты 

28.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі:

300 м

29.Жем үстіртінің топырағы:

Саз балшық пен құм шөгінділерден құралған

30.Қойнауы бай пайдалы қазбалар:

Фосфорит

31.Қазақ жеріне азғана бөлігі енетін, солтүстік-батыста орналасқан нысан:

Жалпы Сырт қыраты 

32.Топырақ құрамы:

Бор заманының шөгінділерінен құралған

33.Жалпы Сырттан бастау алатын кішігірім өзен салалары:

Ақжайық өзені

 

& 13

1.Қазақстанның аласа таулары:

Маңғыстау , Мұғалжар , Сарыарқа

2.Сарыарқаның шекарасы:

Солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Балқаш көліне дейін, батысында Торғай үстіртінен шығысында Сауыр-Тарбағатайға дейін

3.Биіктігі:

250-400 м

4.«Қазақтың ұсақ шоқысы» аталу себебі:

Мұнда тегіс жерлер ұсақ шоқылармен алмасып отырады

5.Сарыарқаға жататын тау жүйелері:

Ұлытау, Шыңғыстау, Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы,Құмтас

6.Сарыарқаның ең биік нүктесі:

Ақсораң (1565 м)

7.Палеозой эрасында бұл аймақта жанартаулар атқылап, тау түзілу процестері жүрген:

Сарыарқа

8.Орал тауының қазақ жеріндегі жалғасы:

Мұғалжар

9.Солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша км-ге созылып жатыр

400 км

10.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі:

450 м

11.Ең биік шоқысы:

Үлкен Боқтыбай (657м)

12.Тау қандай жыныстардан құралған:

Шөгінді және магмалық жыныстардан құралған ежелгі тау

13.Қазақстанның батысында Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатқан тау:

Маңғыстау таулары

14.Таудың ең биік нүктесі:

Қаратау жотасы (Бесшоқы нүктесі) – 556 м

15.Маңғыстау тауы құрылысы, жер бедерінің ерекшеліктері жағынан осы тауға ұқсас:

Сарыарқа тауына

16.Маңғыстау тауы қандай жыныстардан құралған ?

Құмтас, кристалды тақтатас, қара әктас (Қаратау) пен ақ әктастардан (Ақтау)

17.Маңғыстау тауының оңтүстігінде орн. Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен орн. жер:

Қарақия ойысы (-132м)

 

& 14

1.Қазақстандағы биік таулар:

Елдің шығысы мен оңт.-шығысына орн. Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань

2.Қазақстан жеріне оңт.-батыс бөлігі кіретін тау:

Алтай 

3.Алтай тауы нешке бөлінеді ?

3-ке: Оңтүстік Алтай,Қалба,Кенді Алтай(Батыс Алтай),Таулы Алтай

4.Ең биік жері:

Кенді Алтайдың Мұзтауы (Белуха) – 4506 м

5.Алтайдың пайдалы қазбаларға бай бөлігі:

Кенді(Батыс) Алтай

6.Қазақстан аумағындағы жапсарлас жатқан тау жоталары:

Сауыр-Тарбағатай

7.Қазақстан шекарасына жақын Қытай аумағында орн. тау:

Сауыр 

8.Сауырдың ең биік нүктесі:

Мұзтау – 3816 м

9.Сауырға қарағанда аласа, бірақ едәуір ұзын тау:

Тарбағатай (Тастау – 2992 м)

10.Тянь-Шань қытай тілінен аударғандағы мағынасы:

«Тәңір шыңы»

11.Ең биік шыңы:

Жеңіс шыңы – 7439 м ( ел аумағындағы:Хантәңірі – 6995 м)

12.Бұл тауға кіретін тау тізбектері ендік бағыт бойында жатыр:

Тянь-Шань 

13.Тянь-Шань-ның бөлінуі:

Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шань

14.Тянь-Шань-ның солтүстік жотасы, етегінде орн. қала:

Іле Алатауы, Алматы 

15.Тянь-Шань-ның тау түзілу процесі әлі аяқталмаған жотасы:

Іле Алатауы

16.Тянь-шань-ның жоталары (солтүстік, оңтүстік, т.б.):

Солтүстік – Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Теріскей Алатауы, Шу-Іле таулары, Ұзынқара, Кетпен

Батыс – Талас Алатауы, Қаратау, Өгем, Піскем, Ферғана, Шатқал

Оңтүстік – Түркістан, Зерафшан, Алай, Гиссар 

17.Солт.-батыс бөлігі Қазақстан жеріне қарай тарамдалып еніп тұратын тау:

Жетісу Алатауы

18.Солтүстігі мен оңтүстігінде шектесетін нысандар:

Солтүстігінде – Алакөл қазаншұңқыры

Оңтүстігінде – Іле өзені аңғары 

19.Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің қазаншұңқырын қосып жатқан тау аңғары:
Жоңғар қақпасы

20.Жоңғар қақпасы арқылы өтетін теміржол, және ол Қазақстанды қай аймақпен байланыстырады ?

«Достық» теміржолы, Батыс Қытаймен

 

& 15

1.Қазақстан ТМД елдері ішінде осы минералдар бой-ша            1-ші орында:

Хром, висмут, вольфрам, мыс, калий, рений, фтор

2.Пайдалы қазбалар нешке бөлінеді ?

3-ке: жанатын, рудалы, рудасыз

3.Кристалды(магмалық ж/е метаморфоздық жыныстарда) кездесетін пайдалы қазба:

Рудалы

4.Шөгінді жыныстарда кездесетін пайдалы қазба:

Жанатын

5.Магмалық шөгінді жыныстарда кездесетін пайдалы қазба:

Рудасыз

6.Еліміздегі пайдалы қазба кен орындарының саны:

6000-нан астам

7.1899 ж. ең алғаш атқылаған мұнай кен орны:

Қарашүңгіл(Қаратонға жақын)

8.1911 және 1915 ж.ж. ашылған мұнай кен орындары:

Доссор мен Мақат

9.20 ғ. 60-шы ж.ж. ашыла бастаған кен орындары:

Маңғыстау түбегі мен Каспий маңы ойпатындағы Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражамбас

10.Өзен мен Жетібай мұнай кен орындарында мұнай қанша м тереңдіктен өндіріледі ?

1250-2500 м

11.Қазақстандағы ең бағалы мұнай кен орындары:

Өзен мен Жетібай

12.Құлсары кен орнындағы мұнай-ң пайда болған уақыты:

Юра мен бор дәуірлері

13.Құлсары кеніндегі мұнай өндірілетін тереңдік:

50-2400 м тереңдіктен

14.Жанғыш газға бай алабы:

Жайық-Жем алабы 

15.Көбінесе мұнаймен бірге өндірілетін пайдалы қазба:

Жанғыш газ 

16.Дүниежүзіндегі қоры жөнінен ірі кен орындарының бірі:

«Теңіз» мұнай кен орны

17.«Теңіз» мұнайын өндіріп, өңдеуге атсалысып отырған компания:

«Шеврон»

18.Қазақстанның мұнай мен табиғи газды келешекте өндіруі осы кен орындарын игеруге байланысты болып отыр:

Қарашығанақ , Қашаған , Теңіз 

19.Дүниежүзіндегі соңғы 30 жылда ашылған ең ірі кен орны:

Қашаған

20.Қашаған кен орнының ашылған уақыты, мұнай қоры:
2001 ж. ,7-9 млрд. баррель

21.Қазақстанның мұнай мен газ конденсатының барланған қоры бойынша дүниежүзіндегі орны:

12

22.Қазақстандағы ең алғашқы көмірді кім, қашан ашты ?

Аппақ Байжанов, 1833 ж.

23.Оны ол қалай деп атады ?

«Отқа жанатын қара тас»

24.19 ғ. және бүгінгі таңдағы Қарағанды көмір алабынан жылына өндірілетін көмір мөлшері:

10 мың. тонна(19 ғ.), 50 млн. тонна

25.Қарағанды көмірі, жалпы қалыңдығы:

Сапасы жоғары, кокстеледі, 120 м 

26.Қарағанды көмірінен кем түспейтін көмір кен орны:

Екібастұз

27.Екібастұз көмір кен орнының алаптары:

«Солтүстік», «Шығыс», «Алып»

28.Көмірі жер бетіне жақын жатқандықтан, ашық әдіспен өндірілетін кен орны:

Екібастұз

29. «Алып» кенішінде сағатына қанша тонна мұнай, қандай құралмен өндіріледі ?

5000 тонна, роторлы экскаватормен

30.Қазақстан жеріндегі таскөмір мен қоңыркөмірдің алаптары мен кен орындарының саны:

10 алабы мен 400 кен орны бар

31.Елдегі көмірдің жалпы қорының мөлшері:

160 млрд. тонна 

32.Елдегі рудалы пайдалы қазба кен орындары:

Кемпірсай(хром), Торғай(боксит пен темір), Жезқазған(мыс-ты құмтас), Атасу(темір, марганец), Майқайың(алтынды по-лиметалл), Қаратау мен Текелі(қорғасын мен мырыш)

33.Қазақстандағы темір рудасының негізгі кен орындары:

Қостанай (Соколов, Сарыбай, Қашар, Аят, Лисаков) 

34.Сарыбай темір кен орнындағы темірді кім, қашан ашты ?

Ұшқыш Сургутанов, 1948 ж. 

35. Көбінесе темір кен орнымен іргелес жүретін кен орны:

Марганец

36.Марганецтің ірі кен орындары:

Атасу, Жезді, Жезқазған, Қаратау, Маңғыстау 

37.Хром мен никельдің ірі кен орындары:

Мұғалжардағы Кемпірсай

38.Хром рудасы ашық әдіспен өндірілетін кен орындары:

«Қазақстанның 40 жылдығы», «Бейбітшілік», «Оңтүстік» 

39.Бұл жердің хромының сапасының жоғары болу себебі:

Құрамында 45%-ға дейін хром бар

40.Қазақстанның хром қоры бойынша ТМД ішіндегі орны:

1-ші

41.Алюминийге қажет шикізат:

Боксит

42.Боксит кен орындарының саны:

20-дан астам 

43.Бокситтің негізгі кен орындары орналасқан:

Сарыарқаның солт.-шығысында 

44.Бокситтен Республикалық қордың басты бөлігі орн. :

Қостанай( 90%), Батыс және Орталық Торғай 

45.Мыс рудасының жалпы қоры:

37 млн. тонна(дүниежүзілік қордың 5,5 %)

46.Дүниежүзіндегі мыстан алатын орны:

Чили, Индонезия, АҚШ-тан кейінгі 4-ші орында

47.Мыстың кен орындарының саны:

90-нан астам

48.Дүниежүзіндегі ірілердің қатарына жататын мыс кен орны: 

Жезқазған

49.Ірі мыс кен орындары орн. физикалық-географ. нысан:

Сарыарқа 

50.Мыстың ірі кен орындары:

Жезқазған, Саяқ, Бозшакөл, Қоңырат

51.Мыс кені ашық әдіспен өндірілетін кен орындары:

Бозшакөл, Қоңырат

52.Полиметалл рудасы құрамына кіретін металдар:

Мыс қоспасы + қорғасын + мырыш + күміс + алтын

53.Ірі полиметалл кен орындары(Алтайда, ОҚО):

Алтайда – Риддер + Зырян (қорғасын мен мырышқа бай)

ОҚО – Текелі, Мырғалымсай, Ащысай 

54.Алтын шығатын өзен алаптары:

Алтайдағы Бұқтырма, Үлбі, Күршім

55.Алтынның ірі кен орындары:

Майқайың, Ақбақай, Жітіқара

56.Қазақстандағы сирек кездесетін металдар:

Сынап, висмут, молибден, кадмий, сурьма

57.ТМД ішінде тек Қазақстанда ғана кездесетін сирек металдар:

Тантал мен ниобий

58.Қазақстан дүниежүзінде фосфорит кені бой-ша нешінші орында:

1-ші

59.Фосфориттің ірі кен орын-ры(Мұғалжар мен Жамбылда):

Мұғалжар – Алға, Қандыағаш (1,5 млрд. тонна)

Жамбылда – Шолақтау,Ақсай, Жаңатас(жалпы қоры 2,6 млрд. тонна)

60.Фосфориттен алынатын өнім:

Фосфор тыңайтқыштары

61.Республиканың батысында сарқылмас қоры бар тұз түрі:

Қаратікен тұзы 

62.Каспий маңы ойпатындағы тұзды күмбездердің жалпы қоры:

6 трлн. Тонна

63.Тағы қайда тұз өндіріледі ?

Арал, Балқаш көлдері маңында

64.Қазақстанда кездесетін құрылыс материал түрлері:

Гипс, мәрмәр, отқа төзімді саз балшық, минералды бояулар, құмды әктас (мергель), әктас

65.Асбесттің ірі кен орындары:

Жітіқара, Жезқазған, Бөгетісай, Хантау 

66.Асбестен жасалынатын өнімдер:

От пен ыстыққа төзімді заттар

 

& 16

Арктикалық ауа массасының Қазақстанға әсер ететін мезгілі.

Көктемнің соңы, жаздың алғашқы айлары 

1.Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары:

Географиялық орны, күн радиациясы, атмосфера циркуля-циясы, жер бедері

2.Күн радиациясы деген не ?

Күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы мен жылуы 

3.Күн радиациясы-ң жер бетіне таралуы неге байланысты ?

Географиялық ендікке

4.Қазақстан аумағына күн радиациясының таралу бағыты:

Ендік бойынша 

5.Республика жеріне жылдық радиацияның таралу бағыты, мөлшері:

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 100-ден 160- ккал/см2

6.Республиканың таулы аймақтарындағы жиынтық радиацияның мөлшері неге байланысты өзгеріп отырады ?

Бұлттылыққа

7.Жылдық және айлық мөлшері жергілікті жер ендіктеріне байланыссыз таралатын радиация түрі:

Шашыранды 

8.Шашыранды радиация-ң оңтүстік пен солтүстіктегі мөлшері:

Оңтүстікте – 45,5 ккал/см2, солтүстікте – 48,8 ккал/см2

9.Шашыранды радиация деген не ?

Атмосферада бұлттылықтың артуына бай-ты аз мөлшерде түсетін радиация 

10. Тура радиация ше ?

Күннің жерге тура түсетін сәулесі

11.Тура және шашыранды радиацияның қосындысы:

Жиынтық радиация

12.Жиынтық радиация-ң жер бетінен шағылғанын қалай деп атайды ?

