Регистрация
1-TEST.KZ » КАZ_ТЕSТ » ПББ ҰБТ » ПББ тест География сұрaқ-жaуaп 11-нұсқа аттестация

ПББ тест География сұрaқ-жaуaп 11-нұсқа аттестация

22 авг 2023, 11:51
1 365
0
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:

ПББ тест География сұрaқ-жaуaп 11-нұсқа аттестация

КОНТЕКСТ

  1. Жер ана
  2. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі
  3. Мұз патшалығы
  4. Қазақстанның геоэкологиялық аудандары
  5. Балқаш көлі
  6. Ұлы көлдер
  7. Елдердің адам дамуының индексі (АДИ) көрсеткіші бойынша салыстыру
  8. Азияның геосаяси жағдайы
  9. Шаруашылықтың экономикалық құрылымының дамуы
  10. Aридті аймақтың қалыптасуы
  11. Экономикалық географиялық жағдайдың дамуға ықпалы
  12. Картография
  13. Әлемдегі ең алғашқы СЭС Қазақстанда салынған
  14. Жер бедері
  15. Геологиялық жыл санау
  16. Географиялық зерттеу әдістері
  17. Елтану
  18. Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі
  19. Геоэкономикалық зерттеулер
  20. Арал теңізіндегі апатты жағдайдың ғарыштық мониторингісі
  21. Геоэкологиялық зерттеулер негіздері-2
  22. Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
  23. Елдердің типері
  24. Геоинформатика негіздері
  25. Табиғатты пайдалану
  26. Геоэкономиканың кеңістік аумағы
  27. Мемлекеттік шегаралардың функцияларыЖалпы географиялық әдістер
  28. Азияның тарихи географиялық аймақтары
  29. Ғаламдық экологиялық проблемалар

 

 

Жер ана

 

Жер біздің ортақ үйіміз. Біздің ғаламшарымыз-аспан денелерінің бірі,айналасын ғарыштық қараңғылық тұмшалаған жалғыз жүрген шаңның түйіршігі деуге болады.

Заманауи технология ең жоғары сапамен әлемнің жер серіктік онлайн картасын жасады. Мұндай карталар көмегімен ғаламшардың кез-келген нүктесін табуға болады. Жер серіктік карта-виртуалды саяхатшының таптырмас құралдарының бірі. Ғаламшарымыздың қандай көркем,әдемі екенін Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) камерасымен онлайн көруге болады.

Жер күн жүесіндегі ең тығыз қабат.Жердің дәлме-дәл үлгісін көрсететін топограиялық карта 2019 жыл жарық көрді. Қазір Жер серіктік түсірілім технологиялары дамығаны сонша кез-келген бір аумақ бойынша нақты бағдар алуға,тіпті өз үйіңді көруге немесе екі нүкте рсындағы маршурты өлшеуге,сызыуға болады.

1.1990 жылы «Вояд Жер-1» көмегімен түсіріліп «Бозарған көгілдір нүкте» атауына ие болған Жер суреті түсірілген қашықтық мөлшер (млрд) – 6 млрд

2. «Біздің ғаламшарымыз-айналасын ғарыштық қараңғылық тұмшалаған жұлдыз жүрген шаңның түйіршігі»сөзінің авторы –  С.К.Саган

3.2015 жылы 12 қазанда «Жердің шығуы» суретін түсірген ғарыш кемесі – Апаллон-8 4.Қазақстан көлдері мен жер бедері анық көрінетін Еуразияның әдемі суретін түсірген жер серігінің аты –  Канопус-В.

5.А.В.С.D.

 

Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі ала-құлалығымен және өзгермелі сипатымен ерекшеленеді. 90 жылдарда федерациялардың ыдырай бастауы саяси картада үлкен өзгерістерге алып келді. Бір-біріне қарсы тұрған екі полюсті әлемнің орнын жаңа геосаяси жағдай алмастырды. Халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталған күрес арқылы АҚШ-тың стратегиялық мүдделері басым бола түсті.

Азияның геосаяси жағдайының сипаты күрделілігімен ерекшеленеді. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді. ХХІ ғасырдың басында халықаралық аренадағы саяси күштердің арасалмағы едәуір өзгеріске түсті. Латын Америкасы елдерінің өзара ынтымақтастығы жедел түрде дамуда.

