ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ПББ ТЕСТ сұрaқ-жaуaп 1-нұсқа
«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ | ||
1. | Б.з.б. IV-мың ж. – б.з. V ғ. | – Ежелгі Шығыс өркениеті тарихы кезеңі. |
2. | Б.з.б. 1280 ж. | – Египет пен Хетт мемлекеттері арасындағы әлемдегі тұңғыш бітім шарт. |
3. | Б.з.б. 1792–1750 жж. | – Хаммурапидің Вавилон мемлекетін басқаруы. «Хаммурапи заңдары». |
4. | Б.з.б. 221 ж.
| – Қытай аумағындағы алғашқы орталықтанған мемлекет-Цинь империясы. |
5. | Б.з.б. 336–323 жж. | – Александр Македонскийдің билік етуі. |
6. | Б.з.б. 509–27 жж. | – Ежелгі Рим тарихындағы республика кезеңі. |
7. | Б.з. 395 ж. | – Ежелгі Рим империясының Батыс және Шығыс болып бөлінуі. |
8. | Б.з. 476 ж. | – Батыс Рим империясының құлауы. |
9. | 481–511 жж.
| – Франк мемлекеті мен Меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы. |
10. | 527–565 жж. | – Император І Юстинианның билік етуі. |
11. | 570–632 жж. | – Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары. |
12. | 882 ж. | – Киев Русі мемлекетінің құрылуы. |
13. | XІ ғ. | – Салжұқтардің Кіші Азияны жаулап алуы. |
14. | 1096–1099 жж. | – Бірінші крест жорығы. |
15. | 1265 ж. | – Ағылшын парламентінің құрылуы. |
16. | 1302 ж. | – Францияда Бас штаттардың шақырылуы. |
17. | 1337–1453 жж. | – Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс. |
18. | 1368–1644 жж. | – Қытайда Мин әулетінің билік етуі. |
19. | 1382 ж. | – Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы. |
20. | 1453 ж. | – Түріктердің Константинопольді басып алуы. |
21. | 1455–1485 жж. | – Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы. |
22. | 1485–1603 жж. | – Англияда Тюдорлар әулетінің басқаруы. |
23. | 1492 ж. | – Христофор Колумбтың Американы ашуы. |
24. | 1517 ж. | – Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы. |
25. | 1519–1522 жж. | – Фернан Магеллан тұңғыш дүниежүзін айналып шығу саяхаты. |
26. | 1555 ж. | – Реформация нәтижесінде Германияда княздер мен императордың арасында Аугсбург бітімінің жасалуы. |
27. | XVI ғ. аяғы | – Францияда Бурбондар әулетінің билікке келуі. |
28. | 1600 ж. | – Ағылшындық Ост-Үнді компаниясының құрылуы. |
29. | XVII ғ. басы–XІX ғ. екінші жартысы | – Жапонияда Токугава әулеті сегундарының билік етуі. |
30. | 1607 ж. | – Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды. |
31. | 1613–1917 жж. | – Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы. |
32. | 1640 ж. | – Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы. |
33. | 1682–1725 жж. | – І Петрдің патшалық етуі. |
34. | 1700–1721 жж. | – Солтүстік соғыс. |
35. | 1756–1763 жж. | –Жетіжылдық соғыс. (Англия мен Франция) |
36. | 1757 ж. | – Император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салуы. |
37. | 1776 ж. | – АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы. |
38. | 1787 ж. | – АҚШ Конституциясының қабылдануы. |
39. | 1789 ж. | – Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы. |
40. | 1789 ж.
| – Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясын қабылдауы. |
41. | 1804 ж.