Шағылған радиация

13.Жұтылған радиация деген не ?

Жиынтық радиацияның жер бетіне сіңіп кеткені

14.Өсімдік пен құм, шөл жерлерге қарағанда күн радиация-сын өзінен едәуір шағылыстыратын денелер:

Қар мен мұздықтар 

15.Жылдың суық кезінде Қазақстан климатына әсер ететін ауа массасы:

Азия антициклонының батыс тармағы

16.Қазақстан климатына әсер ететін ауа массалары:

Арктикалық, қоңыржай, тропиктік 

17.Республика жеріне С.М.М.-нан құрғақ, суық ауа әкелетін ауа массалары:

Арктикалық ауа массалары 

18.Атлант мұхиты жағалауынан баяу келетін бұл ауа масса-сы ылғалының көбін жолшыбай жоғалтқанмен, республика батысына біршама жауын-шашын әкеледі:

Қоңыржай ауа массасы

19.Қыста ауа райы t C-ның көтеріліп. Жазда төмендеуі осы ауа массасының келуіне байланысты:

Қоңыржай 

20.Тропиктік ауа массаларының қалыптасатын аумағы, елдің қай аймағын қамтиды ?

Орта Азия мен Иран үстінде, оңтүстік аймағын

 

& 17

1.Циклон деген не ?

Атмосфера қысымы төмен аймақ

2.Грекшеден мағынасы:

Ұйытқыған

3.Жыл бойы тропосферада түзілетін циклондар саны, қозғалу бағыты, жылдамдығы:

100-деген, 1000-даған циклондар сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай, 30-40 км/сағ 

4.Циклон жиі пайда болатын аймақтар, ауа райы:

Тропиктік аймақтар, өте күшті сұрапыл дауылдар жиі болып, нөсер жаңбыр жауады 

5.Антициклонға сипаттама:

1 – қысымы жоғары аймақ

2 – ауа сағат тілімен қозғалады

3 – ондағы жел баяу соғады 

4 – ішкі жақтарында тіпті тымық болып тұрады

6.Жер шарында пайда болатын циклондардың Қазақстанға әсері шамалы, себебі:

Еліміз солтүстік жарты шарда, Еуразияның орталық бөлігінде орналасқандықтан

7.Қыс айларында Еуразияның орталық бөлігінде пайда болатын тұрақты жоғары қысымды аймақ:

Азиялық н/се монғол-сібірлік антициклон

8.Қазақстан қысының қатаң әрі суық болуына өз әсерін тигізетін ауа массасы:

Азия антициклоны 

9.Бүкіл республика климатына тән нәрсе:

Ауа t C-ның 1 тәулікте ж/е жыл бойы өте құбылмалы болуы

10.Қаңтардағы орташа t C:

Солтүстікте (Петропавлда) – 19 С

Оңтүстікте – 4 С

11.Республиканың солтүстігінде кейбір күндері ауа t C қанша C-қа дейін төмендейді ?

- 57, -53 С (петропавл – 53 С, атбасар – 57 С)

12.Солтүстіктегі қыстағы жылдың орташа t C:  

- 1 С 

13.Оңтүстіктегі қыстағы жылдық орташа t С:

+ 10 С

14.Республиканың қыста қатты суынатын аймағы:

Алтайдағы тауаралық қазаншұңқырлар (кейде – 54 С-қа дейін төмендейді)

15.Шілдедегі орташа t C:

Солтүстікте + 20 С

Оңтүстікте + 30 С

16.Алматыдағы t C +22,3 C болғанда, Медеудегі t C:

+ 18,5 С

17.Мыңжылқының биіктігі, температурасы:

3016 м, + 8,4 С

18.Республиканың жазық, көпшілік, қиыр оңтүстігіндегі t C:

Жазық + 18 С, + 29,3 С

Көпшілік + 42, +44 С

Қиыр оңтүстігінде + 47 С 

19.Температураның жылдық ауытқуы:

80-90 С аралығында 

 

&18

1.Фронттар деген не ?

Әртүрлі ауа массаларының арасындағы өтпелі аймақтар

2.Жылы және суық фронттар деген не ?

Жылы фронт – жылы ауа-ң салқын ауа жағына қарай ауысуы

(жылы фронттар өткенде оның үстінде 100-деген км-ге жететін жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады)

Суық фронт – салқын ауаның жылы ауа жағына қарай ауысып, оны ығыстыруы 

(суық фронт Қазақстан жеріне жеткенде салқын ауа ығыстырған жылы ауа жоғары көтеріліп, жел соғып, найзағай жарқылдайды)

3.Республикамыздың көпшілік бөлігінде соғып тұратын желдер ненің әсерінен пайда болады ?

Азия(Сібір) антициклонының батыс тармағының әсерінен

4.Ол антициклонның жоғары қысым туғызатын аймағы:

Шығыстан батысқа қарай біршама аймаққа барып, шамамен 50 гр. с.е. бойында

5.Тау аңғарларынан өткен ауа ағынының жылдамдығы:

30 м/с-тан асады

6.Ебі және Сайқан желдері орн. аудан:

Алматы обл. Алакөл ауданы

7.Сібір антициклоны-ң Алакөл ойысы арқылы солт.-батыстан оңт.-шығысқа, Орталық Азияға қарай соғатын жел:

Сайқан

8.Алакөл ойысына суық ауа массасын алып келетін,t C -30 С, -37 С болатын жел:

Сайқан

9.Сайқан желінің жиі соғатын және саябырситын уақыттары:

Сәуір, қыркүйек айлары, көктем мен жазда саябырлайды

10.Қатты соққан кезде(күзде) қай көлдерді, қанша деңгейге көтереді ?

Алакөл жүйесіне жататын Алакөл,Сасықкөл,Жалаңашкөл, Ұялы көлдерін, 1м-ге дейін

11.Соғу ұзақтығы:

2-3 тәулік

12.Жергілікті тұрғындар бұл желді қалай деп атайды, не себепті ?

«Шайтан» жел дейді, салт атты адамды аттан құлатарлық-тай күшті жел болғандықтан

13.Жетісу Алатауы-ң шығысында соғатын дауылды жел:

Ебі

14.Жоңғар қақпасының оңт.-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен пайда болатын жел:  

Ебі

15.Атмосфера қысымы жоғары аймақтан қысымы төмен Жоңғар қақпасына өткенде күшейіп, көбіне күшті дауылға айналатын жел:

Ебі

16.Оңт.-шығыстан солт.-батыс бағытқа қарай соғып, Алакөлді басып өтіп, кейде тіпті Балқашқа дейін жететін жел:

Ебі

17.Ебі желі-ң соғу ұзақтығы:

1-2 тәулік, оқта-текте ұйытқығанда 3-7 күнге дейін соғады

18.Ебі желі Жоңғар қақпасының орта бөлігінде неше күндей тұрады, жылдамдығы:

70-100 күндей, 60-80 м/с

19.Қай айларда күшейіп, қашан саябырлайды ?

Қазан-ақпан айларында күшейіп, жазда саябырлайды

20.Ебі желі туралы алғаш сипаттап жазған саяхатшы:

Ш.Уәлиханов

21.Қаратау жотасы арқ. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай соғатын жел:

Арыстанды-Қарабас

22.Арыстанды-Қарабас желі қай өзен бойын қуалай соғады?

Арыстанды

23.Арыстанды-Қарабас желі ОҚО-ның мына аудандарына қыста суық ауа әкеліп, ауа тмпературасын -22 С-қа дейін төмендетеді:

Отырар, Бәйдібек, Түркістан

24.Арыстанды-Қарабас желінің жылдамдығы:

30-35 м/с

25.Желден бәрінен қатты зардап шегетін шаруашылық:

Ауыл шаруашылығы

26.Қазақстанда өндірілетін жел энергиясының мөлшері:

1 млрд. квт. шамасында

27.Желдің күшін неге пайдаланады ?

Құдықтан су шығаруға және желдиірмендеріне

 

& 19

1.Қазақстандағы жауын-шашынның таралуы неге бай-ты ?

Атмосфера циркуляциясына, жер бедеріне, ауаның температурасына 

2.Орманды дала және дала зоналарындағы жауын-шашын мөлшері:

400 мм және 250-300 мм 

3. Қазақстанның қалаларындағы және аймақтарындағы жылдық жауын-шашын мөлшері:

Алматы – 629 мм, Өскемен – 536 мм, Петропавл – 423 мм, 

Жезқазған – 208 мм, Қызылорда,Маңғыстау түбегі – 150мм, Маңғыстау түбегіне жақын шөлді ауданда – 100-125 мм,   Іле Алатауының солтүстігінде – 900 мм, Орт.Қаз. – 275 мм, Биік таулы аудандарда – 400-1000 мм шамасында

4. Қазақстандағы жауын-шашын ең көп және ең аз жауатын жерлер:

Ең аз – Балқаш көлі жағалауы мен Арала маңындағы Қарақұм өңірі(100 мм)

Ең көп – Батыс Алтай (1500 мм-ден астам)

5.Солтүстік пен оңтүстіктегі жауын-шашынның айырмаш. :

Солтүстікте жазда жауады, оңтүстікте салқын мезгілде 

6.Жауын-шашын күз бен көктем айларында түсетін аймақ:

Шөл зонасы

7.Кез-келген аймақтың ылғалдылығы неге бай-ты ?

Жауын-шашынның түсу ж/е булану мөлшеріне

(Егер булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен төмен болса, ылғалдың мол болғаны және керісінше)

8.Егер жауын-шашынның түсу мөлшері мен булану мөлшері шамалас болса, онда ?

Ылғалдану коэфф. 1-ге тең болады (ылғалдану жеткілікті)

9.Түркістан қаласындағы ылғалдану коэфф. 0,19-ға тең, булану мөлшері 1250 мм, жауын-шашын мөлшері ?

238 мм 

10.Солтүстіктегі және оңтүстіктегі орташа тәуліктік t C            10 С-тан жоғары t C-ның жиынтығы:

Солтүстік – 2000-2100 мм, оңтүстік – 4300-4600 мм

11.Солтүстік,Орталық,Оңтүстікте өсіруге болатын дақылдар:

Солтүстік – зығыр,жаздық бидай, көкөніс, бау-бақша 

Орталық – қарақұмық,картоп,күнбағыс,дәнді дақылдар

Оңтүстік – күріш, жүзім, темекі, мақта, қант қызылшасы

12.Орталықтағы және Оңтүстіктегі орташа температура 10 С-тан жоғары бола-тын тәулік саны:

Орталықта – 150-160 күн, Оңтүстікте – 180-190 күн 

 

 

&20

1.Республика жерінде найзағайдың жарқылдауы неге бай-ланысты ?

Жылдың жылы мезгіліндегі жауын-шашын-ң географиялық таралуына

2.Қазақстан-ң найзағай жиі болатын аймақтары(уақыттары): Іле, Жетісу Алатаулары, Алтай таулары (көктем,күз айлары, ауа райы өзгерісінен кейде қыс айларында)

3.Ал сирек болатын аймақтары:

Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі

4. Найзағай тек көктем кезінде ғана ойнайтын аймақтар:

Шөл және шөлейт зонасы аймақтары

5.Республика бойынша ж/е таулы аудандар бой-ша жылына бұршақтың түсуі:

Жылына 1-3 рет (таулы аудандарда 5-6 рет)

6.Бұршақтың ең көп түсетін аймағы:

Іле Алатауы 

7.Бұршақ негізінен түсетін уақыты:

Жылдың жылы мезгілдерінде

8.Бұршақтың өте сирек түсетін аймақтары:

Жауын-шашын сирек жауатын шөл және шөлейт зонасы 

9.Тұманның пайда болуы немен байланысты ?

Атмосфера циркуляциясы ерекшелігі мен жергілікті жердің географиялық жағдайларына

10.Еліміздегі тұман жиі түсетін аймақтар(ұзақтығы):

Мұғалжар және Іле Алатауы (70-100 күндей жатады)

11.Тұманның түсетін уақыты:

Жылдың салқын мезгілдерінде

12.Жер беті қанша температурада көктайғаққа айналады ?

Тұман түсіп, жауын жауғаннан соң, -3 С 

13. Еліміздегі көктайғақ сирек болатын аймақтар (қатқан мұздың қалыңдығы):

Елдің солтүстік ж/е шығыс аудан-рында (5 мм-ге дейін ғана)

14.Көктайғақ жиі болатын аймақтар:

Елдің батыс және оңтүстік аудандары

15.Қатқан мұздың қалыңдығы 15,20мм-ге дейін жететін аймақтар:

Сырдария, Жайық, Жем алаптары (15мм),   Ұлытау,Қаратау баурайлары (20мм)

16.Еліміздің климатында жиі байқалатын ауа-райының жай-сыз құбылыстарының бірі:

Қуаңшылық

17.Еліміздің әртүрлі аймақтарындағы қуаңшылықтың ұзақтығы:

Сарыарқаның оңтүстігінде 25 күн, шөлейт аймақ-рда 40 күн, Қызылқұмда 100 күн

18.Елімізде жылына боран неше реттен болады ?