  1. Қытай мен Үндістанның геосаяси жағдайына оң ықпал ететені факторлар - халқының саны мен экономикалық қуаты
  2. ХХІ ғасырдағы әлем дамуына ықпал ететін аса қауіпті саяси фактор - Халықаралық лаңкестік


 

  1. ХХ ғасырдың аяғында АҚШ-тың сыртқы саясатының өзгеруіне әсер еткен тарихи құбылыс В.Кеңес одағының ыдырауы
  2. Латын Америкасы елдерінің саяси ықпалын нығайтуға әсер ететін Оңтүстік Америкалық жалпы нарықтағы ең беделді ұйым - МЕРКОСУР
  3. Кипр елінің географиялық орналасуына байланысты артықшылының болуы - Жалға пәтер беруші елдер қатарында

 

Мұз патшалығы

Бұл қатаң табиғаты бар солтүстіктегі табиғи аймақ. Мұздықтармен тұмшалана жабылған аймақта қар мен мұздан басқа көзге ештеңе ілікпейді.

Мұнда өте ұзақ және қатал қыс.    ( температура -40 C және одан төмен түседі, қатты дауыл жел соғады, қарлы борандар жиі болады, тек жаз мезгілінде қардан айырылады), бірнеше ай қатарынан күн мүлдем көрінбейді. Бұл кезең полярлық тү деп аталады. Аспанды жиі сұр бұлттар қаптап қар жауады.

Өсімдіктерден тек мүктер мен қыналар ғана өседі. Жануарлар әлемі алуан түрлі, бірақ жануарлардың көбісі теңіздерде мекендейді.

  1. Осы зонадағы қар жамылғысының жату ұзақтығы - 7-9 ай
  2. Табиғат зонасының атауы -Тундра
  3. Өте ұзақ және қатал қыс осы табиғат зонасындағы географиялық қабықтың заңдылығын дәлелдейді - ырғақтылық
  4. Аталған зонадағы табиғат ластаушы шикізат ресурсы - мұнай
  5. Өсімдіктерден тек мүктер мен қыналар мекендеп, жүйенің өзін өзі реттеу тұжырымдамасының жүруі - гоместаз

 

Қазақстанның геоэкологиялық аудандары КАРТА берілген

  1. Геожүйенің өзін реттеу процесінде қайта қалпына келе алатын экологиялық деңгей - қанағаттанарлық
  2. Табиғи ортанң бұзылуы 81- 100 % аралығында байқалатын аймақ – Семей полигоны
  3. Геоэкологиялық аудандатыруда негізге алынады – антропогендік өзгеріс
  4. Қазақстандағы қалалық агломерациялар кіретін экологиялық деңгей    – қауіпті
  5. Техногенезді өзгерістер қалыптасқан геоэкологиялық аймақтар – Қашар, Саяқ, Жетіқара кен орындары

 

 

Балқаш көлі

  1. Жетісу Алатауынан бастау алып Балқашқа құятын өзен / Лепсі 2.Балқаш көлін екіге бөлетін түбек / Сарыесік
  1. Балқаш көлімен шекараласатын обылыстар / Қарағанды, Жамбыл, Алматы
  2. Балқаш көлінің гидрологиялық режимін өзгерткен басты фактор / Іле өзеніндегі СЭСның салынуы
  3. Балқаш тұзының топырақта коррозия жасауының салдары / тыныс жолдары ауруларының көбеюі

 

Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі

1.Әлемдік экономикаға тікелей ықпал ететін ірі қаржы орталықтары / Нью Йорк, Токио, Лондон 2.Дамыған елдердегі ЖІӨ құрылымында үлесі төмен сала / ауылшаруашылығы либо қызмет көрсетуі ?

  1. Дамыған елдердің бәсекеге қабілеттілігінің негізін құрайды / ғылыми білім мен жоғары деңгейдегі мамандар
  2. Тропиктік дақылдарды дүниежүзілік нарыққа шығаруға маманданған дамушы елдер тобы / плантациялық шаруашылық елдері
  3. Бағалардың нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде, еркін бәсекелестікке сәйкес қалыптасуына көшу / бағаларды либераландыру

 

Ұлы көлдер

  1. Ұлы көлдер жүйесіндегі қала – Чикаго


 

  1. Ұлы көлдер жүйесі шектесетін мемекеттер АҚШ пен Канада 2 мемлекет
  2. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен байланыстыратын өзен – Әулие Лавренти
    1. Ұлы көлдер жүйесі қазаншұңқырының қалыптасу типі – Тектоникалық

 

 

Елдердің адам дамуының индексі (АДИ) көрсеткіші бойынша салыстыру


  1. Карта бойынша АДИ көрсеткіші ең жоғары елдер B. Аустралия, АҚШ, Швейцария
  2. АДИ деңгейі төмен аймақ B. Орталық Африка
  3. Егер АДИ бойынша елдің рейтингісі жалпы ішкі өнім рейтингісімен салыстырғанда жоғары болса, онда C. Экономикалық өрлеу адам мүмкіндіктерін дамытуға пайдаланылады
  4. АДИ көрсеткішінің Африка елдерінде төмен болу себебі C. Ересек тұрғындардың сауатсыздығы
  5. Катар ЖІӨ бойынша І орында, ал АДИ көрсеткіші бойынша 33 орында болу себебі Табиғи ресурстардың көп болуы