| – Францияда Наполеон Бонапарттың «императоры» атағын қабылдауы. Бірінші империяның құрылуы. |
42. | 1812 ж. | – Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы. |
43. | 1813 ж. | – Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы». |
44. | 1814–1815 жж. | – Вена конгресі. |
45. | 1823 ж. | – АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы. |
46. | 1839–1870 жж. | – Осман империясындағы Танзимат реформасы. |
47. | 1850–1864 жж. | – Қытайдағы тайпиндер көтерілісі. |
48. | 1853-1856 жж. | – Қырым соғысы. |
49. | 1854 ж. | – Бірінші жапон-американ келісімшартына қол қойылуы. |
50. | 1861 ж. | – Итальян корольдығының құрылуы. |
51. | 1861 ж. | – Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест. |
52. | 1861-1865 жж. | – АҚШ-тағы азамат соғысы. |
53. | 1871 ж. | – Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы. |
54. | 1871 ж. | – Герман империясының Конституциясының қабылдануы. |
55. | 1870–1871 жж. | – Франция-Пруссия соғысы. |
56. | 1877–1878 жж. | – Орыс-түрік соғысы. |
57. | 1878 ж. | – Берлин конгресі. |
58. | 1882 ж. | – Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы. |
59. | 1889 ж. | – Жапония Конституциясының қабылдануы. |
60. | 1904–1905 жж. | – Орыс-жапон соғысы. |
61. | 1905–1907 жж. | – Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы. |
62. | 1907 ж. | – Антанта соғыс одағының құрылуы. |
63. | 1914-1918 жж. | – Бірінші дүниежүзілік соғыс. |
64. | 1917 ж. | – Ресейдегі Ақпан революциясы және Қазан революциясы. |
65. | 1919 ж. | – Париждегі бейбітшілік конференциясы. |
66. | 1921–1922 жж. | – Вашингтон конференциясы. |
67. | 1922 ж. | – КСРО-ның құрылуы. |
68. | 1923 ж. | – Түркия Республикасының құрылуы. |
69. | 1929–1933 жж. | – Әлемдік экономикалық дағдарыс. |
70. | 1933 ж. | – Германияда фашистік диктатураның орнауы. |
71. | 1937 ж. | – Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы. |
72. | 1938 ж. | – Мюнхен келісімі. |
73. | 1939 ж. | – Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі. |
74. | 1939–1945 жж. | – Екінші дүниежүзілік соғыс. |
75. | 1941 ж. | – Германияның КСРО-ға шабуылы. |
76. | 1942–1943 жж. | – Сталинград шайқасы. |
77. | 1943 ж. | – Курск шайқасы. |
78. | 1943 ж. | – Тегеран конференциясы. |
79. | 1945 ж. | – БҰҰ Жарлығының қабылдануы. |
80. | 1945 ж. | – ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі. ІІ Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. |
81. | 1947 ж. | – Трумэн Доктринасы, Маршалл жоспары. |
82. | 1949 ж. | – НАТО-ның құрылуы. |
83. | 1950–1953 жж. | – Кореядағы соғыс. |
84. | 1955 ж. | – Варшава келісімшарты ұйымының құрылуы. |
85. | 1956 ж. | – Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық. |
86. | 1958 ж. | – Францияда бесінші Республиканың құрылуы. |
87. | 1961 ж. | – Космонавт Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы. |
88. | 1962 ж. | – Кариб дағдарысы. |
89. | 1963 ж. | – Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты. |
90. | 1965–1973 жж. | – АҚШ-тың Вьетнамдағы интервенциясы. |
91. | 1968 ж. | – Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі». |
92. | 1971 ж. | – Пәкістан-Үнді соғысы. |
93. | 1975 ж. | – Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Актісі. |
94. | 1979 ж. | – Иранда шахқа қарсы революция. |
95. | 1979 ж. | – Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу. |
96. | 1980–1988 жж. | – Ирак-Иран соғысы. |
97. | 1991 ж. | – КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қойылуы. |
98. | 1992 ж. | – Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы туралы Маастрихт келісімінің жасалуы. |
99. | 2001 ж. | – Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме . |
100. | 2010–2011жж. | – «Араб көктемі». Египет, Тунис, Ливиядағы революциялар. |
1-ТЕSТ.КZ - ПББ ҰБТ
Образцы тестов для аттестации педагогических работников
- Только актуальные online тесты
- Тренируйся c 1-ТЕSТ.KZ к НКТ ОЗП ЕНТ МОДО ВОУД
- Поделитесь результатами в социальных сетях
1-TEST.KZ - решение для преподавателей, желающих повысить квалификацию и подтвердить компетентность в области педагогического мастерства. Предлагаем услуги по подготовке к аттестации учителей с помощью нашей платформы.
Наша платформа предлагает не только теоретические материалы, но и практические упражнения, которые помогут лучше понять и запомнить материал. Получите доступ к широкому спектру учебных видеоматериалов, презентаций и тестов, которые помогут вам подготовиться к аттестации преподавателей
Используя нашу платформу, сможете ускорить процесс подготовки и сократить время, необходимое для освоения материала. В результате сэкономите время и силы для решения более важных задач, включая работу и семейные дела.