1-5 рет

19.Боранның көп болатын жерлері, ұзақтығы:

Елдің солтүстік аймақтары, 30-50 күндей

 

&21

1.Қазақстанда жылдың 4 мезгілінің де анық байқалуының себебі:

Ел аумағы түгелдей қоңыржай белдеуде жатуынан

2.Елдегі қыстың солтүстіктегі және оңтүстіктегі ұзақтығы:

Қарашадан наурызға дейін – солтүстікте, желтоқсаннан наурызға дейін – оңтүстікте 

3. Солтүстіктегі қар қалыңдығы, жату ұзақтығы:

30 см, 125-175 тәулік

4. Қаңтар айы-ң орташа температурасы:

-18 С (кейбір суықтарда -45 С-қа дейін төмендейді)

5.Шөлейт аймақтардағы қардың жату ұзақтығы:

Қарашадан ақпанға дейін

6.Солтүстік және Орталық Қазақстан-ң қысқы ауа-райына 

әсер ететін ауа массалары:

Азия(Сібір) антициклоны

7.Таулы аудандардың қысының қалыптасуына әсер ететін фактор:

Биіктік белдеулік

8.Оңтүстікте ауа райы қанша С-қа дейін төмендеуі мүмкін ?       (себебі)

-30-қа дейін, арктикалық ауа массасы-ң келіп жетуі

9.Арктикалық ауа массаларын алмастыратын ауа массасы:

Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен келетін Орта Азия мен ирандық тропиктік ауа массалары

10.Елдің оңтүстік аймақтарында қыста да жаңбыр жауу себебі:

Суық ауа мен жылы ауаның араласуынан (арктикалық және тропиктік)

11.Еліміздің оңтүстік жіне солтүстік аудандарындағы көктем басталатын айлар:

Оңтүстікте – ақпанда, осыдан 1,5-2 айдан соң, солтүстікте – сәуірде 

12.Еліміздің әртүрлі аудандарындағы қардың еру уақыты:

Оңтүстікте – ақпанда, орталықта – наурызда, солтүстікте – сәуірде 

13.Қазақстандағы жаздың ұзақтығы:

Мамырдан қыркүйекке дейін (5 ай)

14.Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде күннің қызуы:

Солтүстігінде +38 С-қа, оңтүстігінде +46 С-қа дейін

15.Жаз айында жаздық егіске қолайлы болатын аймақ(себебі):

Солтүстік-батыстан жауын әкелетін циклон келетіндіктен, Солтүстік аймақтар

16.Жазда тропиктік ауа массалары қай жерлерде қатты сезіледі ?

Үстірт, Сыр бойы, Қызылқұм мен Бетпақдалада

17.Жазда құмы-ң беті +60-70 С-қа дейін қызатын құм шөл:

Қызылқұм

18.Елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі күздің ұзақтығы:

Тамыздан қазанға дейін – солтүстікте, қыркүйектің 2-ші жартысынан желтоқсанға дейін – оңтүстікте 

19.Солтүстікте қар қай айда жауып басталады ?

Қазан айының соңына қарай 

 

 

&22

1.Қазақстан аумағындағы ұз. 10 км-ден асатын өзендер саны:                                                                                                          7 мыңнан астам

2.Қазақстандағы ұз. 1000 км-ден асатын өзендер саны: 7(Ертіс, Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Тобыл, Есіл)                                    3.Қазақстан өзендерін негізгі неше алапқа бөлуге болады ?

2(Солтүстік Мұзды Мұхит және Ішкі тұйық көлдер алабы)             4.Солтүстік Мұзды Мұхит алабына жататын өзендер қай таулардан бастау алады ?                          

Оңтүстік Оралдың оңт.-шығысы, Сауыр,Тарбағатай, Алтай, Сарыарқа

5.Қазақстандағы суы ең мол, ең ірі өзен:

Ертіс

6.Ертіс өзені бастауын қайдан алады ?

Қытайдағы Моңғол Алтайы деген тау-ң батысынан

7.Зайсан көліне қандай атпен құяды ?

Қара Ертіс 

8.Жалпы және Қазақстан жеріндегі ұзындығы:

Жалпы ұзындығы – 4248 км, ел аумағында 1700 км

9.Ертіс өзені ағып өтетін аралықтар:

Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгетінен кейін Алтайдың Қалба, Нарын жоталарының тауаралықтары арқылы ағады 

10.Ертіс өзеніне Өскемен қаласының төменгі жағынан келіп қосылатын өзендер:

Үлбі мен Үбі

11.Ертіс өзені осы аймаққа келгенде баяуырақ ағады ?

Семей қаласының маңында жазықтыққа шыққаннан кейін

12.Ертіс өзенінің қоректену түрлері:

Алтай тауының қар-мұздықтары, жерасты сулары, жауын-шашын сулары

13.Сарыарқа мен Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету үшін салынған канал:

Ертіс-Қарағанды

14.Құрылысы басталды, аяқталды, ұзындығы қанша ?

1962 ж. құрылысы басталды, 1974 ж. аяқталды, 490 км 

15.Ертіс бойына салынған СЭС-тар, қай кәсіпорын ол СЭС-тардың электр энергиясын пайдаланады ?

Үлбі, Өскемен, Бұқтырма, Кенді Алтайдың кәсіпорындары 

16.Ертісте өсірілетін кәсіптік маңызы жоғары балықтар:

Шоқыр, шортан, алабұға мен бекіре

17.Ертіске республика аймағынан тыс жерде келіп құятын 2 ірі салалары:

Есіл мен Тобыл

18.Су шығыны деген не ?

Белгілі бір уақыт аралығында өзеннің көлденең қимасы арқылы ағып шыққан су мөлшері

19.Су шығынының формуласы:

Өзеннің көлденең қимасының ауданының өзен ағысының жылдамдығына көбейтіндісі

20.Ең көп су шығыны қашан болады ?

Су тасу немесе тасқын кезінде

21.Жылдық ағын деген не ?

Жыл бойындағы су шығыны

22.Ертістің Обьқа құяр жеріндегі жылдық ағыны: 

28 млрд. м3

23.Ертістің оң жақ саласы:

Бұқтырма

24.Бастауын қай жерден алады ?

Оңтүстік Алтайдың мұздықтары мен қарынан

25.Ертістің ең суы мол саласы:

Бұқтырма

26.Өзеннің суы тасып жататын уақыт:

Мамырдың аяғынан шілде айына дейін

27.Өзеннің суы шұғыл көтерілетін кез:

Маусым айы

28.Ал арнасынан төмен түсетін уақыты:

Қыс айлары

29.Ағаш ағызуға қолайлы өзен:

Бұқтырма

30.Бұл өзен жағалауларының биіктігі 200 м-ге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді ?

Бұқтырма

31.Ертістің сол жақ салалары:

Есіл мен Тобыл

32.Бұл екеуінің де суы мол және аз болатын мезгілдері:

Көктемде мол болады, қыс кезінде азаяды

33.Есіл өзені бастауын қайдан алады ?

Сарыарқаның солт.-шығысындағы Нияз тауынан

34.Есілдің қай аралықтағы суы таязданып қалады ?

Астанаға дейінгі аралықта

35.Қай аралықта суы қайттан молая түседі ?

Көкшетау маңында (бірнеше салалар қосылуына бай-ты)

36.Батыс Сібір жазығына жеткенше қай қала маңында біраз салалар қосылып, суы молаяды ?

Петропавл

37.Есіл мен Тобылдың ұзындықтары:

Есіл – 1450 км, Тобыл – 1591 км

38.Есіл өзенінде шағын катер қанша км-ге жүзе алады ?

270 км-ге

39.Есіл өзенінің бойында салынған бөгендер, салыну мақсаттары:

1 – Есілде кемелердің жүзуіне қолайлы болуы үшін,                      2 – Есілдің ағынын бірқалыпты ұстап тұру үшін,                                    3 – егісті суландыру үшін                                               Сергеевка,Вязьма су бөгендері

40.Есілдің жылдық су шығыны:

61 м3/сек.

41.Тобыл өзінің бастауын қайдан алып,қайда барып құяды ?

Оңтүстік Оралдың шығысындағы Қараадыр деген сілемінен басталып, РФ-дағы Тоболск қаласының жанындағы Ертіске барып құяды 

42.Тобылдың жылдық су шығыны:

18 м3/сек.

43.Тобыл бойына салынған суқоймалар:

Қызылжар, Қаратомар, Амангелді 

44.Ертіс,Тобыл өзен-рінің сулары не үшін пайдаланылады?

Ертіс өзенінің суы арзан электр энергиясын өндіруге, Тобылдың суы ауыз су ретінде, егістікке пайдаланылады 

45.Каспий теңізі алабының өзендері:

Жайық, Жем, Ойыл

46.Каспий теңізі алабының ең ірі өзені:

Жайық

47.Жайық өзенінің жалпы, Қазақстан жеріндегі ұзындығы:

Жалпы ұзындығы – 2428 км, елдегі ұзындығы – 1082 км

48.Бастауы мен құяр жері(?):

Орал тауынан бастау алып, Каспийге келіп құяды

49.Арнасынан шығып, жайылып кететін уақыты:

Сәуірдің 2-ші жартысынан бастап

50.Суы мол болатын ай:

Мамыр айы

51.Қайда келгенде ағысы баяулап, арнасы кеңіп, жазық жермен ағады ?

Төменгі Каспий маңы ойпатында

52.Жайық өзенінде уылдырық шашатын ең бағалы балық:

Бекіре 

53.Жем өзені бастауы, құяр жері:

Бастауын Мұғалжар тауынан алып, Каспийге келіп құяды

54.Таситын мезгілі:

Көктем айы

55.Жағасы қандай жыныстардан түзілген ?

Құм және саз жыныстарынан

56.Мұз қатып жататын мезгіл:

Қарашадан наурыз айының соңына дейін 

57.Арал теңізі алабының өзені:

Сырдария

58.Өзен қай жерден бастап Сырдария деп аталады ?

Орталық Тянь-Шань тауларынан Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жерінен бастап

59.Қазақстан аумағында Сырдарияға құятын өзендер:

Арыс пен Келес

60.Өзеннің жалпы, ел аумағындағы ұзындығы:

Жалпы ұзындығы – 2219 км, ел аумағында – 1400 км

61.Өзен эрозиясы, терраса, қатты ағын, аллювий деген не ?

Өзен эрозиясы - ағын судың тау жыныстарын шайып әкетуі                      Терраса – өзеннің су көтерілмеген ескі арнасы                             Қатты ағын – өзенмен ағып келген барлық қатты зат              Аллювий – өзен аңғар-рында су ағындары әрекетінен түзілген шөгінділер 

62.Сырдария өзенінің қатты ағыны жылына қанша шөгіндіні ағызып әкеледі ?

100 млн. тонна шамасында

63.Республика бой-ша ең лайлы өзен,лайлылық мөлшері:

Сырдария, 1150-1200 гр./м3

64.Сырдария бойына салынған бөген(суқойма), суару жүйелері, бөгет:

Шардара – суқойма, Қызылқұм, Қазалы, Көксарай – суару жүйелері, Қызылорда – бөгет

65.Көктемде күрт көбейетін Сырдарияның суынан төменгі ағысындағы елдімекендерді су алу қаупінен қорғауға ж/е қыс айларында Шардара СЭС-да өндірілетін электр энергия-сы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін не салынды ?

«Көксарай» қарсы реттегіш суқоймасы

66. Қазақстандағы кішігірім көлдерге құятын өзендер:

Шу, Сарысу, Ырғыз бен Торғай 

67.Балқаш-Алакөл алабына жататын өзендер осы таулардан бастау алады:

Тянь-Шань мен Жетісу Алатауынан

68.Балқашқа құятын өзендердің ең ірісі:

Іле

69.Іле өзені осыдан кейін жазықтық өзенге айналды:

Қапшағай суқоймасы салынғаннан кейін

70.Іле өзеніне келіп қосылатын салалары:

Шарын, Шелек, Қаскелең, Күрті, Түрген 

71.Қаскелең өзенінің салалары:                             

Кіші және Үлкен Алматы 

72.Аңғары құлама жартасты болып келетін, қат-қабат жар-қабақты шатқалы(каньоны) қайталанбас әсем көрініс беретін өзен:

Шарын 

73.«Каньон» сөзінің испан тілінен аударғандағы мағынасы:

Шатқал, құбыр

74.Ұзындығы жөнінен 3-ші орындағы өзен(Қазақстандағы ж/е жалпы ұзындығы): 

Іле өзені, жалпы ұз.-ғы – 1439 км, ел аумағында – 815 км-і 

75.Іле өзенінің суы неге пайдаланылады ?

Егін суаруға, электр энергиясын өндіруге

76.Өзеннің қоректену түрлері:

Қар және мұз суымен

77.Суы тасып жататын мезгіл:

Сәуірдің аяғынан тамызға дейінгі аралықта 

78.Өзен суы мол болатын мезгіл:

Жазда (тау басындағы қар-мұздықтардың еруінен)

79.Өзен суы деңгейінің төмендейтін мезгілі:

Күз айларында (биік таулардың басындағы қар-мұздардың баяу еруі салдарынан)

80.Әдемі Есік көлін жойып жіберген күшті сел болған уақыт:

1963 ж. 7 шілде

81.Медеу шатқалында салынған бөгеттің биіктігі, табаны-ң ені,  ол қай жылғы селден Алматыны аман алып қалды ?

Биіктігі – 100 м, табанының ені – 600 м, (Кіші Алматы өзенін бөгеп салды) 1973 ж. шілде айындағы селден

82.Іле өзенінің кеме қатынасына қолайлы бөлігі:

Қытай шекарасына дейінгі жері   

83.Жетісу Алатауынан бастау алатын, Балқаш көлі алабындағы 2-ші ірі өзен:

Қаратал 

84.Өзеннің тасып жататын, қатты көтерілетін, күрт төмен-дейтін мезгілдері:

Сәуірдің аяғынан шілдеге дейін – тасып жатады, маусымда – қатты көтеріледі, қыс айларында – күрт төмендейді

85. Өзен суы не мақсатта пайдаланылады ?

Көбіне егін суаруға

86.Аягөз өзеніне қай жоталар түйіскен тау торабы беткейлерінен басталатын кішігірім өзендер келіп қосылады ?

Тарбағатай, Шыңғыстау, Қайрақты

87.Аягөздің қоректену түрлері:

Еріген қар суы және жерасты суымен 

88.Қай өзенмен қосылғаннан кейін Балқашқа келіп құяды ?

Сарыарқадан бастау алатын Айқыз саласы 

89.Су шығынының ең көп болатын мезгілі:

Көктем айы

90.Қай айда су шығыны орта мөлшерге жетеді ?

Қыркүйек айында 

91.Жетісу Алатауынан бастау алып, Сасықкөлге келіп құятын өзен:

Тентек 

92.Алакөл тобына жататын өзендердің ең ірі әрі суы молы:

Тентек

93.Тентектің қоректену түрі:

Аралас қоректену

94.Деңгейі көтеріліп(1), одан соң 10 есеге дейін төмендей-тін(2) мезгілі: 

1 – көктем айында, 2 – сәуір айында 

95.Өзен суы егіске пайдаланылатын мезгіл:

Көктем мен жаз айларында 

 

 

&23

1.Қазақстандағы үлкенді-кішілі барлық көлдер саны:

48 мыңнан астам

2.Аумағы кішігірім көлдер мен көлшіктердің үлесі: 

96-97%

3.Елдегі көлдердің азаю бағыты:

Солтүстіктен оңтүстікке қарай

4.Көлдер қазаншұңқырлары бой-ша нешеге бөлінеді ?