 

 

Азияның геосаяси жағдайы

Азияда геосаяси тұрғыдан «салмақты» саяси күштер шоғырланған

  1. Ұзақ жылдар бойы Азияда шешілмей келе жатқан шиеленіс ошақтары: араб-израиль, Корея түбегі
  2. Қазіргі кезде әлемдік ядролық қаруға ие мемлекеттер саны: 8 (қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея ХДР)
  3. Аса маңызды геосаяси күш боп табылатын Азия елі: Қытай
  4. Араб-израиль жанжалы: 50 жылдан астам уақыт жалғасып келеді, 1993ж Израиль мен палестинаны азат ету ұйымы арасында басталған.
  5. Орталық Азияның саяси жағдайы тұрақсыз аумақтармен шектесуі салдарынан қорғауды қажет ететін факторлар: лаңкестерден, есірткі саудасынан, діни экстремизмнен қорғауды

 

 

 




 
Шаруашылықтың экономикалық құрылымының дамуы
  1. Индустриялық кезеңдегі елдер экономикасына тән D) өнеркәсіп саласының үлесі басым болуы
  2. Постиндустриялық кезеңдегі елдер экономикасына тән B) қызмет көрсету саласының үлесі басым болуы
  3. Постиндустриалдық кезең елдерінде басым секторына жататын сала C) туризм
  4. Индустриялануға дейінгі кезең елдерінің басым секторына жататын сала B) ірі қара шаруашылығы
  5. Индустриалдық кезеңдегі елдер E) Ресей, Қытай, Мексика


 

Aридті аймақтың қалыптасуы

Aтмосфералық жауын-шашынның қалыптасуына байланысты орографиялық, конденсациялық және фронтальды түрлері бар. Орографиялық жауын кезінде жаңбыр көлеңкесі құбылысы байқалады.

Жаңбыр көлеңкесі таулы аймақтарда орын алады. Нәтижесінде таудың ық жағында аридті аймақтар қалыптасады. Орографиялық жауын кезінде температуралық градиент ауытқулары пайда болады. А және В нүктелері арасында ылғалды (-1°С) ал, В және С нүктелері аралығында құрғақ (+1°С) адиобаттық градиенті орын алады.

  1. Oрографиялық жаңбырға әсер ететін жер D) тау
  2. Пайымдаулардың ішіндегі дұрысы A) жаңбыр көлеңкесі аймағында шөлді аймақ қалыптасады
  3. Oрографиялық жаңбыр әсерінен пайда болған нысан E) Тар шөлі
  4. Жаңбыр көлеңкесі құбылысының пайда болу себебі C) ылғалдан айырылған бұлттың таудың ық жақ бетіне өтуі і
  5. A нүктесінде ауа температурасы +15°С болса, С нүктесіндегі ауа температурасы B) +30°С

 

Экономикалық географиялық жағдайдың дамуға ықпалы

 





 


  1. Tеңіз маңы факторы жоғары әсер ететін ел E) Түркия
    1. Халықаралық қатынастардың дамуына ықпал ететін экономикалықгеографиялық жағдай E)
  2. AҚШ мемлекетінің көршілік жағдайға қолайлы ықпал ететін аймағы D) Мексиканың солтүстігі
  3. Tеңіз жағалауындағы орнын ең тиімді пайдаланып жатқан елдер D) Қытай, Сингапур, Нидерланд
  4. Экономикалық дамудың тежелуі байқалатын елдерге тән сипаттама D) шалғайда орналасуы

 

 

 

Картография

Қазіргі заманда картографияның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – карта мен атластарды қолдана білуді үйрететін картографиялық әдістерді жетілдіру. Картографиялық зерттеу әдісіне алуан түрлі нысандардың сандық сипатын анықтауда, сапалық қасиеттерін түсіну мен оны сипаттауда, кеңістікте орналастырудың тиімді тәсілдерді қолдана білуде қажеттілік туындайды. Картамен жұмыс жасауда картографиялық әдістердің бірнеше түрі бар. Бұл әдістердің көмегімен карта бетінде ұзындық, аудан, көлем өлшемдерін есептеуге және белгілі өлшемдерді қолдана отырып, карта бетіне түсіруге болады. Нысандарды өлшеу және сызу үшін, картографиялық құралдар қолданылады.

 

  1. Картографиялық әдістердің бірі С) картометрия
  2. Нысандарды өлшеу және сызу үшін қолданылатын құрал В) курвимер
    1. Берiлген топографиялық картада жер бедерiнiң биiктiгiн көрсететiн қисық сызық Д)
  3. Берiлген топографияльқ карта сызықтарындағы сандар арқылы анықталатын өлшем Е) жер бетiндегi бiрдей биiктiк
  4. Берiлген топографиялық картада тау беткейлерiнiң төмендеу немесе жоғарылау бағытын керсететiн кiшкене сызық А) бергштрих

 

 

Әлемдегі ең алғашқы СЭС Қазақстанда салынған

Кішігірім Зырян атты тау-кен қалашығының байырғы тұрғындары мен мұрағатшылары Березов өзенінде орналасқан әлемдегі алғашқы СЭС жұмыс істеген жерге ескерткіш қоюды ұсынған.

Тарихшылардың пайымдауынша бұл гидростанса Сьерра-Невададағы СЭС-тан бұрын жұмыс істеп


 

кеткен. Бұған дереу сеніп кету қиын, бірақ тарихшылар Қазақстандағы және әлемдегі ең алғашқы СЭС-тің 1892 жылы кенге бай Зырян кенішінің жанында салынғанына кәміл сенімді. Сьерра- Невададағы СЭС тура осы жылы салынған, бірақ кішкене кештеу. Мұрағатшылардың айтуы бойынша, Зыряндағы СЭС-ті салу барысында инженер-гдротехниктер осыған дейін қолдану мүмкін емес деген су ағының реттеу технологиясын қолданған. Соның нәтижесінде өзендегі су деңгейі дереу азайып кетсе де, станса жыл бойы тоқтамай жұмыс істей алған. Тарих осы керемет жоба авторының атын да сақтап қалғаг, ол тау-кен инженері Николай Кокшаров екен. Өкінішке орай, СЭС біздің күнімізге дейін жетпеген. Тек қана архив суреттері қалған.

 

  1. СЭС салынған өзен А. Березов
  2. СЭС-ті салу кезінде инженер-гидротехниктер қолданған технология В. Су ағының реттеу технологиясы
  3. СЭС салудағы мақсат Е. кен өндіруге энергияның қажеттілігі
  4. Сьерра-Невада орналасқан ел С. АҚШ
  5. Дұрыс белгіленген мәліметтер

1. СЭС ХІХ ғасыр ортасында іске қосылған 2. СЭС патшалық Ресей билігі кезінде салынған

  1. Станса қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде орналасқан 4. СЭС жобасының авторы байырғы тұрғындар

А. 2,3,5

 

 

Жер бедері


Жер бетінің алуан түрлі сипаты – жер бедері. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары және климат жер бедерін қалыптастырушы негізгі факторлар. Жер бедерінің өзгеруіне экзогендік күштердің ықпалы күшті. Экзогендік күштердің басты әрекеті – үгілу. Үгілу өнімдерін тасымалдауда желдің маңызы зор. Эолдық жер бедері төбелі-жалды болуымен ерекшеленеді.

  1. Материк пішіндері мен мұхиттар табанын өзгертетін күш С. Жердің ішкі күші
  2. Платформаларға сәйкес келетін жер бедері С. жазықтар
  3. Эолдық жер бедері Д. барқан
  4. Қазақстандағы Шарын шатқалының жер бедері Д. Үңгір
  5. Суретте берілген жер бедерінің туындауына әсер еткен негізгі фактор С. Жел мен судың әсері

 

 

 

 




 
Геологиялық жыл санау

Геохронологиялық кесте – Жер ғаламшарының, ондағы тіршіліктің даму кезеңдерін түсіндіреді. Жер қыртысынағы әртүрлі геологиялық өзгерістерді, олардың жүру ұзақтығы мен ерекшеліктерін түсіну үшін тау жыныстарының геологиялық жасын білудың маңызы зор. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасы ажыратылады.


 

  1. Өте ежелгі тіршілік мағынасы тән эра С. архей
  2. Адам пайда болған дәуір С. антропоген
  3. Протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталған қатпарлық А. байкал
  4. Тайпа атауларына байланысты қойылған дәуір аттары Д. Ордовик, силур
  5. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда маңызды А. Тау жыныстары қабатының тұтастығының бұзылмауы

 

 

Географиялық зерттеу әдістері

«Мониторинг» ұғымы ғылыми әдебиеттерге БҰҰ қоршаған орта конференциясына дайындық кезеңінде, яғни ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында енген. Қазақстан Республикасында табиғи орта мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 1972 жылдан басталды. Казгидромет гидрометеорология орталығы жанында «Табиғи ортаның ластану деңгейін мемлекеттік бақылау қызметі» құрылды. Мониторинг әдісін қоршағаг ортаның антропогендік әсер ету жағдайын бақылау және бағалау мақсатында табиғат ресурстары және қоршаған ортаны тиімді пайдалануды қолданады. Қоршаған ортаның жай – күйін бақылау, оған баға беру және болжау үшін қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.