3-ке (экзогендік, мұздықтық, тектоникалық)

5. Бұрынғы теңіз орнында пайда болған көлдер:

Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл тобына жататын көлдер

6.Жердің үстіңгі қабатының шөгіп, ойысуынан пайда болған көлдер:

Жазық жердегі көлдер

7.Табиғи бөгелуден(опырылудан) пайда болған көлдер:

Таулы өлкелердегі көлдер

8.Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының аралығындағы тектоникалық қазаншұңқырда орн. ағынды, тұщы көл:

Зайсан

9.Зайсан көлінен ағып шығатын өзен:

1 ғана Ертіс өзені

10.Жаздағы суының t C:

+ 26 С 

11.Суының деңгейі көтерілетін уақыт:

Жаздың алғашқы жартысында

12.Зайсан көлінде балықтың қанша түрі кездеседі ?

23

13.Зайсан көліне жерсіндірілген жануар:

Су тышқаны(ондатр)

14.Еліміздің солтүстігіндегі ең ірі көлдер:

СҚО – Сілетітеңіз , Орт.Қаз. – Теңіз,Қорғалжын көлдері

15.Сілетітеңіздің теңіз деңгейінен орташа биіктігі(1), ұз.(2) ені(3), орташа тереңдігі(4), ауданы(5):

1 – 64,7 м, 2 – 65 км, 3 – 22 км, 4 – 2 м, 5 – 750 км2

16.Солт.-шығ. жағасы тік жарлы, оңт.-бат. жағалауы аласа болып келетін, шағын шығанақты және түбекті келетін көл:

Сілетітеңіз

17.Сілетітеңізге құятын өзендер саны:

19

18.Теңіз көлінің ауданы(1), ұзындығы(2), ені(1), қандай жолмен қалыптасқан ?

1 – 1161,5 км2, 2 – 74 км, 3 – 32 км, тектоникалық жолмен

19.Қандай өзендер құяды ?

Құланөтпес, Нұра

20.Суының деңгейі жоғары болатын уақыт:

Көктемде 

21.Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің шаралары қай дәуірде қалыптасып, суға толған ?

Антропоген

22.Теңіз көлінің аймағындағы жауын-шашын мөлшері:

250-350 мм

23.Сарыарқаның Теңіз-Қорғалжын ойысында орн. көлдер мен өзендер:

Теңіз, Қорғалжын, Қыпшақ, Керей, Қияқты көлдері мен Нұра, Құланөтпес өзендері 

24.Қазақстандағы туристік-демалыстық көлдер:

Көкшетаудағы Бурабай, Баянауылдағы Жасыбай, Қарқаралыдағы Шайтанкөл

25.Қорықтық көлдер:

Теңіз, Қорғалжын, Марқакөл

26.Қазақстандағы ең ірі суқойма:

Бұқтырма(ШҚО)

27.Бөгеннің ұзындығы(1), ені(2), орташа тереңдігі(3):

Ұзындығы 600 км, ені 35 км, орташа тереңдігі 11 м

28.Бөгеннің суы осы облыстарға пайдаланылып отыр:

Павлодар, ШҚО

29.Көлемі жағынан 2-ші орынды алатын бөген:

Қапшағай суқоймасы

30.Қапшағай бөгені:

Ұзындығы – 180 км, ені – 22 км, орташа тереңдігі – 15 м , ең терең жері – 45 м 

31.Суын пайдаланатын облыс:

Алматы облысы

32.Шардара бөгенінің ұзындығы және ол жылына қанша га алқапты суландырады ?

Ұзындығы - 220 км , 1,5 млн. га алқапты

33.Қазақстандағы өзге де суқоймалар:

Нұра – Теміртау , Арыс – Бөген , басқа да Дөңгелек,Кеңгір секілді бөгендер бар 

34. Бөгеннен су алатын, Республикамыздағы ірі су жүйелерінің бірі:

Арыс-Түркістан каналы 

                                                           

 

&24

1.Каспий теңізінің ауданы:

374 мың. Км2

2.Каспийдің теңіз және көл деп аталу себептері:

Теңіз – аумағы үлкен болғандықтан, көл – дүниежүзілік мұхитпен ешқандай байланысы жоқ болғандықтан

3.Қара және Жерорта теңізі арқылы Дүниежүзілік мұхитпен байланыс жасаған уақыты:

13 мың. Жыл бұрын

4.Ол кездегі теңіздің деңгейі:

Қазіргіден 75 м жоғары болған 

5.Каспий атының шығуы:

Теңіз жағасын мекендеген ежелгі каспи тайпаларына бай-ланысты

6.Каспий туралы алғашқы деректер кімнің еңбектерінде жа-зылған ?

Геродот

7.18 ғ. Каспийді жан-жақты зерттеуді жүргізді:

1-ші Петр патша

8.Каспийдің Қазақстан жеріндегі тереңдігі:

200-300 м

9.Ең терең жері:

Оңтүстігінде, - 1025 м 

10.Солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша км-ге созылып жатыр, ені қанша ?

1200 км-ге , ені – 320 км

11.Каспийдің климатына жазда және қыста әсер ететін ауа массалары:

Қыста – Азия максимумы, жазда – Азор максимумы мен Оңт. Азия минимумы

12.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

20 мм

13.Жаздағы орташа температурасы(солтүстік, оңтүстік, шығысында):

+ 26 С (солт. - + 26 С, оңтүстікте + 32 С, шығыста + 44 С)

14.Буланушылық мөлшері:

1000 мм (шығысында – 1400 мм)

15.Каспий теңізінде толқын туғызатын желдердің пайда болу себебі:

Теңіздің әртүрлі климаттық белдеулерде жатуынан

(солтүстігі – қоңыржай,батысы – ылғалды субтропиктік, оңт.-шығысы,Туркмения жағы құрғақ субтропиктік белдеуде)

16.Теңіз толқынының биіктігі 11 м-ге жеткен жер:

Апшерон түбегінде

17.Тұздылығы:

Солтүстігінде әртүрлі өзендер келіп құятындықтан 13%. Оңтүстігінде 28-30%.

18.Қыстағы орташа температура:

0-5 С , оңтүстігінде + 10 С

19.Мұздың жату ұзақтығы:

Қарашадан наурызға дейін, тек солтүстік бөлігінде

20.Соңғы жылдары деңгейі қаншаға көтерілді ?

1 м-ге

21.Теңіздің табиғи байлықтары:

Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі, өсімдіктердің 600 түрі, жасыл, қызыл, қоңыр балдырлар кездеседі

22.Дүниежүзінде ауланатын бағалы қандай балық тұқым-дастары ауланады (қанша пайызы) ?

Бекіре тұқымдас(бекіре, шоқыр, көксерке) 82%-ы

23.Кәсіптік маңызы зор балық түрі:

Итбалық

24.Теңізден өндірілетін пайдалы қазбалар(мұнайдан басқа):

Натрий сулыраты, мирабилит тұздары

25.Қандай порттары бар ?

Ақтау, Атырау, Баутино, Ералиев 

26.«Теңіз» мұнай кен орнындағы мұнайдың құрамындағы теңіз экологиясына зиянын тигізетін зат:

20%-ға дейін күкіртті газ 

27.Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі салдарынан су басып қаупі төніп отырған елдімекендер:

Қаражамбас, Қаламқас

28.Теңіз суы ластануының негізгі себебі:

Мұнай

29.Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау-кен металлур-гия комбинатының кесірінен жойылған көл:

Қошқарата көлі

 

 

&25

1.Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында орн. географиялық нысан:

Арал теңізі

2.Арал теңізі теңіз деңгейінен қанша м биікте орналасқан ?

53 м

3.Арал теңізінің қазіргі ауданы(1950 ж.), ұзындығы:

46,64 м2 (64,5 м2), 428 км

4.Арал туралы алғашқы деректерді қай елдің ғалымдары жазып қалдырған ?

Грек ғалымдары

5.Арал теңізінің нақты географиялық орнын картаға түсірген грек ғалымы:

Птолемей

6.«Арал теңізі» еңбегінің авторы,жылы:

Берг, 1908 ж.

7.Арал теңізінің климаты:

Қатаң континентті, құрғақ 

8.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

100 мм

9.Теңіздің жазғы, қысқы орташа температурасы:

Жазда +24,+26 С, қыста -7, -13 С

10.Тұздылығы:

14 промилле (соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылуына бай-ты қалыпты мөлшерден 35 промилле артқан)

11.Балықтың қанша түрі кездеседі ?

30-дан аса

12.Кәсіптік маңызы бар балық түрлері:

Бекіре, сазан, шабақ, қаяз, ақмарқа

13.Соңғы уақытқа дейін теңізден балықшылардың аулаған балық мөлшері:

200 мың. Тонна

14.Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында құрылған қорықта қорғауға алынған жануарлар:

Құлан, бөкен, қырғауыл, жайран

15.Соңғы 30 жылда теңіз деңгейі қаншаға төмендеді(жағалаудан қанша км-ге шегінді) ?

14,7 м-ге (100-120 км-ге)

16.Қанша суы тартылып, орнына қанша тұзды сортаң шөл пайда болды ?

26 мың км2 суы тартылып, 2 мың га жерге тұзды сортаң шөл пайда болды 

17.Теңіздің әр 1 км2 жерінен пайда болатын тұз мөлшері:

8000 тонна 

18.20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың алғашқы онжылды-ғында басты экологиялық проблема болған:

Арал теңізі

19.Арал теңізіне қаржы бөлді:

АҚШ, Жапония, Ресей,Орта Азия республикалары

20.2-ге бөлінген Арал теңізінің Қазақстандық бөлігі:

Кіші Арал 

21.Арал теңізі проблемасын шешуге болатын болжамдар мен жобалар:

1 – Сібір өзендерін Қазақстан аумағына қарай бұру

2 – Сырдария мен Әмудария-ң суын үнемдеу

3 – Аралдың тым болғанда жартысын сақтап қалу 

4 – Каспий суын жасанды құбырмен тарту

5 – жерасты суларын пайдалану

6 – Аралдың өзіндік табиғи жолмен қайта қалпына келгенін күту 

 

& 26

1.Қазақстанның оңт.-шығысында орналасқан көл:

Балқаш

2.Балқаш көлінің ұзындығы, ені, ең терең жері, биіктігі, ауданы:

Ұзындығы – 605 км, ең тар жерінің ені – 8 км, ең терең жері – 27 м, орташа биіктігі – 342 м, ауданы – 18,2 м2, ендік бағыт бойында созылып жатыр

3.Көлді зерттеген ғалымдар:

Неміс ғалымы – Гумбольдт, орыс ғалымдары – Берг, Мушке-тов

4.Балқаш-Алакөл көлдерінің табиғатын зерттеп, екі көлдің қазаншұңқырларының ұқсастығын алғаш рет зерттеген: 

Ш.Уәлиханов (ғалым Балқаш, Алакөл көлдері, Іле және Жоңғар Алатауы табиғатын сипаттап жазды)

5.Солтүстік бөлігі тік,сай-жыралармен көп тілімденген, оңтүстік жағалауы жайпақ болып келетін көл:

Балқаш

6.Көлдің шығыс, батыс жағалаулары қай эра жыныстарынан түзілген:

Палеозой 

7.Балқашқа оңтүстігінен тарамдалып, кең атырау жасап құятын өзен:

Іле

8.Балқаштың шығанақ, арал, өзендері:

Шығанақтары – Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары – Басарал, Тасарал, өзендері – Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Мойынты, Бақанас, Тоқырау

9.Балқаштың шілде-қаңтардағы температурасы:

Шілде – +24 С, қаңтар – -8 С 

10. Жаз айында қанша С-қа дейін көтеріледі ?

+ 27 С 

11.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

120 мм

12.Мұз басып жататын уақыт:

Желтоқсаннан сәуірге дейін 

13.Көл әртүрлі моллюскаларға, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер-ге, планктондарға бай:

Балқаш көлі 

14.Балықтың қанша түрі бар ?

20-дан астам

15.Оның ішінде нешеуі тек Балқашта ғана кездеседі ?

5-еуі

16.Балқаштың эндемик балықтары:

Іле және Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы

17.Кәсіптік маңызы бар балық түрлері:

Сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, шармай, аққайран

18.Жерсіндірілген жануар:

Су тышқаны (ондатр)

19.Осы өзен атырауында өсетін қамыстардан малға жылына дайындауға болатын шөп мөлшері:

Іле өзені, 1 млн. тонна

20.Балқашқа құятын суды Қапшағай бөгеніне тарту салдарынан көл деңгейі қанша м-ге төмендеді ?

2 м-ге

21.Балқашты ең көп ластайтын кәсіпорын:

Балқаш мыс комбинаты 

22.Комбинаттың жылына көлден алатын су мөлшері:

59 млн. м3

23.Көл құрамында мыс қанша мөлшерге артып, қандай қал-дықтар тіршілік көздерін жоюда ?

14-54 есе артып, молибден мен мырыш

24.Көлдегі экология әсерінен жеуге жарамсыз болып қалған балық:

Көксерке 

25.Балқаш көлінің экологиясын зерттеуге бағытталған қор:

Балқаш-Арал 

26.Балқаштың шығыс жағындағы көлдердің ең ірісі:

Алакөл

27.Алакөлдің ұзындығы, ең терең жері:

Ұзындығы – 384 км, ең терең жері – 54 м 

28.Алакөлде қанша балдыр түрі өседі ?

58 түрі

29.Қаншадан астам шағын өзендер келіп құяды ?

15-тен астам

30.Алакөлдің тіршілік дүниесін қорғау мақсатында құрылған қорық:

Алакөл (1998 ж.)

 

& 27

1.Мұздық деген не ?

Көп жылдар бойы биік таулар басына жиналған қарлар мен көк сеңгір мұздар

2.Қазақстандағы мұздықтар негізінен қай тауда кездеседі, жалпы биіктігі қанша ?

Тянь-Шань тауында кездеседі, жалпы биіктігі 4000 м

3.Қандай тау жүйелерінде кездеседі ?