 

  1. Мониторинг термині ғылымға енгізілген жыл А. 1972 ж.
  2. Ғарыштық зерттеу әдісінің әуе түсірілімі әдісінен басты айырмашылығы В. Үлкен аумақты қамтуы 3) Қазақстандағы аса ірі мониторинг орталығы орналасқан мекеме С. Қазгидромет
  3. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері тұрғысынан оның жағдайын бақылау әдісі Д. Биоэкологиялық
  4. Табиғи ортаның сапасын ондағы тіршілік дүниесінің жай-күйіне қарап анықтау Е. Биоиникация

 

Елтану


«Елтану» елдерді кешенді түрде зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән болып табылады. Ғылым ретінде 20 ғасырдың басында қалыптасты. Оның негізін Н.Н.Баранский қалаған. Ол Елтануды жеке географиялық пән ретінде қарастырды және географиялық ғылымдар арасындағы орнын, интеграциялық мүмкіншіліктерін тұжырымдады. Ауқымы жағынан жан-жақты саналатын дәстүрлі елтанушылық жұмыстармен бірге, зерттелетін елдің маңызды проблемаларына

географиялық талдау жасау кеңінен дами түсті.

  1. Сәйкестендіріңіз: Картада ерекше боялған мемлекет – астана Д. Канада - Оттава
  2. Картада көрсетілген елдің мемлекетті басқару формасы мен әкімшілікаумақтық құрылысы Е. конституциялық, федерациялы
  3. Картада көрсетілген ел енетін тарихи-географиялық аймақ С. Сольүстік Америка
  4. Картада көрсетілген елдің халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде маманданған саласыы В. Бидай экспорты

5) Картада көрсетілген елдің жер көлемі 9,9 млн км2 , ал халқы 37,5 млн адам болса, осы елдің халқының орташа тығыздығы В. 3,8 адам

 

 




 
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі


 

Қазақстан геосаяси тұрақты ел. Мемлекеттің геосаяси мүдделерінің қорғалу деңгейі де жоғары деңгейде. Ол елдің геосаяси қауіпсіздігімен сипатталады. Ел ішіндегі геосаяси қауіпсіздікке ел ішіндегі саяси қауіп-қатерлер жатса, сыртқы қауіпсіздікке шекарадан тыс геосаяси қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы, елге сырттан келетін аумақтық және саяси қаупі ретінде Ауғанстаннан келетін есірткі тасымалының кері әсерін айтуға болар еді. Көршілік қатынастарда Қытай мен Ресей сияқты елдермен тауар қатынастарының интеграциясы қолайлы фактор болса, сол уақытта аталған елдердің күш-қуаты әлдеқайда жоғары болуы жаңа қауіп-қатерлерді тудыруы мүмкін.

  1. Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін ішкі фактор Д) ел ішіндегі және аймақаралық қауіп-қатерлер
  2. Мемлекеттің геосаяси мүдделерінің қорғалу деңгейі А) геосаяси қауіпсіздік
  3. «Әлемдегі ірі геосаяси күштердің ел мүддесіне қарсы әрекеттері» факторына мысал бола алатын елдер Д) Ресей, Қытай
  4. Қазақстан шекарасына жақын орналасқан саяси жағдайы тұрақсыз аймақ Д) Ауғанстан
  5. Геосаяси қауіпсіздіктің басты мақсаты Д) мемлекеттің геосаяси мүдделерін қорғау

 

Геоэкономикалық зерттеулер

 





 


Геоэкономика елдер мен аймақтардың экономикалық даму үдерістерін халықаралық құрылымдар мен экономикалық қатынастарды, геосаяси жағдайдың экономикағы ықпалын зерттейді.