Талас, Қырғыз, Теріскей, Күнгей, Іле, Жетісу Алатауында,

Алтайда, Сауырда

4.Қазақстандағы мұздықтардың жалпы көлемі, саны, аумағы:

Көлемі – 64 км3, саны – 2724,аумағы – 1674 км2 

5.Қазақстан мұздықтарының тип түрлері:

3 (аңғарлық, тау беткейлік, денудациялық беткейлік)

6.Олардың алып жатқан аудандары:

Аңғарлық – 19,2 %

Тау беткейлік – 79,1 %

Денудациялық – 1,7 %

 7.Аңғарлық, қарлы-аңғарлық, аспалы аңғарлық, қазаншұңқырлық типі қай топқа жатады ?

Аңғарлық типіне 

8.Беткейлік, қарлық, қар аспалы түрлері ше ?

Тау беткейлік типіне

9.Жұмыр, төбесі тегіс болып келетін мұздықтар қай типке жатады ?

Денудациялық беткейлік типке

10.Елдегі ең ірі мұздық, орн. тауы, ауданы, т.б. :

Корженевский мұздығы, Іле Алатауында, аңғарлық тип, ауданы – 38 км2, қалыңдығы – 300 м-дей, ұзындығы – 12 км-дей, 3560 м биіктікте 

11.Алматының оңтүстігіндегі Кіші Алматы өзені бастау алатын тау мұздығы :

Тұйықсу мұздығы 

12.Елдегі мұздықтар етегінің биіктігі жоғарылайтын бағыт:

Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай биіктейді

13.Мысалы:

Алтайдағы Үлкен берель мұздығының етегі 2600 м биіктікте, ал Іле Алатауындағы Шокальский мұздығының етегі 2900 м 

14.Қыста мұздықтардың қатты суынатын тереңдік аралығы:

12-15 м 

15.Мұздықты белдеуде t C қанша С-қа төмендейді ?

10 C-қа

16.Аңғарлық мұздықтардың қалың қабаттарында жыл бойы t C қанша градуста болады ?

0 С

17.Мұздықтар бетінің 7,5 мм қабаты еритін t C:

+1 С

18.Мұздықтардың еруінен өзендерге жыл сайын қосылатын су мөлшері:

2109 м3

19.Бірден бір тұщы су көзі:

Тау мұздықтары

20.Мұздықпен қорланатын өзендер суы:

Суармалы егін мен ауыз суға пайдаланылады

 

& 28

1.Қазылғанына 100 жыл болған құдықтарды кездестіруге болатын аймақтар:

Атырау, Қызылқұм, Бетпақдала, Ақмола, Көкше

2.Жерасты суларының бөліну түрлері:

Жарықшақты, жарықшақты-қат-қабатты, қат-қабатты

3.Жарықшақты тобына жататын жерасты суы таралған аймақтар:

Сарыарқа, Мұғалжар, Орал, елдің оңтүстік және шығыс аймағы

4.Мұндай су қандай жыныстардан түзілген:

Кембрийге дейінгі, палеозойлық метаморфтық жыныстардан 

5.Онша терең емес жерлерден бұлақ болып шығатын жерасты су түрі:

Жарықшақты

6.Жарықшақты су қанша жылдамдықпен ағып шығады ?

1-2 л/сек

7.Жарықшақты-қат-қабатты жерасты сулары таралған аймақтар:

Маңғыстау, Сарыарқа, елдің оңтүстік және шығыс аймағы 

8.Бұл жерасты суының жылдамдығы қанша ?

10-35 л/сек

9.Қандай жынысты қабаттарда кездеседі ?

Палеозойлық және мезозойлық тау жыныстары қабаттарында

10.1000-3000 л/сек жылдамдықпен атқылайтын жерасты суы қай жерлерде кездеседі ?

ОҚО-дағы Мырғалымсай, Келтемашат және Сазтөбе, Бадам 

11.Тұщы ж/е ашқылтым болып келетін бұл топтағы жерасты суы 10-даған м-ден 100-деген м-ге дейінгі тереңдікте қалыптасқан:

Жарықшақты-қат-қабатты

12.Бұл жерасты суының ең аз кездесетін аймағы:

Маңғыстау жері

13.Жарықшақты, жарықшақты-қат-қабатты жерасты сулары негізінен қалыптасатын аудандар:

Таулы және ұсақ шоқылы аудандар

14.Қат-қабатты топқа жататын жерасты сулары тарайтын аймақтар:

Таулардың іші ойыстары, өзен аңғарлары, жазық аудандар

15.Қандай жыныстарда кездеседі ?

Палеозойлық және антропогендік жыныстарда 

16.Бұл жыныстардың қалыңдығы:

Өзен аңғарларында бірнеше м ғана, Үстіртте 3-6 км, Каспий маңы ойпатында 10-19 км

17.Суының мөлшері:

50-70 л/сек

18.Қазақстандағы жерасты сулары пайдаланылатын мал жайылымы мен егістік жердің мөлшері:

Мал жайылымы – 80 млн. га, егістік – 15 млн. га

19.Курортты, емдік сумен емдейтін шипажайлар:

Сарыағаш, Алмаарасан, Барлықарасан

20.Жерасты сулары қолданылады:

Жылыжайларға, тұрғын үйлерді жылыту үшін, жаңа су айдындарын ашу үшін, өнеркәсіпте, балық өсіретін тоғандарында 

& 29

1.Жердің беткі,құнарлы қабаты:

Топырақ

2.Органикалық қалдықтарды бактериялар мен саңырауқұлақтар неге айналдырады ?(шірітеді)                             Шірінді мен қарашірікке(гумус) 

3.Органикалық заттарды қопсытып, тау жыныстарының минерал бөлшектерімен араласуына себепші болады:

Жауынқұрты

4.Топырақтың беткі қабатына шірінді көбірек жиналатын мезгіл:

Көктем мен күз

5.Қарашірік қабаты бай химиялық элемент:

Кальций

6.Топырақ механикалық құрамына қарай нешке бөлінеді ?

4-ке: сазды, саздақты, құмды, құмдауытты

7.Топырақ бөлшектері мен қарашірік қабатының, ұсақ саз бөлшектерінің түзілуіне әсер ететін микроэлемент:

Кальций

8. Топырақтағы өте ұсақ бөлшектердің желімденуіне себеп болып, топырақ түйіршіктерінің беріктігін арттыратын микроэлемент:

Кальций

9.Құрылымы ең жақсы топырақ:

Қарашірік пен кальцийге бай түйіршікті қара топырақ

10.Құрылымы кесекті, жаңғақ сияқты болып келетін топырақ:

Қызғылт, күлгін топырақ

11.Түйіршіктері үлкенді-кішілі кеуек, қуыс болатын топырақ түрі:

Құрылымды топырақ

12.Қазақстан аумағындағы топырақ түрлері:

4: қара, қызыл қоңыр, ашық қоңыр, сұр

13.Құнарлы кәдімгі қара топырақтың қарашірік қабаты-ң қалыңдығы:

1-2 м

14.Құнарлы қара топырақ еліміздің қай бөлігін алып жатыр:

Солтүстік және солтүстік-шығыс

15.Қара топырақ көлемі қанша ?

9,5 %

16.Зонааралық орманның сұр топырағы кездесетін топырақ:

Қара топырақ 

17. 53 градус с.е.-тен оңтүстікке қарай созылып жатқан топырақ түрі:

Қызыл қоңыр топырақ 

18.Жалпы көлемі:

34 %

19.Күңгірт(қызыл) қоңыр топырақ түрлері:

Орташа қызыл қоңыр, бозғылт қызыл қоңыр 

20.Дала зонасында таралған топырақ түрі:

Қызыл қоңыр 

21.48 градус с.е.-тен оңтүстікке қарай таралған топырақ түрі:

Ашық қоңыр және қоңыр топырақ

22.Ол қай зонаның топырағы:

Шөл 

23.Республика жерінің көп бөлігін алып жатқан топырақ, аумағы:

Қоңыр және ашық қоңыр топырақ, 43,6 %

24.Шөлді аудандарда кездесетін ойпаңда жиналған саздан түзілген топырақ:

Тақыр жер топырағы

25.Бұл топырақ кездесетін аймақтар:

Сырдария, Шу, Іле өзендерінің төменгі ағысы, қоңыр ж/е сұр топырақты аймақ

26.Қазақстанның шөл және шөлейтті зонасында таралған топырақ:

Құм және құмды топырақ

27.Қазақстанның көпшілік бөлігінің топырағы:

Сортаңды

28.Қазіргі кезде сортаң топырақты жер көлемінің ұлғайып кету себебі, аумағы:

1 – егістік жерлерді суару режимінің дұрыс сақталмауы

2 – жерасты суының шамадан тыс минералдануынан 

30 %

29.Тянь-Шань таулы аймағының топырағы:

шөл аймағының топырағы: қоңыр,қызыл қоңыр, күңгірт, сұр, орманды, шалғындық дала

30.Егін шаруашылығы жақсы дамыған аймақ:

Құнарлылығы жоғары 

31.Жер көлемін жан басына шаққанда еліміз орында:

1-ші орында

32. 2010 ж. мәлімет бой-ша жалпы егістік жер, қаншасына дақыл егіледі ?

21,4 млн. га, 16,2 млн. га-на

33.Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде егістік алқабының көлемі қанша есе өсті ?

7 есе

 

 

& 30

1.Топырақ эрозиясының түрлері:

2:жел, су

2.Топырақты эрозияға ұшыраудың сақтау жолдары:

1 – ағаш отырғызу

2 – ауыспалы егістікке көшу

3 – мелиорациялау шараларын жүргізу

3.Кеніштер 200-600 м тереңдіктен ашық әдіспен алынатын кен орындары:

Екібастұз, Қоңырат, Соколов-Сарыбай, Қашар

4.Рекультивация деген не ?

Шаруашылықты дұрыс жүргізбеу салдарынан бұзылған жерлердің табиғи ж/е шаруашылық құндылығын қайта қалпына келтіру шараларының жиынтығы

5.Рекультивацияның кезеңдері:

2: техникалық ж/е биологиялық 

Техникалық кезеңде жерді алдыңғы уақытта мақсатты түрде пайдалануға даярлау, биологиялық кезеңде жердің құнарлылығын қалпына келтіру іске асырылады 

3.Террикон деген не ?

Бос жыныстар үйіндісі 

4.Қазіргі таңда осы жердегі террикондар тазаланып, оның орнына жеміс ағаштарын өсіретін саяжайлар салынуда:

Қарағанды көмір алабында

5.Бұрын құмтас ж/е қиыршық тас өндірілген жерлерге су толтырылып,адамдардың демалыс орнына айналдырылды:

Алматыдағы Сайран көлі

 

 

& 31

1.Жер бедері мен оны құрайтын тау жыныстары, су, ауа, өсімдік, жануарлар дүниесі, топырақ не деп аталады ?

Табиғат құрауыштары 

2.Үлкенді-кішілі жер бетін қамтитын табиғаттың құрамдас бөліктерінің белгілі бір кешені болатын әрбір жер:

Аумақтық табиғат кешені н/се ландшафт

3.Қазақстандағы әрқайсысының өзіне тән өзіндік аумақтық табиғат кешендері қалыптасқан аймақтар:

Тұран ойпаты, Алтай, Сарыарқа, Тянь-Шань

4.Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде, жазықта, биік тауларында байқалатын құбылыстар:

Ұлан-байтақ жерінде – географиялық зоналылық, жазықта – ендік, биік тауларында – биіктік белдеулік 

5.Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет аудандастырған кім ж/е қашан ?

Берг, 1913 ж.

6.Кейін кім аудандастырды ?

1970 ж. Федорович бастаған ғалымдар

7.Екеуі қанша жерге бөлді ?

Берг = 9 аймаққа (Шығыс Еуропа жазығы, Орал, Батыс Сібір жазығы, Тұран жазығы, Сарыарқа, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулары)                                           

Федорович = Алтайға Саянды қосқан, Жетісу Алатауы мен Сауыр-Тарб.-ды қосып жіберген

8.Федоровичтің 8 табиғи өлкесі қалай бөлінген ?

8 табиғи өлке табиғи обл.-тарға, олар провинцияларға 

9.Табиғат зоналары неге байланысты қалыптасады ?

Ауа-райына, жер бедеріне, географиялық орнына 

10.Табиғат зоналарын құрайтын факторлар:

Күн радиациясы, ылғал, топырақ, өсімдік пен жануар 

11.Географиялық қабықтың айтарлықтай ірі бөліктері:

Табиғат зоналары

 

 & 32

1.Орманды дала зонасы елдің қай аумағына кіреді ?

Солтүстік 

2.Алып жатқан аумағы:

Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырттың азғана бөлігі 

3.Орманды дала зонасына сұғына еніп, алмасып келіп отыратын зоналар бөліктері:

Орман, дала зоналары

4.Қазақстан жеріндегі орманды дала зонасы-ң жер бедері:

Тегіс

5.Жерінің ұзындығы қанша ?

Батыстан шығысқа қарай 150-200 км

6.Еліміздің қанша аумағын алып жатыр ?

%

7.Қаңтар, шілде айларындағы орташа температурасы:

Қаңтар – 19 С, шілде  + 18 С, + 19 С

8.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

300-400 мм

9.Қардың қалыңдығы:

40 см

10.Күшті жел соғып, кейде қар жауатын уақыт:

Ақпан-наурыз айлары

11.Үсік жүріп, ауыл шаруашылығына көп зиян тигізетін уақыты:

Көктемде, кейде мамыр айының 2-ші жартысында

12.Жазда жауатын жауынның түрі:

Өткінші нөсер

13.Өзендерінің қоректену түрлері:

Қар суымен

14.Көктемде қар еріген кезде өзен суының деңгейі қаншаға көтеріледі ?

2-4 м-ге

15.Ірі өзендері:

Есіл мен Тобыл 

16.Есілдің бойына 1969 ж. салынған бөген:

Сергеев

17.Бөген суының пайдаланылу мақсаты:

Егіске

18.Бөгеннің ұзындығы, ауданы:

75 км, 117 км2 

19.Тобыл өзенінің суын пайдаланатын кәсіпорындар:

Соколов-Сарыбай, Лисаков кен орындары

20.Орманды дала зонасының топырағы:

Орман зонасының сұр топырағы да, дала зонасының құнар-лы қара топырағы да кездеседі 

21.Орманның сұр топырағының қалыптасқан жері:

Еліміздің солтүстігі, қайың өсетін орманды жерлер

22.Қарашірік қабатының қалыңдығы:

18-25 см

23.Топырақтың құнарлы қабатының қалыңдығы:

75 см

24.Қара топырақтың қанша түрі кездеседі ?

3: сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі орташа қарашірікті қара топырақ, қарашірігі шамалы қара топырақ

25.Орманды дала зонасының қарашірік қабаты қалыңдығы-ның төмендеу бағыты:

Солтүстіктен оңтүстікке қарай

26.Жиі ұшыратуға болатын орман:

Шоқ-шоқ болып өсіп тұрған орман

27. Ылғалды, батпақты, ойпатты жерлерде бұта, талдың қалың болып өсуі не деп аталады ?

Шілік

28.Ойпаттарында жайқалып тұратын ағаш түрлері:

Қайың мен көктерек 

29.Орманды дала зонасында өсетін, күннің көзін жақсы көретін, тез өсетін ағаш түрі:

Қайың

30.Қайыңның биіктігі, өмір сүру ұзақтығы:

25-30 м, 400 жыл

31.Қазақстанның орманды дала зонасындағы қайың түрі:

Ақ қайың

32.Орманды дала зонасының өсімдіктері:

Бидайық, арпабас, қоңырбас, күлгін түсті итқонақ, сарыгүлді жоңышқа, сиырсілекей, қояншөп

33.Орманды дала зонасында өсетін жұпар иісті жидек:

Бүлдірген

34.Шоқтанып өскен көктеректі, қайыңды орманның ішінде жақсы шығады:

Саңырауқұлақ

35.Орманды дала зонасының құмды топырақты жерлерінде кездестіруге болатын ағаш түрі:

Қарағай 

36.Қарағай ағашы өсетін орман атауы:

Қара орман н/се қарағайлы орман

37.Қазіргі Қазақстан жеріндегі ертедегі мұз басу дәуірінің айғағы:

Қарағайлы ормандар

38.Орманды дала зонасының ойпаң жерінде өсетін өсімдік түрлері (олардан не дайындайды):

Қияқ, елекшөп, мажыра (олардан пішен дайындайды)

39.Орманды дала зонасында кездесетін сүтқоректі жануар:

Ақ қоян, сұр қоян, су егеуқұйрығы, ақкіс, ақ құлан, түлкі, қасқыр, елік, бұлан 

40.Құстары:

Құр, ақ кекілік, сұр кекілік

41.Қайыңды ормандарында мекендейді:                                       

Күйкентай, бөктергі, жағалтай, ителгі, кезқұйрық,сұңқылдақ,

Бүркіт

42.Зонаның ашық жерінде мекендейді:

Бөдене, балықшы, тартар, шекшек торғай, дала бозторғайы

43.Батпақты жерлерінде мекендейді:

Тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей

44.Тал, қайың, тораңғы өсетін жерлерде ұя салатын құс:

Құрқылтай

45.«Орманды дала орман мен даланың, күлгін ж/е қара топырақ-тың, орман фаунасы мен дала фаунасының алмасатын облысы» деп кім айтқан ?

Берг

 

& 33

1.Дала зонасының алып жатқан үлесі(орналасқан орны):

20 % (орманды дала зонасының оңтүстігінде)

2.Дала зонасы қамтитын нысандар:

Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігі, Жалпы Сырт-тың етегі, Мұғалжар тауы түгелдей, Торғай үстіртінің солт. , Сарыарқаның орта және солтүстік бөлігі, Батыс сібір жазы-ғының оңтүстігі

3.Дала зонасының жер бедері:

Жазық

4.Әкімшілік-аумақтық жағынан бөлінісі:

БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, СҚО

5.Дала зонасының климаты:

Континетті

6.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

300 мм

7.Қаңтар, шілдедегі орташа температура:

Қаңтар – 16 С, - 18 С (кейде – 48 С, - 50 С)

Шілде – солт. + 20 С, оңт. + 24 С

8.Қардың орташа қалыңдығы:

25 см

9.Қардың жату ұзақтығы:

140-160 күндей

10.Жауын-шашын мөлшерінің азаю бағыты:

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 

11.Республиканың басқа өңіріне (табиғат зонасына) қарағанда өзен-көлге бай аймақ:

Дала зонасы

12.Өзен, көлдері:

Жайық, Ертіс, Тобыл, Есіл, Нұра – өзендері 

Сілетітеңіз, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын

13.Дала зонасының топырағы:

Кәдімгі қара және қызыл-қоңыр топырақ

14.Зонаның қара топырақ құрамындағы қарашірік қабаты қалың болып келетін аймағы, қарашірік қабатының қалың-дығы (шіріндінің үлесі):

Солтүстігінде, 55-65 см, 6 % жуық шірінді бар

15.Шірінді қай жаққа қарай азая береді ?

Оңтүстікке қарай, біртіндеп қуаң далаға тән қызыл-қоңыр топыраққа алмасады (35-45 см)

16.Сор және сортаң жерлерді бірден қарап айыруға бола-тын белгілері:

Өсімдіктері

17.Мұндай алқапта бірден көзге шалынады:

Жапырақ сабағы қара күлгін жусан

18.Дала аймағы-ң оңтүстік бөлігінің көп жерінің топырағы:

Күңгірт сары және ашық сары топырақ 

19.Дала зонасының қара топырақты, қызғылт топырақты жерінің қанша бөлігіне дәнді дақыл егіледі ?

Қара топырақ – 62 % , қызғылт-қоңыр топырақ – 33 %

20.Егістікке түгелдей жыртылған даланы топырақ эрозиясы-нан сақтау үшін жасалатын шара:

Ағаш егу

21.Дала зонасының шөптесін өсімдіктері:

Дала шалфейі, сары жоңышқа, бөрі бұршақ, беде, қурай, сасыр, бөденешөп, ұйқышөп, қазтабан, жусан

22.Дала зонасы-ң ылғалы мол жерінде кездестіруге болады:

Қызғылт бозшалғынды түрлі шөптерді

23.Даланың оңтүстікке қарай топырағы сортаңа бастайды, мұндай жерлерде кездестіруге болады:

Татар төскейшөбі, түкті төскейшөп, мыңжапырақ, түймедақ, қара жусан

24.Құмды және құмдақ топырақты жерлер кездесетін дала зонасының обл.-тары, өсімдіктері:

Қостанай, Павлодар, ШҚО, қау бетегесі, беккер бетегесі, сібір кекірегүлі, сібір еркекшөбі, шайшөп

25.Шиыршық тасты, тастақты дала ұшырасатын жерлер, өсімдіктері:

Орал, Мұғалжар, Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында

Шөл құмбасы, тау бетегесі, бетеге, суық жусан

26.Дала аймағында өсетін дәрілік өсімдіктер:

Жұмыршақ, су бұршағы, дәрілік түйежоңышқа, меңдуана, сасық меңдуана, жанаргүл, құндызшөп, шайқурай 

27.Дала зонасының сүтқоректілері:

Үлкен саршұнақ, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, байбақ

28.Дала аймағында кездесетін кеміруші түрі:

Тышқанның көптеген түрі бар

29.Жыртқыш аңдары, құстары, жиі кездесетін жануарлары:

Түлкі, қасқыр, борсық, қарсақ, құстары – дуадақ, безгелдек, бозторғай, ақбас тырна, жиі кездеседі – дала бүркіті, тұрым-тай, дала құндызы 

30.Дала зонасының өсімдіктері мен жануарлар дүнисі жойылып кетпес үшін(1), оларды сақтау үшін(2) құрылған қорықтар:

1 – Қорғалжын қорығы, 2 – Наурызым қорығы

 

& 34

1.Батыс Сібір жазығының Тұран ойпатымен шектесетін Торғай қақпасының орталық бөлігінде, дала зонасында орналасқан қорық:

Наурызым

2.Қорық құрылған жыл, аумағы:

1931 ж. , 191,4 мың га

3.Қорықтағы қайыңды, қарағайлы ормандар мен көлдері:

Наурызым, Терек қарағайлы ормандары, Сыпсыңағаш қайыңды орманы, Ақсуат, Шошқалы, Сарымойын, Жаркөл, Байназарқопа

4.Көлдерінің тереңдігі:

Онша терең емес, - 2,5 м

5.Көл сулары-ң кейде ащы, кейде тұщы болып келу себебі:

Көл тереңдігінің бірқалыпты болмауынан

6.Қорықта кездесетін өсімдік, жануар, т.б. сандары:

Өсімдіктің – 687 түрі, сүтқоректілердің – 30 түрі, қосмекенді-лер мен балықтардың әрқайсысынан - 5-5 түрден, бауырымен жорғалаушылардың – 7 түрі, құстардың 215 түрі кездеседі

7.Жануарлары мен құстары:

Ақ қоян, ор қоян, қасқыр, қарсақ, түлкі, дала күзені, боз суыр дала шақылдағы , құстардан – дуадақ, безгелдек, шұбар сұңқар, бозторғайдың бірнеше түрі 

8. Қорықта көп кездесетін, өте бағалы кәсіптік құс:

Құр

9. Бір туғанда қанша балапан туады ?

16

10.Қоректенуі:

Көк терек, тал, қарағай, омыртқасыз жәндіктердің 100-ге тарта түрімен қоректенеді

11.Өзен-көл бетінде қаптап жүретін құстар:

Аққу, қарашақаз, үйрек, балықшы 

12.Қорғалжын қорығы құрылды, аумағы:

1968 ж. , 258,9 мың га

13.Қамтитын аумағы:

Ақмола, Қарағанды облыстарының аумағына кіретін Теңіз, Қорғалжын көлдері мен Қорғалжын ойпатын қоса қамтиды

14.Қорғалжын қорығындағы айналасындағы батпақта кіш-кене аралдар көп болғандықтан, құстардың ұя салып, бала-пан басуына қолайлы көл:

Теңіз

15.Дүниежүзіндегі қызғылт қоқиқаздың қиыр солтүстікте ұя салатын бірден-бір жері болып табылатын қорықтағы көл:

Теңіз

16.Қорғалжын қорығының суы ащы, тұщы т.б. көлдері:

Теңіз көлі – суы ащы, тайыз, Қорғалжын көлі – суы тұщы, жағалауында қамыс қалың өседі

17.Қорықтағы тіршілік дүниесі:

Құстар – 265 түрі, өсімдіктер – 235 түрі, аңның – 35 түрі, балық – 10 түрі, бауырымен жорғ. – 5 түрі, қосмекен. – 2 түрі

18.Қорғалжын қорығының көркі:

Қызғылт қоқиқаз

19.Ол қашан ұшып келеді, қайда қыстайды ?

Сәуір, мамырда ұшып келеді, Каспий жағалауы, Иран, Индияда қыстайты

20.Қанша жұмыртқа туады, мекиені(ұрғашысы) мен қоразы кезектесіп қанша уақытта балапан басып шығарады ?

2-3 жұмыртқа туады, 1 айда басып шығарады

21.Құстардың түрлері, қаншасы Қызыл кітапқа енген ?

Аққу, бізқұйрық, сарала қаз, қарала қаз, қызыл үйрек, қоңыр үйрек, 12 түрі

22.Көктемде көптеген құстар келіп, ұя салып көбейетіндік-тен аталған қорықтардың қайсысы, қандай ұйым тізіміне алынған ?

Қорғалжын қорығы, ЮНЕСКО тізімен

23.Қазақстанның басты егіншілік ауданы болғандықтан, бидайдан көп өнім алынатын табиғат зоналары:

Дала, орманды дала

24.Дала зонасының алып жатқан Қазақстанның бөлігі:

Елдің 1/5 бөлігін алып жатыр

 

& 35 

1.Дала мен шөл зонасының аралығындағы өтпелі аумақ:

Шөлейт зонасы

2.Қазақстан жалпы жерінің қанша %-ын алып жатыр:

23 %

3.Оңтүстік шекарасы өтетін ендік:

48 градус с.е.

4.Шөлейт зонасының жер бедері:

Батысы жазық, үстіртті, шығысы Сарыарқаның ұсақ шоқылы аймақтарын қамтиды

5.Шөлейтті зонаға кіретін аласа таулар:

Ұлытау, Шыңғыстау, Ақсораң

6.Зонаның ұзындығы, ені:

Батысында Жайық жағасынан шығысында Алтай тауларына дейінгі 2900 км, ені 30-300 км қамтиды 

7.Шөлейт зонасының климаты:

Қатаң континентті

8.Шілде айындағы ауаның орташа температурасы:

+ 26 гр. , Жезқазғанда + 43 гр. , Балқашта + 41 гр.

9.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

250 мм

10.Шөлейт зонасында жауын-шашын түсетін уақыт:

Көктемде, жаздың басында

11.Қаңтар айындағы ауаның t C:

-15, -17 С, Жезқазғанда – 50 С, Балқашта – 46 С

12.Қардың қалыңдығы, жату ұзақтығы:

15-20 см, 110-130 күндей

13.Ылғалдың булану мөлшері түскен жауын-шашын мөлше-рінен 3-4 есе артық болатын, өзендерінің көбі жаз айларын-да тартылып қалатын табиғат зонасы:

Шөлейт

14.Шөлейтті аймақтың ірі өзендері:

Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз

15.Өзендерінің қоректену типі:

Қар және жер асты суымен

16.Өзендерінің 90 % ағатын жыл мезгілі:

Көктем

17.Шағын көлдері көп, бірақ көлдерінің көбінің суы ащылау н/се тұздылау келетін табиғат зонасы:

Шөлейт

18.Шөлейт аймағының ең үлкен көлі:

Зайсан

19.Шөлейт зонасындағы ірі артезиан алаптары:

Каспий, Жайық-Жем, Торғай, Алакөл артезиан алаптары

20.Топырағы:

Қызғылт түсті топырақ

21.Топырағы қандай болып келеді ?

Кесекті 

22.Ұсақ шоқылы шөлейтті аймақтың топырағы:

Қиыршық тасты

23.Ылғалды ойыстарда қалыптасатын топырақ қабаты:

Қызыл қоңыр топырақ қабаты

24.Далада да, шөлде де шығатын өсімдіктер өсетін зона:

Шөлейт зонасы

25.Дала зонасына қарағанда өсімдіктің бітік шығуы 2 есе аз, сондықтан топырағы онша құнарлы болмайтын табиғат зонасы:

Шөлейт

26.Шөлейт зонаның жеңіл саздақты, сортаңдау жерінде өсе-тін өсімдік түрлері:

Шым түзетін астық тұқымды өсімдіктер: ақ жусан, шөл еркекшөбі, мыңжапырақ, түймедағы

27.Топырағы құмдақты жердің өсімдіктері:

Шағыр жусаны, құм еркекшөбі

28.Ойпаңда, сондай ақ топырағын тұщы еспе суы шайған жерлерде өсетін өсімдіктер:

Өскен бұталар(қызыл тал, тал)

29.Ойпаң жер көбінесе неге пайдаланылады ?