  1. Ғаламдық деңгейде экономикалық дамудың заңдылықтарын және мемлекеттердің халықаралық деңгейдегі экономикалық стратегиялары мен тактикаларын зерттейтін ғылым саласы C. Геоэкономика
  2. Ғаламдық стратегиялар мен басқару, саясат пен экономиканың халықаралық қатынастарда тоғысуын зерттейтін геоэкономиканың саласы D. Саясат пен экономика
  3. Географиялық жағдайларды зерттеу саласы бойынша кіріктірілген пәндер A. Физикалық және экономикалық география
  4. Экономиканың әлемдік өзгерістері кезінде мемлекеттің қабілеттілігін арттыруға негізделген зерттеу саласы C. Бәсекеге қабілеттілік
  5. Саясат пен экономиканың өзара байланысына кешенді зерттеу нәтижесінде дамуы E. Ғаламдық басқару

 

 

Арал теңізіндегі апатты жағдайдың ғарыштық мониторингісі

 





 


Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық орталығы бірінші рет 1992 жылы «Арал өңірінің экологиялық картасын» жасады. Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде. Егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізді. Теңіз маңында тұратын жас балалардың денсаулығында ақаулар байқалады. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Арал теңізінің қазіргі апатты жағдайы дүниежүзі елдері географтарының назарын аударуда. 1998 жылы Халықаралық конгресте Арал мәселесі талқыланды.

  1. Арал теңізін зерттеу үшін түсірген әдіс D. Ғарыштық түсірілім


 

  1. Арал теңізінің тартылуының басты себебі E. Суармалы егістің ұлғаюы
  2. Түсірілім арқылы Арал теңізін мониторингілеу шарты B. Табиғатты қорғау және болжау
  3. Екіге бөлінген Арал теңізінің Қазақстан аймағындағы бөлігі C. Кіші Арал 5) 1998 жылы Амстердамда өткен Халықаралық конгрессте қаралған мәселе C. Арал балаларының денсаулығы

 

Геоэкологиялық зерттеулер негіздері-2

 





 


Геоэкология – экология жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейде зерттейді. (картадағы қызыл түспен белгіленген – апатты аймақтар, сары түспен – шиеленіскен, жасыл түспен – қолайлы)

  1. Адам әрекетінен өзгеріске ұшырау дәрежесін бағалау нәтижесінде тіршілікке қолайсыз экожүйелерінің кешенді бірігуі B. Геоэкологиялық аудандастыру
  2. Қолайсых экологиялық өзгерістер байқалмайтын , адам аз қоныстанған аймақтардың логикалық деңгейі A. қолайлы
  3. Қазақстандағы апатты деңгейдегі аудандар C. Арал, Семей
  4. Қазақстандағы қолайлы деңгейдегі аймақтар E. Үстірт, Бетпақдала
  5. Табиғат ортасының терең үдемелі экономикалық жағдайының өзгерістерімен сипатталатын табиғат жағдайының деңгейі C. Апатты

 

 




 
Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
  1. Топырақ деңгейі бойынша топырағы өзгеріске ұшырамаған ірі арал В. Гренландия
  2. Мадагаскар аралының топырақ тозу деңгейі А. Қатты бұзылған
  3. Топырақ қабаты жетілмеген климаттық белдеу А. Арктикалық
  4. Топырақ қабаты жетілмеген табиғат зонасы А. Тундра
  5. Канада мен Ресейдің шығысында топырақтың өзгермеу себебі Е. аз игерілген жерлердің болуы

 

 

 




 
Елдердің типері
  1. Қазақстан жататын елдер типі В) Ауыспалы экономика елдері
  2. Дамымаған елдер жиі кездесетін материк С) Африка
  3. Азияның дамымаған елі D) Йемен


 

  1. Азияның дамымаған елі E) Франция, Жапония, Италия
  2. Қоныс аударған капитализмге тән белгілер 1. Жапонияның даму моделін үлгіге алған 2. Капиталистік даму үлгісін капиталистік даму тән емес елдерге енгізу 3. Экономикалық дамудың барлық кезеңдерінен өткен елдер 4. Социалистік даму моделінен капиталистік даму моделіне өткен елдер 5. Ұлыбританияның бұрынғы отарлары C) 2,5

 

 




 
Геоинформатика негіздері

Географиялық-ақпараттық жүйесіндегі (ГАЖ) мәліметтер кез-келген аумақты оқып, үйренудегі басты компонент болып табылады. ГАЖ-дың мәліметтері екі типті болып келеді:

  1. кеңістік (географиялық) мәліметтер географиялық нысандардың орны мен пішінін және олардың өзара байланыстарын сипаттайды.
  2. сипаттамалық (атрибуттық, кестелік) мәліметтер географиялық нысандардың сандар мен мәтіндерден тұратын сипаттамалары. Бұл екі мәлімет жиынтығы ГАЖ-дың ACR/INFO бағдарламасында жинақталады, ARC-те географиялық, ал INFO-да сипаттамалық мәліметтер беріледі.
  3. Кеңістік мәліметтер жинақталатын бағдарлама С. ARC
  4. Гаж қызметіндегі жүретін үдерістің жүйелі реттілігі Е. байқау-өлшеу-сипаттау-түсіндіру-болжау- шешу
  5. Төмендегі пайымдаулардың дұрыс нұсқасы В. ГАЖ-дың негізгі қызметі жинақтау, өңдеу, талдау, шешім шығару
  6. Гималай тауының географиялық орны мен созылу бағыты туралы ақпарат А. Кеңістік
  7. Геоақпараттық жүйелерді дамытудың ұтымды жолы Д. Интернет жүйесінің дамуы

 

Табиғатты пайдалану

Адамның табиғатқа тигізетін кері әсерінің салдарынан ХХ ғасыр ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Табиғатты пайдалану дегеніміз – түрлі табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларын пайдалану, сондай-ақ қоғамның материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттердің күрделі жиынтығы. Табиғатты пайдалану тиімді және тиімсіз болуы мүмкін. Адамдардың экологиялық қауіпсіздігін сақтау және табиғатты қорғау, тиімді пайдалануға байланысты, жергілікті, ұлттық, халықаралық деңгейде конференция, самиттер жүргізіліп, ұйымдар құрылд. Осы ұйымдар 1992 жылы Рио-де Жанейро, 2002 жылы Йоханнесбург қаласында бас қосты.

 

  1. Қоғамның табиғатқа «қысымы» күрт өскен ғасыр C)XX
  2. 1992 жылы 5-маусымда «Қоршаған орта және оны дамыту» жөніндегі БҰҰ концеренциясы өткен қала Д) Рио-де-Жанейро
  3. Табиғатты тиімді пайдалану жолдары А) табиғи тепе-теңдікті сақтау
  4. табиғатты қорғау мақсатында 1971 жылы құрылған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым А) Көгілдір патруль В) Жасыл ел С) Гринпис Д) Семей-Невада Е)Қызыл кітап
  5. табиғат байлықтарын кешенді ғылыми негізбен тиімді пайдалану шаралары Е)мәдени ландшафт, қалдықсыз өнеркәсіп

 

Геоэкономиканың кеңістік аумағы

 





 



 

Географиялық кеңістікте әрбір нысанның өзіндік орны бар. Географиялық кеңістік табиғи ортадағы қоғамдық нысандар мен құбылыстардың, үдерістердің жиынтығы ретінде ұдайы өзгеріске түседі.

Қазіргі әлемнің кеңістік моделін И.Валлерстайн әзірлеген болатын. Ол экономикалық кеңістікті геосаясат тұрғысында түсіндірген. Ғалым әлемдік экономикалық кеңістікті 3 бөлікке бөлді: орталық (дамыған елдер), жартылай периферия (ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия), периферия (артта қалған елдер).

  1. Tабиғи ортадағы қоғамдық нысандар мен құбылыстардың, үдерістердің ұдайы өзгеріске түсу аумағы D) географиялық кеңістік
  2. Әлемдік экономикалық жүйелерді кеңістік модельге орналастыруда И.Валлерстайн басшылыққа алған ғылым саласы C) геосаясат
  3. Қазіргі кездегі ғаламдық орталықтар A) АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония
  4. И. Bаллерстайнның кеңістік моделі бойынша Қазақстанның орны D) жартылай периферия
  5. Kеңістік тұрғыдан алғанда Қазақстанда даму мүмкіндігі жоғары халықаралық көлік қатынасының түрі D) құрлық

 

 

 




 
Мемлекеттік шегаралардың функциялары

Мемлекеттік шегаралар – мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігін сақтап қалудың маңызды шарты. Мемлекеттік шегаралар бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік функциялар атқарады. Мемлекеттік шегаралардың бөлуші функциясы елдер арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектеумен анықталады. Шегараның жалғастырушы функциясы көрші мемлекеттердің шаруашылық байланысын нығайту, шегаралық аудандарда бірлескен жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдаланудан көрінеді. Шегараның сүзгілік функциясы елдің аумағына келетін қауіпқатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу мақсатын көздейді.

  1. Ақылы визалық режим орнату, адам қозғалысын шектеу функциясы A. бөлуші
  2. «Қорғас» халықаралық орталығы орналасқан мемлекеттер E. Қазақстан, Қытай
  3. «Қорғас» орталығының шегаралық функциясы D. жалғастырушы
  4. «Қорғас» орталығының Қазақстан үшін мүмкіндігі A. жүк айналымын арттыру
  5. «Қорғас» орталығындағы арнайы экономикалық аймақтың саласы C. көлік-логистика

 

 




 
Жалпы географиялық әдістер

Мұхит суының басты қасиеті – температурасы мен тұздылығы. Дүниежүзілік мұхит суының құрамы да аса күрделі. Мұнда еріген тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі.