Шабындыққа, бау-бақша егуге

30.Ұсақ шоқылы жерлердің топырағы тастақты жерлерінде өсетін өсімдіктер:

Райхан, тобықты, жусан, сүттіген

31.Топырағы сортаң, сор басқан жерлердің өсімдіктері:

Лессинг жусаны, төскейшөп (жыңғыл да өседі)

32.Көктемде тасыған өзен жайылмаларының орнында өсе-тін өсімдіктер:

Жатаған, бидайық, субидайық

33.Ірі өзен жайылмаларында, м-лы Жайық бойында өсетін өсімдіктер:

Шегіршін, емен ағашы

34.Шөлейт зонасында кездесетін сүтқоректі жануарлар:

Дала және моңғол шалғынында өсетін орташа және кіші сарышұнақ, пржевальский аламаны, эверсман аламаны, стрельцов тышқаны, ақбөкен, секіргіш қосаяқ

35.Су тапшы болған кезде, су іздеп талай жерді кезіп кете-тін жануарлар:

Ақбөкен мен қарақұйрық

36.Қоректенгенде суды өсімдік сөлінен алатын жануарлар:

Кесіртке, сарышұнақ, дуадақ

37.Омыраулы, аяқтары ұзын, тұмсығы дөңес, танауы қатпар-ланған,аталықтарының мүйіздерінің іші қуыс, жылтыр болатын шөлейт зонасының жануары:

Ақбөкен

38.Ақбөкен сүйіп жейтін өсімдіктер:

Жусан мен соран

39.Жазда, күзде қайда қарай ауады ?

Жазда – солтүстікке, күзде – оңтүстікке қарай ауады

40.Еті дәмді, терісі мен мүйізі бағалы болғандықтан ақбө-кендерге жойылып кету қаупі төнді:

20 ғ. басында

41.Шөлейт зонасының бауырымен жорғалаушылары:

Сарыбауыр жылан, кіші сарыбауыр жылан, сұр жылан, қал-қан тұмсықты жылан, кесірткенің бірнеше түрі

42.Қысы-жазы малдың ашық далада жайылуына қолайлы табиғат зонасы:

Шөлейт зонасы

& 36

1.Шөл зонасының шекарасы, ені:

Батысында Каспий жағалауынан шығысында Жетісу Алатауына дейін (оңт.-шығысында Тянь-Шань таулары), ені 600-900 км

2.Солтүстік шекарасы өтеді:

47-48 гр. с.е. 

3.Шөл зонасының жер бедері:

Жазық

4.Жалпы республика аумағының қанша пайызын алып жатыр ?

40 % 

5.Қазір шөлді зона алып жатқан жердің орнында Тетис теңізі орналасқан уақыт:

Үштік дәуірге дейін

6.Тетис теңізінің суы біртіндеп тартыла бастады:

Үштік дәуірдің орта кезіне қарай 

7.Бұрынғы Тетис теңізінің қалдықтары:

Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі

8.Қазақстанда шөлдердің қанша түрі кездеседі ?

4: құмды, сазды, сортаңды, тастақты

9.Шөл зонасының климаты:

Шұғыл континентті

10.Жылдық жауын-шашын мөлшері:

200 мм-ден аспайды 

11.Жауын-шашынның көп мөлшері жауады:

Көктемде

12.Жаздағы көлеңке жердегі, құм бетіндегі ауаның t C:

Көлеңке жерде + 40 С, құм бетінде + 70 С

13.Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы:

Батыстан шығысқа қарай – 5 С-тан – 15С-қа дейін

14.Қардың қалыңдығы:

10-15 см

15.Шөлді аймақтың солтүстік және оңтүстік бөлігінің топырағы:

Солтүстігінде сұр қоңыр топырақ, оңтүстігінде саздақты саз-ды, сұр топырақ

16.Солтүстігіндегі сұр қоңыр топырақтың құнарлы қабаты-ның қалыңдығы:

20-25 см 

17.Тақыр жерлер кездесетін жерлер:

Сырдария, Шу, Іле өзендерінің ескі арналарының тұнбалы жазығында 

18.Шөл зонасындағы ағаш тектес өсімдіктер:

Ақ және қара сексеуіл

19.Құмды жерде,сортаң жерде өсетін өсімдіктер:

Құмды жерде ақ сексеуіл, сортаң жерде қара сексеуіл мен баялыш өседі

20.Шөл зонасында өсетін, жапырақтары өте майда, бұтақ-тары ұсақ, жұмыр, шырынды болатын өсімдік:

Ақ сексеуіл

21.Ақ сексеуілдің жапырағын түйе, қой мен ешкі қашан жейді ?

Түйе жыл бойы, қой мен ешкі күз бен қыста жейді 

22.Шөлді жерде өсетін өсімдіктер(жоғарылардан басқа):

Жүзген, құмқараған, қияқ, еркекшөп, селеу

23.Шөлде өсетін барлық өсімдіктерге тән ортақ белгі:

Тамырлары ұзын болады 

24.Дермене өсімдігінің өсетін жері:

Еліміздің оңтүстігінде, Арыстың Сырға құяр тұсында

25.Биіктігі, гүлдеп, жеміс беретін уақыты:

30-50 см, тамыз бен қыркүйек айларында гүлдеп, қазан,қа-раша айларында жеміс береді

26.Дүние жүзінің басқа бірде-бір жерінде кездеспейтін, Қазақстанда ғана өсетін эндемик, «Қызыл кітапқа»алынған  өсімдік:

Дермене

27.Дермененің құрамындағы дәрілік зат:

Сантонин

28.Көктемнің аяғы, жаздың бас кезінде, топырақта әлі ылғал бар кезде өсіп, жетіліп, аз уақытта гүлдеп,жеміс беріп үлгеретін, өсу мерзімі өте қысқа өсімдіктер:

Эфемерлер

29.Сабақтарының өсуі қысқа болғанымен, өзі көпжылдық өсімдікке жатады:

Эфемероидтер

30. Эфемероидтерге жатады:

Жауқазын, жуа, қоңырбас

31.Шөл зонаның негізгі табиғи қоры:

Мал жайылымы

32.Шілде-ң ыстық күндерінде жазғы ұйқыға кететін жануар:

Құм саршұнағы, құм тасбақасы

33.Ұзақ уақыт сусыз тіршілік ете беретін жануарлар:

Құм тышқаны, жіңішке саусақты саршұнақ, торғайдың кей түрлері

34.Шөлді аймақтың 1/3 бөлігін алып жатқан шөл түрі:

Құмды шөлдер

35.Құмды шөлдердің ең ірілері:

Үлкен ж/е Кіші Борсық құмдары, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау,Тауқұм құмдары, Нарынқұм, Арал маңы Қарақұмы

36.Республикамыздың оңтүстігінде, Қызылорда, ОҚО жерінде жатқан шөл:

Қызылқұм

37.Қазақстанға тек шығыс бөлігі ғана кіретін құмды шөл:

Қызылқұм 

38.Қызылқұм шөлінің көлемі:

115 мың. км2

39.Жер бедері:

Жалды-төбелі құм массивтері басым

40.Құм жалдарының биіктігі:

3-30 м

41.Қызылқұм артезиан алабының көлемі:

200 мың. км2

42.Су қабатының қалыңдығы:

50-2500 м

43.Божбанқұдық артезиан құдығының суының t C:

+ 70 С

44.Құрамындағы минералды элементтер:

Бром, йод, кремний қышқылдары

45.Өсімдіктері мен жануарлары:

Эфемер аралас жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырғын, изен 

қасқыр, қарсақ, түлкі, қарақұйрық, қоян, сарышұнақ, бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері

46.Арал маңы Қарақұмының құрамындағы құм массивтері:

Құдыққұм, Жіңішкеқұм, Алайғырқұм, Үлкенқұм

47.Шөлдің ұзындығы, ені, ауданы:

Ұз. – 250 км, ені – 200 км, ауданы – 35 мың. км2

48.Қаратау жотасының шығысында Шу өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл:

Мойынқұм

49.Ұзындығы, ені, ауданы:

Ұз. – оңт.-шығысынан солт.-батысына дейін 500 км, ені – 50-150 км, ауданы – 37,5 мың. км2

50.Мойынқұм шөлінде ұйымдастырылған қорықша:

Аңдысай

51.Тауқұм, Сарыесік-Атырау шөлдерінің алып жатқан жері:

Балқаштың оңтүстік, оңт.-батысында, Күрті, Іле, Қаратал өзендерінің аралығын алып жатыр

52.Арал теңізінің солт.-батысында орн. негізінен палеоген дәуіріндегі жыныстардың үгілуінен қалыптасқан шөл:

Үлкен және Кіші Борсық Құмдары

53.Нарын құмына кіретін шөл массивтері:

Жаманқұм, Теректіқұм, Орда, Бозанай, Батпайсағыр

54.Ауданы, орн. жері:

40 мың. км2 , Каспий теңізінің солт. , Каспий маңы ойпаты-ның солт.-батысында 

55.Қазақстандағы ең ірі сазды шөлдер қайда орналасқан ?

Үстірт пен Бетпақдалада

56.Құмды шөлдердің арасында н/се солармен қатар орна-ласатын шөлдер:

Сазды шөлдер

57.Қазақстанда кең тараған шөлдер:

Құмды шөлдер мен сазды шөлдер

58.Құм арасында жатқан ұзындығы кейде 70 км-ге жететін теп-тегіс сазды алаң:

Тақыр

59.Тақырлардың бетінде көл пайда болатын мезгіл, көлдің тереңдігі:

Көктемде , 30 см 

60.Республикада сирек ұшырасатын шөлдер:

Тасты шөлдер

61.Қай жерлерде кездеседі ?

Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында, Үстіртте

62.Елімізде тоғайлар ұшырасатын аумақтар:

Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің аңғарларында

63.Тоғайларда өзен арналарында, өзен арнасынан қашығы-рақ жерлерде өседі:

Су жағалауында қамыс, қоға, өзен аңғарларынан қашығы-рақ жерлерде шеңгел, тал, жиде, шырғанақ 

64.Тоғайларда, өзен-көлдерінде мекендейтін жануарлар:

Тоғайларда қасқыр, қабан, мәлін, ал өзен-көлдерінде жабайы үйрек, көкқұтан, шағала 

65.Шөлді аймақтың табиғатын қорғау мақсатында құрылған қорықтар:

Барсакелмес, Үстірт  

 

& 37

1.Барсалкелмес қорығы қайда, қашан ұйымдастырылды ?

Арал теңізінің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында, 1939ж.

2.Жануарлары:

Арнайы жерсіндірілген қарақұйрық, тараққұйрық, құлан, ақ-бөкен, кішкене қосаяқ

3.Қанша өсімдік бар, қаншасы жерсіндірілген ?

257 өсімдік бар, 7-еуі жерсіндірілген

4.Бауырымен жорғ.-лардың қанша түрі бар ?

8: тасбақа, қалқан тұмсықты жылан, қарашұбар жылан, оқ-жылан, бат-бат кесіртке, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, кіші шырылдауық геккон

5.Аралдың экологиясының нашарлауына бай-ты қорықтан қандай жануарлар қайда көшірілуде ?

Іле өзені алабындағы Қапшағай аңшылық шаруашылығына, бұл өңірге 1982-83 ж.ж. 27 құлан көшірілді

6.Үстірт қорығы құрылды:

1984 ж.

7.Жалпы ауданы:

233 мың. га

8.Үстірттің төбесіндегі осы сорды қоршай таға пішіндес көптеген ғажайып қыраттар орналасқан:

Кендірлі

9.Мұнда төбелері тақтайдай теп-тегіс, биіктігі 200 м-дей құ-лама жартастар, мұнара тәрізді төбешіктер, үстінде сүйір қондырғылары бар ұлутас «қамалдары» көп, диаметрі 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар баршылық:

Үстірт қорығы 

10.Қорықта «Қызыл кітапқа» енген қанша жануар бар ?

12: қарақұйрық, қарақал, қара кірпі, шұбар күзен, төрт жо-лақты қарашұбар жылан, үстірт қойы 

11.Қорықтың басты міндеттерінің бірі:

Аса бағалы жабайы дала қойын (муфлон) қамқорлыққа алып, санын көбейту ( қазір оның саны 1,5 мыңдай ғана)

12.Өсімдіктері:

Хиуа сораңы, зайсан сексеуілі, үстірт баялышы

 

& 38

1.Қазақстан аумағындағы тауларда шөлейт зонасы, таулы дала, орманды шалғынды, шалғынды субальпілік, мұзды, қарлы белдеулердің қамтитын биіктік аралықтары:

600-1300 м – шөлейт, 1000-2000 м – таулы дала,                      2000-2800 м – орманды шалғынды, 2800-3200 – шалғынды субальпілік, 3600 м-ден жоғары мұзды, қарлы белдеу

2.Қазақстандағы таулардың биіктік белдеуліктерін ерекше-ліктеріне қарай неше топқа бөлуге болады ?

3: Алтай, Жетісу-Тарбағатай, Тянь-Шань

3.Алтай таулары қандай табиғат зоналарының шекарала-рында орналасқан:

Шөлейт пен дала

4.Топырағы:

Қара

5.Алтай тауындағы дала өсімдігі өсетін шөпті дала аймағы қамтитын биіктік аралығы:

Тау етегінен 1000 м –ге дейін

6.Шөпті дала аймағында(0-1000 м) өсетін өсімдіктер:

Боз, бетеге, қоңырбас, айрауық,  итмұрын, долана, тобылғы, ұшқат

7.Алтайдың батыс,шығыс жағында орманды дала зонасы басталатын биіктіктер:

Батысында 1000 м, шығысында 500 м биіктіктен жоғары биіктікте таудың күлгін топырақты өңірінде 

8.Ағаштардан, өзен аңғарларында қандай түрлері өседі ?

Ағаштардан – терек, көктерек,қайың, өзен аңғарларында – итмұрын, долана, сарыағаш, тал

9.Орманды дала зонасынан жоғары, солт.-батысында басталатын табиғат зонасы:

Қылқан жапырақты орман (1500-2000 м биіктіктен)

10.Қандай ағаштар өседі ?