Мұхит суының тұздылығы барлық қабаттарда бірдей емес. Мұхит суының ең тұзды жері – Қызыл теңіз (41‰). Орташа дүниежүзілік мұхит суының тұздылығы - 35‰. Тұздылық мөлшері әсіресе судың беткі қабаттарында атмосфералық жауыншашын мен буланудың арақатынасына географиялық ендік бойынша өзгеріп отырады. Жауын-шашын мөлшері буланудан артық болатын және мол сулы өзендер құятын, мұзтаудар еритін мұхит айдындарында тұздылық кемиді.

  1. Тұздылығы ең төмен мұхит D. Солтүстік мұзды мұхиты
  2. Мұхит суының тұздылығының полюстен тропиктерге қарай арту себебі C. Буланушылық жауын-шашын мен құятын өзендердің су мөлшерімен жоғары болуы


 

  1. Төменде берілген пайымдаулардың дұрыс нұсқасы D. Солтүстік мұзды мұхитына қарағанда Антарктида жағалауында тұздылық жоғары
  2. Берілген картада қолданылған сандық зерттеу әдісінің түрі C. картометриялық
  3. Берілген картада салыстырмалы географиялық әдістердің қамтылу мүмкіндігі C. нысандарды салыстыру кезінде қалыптасу уақыттарын ажыратуға болады

 

 

 

 

 

 

Азияның тарихи географиялық аймақтары

І. Дүниенің ешбір бөлігінде Азиядағыдай айқын ажыратылатын аймақтар жоқ. Азия аумағында әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағынан мүлде ұқсамайтын төрт тарихи-географиялық аймақ қалыптасқан.

 





 


Әр аймақтың өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына біріншіден, географиялық орнының ерекшеліктері; екіншіден, табиғат жағдайлары мен ресурстарының әркелкі болуы; үшіншіден, тарихи тағдырларының әрқилылығы; төртіншіден, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтары; бесіншіден, экономикалық даму жолының түрліше болуы ықпал етті.

 

  1. Үш дүние бөлігі тоғысқан жерде орналасқан, «Таяу Шығыс» деп аталатын тарихи-мәдени облысқа кіретін аймақ. Оңтүстік-Батыс Азия
  2. Үндіқытай түбегі мен Малай топаралында орналасқан 10 ел енетін аймақ. В. Оңтүстік-Шығыс Азия
  3. Жаңа индустриялды елдер немесе экономикалық секірісті бастан кешірген «Азия жолбарыстары» деп аталатын елдер:

Е. Малайзия, Сингапур, Тайвань, Корея Республикасы

  1. 1948 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестина жерінде құрылған мемлекет. А. Израиль 5. Дүниежүзілік нарықта ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы ретінде көзге түсетін жоғары дамыған ел Д. Жапония

 

 

Ғаламдық экологиялық проблемалар

 





 


Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлануын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик В.И. Вернадский ХХ ғасырдың ортасында-ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды.


 

Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта, олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.

 

  1. «Жылыжай эффектісі» атмосферада қандай газдың үлесінің артуы есебінен туындайды? А. Көмірқышқыл газы
  2. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған: С. В.И. Вернадский
  3. Атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар – фреондардың көбеюі салдарынан пайда болатын проблема В. Озон қабатының жұқаруы
  4. Соңғы 200 жыл ішінде ауданы екі есеге жуық қысқарған А. Ормандар
  5. Шөлейттену құбылысы, әсіресе дамушы елдерде ұлғаюда. Үндістандағы халық тығыз қоныстанған құрғақ аудандардың бірі В. Тар шөлі
5-silka-gost
Пoдeлиcь co cвoим дpузьями:
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

1-ТЕSТ.КZ - ПББ ҰБТ

Образцы тестов для аттестации педагогических работников

  • Только актуальные online тесты
  • Тренируйся c 1-ТЕSТ.KZ к НКТ ОЗП ЕНТ МОДО ВОУД
  • Поделитесь результатами в социальных сетях

1-TEST.KZ - решение для преподавателей, желающих повысить квалификацию и подтвердить компетентность в области педагогического мастерства. Предлагаем услуги по подготовке к аттестации учителей с помощью нашей платформы.

Наша платформа предлагает не только теоретические материалы, но и практические упражнения, которые помогут лучше понять и запомнить материал. Получите доступ к широкому спектру учебных видеоматериалов, презентаций и тестов, которые помогут вам подготовиться к аттестации преподавателей

Используя нашу платформу, сможете ускорить процесс подготовки и сократить время, необходимое для освоения материала. В результате сэкономите время и силы для решения более важных задач, включая работу и семейные дела.