Қарағай, майқарағай, самырсын, сібір шыршасы 

11.Таудың оңт. , оңт.-шығысында қандай өсімдіктер өседі ?

Қылқан жапырақты қарағайлар мен бал қарағай 

12.Орман белдеуінің жоғарғы шегінде өседі:

Аласа самырсын

13.Субальпілік, альпілік шалғындық белдеу басталады:

Солт.-батысында 2000 м, оңт.-шығысында 2400 м-ден жоғары биіктікте

14.Субальпілік шалғындық белдеуде өсетін өсімдіктер:

Қазтамақ, сарғалдақ, көк шегіргүл, қоңыраубас, т.б.

15.Альпілік шалғындық белдеуден жоғарыда басталады:

3000 м-ден жоғары тау тундрасы

16.Өсімдіктері:

Қайың, аласа тал, мүкті, қыналы өсімдіктер

17.Алтай тауларында қай аймақ жануарлары кездеседі ?

Сібір тайгасының өсімдіктері (қоңыр аю)

18.Қылқан жапырақты ормандарында кездеседі:

Елік, мүйізсіз бұғы, бұлғын, сілеусін, сусар

19.Оңтүстік Алтайда ше ?

Бұғы, марал

20.Альпілік белдеуде көп кездесетін жануар:

Алтай суыры

21.Алтай тауының баурайында өсірілетін арнайы шаруашы-лықтар:

Теңбіл бұғы мен марал

22.Бұғы мүйізінен жасалатын дәрі:

Пантакрин

23.Биік жартастарда мекендейді:

Таутеке

24.Альпілік тундраның, жыртқыш құстардың қандай түрлері кездеседі ?

Альпілік тундраның ақ құры, алтай ұлары, жыртқыш құстар-дың бүркіт, тазқара 

25.Алтай тауының оңтүстігінде шөлейтті зонада орналасқан:

Сауыр-Тарбағатай

26.Қай зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бар ?

Дала және шөлейт зонасына тән

27.Өзен аңғарларында қандай өсімдіктер өседі ?

Көк терек пен алма ағаштары

28.Өсімдіктерінің түрлері мен типтері Оңтүстік Алтайға ұқсас тау:

Сауыр-Тарбағатай 

29.Шөлді зонада орналасқан тау:

Жетісу Алатауы

30.Шөлді зонасының биіктік аралығы:

Солтүстік жағында 600 м-ге дейін, оңтүстігінде 1200 м-ге дейін

31.Шөлді аймақтан жоғарырақ орн. зона:

Дала зонасы

32.Өсімдіктері (оңтүстігінде):

Шөптері - боз, дала сұлыбасы, бұталары – итмұрын, долана, мойыл, қараған (оңтүстігінде жабайы өрік) 

33.Дала зонасынан жоғарырақ, 2200 м-ге дейінгі аралықты алып жатқан белдеу:

Орманды дала белдеуі

34.Аралас өсетін ағаштары:

Сібір самырсыны мен тянь-шань шыршасы

35.Орманды даладан жоғары жатқан белдеу, өсімдіктері:

Субальпілі белдеу, арша, арпабас, альпі сарғалдағы, тасжарған, тарғақшөп

36.Қазақстан жерінде ғасырлар бойы мал өрісі, жазғы жай-лау ретінде пайдаланылып келген шалғындықтар:

Субальпілік

37.Тянь-Шань тау жүйесінің шөл зонасы орналасқан (қандай өсімдіктер өседі):
Іле, Күнгей Алатауының солт. жақ беткейінде 800 м-ге дейін (жусанды-астық тұқымдас өсімдіктер өседі)

38.Бұл зонада көп таралған өсімдіктер:

Эфемерлер

39.Шөл зонасынан жоғары орн. зона, биіктігі:

Дала зонасы, 1100 м-ге дейін

40.Дала зонасының топырағы:

Қара топырақ

41.Дала зонасының жоғары жағындағы өзен аңғарларында өседі:

Жабайы алма, жабайы өрік, долана, көктерек

42.Одан жоғары орн., биіктік аралығы :

Орманды-шалғынды белдеу, 2600-2800 м

43.Әр түрлі шалғындықтармен алмасып өсетін ағашы:

Тянь-Шань шыршасы

44.Оңтүстік беткейінде өседі:

Түркістан аршасы

45.Орманды-шалғынды белдеуден жоғары орн. , биіктігі:

Субальпілі, альпілі белдеуі, 3100 м-ден жоғары 

46.Өсімдігі Жетісу Алатауының өсімдігіне ұқсас белдеу:

Субальпілі, альпілі 

47.Өсімдіктері:

Арша, альпілік сарғалдақ, өлеңшөп, жабайы жуа 

48.Жартасты жерлерін шығады:

Тянь-Шань еңлікгүлі

49.Альпі белдеуінен жоғары орн. белдеу:

Мәңгі қар мен мұздықтар белдеуі 

50.Көптеген тау өзендері бастау алатын Тянь-Шань тауының белдеуі:

Мәңгі қар мен мұздықтар белдеуі

51.Төменгі белдеуде өсетін өсімдіктерден эфемерлер мен эфемероидтар көп кездесетін тау жоталары:

Батыс Тянь-Шаньға кіретін Өгем, Піскем, Қаратау жоталары (шөлді зонада жатқандықтан) 

52.Тянь-Шань таулы өлкесінде жануарлардың қай түрі аз-көп кездеседі ?

Сібірлік түрі аз да, Оңтүстік африка, Жерорта теңізі, Гималай тауларында өсетін түрлері көп тараған

53.Төменгі шөл аймағында кездеседі ?

Дала тасбақасы, түрлі бауырымен жорғалаушылар, толай қояны, үнділік мысықторғай

54.Орманды-шалғынды белдеуінде мекендейді ?

Сұр аламан, жертесер, тянь-шань тышқаны, түлкі, қасқыр 

55.Биік тау белдеуінде мекендейді ?

Тауешкі, арқар, қызыл қасқыр, сондай-ақ құстардың биік тауда мекендейтін көптеген түрі

56.Тянь-Шань таулы өлкесінің табиғатын қорғау мақсатында құрылған қорықтар:

Қаратау, Ақсу-Жабағалы, Алматы

 

 

& 39

1.Батыс Тянь-Шань табиғатын қорғау мақсатында құрылған қорық, уақыты:

Ақсу-Жабағалы, 1927 ж.

2.Қорықтың орналасқан жері, ауданы:

ОҚО, Түлкібас пен Сайрам аудандарының территориясында, Батыс Тянь-Шаньның Өгем мен Талас Алатауы жоталары арасында, 128,1 мың. га

3.Қорық қанша биіктік ландшафтарын алып жатыр ?

4: 1500 м-ге дейін = дала зонасы

1500-2300 м биіктікте = орманды дала аймағы (шалғынды, бұталы ағаштар өседі)

2000-2300 м биіктікте = субальпілік шалғын 

4.Қорықта қанша өсімдік түрі кездеседі ?

1500 түрі

5.Қорықтың жеміс ағаштары(1) мен дәрілік өсімдіктері(2):

Сиверс алмасы, мағалеб шиесі, зерек, шырғанақ(1) ,                       Алтай доланасы, итмұрын, тауқылша, үлкен андыз, шай-қурай, сәндік өсімдіктер(2) 

6.Орманды дала зонасының өсімдік, жануарлар дүниесі:

Жабайы алма, жабайы жүзім, биіктігі 20 м-ге дейін жететін арша,бадам бұтасы – жеміс ағаштары, жайран, елік, борсық, басқа жерден жерсіндірілген марал

7.Биіктігі 20 м-ге дейін жететін арша ағашы өсетін қорық:

Ақсу-Жабағалы

8.Субальпілік белдеудің флорасы мен фаунасы:

Өсімдіктерден тек жерде төселіп өсетін түркістан аршасы ғана өседі , аңдардан – ілбіс, тауешкі, суыр, шақылдақтар, құстардан – ұлар, кезеген торғай, тауқарға, қозықұмай

9. Қорықта қорғалатын жануарлар мен құстар саны:

Құстар – 238 , сүтқоректілер – 42 

10.Қорғауға алынған сүтқоректілер мен жыртқыш аңдар:

Сүтқоректілер – арқар, елік, марал, сібір тауешкісі,                              жыртқыштар – ілбіс, ала мысық, борсық 

11.Ең жоғары белдеуі:

Биік таулы, қарлы, мұзды шыңдар белдеуі 

12.Аңғарларға құлап, сарқырап ағатын тау өзендері бастау алатын белдеу:

Субальпілік белдеу 

13.Қорықтың негізгі жер аумағынан солт.-батысқа қарай 120 км жерде, Қаратау жотасында орн. географиялық нысан:

Қарабастау және Әулие атты палеонтологиялық филиалдар

14.Іле Алатауының орталық бөлігінің әсем табиғатын қорғау мақсатында  құрылған қорық ( құрылған уақыты, аумағы):

Алматы қорығы (1931 ж. құрылды, 1964 ж. қайта қалпына келтірілді, 71,7 мың. га)

15.Қорықта бар белдеулер:

Орманды дала, шыршалы орман, субальпілі мен мұздықты белдеу бір-бірімен ұштасып, жалғасып жатады

16.Қорықта жалпы ауданы қанша боларлық, қанша мұздық-тар бар:

Жалпы көлемі 233,7 км2 болатын, 160-тан астам мұздық бар

17.Қорық аумағында орн. өзендер, (бастауларын алады):

Есік, Талғар, Шелек (тау мұздықтарынан)

18. Орманды дала белдеуінің биіктігі, өсімдіктері:

1800-2000 м-ге дейін, жабайы алма, өрік, долана, көктерек

19.Шыршалы орман белдеуі басталатын биіктік, флорасы:

2500 м-ден жоғары, Тянь-Шань шыршасы

20.Шыршалы орман белдеуінен жоғары орналасқан   белдеу(флорасы):

Қарлы-мұзды белдеу, субальпі және альпі шалғындары өседі

21.Қорықта қорғалатын флора мен фауна саны:

Жәндіктер – 900-ден астам түрлері

Құстар – 177 түрі 

Сүтқоректілер – 39 түрі

Бауырымен жорғалаушылар – 7 түрі 

Қосмекенділер – 1 

22. 1978 ж. «Қызыл кітапқа» енгізілген жабайы жануарлар саны:

22: Ілбіс, Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні, тас сусары, бүркіт, бақалтақ бүркіт, сақалтай, орақтұмсық, бидайық, құмай, лашын, көк құс, қара ләйлек, үкі, т.б.

23.Тянь-Шань таулы өлкесінің солт.-батыс тармағы Қаратау жотасында орталық бөлігінде орн. қорық(аумағы):

Қаратау (2004 ж. , 34 300 га)

24.Ең биік нүктесі:

Бессаз тауы (2176 м)

25.Өсімдіктер дүниесінде эндемиктер түрі басым қорық:

Қаратау 

26.Эндемиктер саны жөнінен елдегі ең бір қызықты әрі бай флораға жататын флорасы бар қорық:

Қаратау қорығы

27.Қаратаудағы өсімдіктер саны:

1500-дай

28.Қазақстанда кездесетін реликті өсімдіктің қаншасы кез-деседі ?

9 өсімдіктің 5-еуі кездеседі: жалған шөлмасақ, жалған бұйражапырақ, тарбақай, тобылғыгүл, дарабас криптоко-доны  

29.Қазақстандағы эндемик өсімдіктердің мұнда қаншасы кездеседі ?

100 эндемиктің мұнда 70-тен астамы кездеседі, 30-ы «Қызыл кітапқа» алынған 

30.Қазақстан флорасы үшін эндемик болып есептелетін өсімдіктердің тағы қанша  түрі кездеседі ?

27 түрі: дробов жуасы, таспа, қаратау кекегі, батан, қынап буниумы, сасыр, тырнашөп, жуантамыр, қаратау жебіршөбі

31. Құстардың қанша түрі тіркелген, қаншасы «Қызыл кітапқа» енген:

85 түрі тіркелген, 11-і «Қызыл кітапқа» енген: ақ ләйлек, қара ләйлек, жорға дуадақ, жуантұмсық шүрілдек, қара-бауыр бұлдырық, ителгі, бүркіт, тазқара(жұртшы), бақалтақ қыран, жыланжегіш қыран, жұмақ шыбыншысы 

32.Сүтқоректілер фаунасы:

42 түрі бар

33.Негізінен шөл зонасын мекендейтін түрлерден тұратын ерекше зоогеографиялық аймаққа жататын қорық:

Қаратау 

34.Шөл зонасының жануарлары:

Сарытышқан, көртышқан, қосаяқ, құм қояны, қалқанқұлақ кірпі, жайран 

35.Сүтқоректілер құрамында бар осы тауда ғана кездесетін ерекше эндемик түрі:

Қаратау арқары

36.Қорық жерінде жоғары сатыдағы қанша өсімдік бар ?

960

37. Қаншасы қай жылғы «Қызыл кітапқа» енген ?

1981 ж. «Қызыл кітапқа», 28-і енген

38.Оның ішінде қандай түрлері кездеседі ?

Колпаковский қызғалдағы, островкий қызғалдағы, виттрок рауғашы, сиверс алмасы, кәдімгі өрік және т.б.

 

 

 

5-silka-gost
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

1-ТЕSТ.КZ - ПББ ҰБТ

Образцы тестов для аттестации педагогических работников

  • Только актуальные online тесты
  • Тренируйся c 1-ТЕSТ.KZ к НКТ ОЗП ЕНТ МОДО ВОУД
  • Поделитесь результатами в социальных сетях

1-TEST.KZ - решение для преподавателей, желающих повысить квалификацию и подтвердить компетентность в области педагогического мастерства. Предлагаем услуги по подготовке к аттестации учителей с помощью нашей платформы.

Наша платформа предлагает не только теоретические материалы, но и практические упражнения, которые помогут лучше понять и запомнить материал. Получите доступ к широкому спектру учебных видеоматериалов, презентаций и тестов, которые помогут вам подготовиться к аттестации преподавателей

Используя нашу платформу, сможете ускорить процесс подготовки и сократить время, необходимое для освоения материала. В результате сэкономите время и силы для решения более важных задач, включая работу и семейные дела.